Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет134/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   152
Айша

Шәкірттері
айша анамыз жан-жақты білімділігімен қоса сол 
білімін өзгелерге жеткізуде де үлкен қажыр-қайрат 
691
Өзіне жақындығына байланысты айша анамыз жиені хазірет Уруа 
ибн Зүбәйрді «Уруәшім» дейтін. 
692
ахмад ибн Ханбал, мүснад, Хаким, мүстадрак, Хәйсәми, мәжмәуз 
Зәуәид. Бір риуаятта анамыз «Тіпті, кейде адамдардың өзара 
әңгімелерін біледі. ауруды анықтау және емдеуден де хабары бола-
тын» дейді. Қараңыз: Зәһәби, сияр
693
Зәһәби, сияр, сондай-ақ, қараңыз: Тахмаз, әс-сәйидәту айша


Айша - ғылымның қайнар бұлағы
403
танытқан. Құрсағынан туған тәрбиелейтін баласы 
болмады, дегенмен өзі барша мұсылмандардың анасы-
на айналды. Осы жағымен қай жерде бір жетім немесе 
көмекке мұқтаж жан көрсе, дереу қамқорлығына алып, 
дұрыс тәрбие алуына күш салатын. Бір ерекшелігі, 
жетімдерге тек қарасып қана қоймай, оларды ғылым 
нәрімен де сусындататын
694

Әлемнің қағбасы секілді ол кездерде мәдина 
ғылым-білімнің орталығы еді, ал осы қаланың бас 
мұғалімі айша анамыз болатын. Тек мәдинада 
сабақ бермеді. Жыл сайын қажылық үшін меккеге 
барғанда, Хира мен сәуір тауы арасында өзіне шатыр 
құрғызып, ғылымға құштар жандар сонда келіп 
қуаттанып қайтатын
695

Өмірден өткенше айналасын нұрландырған 
анамыз хадис ғылымынан бастап әртүрлі сала-
ларда бірқатар шәкірт тәрбиеледі. Осы негізде бұл 
ғылымдарды кейінгі әрбір мүмин үшін үйренуге бо-
латын жағдайға жеткізді. 
Тіке барып жолығып білім алғандардың көбісі 
сахаба, табиғин және атбағут табиғиннің зиялылары 
болатын. Діннің үкімдеріне бағыну шартымен азат 
694
ұлы имам мәсруқ ибн Әжданы кішкентай кезінен қамқорлығына 
алып, оны табииннің үлкен имамы етіп тәрбиелеген. анамыздан 
бір хадис риуаят еткісі келгенде сөздеріне «маған сыддықа бин-
тус сыддық, Хабибуллаһтың сүйіктісі және көктің арғы жағынан 
ақталған анамыз риуаят етті» деп бастайтын. Тағы бір шәкірті 
болған хазірет амра әл-ансари мәдиналық екеніне қарамастан ана-
мызды «нағашы әпкем» деп атайтын. Қараңыз: ахмад ибн Ханбал, 
мүснад 6\241 (26086), Бәйхақи, сүнән 2\458 (4193), Әбу нуайм, 
мүснаду Әби Ханифа 1\54, Табарани, әл-мұғжамул әбсад 5\314 
(5411), Кәбир 23\181 (289), Таялиси, мүснад 1\197 (1382), Зәһәби, 
сияр 4\67, Исхақ ибн рахуия, мүснад 3\813 (1452)
695
ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\40 (24170), Ибн сағд, Табақат 5\595, 8\68


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
404
адамдардан құлдарға, жанындағылар мен алыстарға 
дейін есігі баршаға ашық болды. Діни мәселелерде 
барша қолдана алатын жолды ұстанып, өзіне сұрақ 
қойғандар түсіне алатын әдіске жүгінетін. сұрақ 
сұраудан тартынғандарды көргенде оларды батылдан-
дырып, іштейгі ойларын ұялмай сұрап үйренулерін 
жеңілдететін
696

Өте-мөте сол кездің шарттарын ойлайтын болсақ, 
бұл анамыз қалыптастырған білім толқынының кең 
аймақтарға жетуі немесе өзінен кейін келетін жаңа 
ұрпақтарға мұра болып қалатын құндылыққа айна-
луы деген мағынаны беретін. 
Білім беруде де, сахабалармен сөйлескенде де 
пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
тәсіліне салатын. асығыстықтан сақтанып, бір 
отырғанда бәрін алып кеткісі келіп тұратындарды 
сабырға шақырып, ол әрекеттің сүннетке қайшы 
екенін айтатын
697

реті келгенде өзі іс жүзінде көрсетіп үйрететін. 
Жақын туыстарының бірінің құлы болған сәлимге 
дәрет алуды өзі көрсеткен
698

шәкірттеріне сабақ үйреткенде өте мұқият әрекет 
жасаған анамыздың бұл мәселеде екі түрлі әрекетін 
байқаймыз, білім алу үшін өзіне келгендердің ішінде 
туыстарымен пердесіз сөйлессе, басқалармен перденің 
артында тұрып сөйлесетін
699
. шәкірттерінің басым 
696
Ибн мажә, Тахара 111 (610), ахмад ибн Ханбал, мүснад, 6\97, 265 
(24699, 26332) 
697
Бұхари, мәнәқиб 20 (3375), мүслим, фадаилус сахаба160 (2493) 
Тахмаз, әс-сәйидәту айша 179
698
нәсәи, Тахара, 83 (100)
699
ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\71 (24474)


