Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет103/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   152
Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
320
артынан мәруан да ентігіп жетіп келіп, хазірет 
абдуррахманның сөздерін Құраннан дәлел көрсету 
арқылы жоққа шығарғысы келді. Болған жағдайларды 
перденің артында тұрып тыңдаған айша анамыздың 
сабыры сарқылып, қатқыл үнмен:
– мәруан, мәруан! – деп дауыстайды. мұндайды 
күтпеген сол жердегілер аңтарылып тұрып қалды. 
маруан да айша анамыздың не айтқысы келгеніне 
көңіл бөліп, үнсіз тыңдап тұрып қалады. сонда айша:
– Бұл аяттың абдуррахман туралы келгенін 
айтқан сен болсаң, оңбай қателескен екенсің. Уаллаһи, 
бұл аят ол туралы емес, басқа кісіге байланысты 
түскен. Біз туралы менің абыройымды жариялаған 
аят қана келді. Байқа, мына түріңмен сен алланың 
нәбиінің лағынетінің бір бөлігін арқалап жүрсің бе 
деп қорқам
500
, – деген еді.
Бұларды құлаққа ілмеген мұғауия язидті 
қайткенде де таққа отырғызу мақсатымен мәдина 
халқына қысым жасай бастады. Кісі салып, наразы 
болған жұртты райынан қайтарып, өзін қолдауға 
шақырды. Осы мақсатпен анамызға барып, хазірет 
Хусейн мен жақтастарының үстінен шағым түсірді. 
Осы арқылы анамыздың жүрегіне жол тауып, 
қолдауын аламын деп үміттенді. алайда, айша 
анамыз біреудің әділетсіздігіне болыспайтын. 
сондықтан да оған қарап:
– Естуімше, сен өзіңе қарсы болғандарды 
«өлтірем» деп қорқытады екенсің, – деп реніш білдірді. 
Хазірет мұғауия да әділеттіліктен алыстамағанын 
білдіріп:
500
Қараңыз: Бұхари, Тәфсирул Құран 318 (4550); әс-сүнәнул кубра 
6\458 (11491), Хаким, мүстадрак 4\528 (8483). сонымен қатар, 
қараңыз: шәләби, Хаяту айша 214, 215


Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
321
– Уа, мүминдердің анасы! – деп бастады сөзін. 
– Олар мен үшін де қадірлі адамдар. алайда, өзім 
бастап, басқа жұрттар қостап язидке қол бердік. 
Осыдан кейін мен енді мұны жоққа шығара алмаймын 
ғой, – дегеніне қарамастан насихатын жалғастырған 
анамыз:
– Халыққа мейірім мен сүйіспеншілік көрсет. 
Осылай жасағаныңда ғана олар сенің қалағаныңды 
орындайтын болады, – деп қаталдық танытудың 
ақыры нәтижесіз болатынын білдірді. 
Хазірет мұғауия сол күні:
– Жарайды, онда солай жасаймын, – деп анамызға 
қарсы сөйлеуге қайраны болмай кері қайтты
501

айша анамыз бұларды айтқаныменен әлі де болса 
язидке қол беру ісі толастамады. Онысымен қоймай 
бауыры мұхаммед осы бүліктің құрбаны болғандығы 
жайлы хабар алды.
Қанша қынжылғанмен өлген адам қайтып 
келмейді. меккеге апарып жерлеген соң, балаларын 
қасына алып, солармен жұбаныш табуға тырысты. 
намаздан кейін дұға жасап қайғылы оқиғаға себеп 
болғандарды аллаға тапсырды
502

Қайғыдан, жүрегі қан жылап тұрса да айша 
анамыз әрдайым шектен шықпай теңдікті ұстай 
білді. Бір күні оған абдуррахман ибни шумасә қай 
тараптың жақтаушысы боласың дегенді білдіргісі 
келіп:
– Кімдерденсің? – деп сұрайды.
сонда ол кісі:
– Қала тұрғындарының бірімін, – дейді. 
501
Осы әңгіме барысында бауыры мұхаммедтің өлімін тілге тиек ет-
кен анамыз бұл өлімге қатысы бар екенін айтудан тартынбайды. 
Қараңыз: шәләби, Хаяту айша 217
502
Табари, Тарих 5\105


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
322
– мына соңғы қақтығыстарыңнан кейін 
қожайындарың сендерге қалай қарайды? – дегенде:
– Оған қарсы айтатын сөзіміз жоқ. Ол біреудің 
түйесі өлсе, орнына басқасын береді. Құлы жоққа құл 
тауып береді. Жоқ-жітікке көмектеседі.
Бауырым мұхаммедке жасағандары әрине өте 
ауыр тиді. алайда, алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) айтқан мына дұғаны мен де қайталаймын. 
«Алла тағалам! Үмбетімнің ісін мойнына алып әрі 
олардың ісін қиындатқан адамды сен де қиындықтан 
көз аштырма! Сондай-ақ, үмбетімнің ісін мойнына 
алып, олардың ісін жеңілдеткен адамның ісін сен де 
оңайлат!»
деп дұға етті
503
.
Қажылық өтеу үшін меккеге барған кезінде 
алғаш болып бауыры мұхаммедтің қабірін зиярат 
жасайтын
504
. Қабірінің басында тұрып, оған Тәмим 
ибн нуәйраның сағыныш толы өлеңін оқып, артынан:
– ант етем, оқиға орын алған жерде болғанымда 
сені бұл жерге емес, қайтыс болған жеріңе көмер едім. 
Өйткені, сол күні қасыңда болсам, бүгінгідей жыла-
мас едім
505
, – дейді. 
Халифа ауысқанымен айшаның әрекеттерінде 
ешқандай өзгеріс болмады. Хижаз әкімі абдулла ибн 
503
мүслим, Имара 19 (1828), ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\62 (24382), 
6\93 (24666), 6\257 (26242), 6\258 (26255), нәсәи, сияр 180 (8873), 
Ибн Хиббан, сахих 2\313
504
Хазірет Әбу Бәкірдің Әсма бинти Умәйстен дүниеге келген баласы 
мұхаммед Уәдә қажылығы үшін меккеге қарай жолға шыққанында 
Зүл Хуләйфада туылған. Хазірет Османды шәйіт еткендердің ара-
сында болып, халифаның «Әкең сені бұлай көрсе еш жақтырмас 
еді» деген ескертуінен кейін ол жерден кетеді. Жәмәл және сыффин 
оқиғаларында хазірет Әлидің қасында болады.
505
Тирмизи, Жәнәиз 61 (1055), Хаким, мүстадрак 3\541 (6013), Хәйсәми, 
мәжмәуз зәуәид 3\60; Ибн Әби шәйба, мұсаннаф 3\29 (11811)


Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
323
Зүбәйр айша анамызға қаншама жағдай жасауға ты-
рысып баққанына қарамастан, ол өз қағидаларынан 
таймай, өзіне әкелінген барлық сый-сияпатты садақа 
етіп таратып жіберетін. 



325

жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау