110
құқықтың диспозитивті нормалары осыны кең, бірақ шектелген таңдау
шеңберінде, көптеген рұқсат етілетін балама бере отырып, бірақ оны әмбебап,
бәрін қамтитындай етпей жүргізетінін қайталап атап өтеміз.
Осылайша, дара кәсіпкер, тұтынушы және мемлекет мүдделерінің
жарасымды үйлесуін экономикалық жағынан тиімді құқықтық реттеу негізінде
«мүдде, игілік, субъективтік құқықтар», дара кәсіпкерлікті құқықтық реттеудің
императивтік және диспозитивтік әдістерінің жарасымды үйлесуі секілді
құқықтық санаттар жатыр. Көрсетілген субъектілердің мүдделері бір-бірімен
байланысты және бір-біріне шарттасқан, сондықтан аталған субъектілердің кез
келгенінің мүдделеріне негізсіз қысым жасау басқа субъектілердің мүдделеріне
теріс әсерін тигізеді, алайда, өкінішке орай, қазіргі кезде қоғамда осыны
түсінушілік байқалмайды.
3.2 Дара кәсіпкерліктің қызметін ынталандырудың инновациялық
және интеллектуалдық шығармашылық саласындағы құқықтық әдістері
(құралдары)
Алдыңғы бөлімшеде жеке, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерліктің
негізгі түрлерінің бірі дара кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғауға
қатысты бірқатар мәселелер қаралған еді. Осы бөлімшеде белгілі өзгешелігі бар
дара кәсіпкерлікті ынталандырудың кейбір құқықтық әдістеріне (құралдарына)
назар аударылған.
Дара кәсіпкерлікті ынталандыру Қазақстанның дамуының қазіргі заманғы
кезеңінде алуан түрлі жолдармен, әдістермен жүзеге асырылуда, бірақ соңғы
жылдары мемлекет осы салада инновациялық процестермен және бәрінен
бұрын инновациялық кәсіпкерлік саласындағы процестермен байланысты
ынталандыруды көздеген. Осы өзара байланыс бүгінгі таңда экономикалық
жүйелердің ықпалдасуымен және жаһандануымен тудырылған қатаң бәсеке
жағдайларында дара кәсіпкердің сапалы және қауіпсіз өнімді (тауарды,
жұмыстарды, қызметтерді) шығарғаны ғана жеткіліксіз, бұл өнім
тұтынушылардың өзге жоғары талаптарына, халықаралық стандарттарға сәйкес
болуы, өзінің бренды, тренды және т.б. болуы қажеттігінде байқалады.
Бұл Белоруссияның, Қазақстанның және Ресейдің Кеден одағын құрумен,
Қазақстанның таяу уақытта ДСҰ-ға кіруімен әсіресе өзекті болуда. Сондықтан
бұрын пайдаланылған құқықтық амалдар бүгінгі күнде жеткіліксіз; қазіргі
кезеңде дара кәсіпкердің инновациялық тауарлар мен инновациялық
технологияларды жасауларын, инновациялық өндірістік және өзге процестердің
әзірлеуін және пайдаланылуын ынталандыратын нормалар қажет. 2012 жылғы
9 қаңтарда қабылданған Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік
қолдау туралы заң осындай амалдардың негізі болып табылады [89].
Инновация – бұл жаңа ереже (жаңалық). Сондықтан инновациялық
кәсіпкерлік – бұл, бәрінен бұрын, бизнесті, оның құрылымын, кәсіпкерлік
қызметтің өзін, кәсіпкерлік қызметке қатысушылар арасындағы құқықтық
қатынастарды жаңаша түсіну. «Инновация» (ағылш. innovation – «жаңа тәртіп»,
«жаңа ереже») терминін ғылыми айналымға әйгілі австриялық экономист
Йозеф Шумпетер енгізді, ол инновацияның жүйелі теориялық негіздерін ғана
111
сала қоймай, сонымен қатар технологиялар мен басқару өзгерістерінің
процестеріндегі жаңа ережелердің рөлін көрсетті. Й. Шумпетер ұсыныстарына
сәйкес, «инновация» термині тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа
өндірістік және көліктік құралдарды, нарықтарды және өнеркәсіптегі
ұйымдастыру фирмаларын енгізу және пайдалану мақсатында өзгертуді
білдіреді. Бұл ретте Й. Шумпетер ойлап табу мен жаңа ереже арасындағы
байланыстың буыны ретіндегі рөлді кәсіпкерге берген [86, 141 б.].
Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңға
сәйкес инновация – экономикалық тиiмдiлiктi арттыру мақсатында,
экологиялық қауiпсiздiктi ескере отырып, жаңа немесе жетiлдiрiлген
өндiрiстер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, техникалық,
өндiрiстiк,
әкiмшiлiк,
коммерциялық
сипаттағы
ұйымдастырушылық
шешiмдер, сондай-ақ өзге де қоғамдық пайдасы бар нәтиже түрiнде iс жүзiне
асырылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметiнiң нәтижесi (1-баптың
7) тармақшасы).
Инновациялық қызмет осы ұғымның ресми мағынасында кәсіпкерлік
болып табыла ма әлде кәсіпкерлік инновациялық процестің жекелеген
сатыларында ғана болуы мүмкін бе екенін айқындау осы зерттеу үшін маңызды
болып табылады. В.Ф. Попондопуло редакциясымен шығарылған «Кәсіпкерлік
құқық» атты оқулығының авторлары атап өткендей, экономикалық әдебиетте
инновациялық кәсіпкерлік ұғымы бір жаңа нәрсені жасаудың ерекше
новаторлық процесі, шаруашылық ету процесі ретінде кең таралған, оның
негізінде үнемі жаңа мүмкіндіктерді іздеу – инновацияларға деген бағыт жатыр
[86]. Сонымен бірге В.Г. Медынскиймен де келісу қажет, ол «инновациялық
кәсіпкерлік – клиенттерге олардың проблемаларының жаңа шешімін (жаңа
бұйымдарды, қызметтерді, технологияларды және т.б.) ұсынатын, сондай-ақ
өзінің бизнесі үшін жаңа инновациялық мүмкіндіктерді, яғни ішкі
проблемалардың шешімдерін (құрылымдық өзгерістер, бизнес пен білімнің
реинжинирингі және сол сияқтылар) іске асыратын кәсіпкерлік қызметтің
жоғары сатысы» деп айтқан. Д.И. Кокуриннің өзге көзқарасын да айта кету
керек. Оның пікірі бойынша «нарықтық экономика жағдайларында экономика
дамуының қарқынын айқындайтын және экономикалық жүйенің тепе-теңдігін
бұзатын өзгерістердің қозғаушы күші ретінде жүретін кәсіпкер инновациялық
қызметтің басым субъектісі болады... Ойлап шығарушы мен ғылыми
қызметкерге қарағанда, кәсіпкер «жаңа әдістердің рухани жасап шығарушысы»
болмайды, бірақ оларды іске асырады» [86, 146 б.].
Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңда
«инновация»,
«индустриялық-инновациялық
қызмет»,
«индустриялық-
инновациялық
жоба»
санаттары
кәсіпкерлік
қызметпен
тікелей
байланыстырылмаған. Сонда да дара кәсіпкерге, оның ішінде кәсіпкердің
құқықтық мәртебесі бойынша болатын кәсіпкерге негізгі рөлді беретін
авторлардың көзқарасы дұрыс екені анық.
Біздің көзқарасымызша, кәсіпкер инновацияларға қатысты түрлі рөлдерде
болуы мүмкін. Біріншіден, дара кәсіпкер түріндегі кәсіпкер инновациялық
қызметтің субъектісі, бұл ретте жоғарыда айтылып өткендей негізгілердің бірі
Достарыңызбен бөлісу: |