Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
309
тілекті айша анамыз қабылдады. Хазірет Хусейннің
маңайына жиналғандар мен әкімнің арасында үлкен
дау шыққалы тұр еді. Осы кезде араға Әбу Хұрайра
секілді беделді кісілер араласып, хазірет Хасанның
өсиетіндегі «бүлік шығармау» сөзімен оны Жәннәтул
Бақиға жерлеуге шешім қабылдады. расулалла бауы-
рына басып өсірген хазірет Хасан анасы фатиманың
(р.а.) қасында жататын болды
485
.
Бір күні Ирак жерінен абдулла ибни шәддад деген
біреу анамызға келіп, сұрақтарына жауап алып, бата-
сын алады. анамыздың да одан сұрамағы бар бола-
тын. Өйткені халифаны солар шейіт еткені есте. Одан:
– абдулла, сенен бір нәрсе сұрасам тек
шындықты айтамын деп уәде бере аласың ба? алла
үшін айтшы, олар Әлиді не үшін шейіт етті?
– сізге неге шындықты айтпайын?
– Олай болса айт!
абдулла ибн шәддад сөз бастады. Халифаға
қарсы шыққандарды басу үшін хазірет Әлидің сөзбен
түсіндіргенін, бірақ
жұрттың оны тыңдағамағанын
айтты. Әсіресе төреші тағайындауды негізге алып,
халифалық орынға қарсы қалай науқан жүргізгендерін
айтты. Осыған қатысты ерлі-зайыптылардың
дүрдараздығын шешу үшін екі тараптың отбасы-
нан да бір-бірден төреші сайлануы керектігін айтқан
аятты оқығанын, іле «мұсылман үмбетінің мәселесі
ерлі-зайыпты арасындағы мәселеден де маңызды
емес пе?» дегенін айтты.
Бұған қоса, Хұдайбия
күні сүхәйл ибни амрмен жасаған келісімшартты
485
Ибн абдулбәрр, Истиғаб1\392; суюти, Тарихул Хулафа1\170;
Ибнуләсир, әл-Камил, әл-Камил фит Тарих 3\460
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
310
еске түсіргенін, алайда осылардың барлығына
қарамастан көтерілісшілердің оны тыңдамағанын
білдірді. Ортаны тынышталдыру үшін абдулла ибн
аббастың жасаған әрекеттерін сөз етті. Бұл әрекеттер
бірқатар адамдарға әсер еткенмен жалпы нәтижені
өзгертпепті. Осылардың
ешбіріне тоқтамай өзіне
қарсылық танытқанын көрген хазірет Әлидің «алла
пен расулы шындықты айтады!» деп Құран мен
сүннет шеңберінде нық тұрғанын айтты. соңғы сөз
анамызға да ұнап:
– Бұдан басқа ештеңе айтпағанына сенімдісің
бе? Басқа ештеңе деген жоқ па? – деп сұрады.
– Құдайақы бар айтқаны осы ғана, – деп жауап
берді абдулла ибн шәддад.
сонда айша анамыз
мынаны айтты:
– Иә, жақсы-ақ айтыпты. ақиқаты сол, алла мен
расулы шындықты айтады! алла Әлиге мейірімімен
қарасын! Әрине, алла мен расулы шындықты
айтады! Әсіресе оған ирактықтар қиянат жасап, оны
ренжітетін сөздер айтты!
486
Бұл кезең жұрттың топ-топқа бөлінген күндері
еді. Әсіресе, мысыр мен Ирак халқы хазірет Осман,
шам халқы хазірет Әлиге қарсы бірігіп, екі халифа
туралы жағымсыз сөздер бұрқыратқан болатын. Ха-
рижиттер екі халифаға да қарсы ту көтеріп, ауызда-
рына келгенін оттады. Харажиттерді алғаш естігенде
анамыз жабырқап:
486
Қараңыз: ахмад ибн Ханбал, мүснад 1\86, 87 (656); Хаким,
мүстадрак 2\65 (2657); Бәйхақи, сүнән 8\180; мақсиди, әл-ахадисул
мұхтара 2\223 (605)