102
қорытынды туралы хаттамаларды жасады. Бірақ көрсетілген конкурстар
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
талаптарын өрескел бұзып жүргізілді, нақтырақ айтқанда – конкурстық
комиссия белгіленген уақытта конкурстық бағалар ұсыныстарын ашу рәсімін
жүргізбеген.
Осыған орай, прокуратура тапсырыс берушінің қызметіне қатысты
тексеруді жүргізді, оның нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның заңсыз
шешімдеріне наразылық білдірілді және жоғарыда көрсетілген наразылықтарды
қарау нәтижесі бойынша мәселе оң шешілді [76].
Тағы да тәжірибеден бір мысал келтірейік. Ақтөбе облысы Әйтеке би
аудандық ішкі істер бөлімі бастығының 2012 жылғы 28 тамыздағы қаулысымен
дара кәсіпкер Б. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 396-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып,
323 600 теңге айыппұл төлеуге міндеттелген. Әйтеке би аудандық сотының
2012 жылғы 13 қыркүйектегі ұйғарымымен Ақтөбе облысы Әйтеке би
аудандық ішкі істер бөлімі бастығының 2012 жылғы 28 тамыздағы қаулысы
өзгеріссіз қалдырылған.
Прокурор наразылығында Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық ішкі істер
бөлімі бастығының 2012 жылғы 28 тамыздағы қаулысының және Ақтөбе
облысы Әйтеке би аудандық сотының 2012 жылғы 13 қыркүйектегі
ұйғарымының күшін жойып, әкімшілік іс жүргізуді қысқарту жөнінде жаңа
қаулы шығаруды сұраған.
Наразылықтың уәждерін қуаттаған прокурордың қорытындысын тыңдап,
және іс материалдарын зерделеп, қадағалау сот алқасы прокурордың
наразылығы төмендегі негіздерге байланысты қанағаттандыруға жатады деген
тұжырымға келді.
ӘҚБтК-нің 396-бабының 1-бөлігінде жұмыс берушінің шетелдік жұмыс
күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз жұмысқа тартқаны немесе
жұмысқа орналасуға рұқсаты жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдардың еңбегін пайдаланғаны үшін жауапкершілік көзделген.
Әйтеке би аудандық ішкі істер бөлімі бастығының 2012 жылғы
28 тамыздағы қаулысында Б. Ресей Федерациясының азаматы А.-ның еңбегін
жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз пайдаланып, шетелдік жұмыс
күшін тарту тәртібін бұзғандығын көрсеткен.
Сот ӘҚБтК-нің әкімшілік жауапқа тарту тәртібі сақталған деген
тұжырымға келіп, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны негізді деп тапқан.
Алайда, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 689-бабына сәйкес,
жүктi тасымалдау шарты бойынша бiр тарап (тасымалдаушы) өзiне басқа
тараптың (жүк жөнелтушiнiң) сенiп тапсырған жүгiн белгiленген мекенге
жеткiзуге және жүктi алуға уәкiлеттi адамға (алушыға) оны беруге
міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшiн шартқа немесе
тарифке сәйкес ақы төлеуге мiндеттенедi.
Жүк тасымалдау шарты көлiк құжатын, тауар-көлiк құжатын немесе көлiк
туралы заң актiлерiнде көзделген өзге жүк тасымалдау құжатын толтыру
арқылы ресiмделедi.
103
Сонымен бірге, Б.-ның қара металл қалдықтарын сатып алу-сату арқылы
кәсіпкерлік
қызметті
жүзеге
асыратындығы
анықталған.
Ресей
Федерациясының Орынбор облысындағы қалаға 12 тонна қара металл
қалдығын тасымалдау үшін Б. тиісті автокөлігі бар А.-ны шақырып, оған 2012
жылғы 27 шілдеде тасымалданатын жүкке тауар-көлiк құжатын берген. Аталған
мән-жайлар Б. мен А.-ның арасында жүк тасымалдауға байланысты азаматтық-
құқықтық қарым-қатынас орын алғандығын көрсетеді, бұл олардың арасындағы
еңбек қатынасын жоққа шығарады.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 24)
тармақшасына сәйкес, еңбек қатынастары - Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен
міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында
туындайтын қатынастар «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде
заңнамаларды
қолдануының
кейбір
мәселелері
туралы»
Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 9
нормативтік қаулысының 7-тармағындағы түсіндірмеде еңбек қатынасының
сипатын қызметкердің ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне бағына отырып
белгіленген жұмысты белгілі бір мамандық, біліктілік, лауазым бойынша
орындауынан, ал жұмыс берушінің оған жалақысын төлеуінен және еңбек
туралы заңнамада белгіленген еңбек жағдайын қамтамасыз етуінен көруге
болатындығы көзделген.
Жоғарыдағы мән-жайлар Б.-ның жұмыс беруші немесе А.-ның еңбегін
пайдаланушы тұлға еместігін айқындайды, сондықтан ол ӘҚБтК-тің 396-
бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жатпайды.
ӘҚБтК-нің 13-бабына сәйкес, жеке адам кiнәсi анықталған құқық
бұзушылықтары үшiн ғана әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс. Жеке
адамның кiнәсiздiкпен келтiрген залалы үшiн объективтi кiнә тағуға, яғни
әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жол берiлмейдi. Қасақана немесе абайсыз
әрекет жасаған жеке адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшін кiнәлi
деп танылады.
ӘҚБтК-нің 2-бабында осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде көзделген құқық
бұзушылық құрамының барлық белгiлерi бар әрекет жасау әкiмшiлiк
жауаптылықтың негiзi болып табылатындығы көрсетілген.
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың
қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы № 18 нормативтік қаулысына сәйкес,
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға
байланысты мәселелерді қарау кезінде әкімшілік жауапкершілікке адам
тартылмауға тиіс болғанда, іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар
туындағанда (ӘҚБтК-нің 580-бабы) осындай жағдайдың орын алуы мүмкін
екенін соттардың ескергендері жөн деп көрсетілген.
Б.-ның әкімшілік құқық бұзушылық субъектісі болмауы оған қатысты іс
жүргізуді болдырмайтын мән-жай болып табылатындықтан, оған қатысты
әкімшілік іс жүргізу қысқартылуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |