108
кәсіпкерлердің, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қамтымайды.
Құқықтық әдебиетте айтылып өткендей, әлеуметтік процестерді мемлекеттік
реттеуден бас тарту басқарудың жоғалуына әкеледі. Пайда болған мемлекеттік
реттеудің вакуумы шағын топтық мүдделердің өсуімен, елдің ұлттық байлығын
ұрлаумен толықтырылады [6, 32 б.].
Экономикалық өмірдегі мемлекеттің мөлшері мен рөлі туралы, нарық
экономикасын реттеу мен кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау нысандары мен
әдістері туралы мәселелер әрқашан пікірталас туғызатын болып есептелетін еді.
Арнайы ғылыми және оқу әдебиетінде мемлекеттік реттеудің мүмкіндіктеріне
және экономика мен қоғам үшін оның салдарларына қатысты «қолдаудың»
және «қарсы болудың» орынды дәлелдері келтіріледі [82, 13-44 б.].
Өзегі кәсіпкерлік болып табылатын қазіргі заманғы нарықтық экономика
үшін мемлекеттің ұлттық экономика дамуына белсенді ықпалы көрнекті
болады. Өмірде «таза» экономика өте сирек кездеседі. Нарықтық болсын
немесе командалық-бюрократиялық болсын «таза» экономиканың тиімділігі
төмен,
сондықтан
оның
мерзімі
қысқа.
Халық
шаруашылығын
ұйымдастырудың қазіргі заманғы моделі – экономикалық қатынастар
мемлекеттік реттеумен үйлесетін аралас экономика. Аралас экономика үшін
меншік нысандарының алуан түрлілігі және екі (нарықтық және мемлекеттік)
реттеуіштің болуы тән. Аралас экономиканың жақсы жағы тауар айналамына
ресурстарды кешенді түрде енгізу мен өндірушілердің экономикалық
бостандығы болып табылады. Бұл бостандық ресурстарды одан әрі тиімді
пайдалануға, қазіргі заманғы технологияларды енгізуге мүмкіндік береді, себебі
кәсіпкерлер капиталды одан әрі пайдалы салаларға еркін ауыстырады [6, 32 б.].
Дара кәсіпкерлер, тұтынушылар мен мемлекет мүдделерінің жарасымды
үйлесуін қамтамасыз ету мемлекеттік реттеудің диспозитивтік және
императивтік әдістері арқылы жүзеге асырылады, олар тиісінше, құқықтың
диспозитивтік және императивтік нормаларында байқалады. Кәсіпкерліктің
саласында жария, сондай-ақ жеке құқықтың нормалары тең мөлшерде
қолданылады, себебі И.А. Покровскийдің теориясына сәйкес, «тек қана сол
немесе тек қана басқа тәсіл (құқықтық реттеу тәсілі) ғана мүмкін болатын
қатынастар саласы жоқ, бір, сондай-ақ басқа тип бойынша реттелген деп біз
елестете алмайтын қоғамдық өмір жоқ»[83, 42 б.].
Құқықтық реттеу әдісі бойынша құқықтың бөлінуіне сәйкес, жария құқық
үшін императивтік сипаттағы ұйғарымдармен қатынастарды реттеу тән, олар
бір адамның ешбір жеке еркімен өзгертілуі мүмкін емес. Жария құқықтық
сипаттағы қатынастарда барлығы мемлекеттік биліктің еркіндігіне бағынады,
осындай қатынастарды реттеуде билік пен бағыну әдісі қолданылады. Жеке
құқықтық сипаттағы қатынастар, яғни жеке адамдар арасындағы қатынастар
аясында мүлдем өзге реттеу әдісі әрекет етеді: жеке адамдарға белгілі дәрежеге
дейін өздері арасындағы қатынастардың сипаты мен мазмұнын еркін айқындау,
қандай да бір қатынастарға тұру немесе, керісінше, өзінің құқықтарын іске
асырудан тартыну құқығы беріледі. Басқаша айтқанда, оның реттеу мен билікке
бағыну әдісімен бірге мемлекеттің орталықтандырылған еркіне қарама-қарсы
заңи орталықсыздандыру, яғни бостандық пен жеке бастамашылық жүйесін
109
жасай отырып, қатысушылар арасында заң жүзіндегі теңдік қатынастарын
туғызатын әдіс қолданылады [27, 18 б.].
Құқықтық реттеудің императивтік және диспозитивтік әдістерінің үйлесуі
дара кәсіпкерлік үшін дара кәсіпкердің түрлі: көлденең (шарттық), тігінен
(мемлекеттің өктем ұйғарымдарына байланысты) және фирмаішілік
(корпоративтік қатынастар) құқықтық қатынастарға қатысуында байқалады.
И.В. Ершова атап өткендей, кәсіпкерлік құқық еш күмәнсіз тиесілі күрделі
салаларда, әдетте, құқықтық реттеудің бір емес, бірнеше әдістердің үйлесімі
пайдаланылады [84, 8 б.].
Осы екі арада, диспозитивтік және императивтік әдістердің үйлесімі өзінің
мәні мен негізгі бастаулары бойынша жеке құқық болып табылатын басқалар
үшін тән, ол, мысалы, азаматтық құқық. С.И. Климкиннің пікірі бойынша «заң
әдебиетіндегі жалпы танылған тәсілге қарамастан, азаматтық құқықтың негізгі
қағидаттарының бірі ретінде азаматтық құқықтарды жүзеге асыруды реттеудің
диспозитивтігі туралы біздің заңнамамызда аса көп императивті нормалар
қамтылған, оларды дұрыс түсіну және түсіндіру азаматтық айналымға
қатысушылардың қалыпты, заңды қызметіне мүмкіндік туғызатын болады» [85,
48-53 б.].
Құқықтық реттеу әдісі бойынша құқықты жеке және жария деп бөлудің
теориясына дейін көптеген ғасырлар бойы осындай бөлудің негізі ретінде сонау
Рим құқығында әйгілі ғалым әрі заңгер Ульпиан ұсынған мүдде теориясы ғана
болғанын айта кету керек. Алайда қоғамның шаруашылық өмірі қиындаған
сайын, одан әрі жаңа фактілердің пайда болуымен бұдан әрі терең талдау
көрсеткендей, өз кезінде Рим мектебі ұсынған жіктеу құқығы адамзат
қоғамының құқықтық дамуы болмысын бейнелемейді және теориялық сынға
шыдамайды [27, 17 б.].
Теорияда басқа да тұжырымдамалар ұсынылды, олардың мәні жеке және
жария құқық арасында қандай да қағидатты айырмашылық жоқ және құқықтың
жеке жария деп бөлінуі, құлдық дәуірінде тарихи жағынан шарттасып, қазіргі
кезде қандай да практикалық мәнінен айырылған деген пікір болды [27, 18 б.].
Біздің көзқарасымызша, құқықтың жеке және жария деп бөлінуінің теориялық
ғана емес, сондай-ақ прагматикалық сипаты бар. Алайда оның
прагматикалылығы қоғамдық қатынастарды тікелей реттеуде емес, ортақ
белгілермен және бірыңғай қағидаттармен сипатталатын танымның дербес
саласы ретіндегі құқық салаларының дамуында байқалады.
Жеке құқықтық сипаттағы қатынастар, яғни жеке адамдар арасындағы
қатынастар саласында мүлдем өзге реттеу әдісі әрекет етеді: жеке адамдарға
белгілі дәрежеге дейін өздері арасындағы қатынастардың сипаты мен
мазмұнын еркін айқындау, қандай да бір қатынастарға тұру немесе, керісінше,
өзінің құқықтарын іске асырудан тартыну құқығы беріледі деп жоғарыда
айтылып өткен еді. «Белгілі дәрежеге дейін» деген сөздердің жуан шрифтпен
бөлінгеніне көңіл аударыңыз. Басқаша айтқанда, социумда толық еркіндік жоқ
және болуы мүмкін емес, себебі субъектінің мінез-құлығы ресми (заң
нормаларымен), сондай-ақ ресми емес мінез-құлық қағидаларымен үнемі
шектелген. Сондықтан кәсіпкер үшін кең мүмкіндіктер беретін азаматтық
Достарыңызбен бөлісу: |