26
қабілеттілігін және деликт қабілеттілігін қамтиды); заңда бекітілген құқықтар
мен міндеттер; бекітілген құқық кепілдіктері; субъектінің міндеттерді
орындамауы үшін жауапкершілігі жатады.
Бұл ретте салалық заң ғылымдарында конституциялық-құқықтық мәртебе,
азаматтық-құқықтық мәртебе, әкімшілік-құқықтық мәртебе және т.б. болып
бөлінеді.
Азаматтық құқық теориясында құқықтық мәртебе ұғымы жоғарыда атап
өтілгендей, құқық теориясына және конституциялық құқыққа қарағанда,
азаматтық құқық теориясында құқықтық мәртебе ұғымы сирек зерттеледі. Дара
кәсіпкердің азаматтық-құқықтық мәртебесінің ұғымы мен өзгешілігін
С.М. Григоренко өзінің кандидаттық диссертациясында зерделеген болатын
[26, 15-29 б.]. Сондықтан, біздің зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін
ескере отырып, оның диссертациясының материалдары мен қорытындыларына
сүйене отырып, сондай-ақ басқа зерттеулердің қорытындыларын талдау
негізінде осы мәселе жөнінде өз ұстанымызды белгілейік.
Дара кәсіпкердің құқықтық мәртебесі:
1) жеке кәсіпкерлік үшін маңызды мәні бар салалық (азаматтық-құқықтық)
арнайы құқықтық мәртебе болып табылады. Дара кәсіпкердің құқықтық
мәртебесі азаматтық-құқықтық мәртебе болып табылады деп санаймыз.
Өйткені:
а) кәсіпкерлік қызмет – азаматтық-құқықтық қызмет түрі;
ә) дара кәсіпкердің нормативтік-құқықтық негізін көбінесе азаматтық
құқық нормалары құрайды;
2) дербес бола тұра, сонда да қалыпты (яғни, дара кәсіпкер болып
табылмайтын) азаматтың азаматтық-құқықтық мәртебесінің (АК-нің 13-18-
баптары және басқалары) және коммерциялық ұйым болып табылатын заңды
тұлғаның азаматтық-құқықтық мәртебесінің (АК-нің 19-бабының 3-тармағы)
туындысы болып табылады;
3) сыртқы ортаның құқық қатынастары (кәсіпкерліктің басқа
субъектілерімен шарттық қатынастар, мемлекеттік басқару органдарымен және
тұтынушымен қатынастар) және фирмашілік қатынастар (кәсіпорынның
мақсаттары мен міндеттерін іске асыруды ұйымдастыру, персоналдың құрамы
мен өзара қатынастары, өндірістік процестердің орындалуын қамтамасыз ету
және т.б.) арқылы көрінеді.
Дара кәсіпкердің құқықтық мәртебесінің мазмұнын талдамастан бұрын,
кәсіпкерлік аясындағы құқық қатынастарының осындай субъектісі ТМД
республикаларының ғана емес, алыс шетелдің бірқатар елдерінің құқығында да
танымал екендігін атап өтейік. Атап айтқанда, сауда құқығы жеке сала ретінде
қолданылатын көптеген елдерде (Францияда, Германияда, Түркияда, Бельгияда,
Испанияда және т.б.) коммерсант немесе шаруашылық айналым қатысушысы
ретінде құқықтық жағдайы мен мәмілелері арнайы реттелуге бағынатын көпес
ұғымдары белгілі.
Мұндай елдердің құқығы коммерсанттар мен коммерсант еместердің
қызметін регламенттеудің айырмашылығын айқындайды. Бұл ретте коммерсант
ретінде жеке кәсіпорындар – жеке және ұжымдық тұлғалар келтіріледі. Жеке
27
коммерсанттарға кәсіпорын иесі бола отырып, жеке кәсіпкер ретінде әрекет
ететін жеке тұлғалар жатады. Олардың қызмет саласы – қомақты капиталды
қажет етпейтін экономика секторлары (қызмет көрсету, ұсақ және орта сауда-
саттық, өнеркәсіптік немесе ауыл шаруашылық өндірісі және т.б.) [27, 162-163
б.].
Азаматтың құқықтық мәртебесінен туындауы жеке кәсіпкердің құқықтық
мәртебесінің негізінде азаматтық құқық қабілеттілік және әрекетке қабілеттілік
жатқанын білдіреді. Жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тану үшін заңға сәйкес
құқық қабілеттілігі шектелмеуі (мысалы, белгілі бір мерзімге жаза ретінде сот
үкімімен оның айналысқысы келетін кәсіпкерлік қызметтің түрінде), сонымен
қатар АК-ке сәйкес әрекетке қабілеттілігі шектелмеуі тиіс.
Жалпы қағида бойынша азамат толық әрекетке қабілеттілікке ие болып,
яғни кәмелетке толғанда (18 жас) не болмаса заңнамалық актілерде мұндай
некеге рұқсат берілген жағдайда, он сегіз жасқа толғанға дейін некеге тұруына
байланысты толық әрекет қабілеттілігі болғанда дара кәсіпкерлікпен айналыса
алады. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26
желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі -
НОтК) «мынадай дәлелді себептер:
1) жүкті болған;
2) ортақ бала туған кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік
тіркеу орны бойынша тіркеуші органдар неке (ерлі-зайыптылық) жасын екі
жылдан аспайтын мерзімге төмендетеді» деп белгілейді.
Яғни, НОтК әйелдер мен ер адамдар үшін некеге тұру (ерлі-зайыпты болу)
жасын он сегіз жас деп белгілейтінін есепке ала отырып, он сегіз жасқа дейін
некеге тұрған азамат дара кәсіпкерлікпен он алты жастан бастап кімнің де болса
келісімінсіз айналыса алады. Сол уақытта азамат он сегіз жасқа толғанға дейін
некесін бұзған жағдайда, оның некеге тұру нәтижесінде алған әрекетке
қабілеттілігі сақталатындығы АК-де ашық мәселе болып қалып отыр. Біздің
ойымызша, жауап оң болуға тиіс. Атап айтқанда, РФ АК-нің 21-бабы «некеге
тұру нәтижесінде алған әрекетке қабілеттілік он сегіз жасқа толғанға дейін неке
бұзылған жағдайда толық көлемде сақталады. Неке жарамсыз деп танылған
жағдайда, сот кәмелетке толмаған ерлі-зайыптының әрекетке қабілеттілігінің
сот анықтаған сәттен жоғалғандығы туралы шешім қабылдай алады» деп
белгілейді. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 17-бабына тиісті
толықтырулар енгізу мақсатқа сай деп есептейміз.
Осымен қатар, он сегіз жасқа толмаған азаматтың толық әрекетке
қабілеттілігі эмансипация нәтижесінде туындайды. Оның мәні мынада: «жасы
он алтыға жеткен кәмелетке толмаған адам, егер ол еңбек шарты бойынша
жұмыс iстейтiн болса немесе оның заңды өкiлдерiнiң келiсiмiмен кәсiпкерлiк
қызметпен айналысатын болса, толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялануы
мүмкiн» (АК-нің 22-1-бабының 1-тармағы). 2000 жылғы Францияның
Коммерциялық кодексі, керісінше, «кәмелетке толмаған, толық әрекетке
қабілетті деп жарияланған болса да», коммерсант бола алмайтынын атап өтейік
[28, 73 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |