І БӨЛІМ.
Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
тарихы туралы еңбекке Ә. Бөкейха-
нов еңбегін жасырын атымен болса
да енгізді.
Бұл мақаланың ғылыми сипат-
тағы мазмұны мен көтерген проб-
лемасы сол кездегі ғылыми-зерт-
теушілік ой-пікірдің деңгейін көр-
сететінін айта келіп ғалым С. Қас-
қабасов: «Мақалада қазақ фолькло-
рис тикасы үшін аса маңызды бір-
неше мәселе көтерілген. Бұлар:
эпос тың тарихилығы, «Қобыланды»
жырының шығу мерзімі, қазақ фоль-
клорының түрлері, жыршы және
оның шеберлігі, қоғамдық ой-сана-
ның көрініс табуы, «Қобыланды» жы-
рындағы әйелдер бейнесі, олардың
атқарып отырған идеялық қызме ті», –
деп жазады. Біз бұған толығынан
келісеміз. Өйткені, ұлттық ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің сол кезде
нақты сөз етуге ұмтылған басты
мәселелерінің өзі осы болатын. Тың-
нан қосылғаны – жырдың образ-
дық жүйесіне теориялық талдау жа-
саудағы алғашқы қадамның көрініс
табуы. Ұлттық ғылыми-зерттеушілік
ой-пікір бұған дейін тарихи-мәдени
мектептің тарихилық принципі бо-
йынша фольклорлық жырдағы та-
рихи оқиғалардың көрініс табуын,
жырдың алғаш рет пайда болуын,
аңыздық желілер мен тарихи де рек-
тер бойынша қарап келген бо ла тын.
Мақала авторы оны жырдың сю-
жеттік құрылымынан іздейді. Бас-
қа жыр-аңыздар мен тарихи дерек-
терді салыстырмалық тұрғыда қара-
мауының себебі де осында.
«Мақаланың басты концептуаль-
дық идеясы, – деп жазады одан әрі
С. Қасқабасов – қазақ тұрмысы мен
мә дениетіне ислам ықпалы ның кү-
шеюі заңды деген ой». Бұл – Ә. Бө-
кейханов еңбегінің зерт теу шілік мә -
нін дұрыс таныған пікір. Өйткені,
мақала авторының ғылыми-зерт-
теушілік көзқарасында тарихи-са-
лыстырмалық бағыттың басты бел-
гілері нақты орын алған. Тарихи-
салыстырмалық әдебиеттану әдеби
мұрадағы екі дінділіктің (двое верия)
көрініс табуын арнайы зерт теу проб-
лемаларының бірі етіп қойған бо-
латын. «Немало затруд нений – при-
чем не только западноевро пейским, а
и русским исследователям – достав-
ляло истолкование так называемого
«двоеверия» – смешения языческих
элементов с христианскими. Оно
наблюдалось как в средневековой
европейской литературе так и в
фоль клоре», – деп жазылғандай, бұл
мәселе орыс зерттеушілерінде әр
түрлі бағыттағы пікірталас туғызды
[12, 273]. Әдебиеттегі екі дінділіктің
көрінісі туралы ғалымдардың бір
тобы, әсіресе славянофилдар, халық-
тың христиан дініне деген ықыласы
мен ынтасы шамандыққа негіз дел-
ген дүние-танымды (языческую
культуру) ығыстырып шығарды да,
олардың белгілері әдеби мұрада-
ғы мифтік таным мен образдарда
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
|