Айша - ғылымның қайнар бұлағы
401
назарға алатын болсақ, ондай зерек жанның мұндай
жағдайлардан үлкен тәжірибе жинақтағанын шама-
лау қиынға соқпайды.
айша
анамыз ұшқыр ойлы, парасатты адам
болған. Көрген-естігенін ұмытпайтын, қызығушылық
танытқан нәрсесін сұрап білмей жаны тыныш тап-
пайтын. айналасында болып жатқан барлық нәрсені
зерттеп сұрастырып, мағынасын түсіне алмағандарын
білетіндерден сұрап, міндетті түрде істің ақиқатын
біліп алатын. Пайғамбарымыздың
шаңырағына көп
сапалы мектеп ретінде қарайтын. Емдеу тәсілдерін де
бір кісідей меңгерген. Хазірет айшаның ғалымдығын
сөз еткен жиені Уруа ем жасай алатын қабілетіне
назар аудартып:
– Одан асқан білімпаз адамды көрмедім
690
,–
деген.
айшаның бұл қабілетін білетіндер келіп білмеген
нәрселерін сұрап жататын.
Ол кезде бұған тосырқай қарағандар да кездесті.
Емдеу тәсілдерін қайдан үйренгенін сұрайтын. Бұлай
сұрағандардың арасында ет жақындары да болды.
Әпкесі Әсма анамыздың баласы Уруа ибн Зүбәйр (р.а.)
да солардың бірі еді. Бір күні айша анамызға келіп:
– Өз басым сіздің ғылымдағы тереңдігіңізге, зор
есте сақтау қабілетіңізге аса таңданбаймын.
себебі
іштей «расулалланың жары, Әбу Бәкірдің қызы тегін
бола ма» деп мұны қалыпты қабылдаймын. Өлең мен
тарихқа жүйріктігіңізден де хабардармын. «Жұрттан
білімі озған құрайыш ғалымы Әбу Бәкірдің қызы ғой»
деп қоямын. алайда, мына емдік тәсілдерді қалай
690
Зәһәби, Тәзкиратул хуффаз 1\28, Ибнул Жәузи, сыфатус сафуа 2\32
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
402
меңгеріп алғаныңызды түсіне алар емеспін. Осыны
түсіндіріңізші? – дейді.
сонда анамыз жиенінің арқасынан қағып:
– Уруәшім
691
, соңғы күндеріне
қарай расулалла
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көп ауырды. сонда
жан-жақтан емші арабтар келіп білген ем-домдарын
жасап жатты. сол кезде көріп үйреніп алғандарым
ғой
692
, – деді.
Өз
сөзінен де байқалғанындай, айша анамыз
сол кезде жасауға болатын ем әдістерін білетін және
қолданатын. Бұл тәжірибесін өзгелер де пайдаланғысы
келетін. алайда, Ислам діні қанат жайып келе жатқан
уақыттар болғандықтан, анамыздың дінге қатысты
біліміне
көбірек қажеттілік туындап, бұл қыры аса
еленбеген. Хазірет Уруа (р.а.) жұрттың діни білімге
қызығушылығы және осы білім жоғалып кетеді деп
алаңдағанына байланысты айша анамызға діни
сұрақтар
жиі қойылғаны, ал медицина ғылымы
туралы мұндай уайым болмағандықтан, бұл саладағы
бірқатар мәліметтің айша анамыздың қайтыс болуы-
мен жоғалып кеткенін қынжыла жеткізген
693
.
Достарыңызбен бөлісу: