Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет100/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   152
Айша

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
311
– Бұларға пайғамбардың жолдастары үшін 
кешірім тілеу бұйырылды. Істеп жүргендерін қара, 
сахабалар туралы ауыздарына келгенді оттауда, – 
деді
487

Әсіресе, хазірет Әлиді шейіт еткен және осы 
шиеленістің бел ортасында жүрген харижиттер-
ге қатты ренжіді. Харура деген жерге жиналып 
біріккендіктен, оларды «Харурилер» деп атап, 
өздерінен басқа ешкімді мұсылман деп санамай-
тын дөрекі түсініктерін айыптаудан тартынбай-
тын. Бір күні бір әйел келіп, «Хайыз күндері намаз 
оқысам бола ма?» – деп сұрады. Осыған дейінгі 
істегендеріне қарасаң, бұл орынсыз сұрақ еді. Хайыз 
күндері әйелдердің намаз оқымайтыны онсыз да 
белгілі. Хайыз күндері де намаз оқуға берілген бұл 
адамдардың өздері секілді ойламаған хазірет Әли 
секілді қаншама ірі тұлғаларды шейіт етуі қақтығыс 
туындатқан еді. міне осы санасыздықты көрсету 
мақсатында анамыз оған:
– Әлде сен де харурисің бе? – деді
488
.
алдыңғы халифалар секілді хазірет мұғауия да 
анамызды қатты құрметтеді. Қадірлеп, жағдайын 
сұрап сұратын. Қиын мәселелерге кезіксе, ақыл 
сұрайтын. сәті түскенде сыйлықтар жіберетін. 
Қысқасы, көңілін аулап қолынан келгеннің бәрін жа-
сайтын. 
487
мүслим, Тәфсир, 15 (3022)
488
Бұхари, Хайз 20 (315); мүслим, Хайз 67 (335); Әбу Дәуіт, Таһара 105 
(262), Тирмизи, Таһара 97 (130)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
312
айша анамыз кімнен келсе де сыйлықты 
басқаларға таратып беріп, қолындағы барымен 
қарапайым өмір сүретін. Бұл бір ерекшелігі еді. 
Бір күні халифаның адамдары келіп, хазірет 
мұғауияның сыйлық жібергенін айтты. арасында 
киім, күміс, т.б. заттар бар екен. Бөлмесінен шығып, 
елшілерге қарап тұрып, жылап жіберді. Есіне ескі 
күндер түссе керек. Бәсең дауыспен әлдене деді. 
Қасында тұрғандар оның:
– расулалла бұлардың ешқайсысына қол 
тигізбейтін, – дегенін естіді. сосын қасындағыларға 
қарап, бұл сыйлықтың барлығын мұқтаждарға та-
ратуды тапсырды. сол күні кешке дейін хазірет 
мұғауияның жіберген сыйлығынан ештеңе қалмады.
Халифа бір күні анамызға хат жіберіп, өзіне наси-
хат айтуын сұрады. Жауап хатта ол былай деді:
– алланың сәлемі жаусын! сөздің қысқасы, 
мен расулалланың
«Жұрттың наразылығына 
қарамастан кімде-кім Алланың разылығын көздесе, 
Алла оны адамдардан келетін қиындықтардан 
қорғайды. Кімде-кім Алланың азабын назарға алмай, 
тек адамдарға ұнауды көздесе, бұл жағдайда Алла 
оған ашумен қарап, оны адамдармен жеке қалдырып, 
солардың қиындығына душар етеді!»
дегенін естідім. 
Уәссәләму аләйк!
489
Хазірет айша өзіне осыншалықты құрмет 
көрсетіп, үнемі жақсылық жасайтын халифа хазірет 
мұғауияның да қателескен тұстарын жасқанбай 
жеткізетін. мысалы, Жәмәл оқиғасынан кейінгі топ-
489
Тирмизи, Зүхд 64 (2414); Исхақ ибн рахуа, мүснад 2\600 (1175); Ибн 
Хиббан, сахих 1\510 (276)


Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
313
тасып бөлінулерде хазірет Әлиді жақтаған. Хазірет 
мұғауияға жамандап, бірқатар оқиға нәтижесінде 
шейіт етілген Хужр ибн адый мен жеті жолдасының 
өлтірілуіне қарсы шыққан. абдуррахман ибн Харис 
арқылы хат жіберіп: 
– Егер сөзімізді қадірлесең әрі күшіміз жетсе, 
Хужрды өлтіруге жол бергіміз жоқ еді. Өйткені, біз 
үшін бұл ауыр сынақ, – деп, ниетінен бас тарту-
ын талап еткен. алайда, оның бұл әрекеттері Хужр 
мен жолдастарын құтқара алмады. абдуррахман әлі 
жетпей тұрып олардың шейіт болғаны туралы хабар 
естиді. Халифаның алдына барғанда:
– Әбу суфиянның жұмсақтығы мен мейірімділігі 
қайда, сен қайда?! – деп, әкесімен арасындағы 
айырмашылықты білдірмек болады. 
Хабарды естігенде бәрі кеш еді. Кешігіп 
қалғанына қынжылған айша анамыз Хужрды ақтап, 
ол туралы айналасындағыларға жақсы сөздерін 
айтады. 
Біраз уақыттан соң халифа хазірет мұғауия да 
меккеге келіп қажылық ғибадатын атқарады. Осы 
арада анамыздың көңілін сұрауға да келеді. айша 
анамыз дереу Хужрды еске салып:
– мұғауия, Хужр мен жолдастарын өлтіргенде 
алладан еш қорықпадың ба? Хужрға неге жаның 
ашымады? – дейді. 
Хазірет мұғауия өкінген күйде:
– Оларды мен өлтірген жоқпын, – деді. алайда, 
бұл сөз анамызды жұбатқан жоқ. Өйткені, ол кезде 
халифа мұғауия болатын әрі бұл қылмыс соның 



жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау