Айша - ғылымның қайнар бұлағы
411
әдемі етіп жаратқан! Алладан басқа шынайы
құдірет иесі жоқ»
деген аятты оқитын
713
.
Уруа туралы айтылған мына сөздер де өте мәнді:
– Біреудің жақсылық жасағанын көргеніңде біліп
қой, ол кісінің басқа да ізгілікті істері болғаны. сол
сияқты біреудің жамандығын көрсең,
біліп қой, ол
басқа да жамандықтарға жол беретін жан. Өйткені,
жақсылықтан жақсылық, жамандықтан жамандық
туады!
Хижреттің 94-жылы қайтыс болды. сол жылы
басқа да бірқатар ғалымдар дүниеден озғандықтан,
сол жыл «сәнәтул фуқаһа» (ғалымдар жылы) деп
аталды
714
.
Қасым ибн Мұхаммед
Әкесі шейіт етілгендіктен Қасым ибн мұхаммед
әпкесінің
жанында өсіп, анамыздың қасында өмір
сүрді. Барлық білімін соның қасында жүріп жинаған.
Кішкентайынан қасына алып тәрбиелеген айша
анамыз бала кезінде Қасымның шашын да өзі алатын,
киіндіріп, мейрамдарға да өзі дайындайтын.
анамыздың оған қалдырған ең маңызды мұрасы
әрине ғылым болатын. Әсіресе, хадис ғылымында
замандастарының арасында ерекшеленген хазірет
Қасымның Уруа, амрамен бірге айша анамыздың
хадис ғылымын меңгерген үш адамның бірі болғаны
туралы да
айтылады
715
.
713
Кәһф 18\39, Әбу нуғайм, Хиллиятул әулия 2\180
714
Ибн сағд, Табақат 5\181
715
Ибн Хажар, Тәһзибут тәһзиб8\300
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
412
Өзі өте қарапайым болатын. Өзін басқалардан
жоғары санамайтын. шөлден келген біреу оған бір
күні:
– сен білгірсің бе, әлде сәлим бе? – деп
сұрағанда, сәлімді әсіре мақтағысы да келмей, өзінің
білім жағынан одан
артық тұратынын айтқысы да
келмей бар болғаны:
– Бұл сәлимнің деңгейі, – деп, табандап тұрып
алған әлгі кісі кеткенше үнсіз отырған
716
.
Хазірет Уруа секілді ол да қанағатшыл өмір
сүрді. Дүниеге қызығушылық танытпады. Омар ибн
Убәйдулла бір күні оған мың динар жіберді. Бірақ
ешбірін қабылдамай, кері қайтарды. Жүз динарын
өзіңе қалдырсаңшы дегендерге селт етпеді.
Бір күні баласы
абдуррахман әкесі туралы
жұрттың айтқанын естіп, оларға былай деді:
– ант етейін, сендер өзіне берілген сыйдан өмірі
ештеңе алып көрмеген адамды жамандап тұрсындар
717
.
Осы қасиетін халифа Омар ибн абдулазиз де
бағалап, өмір бойы оған құрметпен қараған. Өзінен
кейінгі халифалыққа соны ұсынғысы келіп, мұны
ашық та
білдірген
718
.
Омар ибн абдулазиздың бұл тілегін хадис
ғылымының үлкен имамы Зәхәби қолдағанмен, бұл
іске Қасым ибн мұхаммедтің лайықтығы айтылған
719
.
Тағдыр мәселесінде түрлі жорамал жасаушылар-
ды көргенде:
716
Ибн Хажар, Тәһзибут тәһзиб 8\300
717
Ибн сағд, Табақат 5\189
718
Зәһәби, Тезкиратул хуффаз 1\97
719
Зәһәби, Тезкиратул хуффаз 1\97
Айша - ғылымның қайнар бұлағы
413
– алла ашық білдірмеген мәселе ғой, сендер
де абайлаңдар, –
деп ескерту жасаған
720
Қасым ибн
мұхаммед сахабалардан бастап, өзіне дейінгілердің
пікір қайшылықтарын кейінгілер үшін үлкен
рақымдылық деп жорыған
721
.
Жетпіс жасқа келгенде жанарынан айрылған
Қасым ибн мұхаммед қайтыс боларында баласын
қасына шақырып:
– Көйлегім,
бешпентім әрі шапаным ретінде,
намаз оқып келген осы киімімді кебін етіңдер, – деп
өсиет айтқан. Баласының:
– Әкешім, сен үшін екі қабат кебін жасасақ
болмай ма? – деген сұрағына өзі үлгі еткен хазірет
Әбу Бәкір (р.а.) секілді жауап берген:
– Балам! Әбу Бәкір де үш пар киіммен дүниеден
өтті. ұмытпа, киім бізден гөрі тірілерге керек!
722
Достарыңызбен бөлісу: