24
коммерциялық, қаржылық және консалтингтік. Бұл ретте кәсіпкерліктің
өндірістік түріне мынадай қызмет салаларын жатқызады: инновациялық.
ғылыми-техникалық, тауар өндіру және өндірістік қызмет көрсету, тауарлар
мен қызметтерді өндірістік тұтыну, құрылыс және жөндеу-құрылыс
жұмыстарын орындау, көліктік операциялар және байланыс операцияларын
жасау, ақпараттық. Қызметтің коммерциялық түріне сауда, сауда-сатып алу
қызметі, сауда-делдалдық қызмет, тауар биржасындағы коммерциялық қызмет
жатады. Қызметтің қаржылық түріне банктік, сақтандыру, лизингтік, қор
биржасындағы қызметтер жатады. Консалтингтік қызмет түріне жалпы басқару,
әкімшілік ету, қаржылық басқару, кадрларды басқару, маркетинг, ақпараттық
технологиялар жатады [9, 36 б., 10, 21 б.].
Бұл
қызмет
түрлерінің
әрқайсысы
жалпы
азаматтық-құқықтық
нормалармен (АК, Жеке кәсіпкерлік туралы Заң, Шаруашылық серіктестіктер
туралы Заң, Акционерлік қоғамдар туралы Заң нормаларымен және т.б. ),
сонымен қатар белгілі бір олқылықтары бар арнайы нормалармен (Сақтандыру
қызметі туралы Заң, Қаржы лизингі туралы Заң, Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі туралы Заң нормаларымен және т.б.) реттеледі, олар
жоғарыда көрсетілген АК мен Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның
кемшіліктерімен бірге құқық қолдану практикасын одан әрі күрделендіре
түседі.
Атап айтқанда, инвестициялық қызмет осындай болып табылады. ҚР
Әділет министрлігінің қызметкерлері белгілі бір кезеңде адвокаттардың АҚ
акциялары болуы немесе ЖШС құрылтайшылары болып табылуы негізінде
оларды лицензиядан айыру туралы талап-арыз бере бастады, ал бұл
инвестициялар, инвестициялық қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылады, ал
адвокаттарға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға болмайды.
Профессор М.К. Сүлейменовтің пікірінше, бұл «нағыз қисынсыз шешім,
үстірт логика тұрғысынан қарағанда жалған силлогизм» [23, 31 б.]. ҚР Әділет
министрлігінің бұл шешімімен Ф.С. Қарағұсов та келіспейді. Ол кәсіпкерлік
қызмет болып табылмайтын инвестициялық қызметтің болуы әбден мүмкін деп
санайды. Оның пікірі бойынша, оларды иелену және пайдалану (не оларды
болашақта сату) меншік иелеріне табыс әкелуі мүмкін инвестиция
объектілеріне (жылжымайтын мүлік, бағалы қағаздар, банк шоттары, бағалы
металдар мен минералдар, көркем шығармалар және т.с.с) қаражат салымдары
болып табылатын инвестициялық қызмет ұғымы бар. Алайда бұл қызмет бірден
кәсіпкерлік қызмет болып таныла алмайды, дегенмен кәсіпкерлікті ойдағыдай
іске асыру үшін қажетті шарт болуы мүмкін [24, 33-40 б.].
Осындай көзқарасты С.П. Мороз ұстанады, ол: «Инвестициялық құқық
қатынастары – пайда (табыс) алу және (немесе) оң әлеуметтік тиімділікке жету
мақсатында инвестордың кәсіпкерлік және қызметтің басқа да түрлерінің
объектілеріне салатын материалдық және материалдық емес игіліктері
бойынша туындайтын құқық қатынастары»
- деп атап өтті [25, 116 б.].
В.Ф. Попондопулоның тұжырымдауы бойынша, инвестициялық қызмет
кәсіпкерлік қызмет болуы мүмкін (кәсіпкерлер жүйелі пайда алу мақсатында
оны жүзеге асырғанда) немесе болмауы мүмкін (кәсіпкерлік қызметтің
25
белгілері болмағанда). Бұл ретте автор: 1) азаматтық құқық нысанасы болып
табылатын инвестициялық қызмет қатысушылары (инвесторлар, тапсырып
берушілер, орындаушылар мен пайдаланушылар) арасындағы шарттар
негізінде туындайтын қатынастарды; 2) мемлекеттік реттеу мен мұндай
қызметтік бақылауды байланыстырушы жария құқық қатынастарын (жария
құқығы нысанасы) [8, 552 б.] бөліп көрсетеді.
Осылайша, көптеген авторлар инвестициялық қызметті кәсіпкерлік
мәртебеге ие бола алады да, бола алмайды да деп санайды. М.К. Сүлейменов
дұрыс мынадай шешім жасады: «инвестициялық қызмет жартылай кәсіпкерлік
қызмет болып табылады және инвестициялық кәсіпкерлік құқықпен реттеледі.
Инвестициялық құқықтың басқа институттары әртекті, оларды кәсіпкерлік
қызметке байланысы жоқ инвестициялық қатынастарды реттейтіндігі ғана
біріктіреді» [23, 34 б.]. АҚ акцияларын ұстаушылар немесе ЖШС
құрылтайшылары туралы сөз қозғалған жағдайларда, оларды кәсіпкерлер деп
тануға экономикалық және құқықтық негіз жоқ: инвестициялаудың бұл түрі
қызмет емес, кәсіпкерлік саласына капитал салу бойынша бір жолғы әрекет
болып табылады; тиісінше, АҚ акцияларын ұстаушылар немесе ЖШС
құрылтайшылары дара кәсіпкер де, заңды тұлға да бола алмайды. Дара
кәсіпкерліктің басқа субъектілері заңда көзделмеген.
Сонымен, дара кәсіпкердің азаматтық-құқықтық мәртебесінің ең басты
негізі, құрылымы ретінде оның азаматтық құқық қабілеттілігі болып танылады,
сол қабілет дара кәсіпкердің нақтыланған субъективтік азаматтық құқықтары
мен міндеттерінің туындауына тікелей алғышарты ретінде айқындалады. Ал
азаматтық құқық қабілеттілігі мен азаматтық әрекет қабілеттілігі, яғни
азаматтық құқықсубъекттілігі оның кәсіпкерлік қызметпен шұғылдануына
мүмкіншілігі жүзеге асырылудағы міндетті саты болып табылады.
1.2 Дара кәсіпкердің құқықтық жағдайының түсінігі және мазмұны
Кәсіпкерлік пен кәсіпкердің белгіленген ережелері және белгілері «дара
кәсіпкерлік» пен «дара кәсіпкер» санаттары үшін айқындауыш және
тұжырымдамалық маңызы бар. Сонымен қатар, дара кәсіпкерлік – кәсіпкерлік
қызметтің айрықша түрі, дара кәсіпкер – Қазақстанда дара кәсіпкерліктің
дамуы үшін маңызды мәні бар өз құқықтық мәртебесімен сипатталатын
кәсіпкерлік саласындағы құқық қатынастарының ерекше субъектісі.
Заң ғылымында құқықтық мәртебе ұғымы пікірталастық ұғым болып
табылады. Дербес құқықтық санат ретінде құқықтық мәртебе толық, ең
алдымен, құқықтың жалпы теориясы және конституциялық құқық
ғылымдарында 1970 жылы орнықты, қазіргі уақытта аталған ғылымдарда
құқықтық мәртебе ұғымы құқықтық қатынасуда жеке адамның орнын
зерделеудің маңызды құралы ретінде бекітілді.
Әдебиеттегі бар анықтамаларды талдай келе, құқықтық мәртебе санатын
құқық нормалары бекіткен оның субъектілерінің жағдайы, олардың құқықтары
мен міндеттерінің жиынтығы деп түсінуге болады. Құқықтық мәртебеге: құқық
субъектілігі (ол өз кезегінде субъектінің құқық қабілеттілігін, әрекетке
Достарыңызбен бөлісу: |