Айша - ғылымның қайнар бұлағы
405
көпшілігі туыс сипатында болатын. Бәлкім, бұл 
оның жеке таңдауы болған шығар және осы бағытта 
қабілеті бар деп тапқандарын қасына алып, оларды 
болашақтың мұғалімдері етуге бағыттайтын. Тіпті, 
тек осы ниетпен туыстарының баласын қамқорлығына 
алып, бар қажеттіліктерін қамтамасыз етуді өз мой-
нына алатын. мысалы, абдуррахман ибн Қасымды 
қасындағы екі жетім баламен бірге қамқорлығына 
алып, зекеттерін де өзі беретіндей дәрежеде барлық 
мәселелерімен айналысқан
700
. негізінде, бұл оның 
бастапқы жылдардан бергі мінезі болатын, қасына 
алып бір ансар қызын тәрбиелеп, кейін өзі тұрмысқа 
берген
701
. Бауыры мұхаммед ибн Әбу Бәкірдің 
қыздарын да қасына алып тәрбиелеп, оларды да өзі 
тұрмысқа берген
702
. Бәлкім, бұлардың бәрінде ол 
сол ғасыр мен болашақ заман арасында мықты көпір 
орнатуды көздеп, исламның беделін ертеңгі күнге 
жеткізетін айрықша тұлғалардың жетілуіне жағдай 
дайындаған шығар. 
анамыздың білім мектебі хазірет Омар және 
баласы абдуллаһ ибн Омар, Әбу Хұрайра, Әбу мұса 
әл-Әшғари, абдуллаһ ибн аббас және абдуллаһ ибн 
Зүбәйрден бастап амр ибн ас, Зәйд ибн Халид әл-
Жухәни, рабиа ибн амр әл-Жүрәши, саиб ибн язид, 
Харис ибн абдуллаһ сияқты маңызды сахабалардың 
жиналатын орны болатын. 
700
мәлик, Зекет, 6 (589)
701
ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\269 (26356), Ибн Хиббан, сахих 
13\185 (5875), Хәйсәми, мәуаридуз заман 1\494 (2016), Табарани, 
әл-муғжамул әбсад 5\352 (5527)
702
мәлик, Зәкет 5 (586)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
406
Табиғиндер де осы білім бұлағынан сусын-
дауда бір-бірімен жарысқандай, одан білім алған 
табииндердің саны 150 шамасында болғандығы ай-
тылады. Олардың арасында Уруа ибн Зүбәйр, Қасым 
ибн мұхаммед, абдуллаһ ибн язид, алқама ибн Қайс, 
мүжахид, Икрима, шағби, Зирр ибн Хубәйш, мәсруқ 
ибн Әжда, Убәйд ибн Умәйр, саид ибн мүсәййәб, 
Әсуәд ибн язид, Таус ибн Қайсан, мұхаммед ибн 
сирин, абдуррахман ибн Харис ибн Хишам, ата ибн 
Әби рабах, сүлейман ибн ясар, Әли ибн Хусейн, яхия 
ибн амр және ибн Әбу муләйкә сияқты тұлғалар 
болды, олар тек өздері өмір сүрген кезеңді емес, соны-
мен қатар өздерінен кейінгі кезеңдерді білімдерімен 
нұрландырған маңызды тұлғалар болып табылады. 
анамыздың шәкірттерінің арасында Әбу амр, 
Зәкуан, нафи, Әбу Юнус, ибн фәррух, Әбу мудиллә, 
Әбу лубабә мәруан, Әбу яхия және Әбу Юсуф сияқты 
кезінде құл болып, кейіннен азаттық алған және тер-
минде «мәуәли» деп аталған адамдар да болған
703

Оның білім мектебі тек ер кісілерге ғана ашық 
тұрмады. Білім алған әйелдердің арасында Үммү 
гүлсім бинти Әбу Бәкір, амра бинти абдиррахман, 
амра бинти айша бинти Талха, Әсма бинти абдир-
рахман бинти Әби Бәкир, муаз әл-адауия, айша 
бинти Талха, Жәсрә бинти Дәжажә, Хафса бинти 
абдуррахман ибн Әби Бәкір, сафия бинти шәйба, 
Бәрира, саиба, мәржанә және Хасан Басридің анасы 
Хайра сияқты ұзын саны елу шақты кісілер болды. 
703
ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\32 (24845), 258, Тирмизи, Дағуат 129 
(3598), Ибн сағд, Табақат 5\296, Ибн Хажар, Тәһзибут Тәһзиб12\462


Айша - ғылымның қайнар бұлағы
407
Оған шәкірт болу ерекше мәртебе болатын. 
анамызға жақындарға басқалар қызғанышпен 
қарайтын. Әсіресе, хазірет Уруа баршаның дерлік 
назарын аударатын
704
. Бауыры мұхаммедтің балала-
ры абдулла мен Қасым, бауыры абдуррахманның 
немересі абдулла ибн атиқ, әпкесі Әсма анамыздың 
балалары абдулла ибн Зүбәйр және Қасым ибн Зүбәйр 
және оның немерелері аббад ибн Хабиб пен аббад 
ибн Хамза да оның жанында болып, басқалар оларға 
қызыға қарайтын. Ирактың имамы ретінде танылған 
Ибрахим ән-нәхаидың кішкентай кезінен бастап осы 
мектепке еркін кіріп-шығуы замандастарының ара-
сында сөз болып, ондай туыстығы жоқтар өкініш 
білдірген
705
.
Кездесулерін пердесіз өткізген бұл адамдардың 
арасында әсіресе әпкесі Әсма анамыздың екі баласы 
Уруа ибн Зүбәйр және абдулла ибн Зүбәйрдің орны 
айрықша. Оның тәрбиелеп жетілдірген адамдарының 
сапасын көрсетуі тұрғысынан бұл жерде хазірет Уруа 
және Қасым ибн мұхаммед пен әйелдер арасынан 
амра бинти абдуррахман және муаза әл-адауия 
туралы қысқаша айтып өтуді жөн санадық. 

жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау