Ханаева Лаззат Кайкеновна Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-лицейінің педагог -психологі Тақырып



жүктеу 56,77 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі56,77 Kb.
#546
түріСабақ

Ханаева Лаззат Кайкеновна

Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-лицейінің

педагог -психологі
Тақырып: «АДАЛДЫҚ – АДАМДЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ»
Құндылық Ақиқат

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Қасиеттер:

1. Өз –өзіне адал болу

2. Барлық жағдайда жақсыны көре білу мүмкіндігін дамыту

3. Қарапайым




Сабақ мақсаты:

Оқушыларға адалдық –адамдықтың белгісі ретінде түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу

1. Білімділік:  Өз –өзіне адал болу керектігін түсіндіру

2.Дамытушылық: Барлық жағдайда жақсыны көре білу мүмкіндігін дамыту 

3. Тәрбиелік: Қарапайым болуға тәрбиелеу


Ресурстар: (бейнеролик «Рита», Аудио таспа)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi

Тыныштық сәтi. № 2

Денелеріңізді түзу ұстап, аяқ- қолды айқастырмай отыруларыңызды сұраймын. Қазір біз дем алу жаттығуларын жасаймыз. Біз дем алу жағдайымызға ден қойғанда, біздің ойымыз да тынышталады. Демді ішімізге тартқан кезде біз өзімізге тыныштық пен қуанышты ала кіреміз де, дем шығарған кезде барлық мазасыздықты жоямыз.

Қане, дайындалайық. Көзімізді жұмып, арқамызды түзу ұстаймыз, қолды тіземізге қоюға болады.

Дем аламыз, дем шығарамыз......( 9- 10 рет, баяу).



2.Үй тапсырмасын тексеру. Дәптердің 27-бетіндегі № 2 тапсырма.

Сіздер үйде дәптердегі тапсырманы орындағанда, нені сезіндіңдер? Не қиын болды? Кім өз жауаптарын оқығысы келеді.



Сабақ барысын талқылау:

Баяу музыка ойнап тұрады, мұғалім «Демалу» деген тақырыпқа тыныштық сәтін өткізеді.





  1. Дәйек сөз.

«Адалдық – ардың ісі»

Халық мақалы

Сұрақтар

1. Ар деп нені айтамыз?

2. Ары таза дегенді қалай түсінеміз?

3. Адал болу қиын ба?



2 рет ұлдармен қайталап, 2 рет қыздармен қайталап, топпен 2 рет қайталағаннан соң, дәптерге жазу ұсынылады.

  1. Әңгiмелеу (сұхбат). Темірказык.

…Кайдар машинадан түсіп, шалға сәлем берді. Мақыш одырая қарады да, таныған адамдай, жымиып қолын созды.

- Әліксалам, балам! Түсің жылы екен, жаксылық іздеп жүрген бала емессің бе?

- Әрине, ата, жақсылық іздеп келдім осы ауылға!

- Лебізің тәуір, сенейін, балам, айтшы маған: өмірде не жақсы? – деді Мақыш шегір көзін шақита қарап. Қайдарға бұл сұрақ ескі ауыз әдебиетінен алыңған жасанды сұрақ секілді көрінді. «Тегі, ақын болам деп, бола алмай қалған шал болып жүрмесін!».

-Өмірде жақсылық көп қой! Қайсы біреуін айта берейін.

- Олай емес, балам. Мен өмірбақи жақсылық іздеп келдім.

- Ия, таптыңыз ба,

- Әлбетте. Таппасам сұраймын ба? Қазіргі жастар нені жақсылық деп ұғады екен, соны білгім келеді. Әсіресе, оқыған өзіңдей машина мінгендер.

- Айтыңыз, мүмкін, біз албырттықпен білмейтін болармыз.

Ия, балам, ол ақиқат. Жақсылық аяқ астында оралтылып жүр соны көрмейсіңдер. – Мақыш сөзін шұбыта, қисса оқығандай, өзгеше мақаламен айтады. Шоқша бурыл сақалын тұтамдай ұстап, «айтайын ба, айтпайын ба?» дегендей, қобалжып барып сөзін аяқтады. – Дүниедегі жақсылық – адалдық деп білем! Адалдық – өмірдің Темірқазығы. Бұрынғы заманда айдалада, Қара түнде жолаушы жұлдызға қарап жол табатын еді, сол сияқты өмірдің Темірқазық жұлдызы - адалдық екен! Арамдық жақпайды. Түбінде сол алдыңнан бір шығады. Айтарым осы.

Зейін Шашкин

Сұрақтар
1-сұрақ. Не себептен Мақыш атай «Адалдық – өмірдің Темірқазығы» деді?

2- сұрақ. Адалдық қандай әрекеттен көрінеді?

3-сұрақ. Сіздің адалдыққа деген сеніміңіз қандай?



Мәтінді талқылау, сұрақтарға жауап беру.

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Жағдаятты талдау. Топтын ішінде жағдаят бойынша өз шешімдеріңді шығарып, оны көрініс ретінде көрсетіндер.
1 –топ. Талғат теледидардан спорттық бағдарламаны қарап отырған еді. Сол мезет інісі жүгіріп келіп: « Сізді досыңыз Самат телфонға шақырады» деді. Талғат бағдарламаны үзгісі келмей: « Мені жоқ деп айта салшы» деді.

2-топ. Асан көрші досы Маратқа көшірісемін деп уәде бергесін көмектесті. Сол күні мұғалім бақылау жұмысына дайындалып келуін сұраған. Асан екі алып қаламын деп, анасына мен ауырып тұрмын деп мектепке бармады.

3-топ. Асан сыныпқа кіргенде, ешкім жоқ еді, бірақ партаның астынан ақша тауып алды. Бір мезгілде балалар келді, Жандос ақшасын іздеп жүр екен. Асан үндемеді.
6. Мұғалімнің сыйы, бейнеролик «Рита»

1. Бұл бейнеролик қандай сезім тудырды?

2. Сыныптастары Ритаға неге көмектескісі келді?

3. Сыныптағы балалардың бойларында қандай қасиеттер бар?

4. Осындай жағдайға кезіксеңдер, дәл осы балалардай жасай алар ма едіңдер?

Аудиотаспаның сүйемелдеуімен



  1. Үй тапсырмасы

Адалдықтың үлгісі бола алатын адамнан сұхбат алып, әңгіме жазып келіңдер.






  1. Топпен ән айту.

Мейірімді болайықшы бауырлар

Сөзі: Серік Қалиев

Әні:Құрмаш Маханов

Көктем етіп көркейтсе де маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,

Өшігуді қояйықшы өзгеге,



Кешірімді болайықшы, ағайын!
Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,

Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы, бауырлар!
Болашаққа қол ұстасып барайық,

Ақиқаттың ауылын іздеп табайық,

Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

Кішіпейіл болайықшы, халайық!





  1. Соңғы тыныштық сәтi

Мұғалім:

- Балалар, бәріміз көзімізді жұмып, тыныштық әлеміне енейік. Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлерімізді есімізге алып, жүрегімізге орналастырайық. Сіздерге көп рахмет!



Баяу музыка ойнап тұрады

жүктеу 56,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау