ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
жоқ. Әдебиеттің партиялығы мен
таптығы саяси тұрғыда түсіндірі-
ліп, идеология құралы екендігі, ол
жолдағы негізгі әдіс социалистік ре-
ализм болатыны кеңінен түсінді ріл-
ді, «ұлтшыл-буржуазияшылдарға»
қарсы күрес те ұмыт қалған жоқ.
Республикадағы басқа да баспасөзде
қоштала келе, социалистік реализм
мен оның принциптері Қазақ кеңес
жазушыларының бірінші съезіндегі
ұлт әдебиетінің бүгіні мен келешегі
туралы І. Жансүгірұлының, маркстік-
лениндік сын туралы І. Қабыловтың,
драматургия туралы М. Әуезовтің,
поэзия туралы С. Мұқанұлының ба-
яндамаларында да сөз етер басты
мәселеге айналып, келешек даму
жолында бетке ұстар нысана екені
біршама ашылды. Ол әсіресе съезден
кейінгі жазылған мақалалардағы ой-
пікірден анық байқалды.
Қазақ әдебиеттану ғылымы да
со циалистік реализм аталған осы
«өлшемді эстетиканы» меңге ру жо-
лындағы іс-шараларға жұмыла кі-
рісті. Соңғы кезге дейін социа-
листік реализмді қазақ әдебиеттану
ғылымында «Қызыл ат және со-
циалистік реализм» мақаласына
байланысты алғаш рет сөз еткен
М. Қаратаев деп санап келген едік.
Мезгіл жағынан қарағанда, соц-
реализмді теориялық тұрғыда не-
гіздеуге кіріскен бүкілодақтық нау-
қанға алғаш үн қосқан С. Мұқанов
болды. 1933 жылдың 12 қаңтарында
педогогикалық институтта «Соци-
алды реализм және төңкерісшілдік
романтизм» деген тақырыпта лекция
оқыса, 11 сәуірде осы лекцияның
негізіндегі «Социалды реализм ту-
ралы» мақаласы жарияланды («Со-
циалды Қазақстан», 1933, №84). Бұл
баяндама мен мақалада социалистік
реализм туралы автор көзқарасы
орталық басылымдардағы теория-
лық барлаулар ықпалында туындап
жатса да, оның советтік әдебиеттің
басты әдісі болатындығы мен пар-
тиялығы, таптығы принциптері
ұлт тық әдеби-теориялық таным-ті-
лікте алғаш рет түсіндіріліп бе-
рілді. «Мазмұны социалистік, түрі
ұлттық» әдебиет жасау жолындағы
азды-көпті табыстарды саралай
келе, социалистік реализмнің өмір
шындығын революциялық дамуда
бейнелеудегі бұзылмас заң екенін
дәлелдеді. Әсіресе, сол кездегі идео-
логия майданындағы таптық күрестің
шиеленісуінің әсері мен таптық
қоғамда әдебиеттің тек қана таптық
болатынын айрықша көрсетіп, кейбір
ақын-жазушылардағы осы принцип-
тен ауытқуды сынады. Ал М. Қа -
ратаев мақаласының жазылуына
30-жылдардың басындағы әдеби
сында ерекше «талқыланған» С. Сей-
фуллин шығармаларына орай ұйым-
дастырылған дискуссия себеп болды.
Оның ішінде: «Мен де дискуссияға
араласып кеттім. «Қызыл ат және
социалистік реализм» деген ұзақ
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
251
Достарыңызбен бөлісу: |