Халықтар географиясы • Өзгеріс үстіндегі әлем • Әркелкі әлем 1 1-бөлім: Даму



жүктеу 1,46 Mb.
Pdf просмотр
Дата21.12.2019
өлшемі1,46 Mb.
#24771


Әркелкі әлем

ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • ӨЗГЕРІС ҮСТІНДЕГІ ӘЛЕМ • ӘРКЕЛКІ ӘЛЕМ 

1

1-бөлім: Даму

• Даму деген не? 

Даму сөзі әдетте, өзгеріс пен өсуге байланысты қолданылады. 

Жалпы түрде “дамыған” елдердегі халықтың көпшілігі жоғары өмір 

стандарттарымен қамтамасыз етіледі, сондықтан ондағы халық ұзақ 

өмір сүреді. Дамыған елдердегі білім сапасының жоғары болуы, 

халықтың сауаттылығын және жұмыс табуға мүмкіндіктерінің көп 

болуын білдіреді. 

Даму көрсеткіші статистика мен мәліметтерді қолдана отырып, елдің 

дамуын бағалауға мүмкіндік береді, және әр түрлі көрсеткіштерге 

негізделген. Барлық елге қатысты қолданатын кез келген 

статистикалық мәлімет сияқты, даму көрсеткіші де халықтың 

орташа мүмкіндігіне баға береді. Әлемдегі ең жоғары дамыған 

АҚШ-тың өзінде миллиондаған адам басқа адамдар сияқты сапалы 

қызметпен қамтамасыз етілмеген. Жоғары орташа табыс әрқашан 

елдің “дамығандығының” көрсеткіші бола бермейді. Сондықтан қай 

жерде болсын, даму – географиялық тұрғыдан біркелкі таралмайтын 

процесс.


Қосымша сұрақтар

С1. Ең жақсы дамыған елдерге қай елдер жатады?

Егер даму “өсуді” білдіретін болса, мәселелі экономикасы бар жанжалдар әсеріне ұшыраған елдерді нашар 

дамушы елдерге жатқызуға болады. 2011 жылы АДК бойынша ең төменгі орындағы елдер соңғы жылдары да 

сол орындарда.

С2. Ең нашар дамыған елдерге қай елдер жатады? 



• Ұсынылатын фильм

 - Жаһандық теңсіздік 

С3. Ең жылдам дамушы елдерге қай елдер жатады?

Ел экономикасына шетелдің араласуы кейде елді дамыта түседі, 

алайда бұл біртіндеп іске асады. Соңғы жылдары экономикасы 

дамыған елдерге Қытай мен Үндістан жатады. Олар дамудың 

жаңа кезеңіне өткен БРҮҚО (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, 

Оңтүстік Африка) деп аталатын елдер тобына жатады.

Жапонияда өмір сүру деңгейі жақсы 

болғандықтан, өмір сүру ұзақтығы

70 жастан асады

Дамыған елдерде балалар тегін 

білім ала алады

Дамуды өлшейтін бірнеше әдіс бар, БҰҰ қолданатын, ең кең таралған әдістің бірі – адамның даму көрсеткіші 

(АДК). Бұл көрсеткіштерді уақыт аралығында салыстыра отырып, ең жақсы “реформа” жүргізуші елдерді 

анықтауға болады, мысалы 2011 жылы алғашқы үш орынды Норвегия, Австралия және Нидерланды бөліп 

алған болатын. 



ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • ӨЗГЕРІС ҮСТІНДЕГІ ӘЛЕМ • ӘРКЕЛКІ ӘЛЕМ 

2

Ханс Рослинг швед дәрігері, әрі статистика маманы, ол көптеген 

жылдар бойы даму туралы мәліметтерді түсінуді оңайлату 

үшін көрнекіліктер жасаумен айналысқан. Ол бұл үшін бірқатар 

құралдар тобын жасады, оның ішінде Gapminder деген веб 

құрал да бар. Ондағы мақсат – адамдардың өмір сүру сапасын 

жақсартатын ең тиімді жолдарды көрсету болатын. Ол елдердің 

барлығы дамудың “континуумында” бірде жоғары, бірде төмен 

қозғалады деп айтқан.

С4. Ханс Рослинг деген кім?

• Әлі күнге дейін елдер дамыған және дамушы болып бөліне ме?

• Ұсынылатын фильмдер

 - Дамушы елдер

 - Дамыған елдер 

Қосымша сұрақ

БҰҰ жариялайтын адамның даму 

көрсеткішін (АДК) қолдана отырып 

өлшенетін дамудың түрлі деңгейлері 

бар. Елдің әлі де нашар жағдайда екенін 

көрсететін әр түрлі даму көрсеткіштері 

болады. Барлық елді “дамушы” немесе 

“дамыған” деп айтуға болады, себебі 

әр елде миллиардерлер де, шектен 

асқан кедейшілікте өмір сүретін халық та 

болады. Экономикасы нашар дамыған 

ел термині (ЭНДЕ) кейбір елдер үшін 

әділетсіз болуы мүмкін, себебі ондағы 

халықтың көпшілігінің өмір сапасы жақсы 

болғанмен, миллиондаған адам шектен 

асқан кедейшілікте өмір сүруі ықтимал. 

Сондықтан көрсеткіштің салыстырмалы 

түрде болғаны дұрыс, АДК төрт топқа 

жіктеледі: өте жоғары, жоғары, орташа 

және төмен.



Экономикасы нашар дамыған 

елдерде ағын су жоқ

ДИАГРАММА 01:

• Дамуға не кедергі болады? 

Тарихта бай және кедей елдер әрқашан болған. Олар технологиялық, әскери, соңғы кездері өнеркәсіптік дамудың 

әр түрлі кезеңдеріне байланысты қалыптасқан. Кейбір мемлекеттер табиғи ресурстар есебінен, енді біреулері 

халқының көп болуына байланысты әскерінің үлкендігінен ұтып отырған. Тарих бойынша, Британ империясының 

гүлденуі және Африка мен Оңтүстік Американың көп бөлігінің колонияға айналуы қазірге дейін өткен колониялық 

державаның қалдық мұрасын сақтап қалған. Кейбір елдерде әділ сайлау өткізуге кедергі болатын көшбасшылар 

көптеген жылдар бойы билік етіп келеді. Бұл жағдайда халықтың ақшасының көп бөлігі әділ бөлінбеуі мүмкін. 

Сонымен бірге, климат пен кейбір аудандардағы қауіпті табиғи құбылыстардың таралуы табиғи және экологиялық 

кедергілерге байланысты да болуы мүмкін. 

Көмектің көрсетілуі жергілікті нарыққа теріс әсер етуі мүмкін. Мысалы, азық-түлік көмегі жергілікті азыққа деген 

сұранысты азайтуы ықтимал. Сонымен қатар, қажеттілікті азайтудың ұзақ мерзімдік шешімін табуға қарағанда, 

көмектің келуіне тәуелділіктің нақты деңгейі болуы да мүмкін. Тіпті жергілікті шенеуніктер жалған түрде елде 

күрделі жағдай жасап, берілген көмекті өздерінің қара басы үшін пайдаланып, жемқорлық орын алуы да мүмкін.




ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • ӨЗГЕРІС ҮСТІНДЕГІ ӘЛЕМ • ӘРКЕЛКІ ӘЛЕМ 

3

Қосымша сұрақтар

Біріккен Ұлттар Ұйымы 1945 жылдан 

бері елдер арасындағы байланысты 

орнатып келеді. Жанжалдар елдің 

дамуына зор әсерін тигізетіндіктен, 

мүмкіндігінше бейбіт шешімдердің 

қабылдануы өте маңызды. БҰҰ белгілі 

бір ел өз халқына қатысты теріс саясат 

ұстанса немесе көрші елдерге қауіп 

төндірсе, араласуға бар күшін салады. 

Егер мұндай жағдай орын алса, БҰҰ 

“келісім” береді, ол бойынша, қажет 

жағдайда елдерге әскерді қолдануға 

рұқсат беріледі. БҰҰ мыңжылдық 

дамудың мақсаттарын анықтауға 

жауапты болатын: 2015 жылға дейінгі 

негізгі мақсаттар теңсіздікке бағытталған 

шаралар жиынтығынан тұрады.

С5. БҰҰ-ның дамудың кедергілерін 

азайтудағы рөлі қандай?

• Демография деген не?

Демография – халықты зерттейтін ғылым саласы, ол халықтың 

уақыт аралығындағы өзгерісін, атап айтқанда халық статистикасын 

зерттейді. Демография ерлер мен әйелдер арасындағы тепе-теңдікті, 

әр түрлі жастағы халық үлесін зерттейді. Жай сөзбен айтқанда, 

халық санын туу мен өлім арасындағы өзгерістен шығаруға болады, 

алайда соңғы онжылдықтарда қарқынды жүріп жатқан халықтың ел 

ішіндегі және сыртқы көші-қондарын да назарға алу қажет. Халықтың 

өзгеріс трендтері барлығына өз әсерін тигізеді, және туу мен өлім 

деңгейлерінің өзгерісі және жалпы туу деңгейінің экономикалық 

салдарлары өте маңызды.

• Ұсынылатын фильм

 - Кенже дамыған елдер: Даму жолындағы кедергілер

2-саны: Халық саны және сауда

• Ұсынылатын жаттығу

- Оқушыларға екіжақты, көпжақты, келісілген көмек сияқты көмек түрлерін зерттеуді тапсырыңыз. Қандай мемлекеттер 

ең көп көмек көрсетеді?

ДИАГРАММА 02:

С6. Мемлекеттік көмек адамдарға 

көмектесудің ең тиімді жолы ма?

Қай кезде болмасын, теңсіздік орын алған жағдайда, байлығы көбірек адам байлығы азырақ адамға көмектесуі 

қажет болып көрінеді. Көмек әртүрлі болуы мүмкін, алайда кейде олар көмекке зәру адамдарға жетпей қалып 

жатады. Көмекті жеткізу үшін инфрақұрылымдар қажет, әдетте нашар дамыған елдер көмекті ең көп қажет 

етеді. Сонымен бірге көмекті дамыған елдердің дамушы елдердің үстінен басқару әдісі деп те сынап жатады.

• Ұсынылатын фильм

 - Демографиялық кезеңдер моделі

18-ғасырдың соңында батыс елдері

өнеркәсібі дамыған елдерге айналды



ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • ӨЗГЕРІС ҮСТІНДЕГІ ӘЛЕМ • ӘРКЕЛКІ ӘЛЕМ 

4

Қосымша сұрақтар

Әлемдегі маңызды сұрақтардың бірі – әлемде қанша адам 

бар? Көптеген елдердің жоғарғы даму деңгейіне өтуіне 

байланысты, халықтың өмір жасы ұзаруда, алайда әр әйелге 

сәйкес келетін орташа бала саны азаюда. 2011 жылы қазанда 

жеті милиардыншы адамның дүниеге келуі қазіргі халық өсімінің 

орнықтылығына тағы бір назар аудартты. 2050 жылға қарай әлем 

халқы 10 милиардқа жетсе, ғаламшарымыздағы мәселелер одан 

сайын ушыға түсуі мүмкін. 

С7. Демография неліктен маңызды?

Қысқа мерзімдік кезеңде кез келген адамға әсері тиюі мүмкін ең маңызды өзгерістердің бірі – әлем халқының 

қартаюы болар. Әлемнің көп бөлігінде 65 жастан жоғары халықтың үлесі 15 жастағы және одан төмен 

жастағы халықтың үлесіне қарағанда жоғары. Мұндай халық тобын “тәуелді” халық бөлігі деп атайды, себебі 

олар”экономикалық белсенді халық емес”.

Жаһандануға бейімделген жұмыс күші әлем бойынша орын ауыстыра бастады. 9000-нан астам 

филиппиндіктер (Филиппин азаматтары) Жапония, Сингапур, АҚШ және кейбір Еуропа елдерінде жұмыс 

істейді. Олардың отбасыларына жіберетін табыстары – ел экономикасының маңызды бөлігі болып табылады. 

Миграциялық өзгерістер туу мен өлім әсерінен қалыптасатын табиғи өзгеріске өз әсерін тигізеді. 

С8. Қазіргі демографиядағы негізгі тенденциялар қандай?

Ақыр аяғында, барлық адам жас кезіндегі жұмыс істеу қабілетінен айрылады. Сол сәттен бастап олар 

зейнетақыға, жинақтауларына және балаларының көмегіне сүйене бастайды. Әр елдің өзіндік әлеуметтік 

қолдау саясаттары бар, алайда қарт адамдар зейнетақыларына және кейбір дамыған елдер ұсынатын 

әлеуметтік көмекке әрқашан үміт арта алмайды. 

Елдің өзгермелі экономикасы төмен табысты қарт адамдарға өз әсерін тигізеді, себебі олар оңай және тез 

бейімделе алмайды. Ұлыбритания сияқты көптеген Еуропа елдері зейнетке шығу жасын қайта қарастыруда. 

Бұл жағдай жұмыс істеуші және салық төлеуші халықтың азаюы салдарынан зейнетақы мен әлеуметтік 

көмектерді төлеуге елдің қауқары жетпегендіктен болып жатыр. Алайда бұл мәселелер тым саяси сипат 

алған және ол тек халық санындағы өзгерістер ғана емес, әлемдік/ұлттық экономикадағы өзгерістермен де 

байланыстырылады. 

Гаити сияқты халқы жылдам өсуші елдер келесі 20 жылда екі есеге өсуі мүмкін, бұл өз кезегінде жалпы көші-

қонды тудырады. Халықтың жылдам өсуінен жұмыссыздық артып, қазіргі ресурстарға, инфрақұрылым мен 

қоршаған ортаға қысым түсіреді. Сонымен қатар жердің жетіспеуіне және жеткіліксіз ауыл шаруашылығы 

өндірісіне алып келеді. Бұл факторлардың барлығы миграция деңгейін арттырады, себебі адамдар жоғары 

деңгейдегі өмір мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін іздей бастайды.

С9. Халықтың қартаюы елдің дамуына қалай әсер етеді?

Үндістан халық саны бойынша

әлемде екінші орында

Демографиялық тенденциялар инфрақұрылымда, денсаулық сақтауда, білім беру саласында және инвестиция 

салуда қолданылады. Жас адамдар санының артуы қосымша мұғалімдерге қажеттілікті арттырады, алайда 

мұғалімдерді дайындауға бірнеше жылдар керек болатындықтан, мұндай жағдайларды алдын ала болжау 

қажет. Сонымен қатар, экономикасы жоғары дамыған елдердегі өмір жасының ұзаруына байланысты, қарт 

адамдар үйі мен қарт адамдарға арналған медициналық көмекке қажеттілік артуы мүмкін.




ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • ӨЗГЕРІС ҮСТІНДЕГІ ӘЛЕМ • ӘРКЕЛКІ ӘЛЕМ 

5

• Халық саны, даму және сауда арасында қандай байланыс бар?

Жалпы алғанда, экономикасы нашар дамыған 

елдердің экспорты – мұнай, қант, кофе сияқты 

шикізаттар, ал экономикасы жақсы дамыған елдердің 

экспорты – автокөлік, компьютер тәрізді өнеркәсіп 

тауарлары. Шикізаттың құны өнеркәсіп тауарларына 

қарағанда төмен, сонымен бірге олардың бағасы 

құбылмалы. Бұл дамушы елдердің табысы дамыған 

елдерге қарағанда аз екендігін көрсетеді. 

Халықтың саны артқан сайын тауарлар мен 

қызметтерге де сұраныс арта түседі. Көптеген жаңа 

индустриялы елдердегі өмір стандарттары жақсарған 

сайын, АҚШ пен Еуропаның кебір елдеріндегідей 

өмір салттарына да сұраныс артуда. Мәселен, 

Қытайда автокөліктерге сұраныс өте жоғары, ол өз 

кезегінде отын немесе энергияға деген қажеттілікті 

арттырады. Бұл жағдайдың әсерінен экспорт пен 

импорт теңгерімі өзгере бастайды. 

Биоотынға сұраныстың артуына байланысты 

азық-түліктің сатылу жолдары да өзгеруде. Әрине, 

бұл өзгерістер барлық адамға бірдей пайда әкеле 

бермейді, сондықтан теңсіздік артып, байлар мен 

кедейлер арасындағы айырмашылық көбейе түседі. 

Елдердің демографиялық ауыспалы модельден (ДАМ) екінші 

(индустриялды) кезеңге өтуіне байланысты, халықтың тауарлар 

мен қызметтерге деген сұраныстары арта түседі. Мұндай 

өзгерістер Африка елдерінің көпшілігінде әлі бола қойған 

жоқ. Үндістан мен Қытайдың соңғы он жылдағы дамуы мен 

өсуі табиғат ресурстарына үлкен қысым түсіруде, және мұнда 

автокөліктің тоқтаусыз артуы байқалуда. Сауданың мұндай 

қарқынмен ұзақ мерзім бойы дамуы мүмкін емес. Жаңа өмір 

салтына қолжетімділік біркелкі таралмаған елдерде үкімет 

саясатына қарсы кері реакциялар тууы мүмкін. Әлемдік 

нарықтағы екіұштылық қоғамға қысым түсіруін жалғастыратын 

болады.


С10. Әлемдік сауданың болашағы қандай болмақ?

Қосымша сұрақ

• Ұсынылатын фильм

 - Демографиялық кезеңдер моделі

ДИАГРАММА 03:

Экономикасы жақсы дамыған елдер, 

негізінде, өндіріс сияқты екіншілік 

өнеркәсіппен айналысады


ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • ӨЗГЕРІС ҮСТІНДЕГІ ӘЛЕМ • ӘРКЕЛКІ ӘЛЕМ 

6

Қытай импорт пен экспорттың ең жоғарғы мәндері бар елдер қатарында алға қарай тоқтаусыз жылжуда, және 

бұл ел дамыған елдерде сатылатын өнеркәсіп тауарларының көп бөлігін ұсынады. Компьютер құрылғылары, 

ойыншықтар, баспа материалдары, текстиль және өзге де әртүрлі өнімдердің көпшілігі басқа елдерде 

жобаланса да, Қытайда өндіріледі. Еуропалық Одақ, сондай-ақ ондағы Германия, Франция сияқты жеке 

елдер де қуатты сауда блогы болып қала береді. АҚШ та Жапония, Оңтүстік Корея елдері сияқты әлі де әлем 

экономикасындағы маңызды сауда күшіне ие. Бразилия мен Үндістан – дамушы экономикалы елдер. 

С11. Әлемдегі ең ірі сауда елдеріне қай елдер жатады? 



Қосымша сұрақтар

Кейде елдер еркін сауданы қамтамасыз ететін келісімдер жасап, одаққа мүше болу арқылы пайдасын 

арттырады. Әлемде бірнеше сауда блоктары бар: еуропалық елдердің көпшілігі Еуропалық Одаққа (ЕО) 

кіреді, Латын Америкасындағы мұндай одақ – Латын Америкалық Еркін Сауда Ассоциациясы (ЛАЕСА), Азияда 

Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясы (АСЕАН), ал Солтүстік Америкада Еркін Сауда жөніндегі 

Солтүстік Америкалық келісім (НАФТА). Одақтың негізгі ерекшеліктерінің бірі – одаққа мүше елдердің 

арасындағы сауда салықтан босатылады, ал басқа елдерден келген тауарға салық қосылады. Бұл одақ 

ішіндегі компанияларды қолдап, олардың тауарын сырттан келген экспорт өніміне қарағанда бәсекеге қабілетті 

етеді.

С12. Сауда блогы деген не?



Сауда әрқашан әділетті емес, әсіресе биліктің араласуымен байланысты болса. Кейбір географтар күшті 

(кімнің күші бар және ол оны қалай қолданады) ең маңызды факторлардың бірі деп есептейді. Жаһанданған 

әлемде ірі елдер күшке ие, сонымен қатар ірі трансұлттық корпорациялардың байлығы нашар дамыған 

елдің байлығынан да асып түсуі мүмкін. Олар жұмыс істеп отырған ел үшін емес, өз мүдделері үшін сауда 

жайлы келісімге келуі мүмкін. Алайда жаһандану процесі үлкен нарықтар жасап, шағын өндірушілерге көп 

мүмкіндіктер ұсынуда. 

С13. Жаһандану сауданың құрылымына қалай әсер етті?

 Кофе дәні – көптеген дамушы елдер 

үшін маңызды экспорт өнімі 

Сатып алушы өзі қалаған затты әділетті бағамен сатып алады деген 

жалпы топшылама бар. Алайда әділетті бағаны екі жақ келісіп емес, 

бір жақ қана орнатқандықтан мәселелер туындап, нәтижесінде сауда 

әділетсіз бола бастады. Қазіргі кезде тауарлардың көпшілігінің бағасы 

өндірілген орыннан алыс жерлерде анықталады. Сонымен қатар, G8 

сияқты елдер саудадағы бағаны анықтауда үлкен күшке ие, сондай-

ақ өндірушілерден төмен бағаны талап ете алатын трансұлттық 

корпорациялар бар. Нәтижесінде, сауда елдер арасындағы жанжал 

мен достықтың себепшісі бола алады.

• Сауда қалай дамыды және оның негізгі ерекшеліктері қандай?

Сауда әрқашан болған, ол екі адам басқа адамда бар затты қалап, айырбас жасауға келіскен күннен бастап орын 

алған. Кейінірек айырбас ресми түрде жүргізілетін болды, ертеректегі сауда кезінде “валюта” мен тиын ретінде 

дәмдеуіштер, мал, ауыл шаруашылығы өнімдері қолданылған. Валютаның салыстырмалы бағасы қазіргі күнгі 

саудада да бар. 

• Ұсынылатын фильмдер

 - Әділ сауда 

 - Халықаралық сауда: Тең емес қатынастар? 



ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • ӨЗГЕРІС ҮСТІНДЕГІ ӘЛЕМ • ӘРКЕЛКІ ӘЛЕМ 

7

Адамдар сауда жасау кезінде ақша үнемдеуге тырысқанымен, 

сапалы өнімдерді алуды қалайды. Халықаралық Әділетті Сауда 

ұйымы өзінің стандарттарына сай өнімдерге Әділетті сауда 

Сертификатының белгісін береді: жеткізушіге әділетті баға 

қойылады, жеткізуші жұмыс істейтін қауымдастықтың жағдайын 

жақсартуға бағытталған “әлеуметтік премия” тағайындалады. 

Мысалы, су жеткізу, денсаулық сақтау мен білім саласына 

байланысты болуы мүмкін. Әртүрлі сатушылар арқылы сатылатын 

какао мен банан сияқты ерекше жобалардан бастап, әртүрлі 

Әділетті сауда тауарларының үлкен тобы бар. Алайда әділетті 

сауда сыналмай қоймайды, дамушы елдердегі фермерлерге тиімді 

көмек көрсету жолдары туралы мәселе әлі де шешілмеді. 

Әділетті сауда логотипі – өнімнің Халықаралық Әділетті сауда ұйымының стандарттарына сай екендігін 

растайтын белгі. Бұл 2002 жылы енгізілді, мұнда бейнеленген заттардың мағынасын түсіндіруге болады: 

жарқын болашаққа апарар жол, жасыл жапырақ, қолын көтеріп тұрған адам (әділетті саудадан ұтқан өндіруші 

мен сөрелерден тауарларды сатып алушының екеуін де бейнеленуі мүмкін). Жақында сертификаттау аясы 

кеңейтілді, енді әділетті жолмен өндірілген алтын да сертифкатталатын болады.

С14. Әділетті сауданы анықтайтын белгілер бар ма?

Қосымша сұрақтар

Әділетті саудаға қатысты айтылатын ең үлкен сынның 

бірі – оның ауыр жұмыс істейтін фермерлердің ауыл 

шаруашылығы әдістерін жаңартып, өмір сапасын жақсартатын 

индустрияланудың жаңа кезеңіне өтуіне кедергі келтіруі. 

Кейбіреулер өндірушілерге төлейтін қосымша “әлеуметтік 

премиялар” мен алынатын пайдалардың болуына қарамастан, 

алынатын табыс соншалықты көп емес екендігін айтады. Ал 

тағы біреулер адамдар жобаның әлемдегі кедейлерге көмек 

беретіндігін алға тартып, өзінің ұятын жеңілдету үшін ғана 

әділетті сауда тауарларын сатып алады деп есептейді.

С15. Әділетті саудаға қандай сындар тағылды?

Әділетті сауда логотипіндегі азық-түлік өнімдерінің сатылымы 

соңғы онжылдықта әр жыл сайын артып келеді. Бұл жалпы 

сатылымның аз ғана үлесін құрағанымен, корпоративтік 

әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығы артып келе 

жатқанын көрсетеді. Әділетті сауда мен “әділетті” жолмен 

өндірілген алтынның енгізілуі – көптеген салаларда 

қолданылатын өте қызықты бастама. 

С16. Әділетті сауда қаншалықты сәтті болды?



3-бөлім: Әділ сауда

• Әділ сауда деген не?



