100
талаптарға байланысты жүзеге асыруға дайындалу үшін қажетті мерзімдер
негізге алына отырып белгіленуге тиіс.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік
құқықтық актілердің жобалары тиісті органда немесе сарапшылық кеңестiң
отырысында қаралғанға дейін, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық
ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) жатады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – Қазақстан
Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары
арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті
дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар
жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды
тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктерінің (бұдан әрі –
қауымдастық (одақ) қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған,
кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес, өзін-өзі
реттейтін ұйым.
Жеке кәсіпкерлердің өтініштерін қарау Ұлттық палатаның және оның
филиалдарының қызметінде бизнес-қауымдастық пен мемлекеттік органдардың
арасында өзара тиімді әріптестікті дамыту және кәсіпкерлік бастаманы жүзеге
асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік шарттарды
қамтамасыз ету нысандарының бірі болып табылады.
Осылай, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасына жер учаскесін
мәжбүрлеп алып қою мәселесі бойынша оның заңды құқықтары мен
мүдделерін қорғау туралы өтінішімен дара кәсіпкер К. Рақымжанова жүгінді.
Өтініштің мәні мынадай: «Қарағанды облысы бойынша Қазақстан
Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару
комитетінің Аумақтық жер инспекциясы» мемлекеттік мекемесі сотқа К.
Рақымжановаға қатысты оның мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесін,
кадастрлық нөмірі 09-142183-105, мәжбүрлеп алып қою және К.
Рақымжанованың үш жылдан астам уақыт бойы аталған учаскені мақсаты
бойынша пайдаланбайтындығын алға тартып, жер учаскені Қарағанды
қаласының мамандандырылған жер қорына қосу туралы талаппен жүгінді.
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы № 2 аудандық сотының 2014 жылғы
25 ақпандағы шешімімен жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап
қоюшының талаптарын қанағаттандырудан толығымен бас тартылды. Бірақ
талап қоюшы сот шешімімен келіспей, Апелляциялық сатыға шағымды
жолдады.
Қарағанды облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша
апелляциялық
алқасы
Кәсіпкерлер
палатасы
өкілдерінің
және
К. Рақымжанованың дәлелдеріне назар аудармай, 2014 жылғы 12 маусымдағы
2А-3099 анықтаманы шығарды, оған сәйкес мемлекеттік органның
апелляциялық шағымы қанағаттандырылды және Қарағанды қаласы
Қазыбек би ауданының № 2 аудандық сот шешімінің күшін жойды және
2014 жылдың 13 маусымында: «Аумақтық жер инспекция» мемлекеттік
мекемесі К. Рақымжановаға қатысты даулы жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою
туралы талабы қанағаттандырылсын» жаңа шешім қабылдады.
101
Жауап ретінде Қарағанды облысының кәсіпкерлік палатасы өкілдері сотқа
кассациялық шағымды жолдады, сондай-ақ іс материалдарын Қарағанды
облысының прокуратурасына жіберді, істі қарау нәтижелері бойынша
прокуратура Кассациялық сот алқасына наразылықты жолдады.
2014 жылдың 15 тамызында кассациялық сот алқасы шағымды және
прокурор наразылығын қарап, бірінші сатыдағы соттың 2014 жылғы
25 ақпандағы шешімінің күшін қалдырып, апелляциялық саты шешімінің күшін
жою туралы қаулы шығарды. Осылайша, дара кәсіпкер К. Рақымжанованың
құқықтары мен заңды мүдделері қорғалды [76].
Басқа факт бойынша Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасына
Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының 2 заңсыз тексеру фактісі
бойынша дара кәсіпкер А.К. Зикиров жүгінді. А.К. Зикировтың жүгінуіне себеп
болған бірінші тексеру 2013 жылдың маусым айында жүргізілді.
Тексеру заңдылығын анықтау үшін Қарағанды облысының Кәсіпкерлер
палатасы Қарағанды облысының Прокуратурасына 2013 жылдың маусым –
шілде айлары аралығында дара кәсіпкер А.К. Зикировқа қатысты жүргізілген
тексерудің тіркелгені жөнінде 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 1-2/0518 сауал
жолдады. Қарағанды облысының прокуратурасы мамандандырылған табиғат
прокуратурасының дара кәміпкер А.К. Зикировтың қызметіне тексеру
жүргізуге қаулыны шығармағаны жөнінде жауап берді, дәл осылайша, кәсіпкер
А.К. Зикировтың жүргізілген тексерістің заңсыздығы туралы айтқан дәлелдері
расталды.
2014 жылдың 19 мамырында Кәсіпкерлер палатасына А.К. Зикировтың
тағы да бір өтініші келіп түсті, оған сәйкес 2014 жылдың 16 маусымында
Қарағанды облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының
қызметшілері, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 27
ақпандағы № 757 Жарлығымен белгіленген, шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілеріне тексеру жүргізу бойынша қолданыстағы шектеу кезеңінде,
тексеру жүргізуге құжаттарды ұсынбай, оның объектісіне қайтадан тексеру
жүргізді.
Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қызметшілерінің
заңсыз әрекеттерінің жүйелі сипатты алуына байланысты, Қарағанды
облысының Кәсіпкерлік палатасы Қарағанды облысының Прокуратурасына
жүгінді. Қарағанды облысының Прокуратурасы Қарағанды облысының
Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокурор көмекшісі
Б.Н. Хамитовқа қатысты тексеру жүргізілгеннен кейін оны тәртіптік
жауапкершілікке тарту туралы мәселе қойылды. Дәл осылайша құқықтары мен
заңды мүдделерін қорғау туралы кәсіпкердің шағымы қанағаттандырылды [76].
Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасына «Риддер қаласының
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ммелекеттік мекемесі тарапынан
орын алған заңсыз әрекеттер мәселесі бойынша «СемейПластКом» ЖШС-і
жүгінді. Осылай, «СемейПластКом» ЖШС-і Риддер қаласының су құбыры,
магистралдық, кәріз желілері мен құрылғыларының құрылысы бойынша
мемлекеттік сатып алудың электрондық конкурсына қатысыпты. Тендер
нәтижелері бойынша конкурстық комиссия жеңімпаздарды анықтап,
Достарыңызбен бөлісу: |