• Ұсынылатын фильм

 - Әділ сауда

Дамыған елдердегі бизнес көбінесе 

кедей елдерге әділетсіз сауда құнын 

орнату арқылы жүргізіледі


ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • ӨЗГЕРІС ҮСТІНДЕГІ ӘЛЕМ • ӘРКЕЛКІ ӘЛЕМ 

8

Қанды алмас немесе жанжалды алмас – әскери аумақта 

өндіріліп, әскери операцияларды қаржыландыру үшін 

қолданылатын алмас. Бұл әділетсіз жолмен өндірілетін алмасты 

өндіруші жұмысшылар өте қауіпті жағдайда жұмыс істейтіндігін 

және жалақылары төленбейтіндігі жайлы да шағымдар 

айтқан. 21-ғасырдың басында алмастың өндірілген жері мен 

сатылымының Африкадағы (мұнда әлемдегі алмастың екіден үші 

өндіріледі) жанжалдарды қаншалықты қаржыландыратындығына 

байланысты таза қозғалыс болды.

С17. “Қанды алмас” терминінің мағынасы 

Қосымша сұрақ

• Ұсынылатын фильм

 - Жақұттар: Әділ сауда?

Бағалы тастар көбінесе арзан бағаға 

 сатып алынып, халықаралық деңгейде 

жаппай көтерілген бағаға сатылады

• Әлемдегі теңдік артып жатыр ма, әлде кеміп жатыр ма? 

Бұл сұраққа жауап беру үшін өте мұқият 

болу қажет, себебі мұның жауабы оңай 

болмайды, және қорытындыға келу үшін 

оның аумағының өте үлкен екендігін 

ескеру керек. Кейбір адамдар байлар мен 

кедейлер арасындағы айырмашылық үлкен 

болған және ол ары қарай өсуде, әсіресе 

Еуропадағы экономикалық екіұштылық 

пен әлем бөліктеріндегі жанжалдар отты 

желмен үрлегендей әсер етеді деп есептейді. 

Климат өзгерісінің адамдарға әсер етуі – 

теңсіздік тудыратын келесі мәселе. Тағы 

біреулер жаһандану теңсіздікті азайтуда деп 

пайымдайды.

Бұл сұрақтың жауабы әлем халқы кездесетін 

жағдайларға да байланысты болуы мүмкін, 

сондықтан әлем халқының көпшілігі бұл 

сұраққа “тең емес” деп жауап беруі ықтимал. 

Бұл сұрақтың жауабы сіздің кім екендігіңіз және мұны оқыған 

кездегі қандай жағдайда болғандығыңызға байланысты. 

Кейбір елдерде халқының көпшілігінің өмір сапасы мен білім 

стандарттарын жақсартуға қол жеткізілді. Екінші жағынан 

қарағанда, БҰҰ-ның мыңжылдық даму мақсаттарының кейбірі 

теңсіздікті азайтуға байланысты, бұл мәселе 2015 жылға дейін 

шешілмеуі де мүмкін. Ең бай 10% халықтың табысының 1,6%-ы 

күніне бір долларға өмір сүретін халықты кедейшілік қармағынан 

шығарар еді.

С18. Әлем осыдан 10 жыл бұрынғыға қарағанда әділетті ме?



Қосымша сұрақ

• Ұсынылатын фильм

 - Халықаралық сауда: Тең емес қатынастар?

• Бағалы тастарды сату қаншалықты әділетті? 

Бағалы тастар алынатын жағдайлар өте аз жерлерде кездеседі. Мәселен, алмас жанартау кратерімен байланысты 

кимберлит деп аталатын тау жынысында кездеседі, бұл оны географиялық тұрғыдан ерекше етеді. Ол, сондай-ақ, 

кимберлит сумен шайылған соң, өзен арналарынан да табылады. Алмас жерден жай ғана алына салмайды, оны 

ары қарай өңдеу қажет. 

Бағалы тастардың пайдасын, әдетте өндіретін елдер емес, саудадағы пайдасын жоғары ететін басқа елдер көреді. 

Шетелдік делдалдар өндірілген бағалы тасты арзанға сатып алып, оны өңдеп, жоғары бағаға сату арқылы пайда 

табады. 

Бағалы тастар көбінесе қауіпті еңбек жағдайларында өндіріледі, жұмысшылардың жалақысы өте төмен, мұнда 

балалардың еңбегін қолдану кең таралған. Африка алмас, алтын, платина сияқты пайдалы қазбаларға өте бай. 

Алайда бұл байлық Африка халқына пайда әкеліп жатқан жоқ, мұндағы көп мемлекеттер БҰҰ-ның АДИ рейтингі 

бойынша өте төменгі орында.

Бағалы тастардың сиректігі, алыну жолының қиындығы оны қымбаттата түседі, алайда бұл жағдай оның әділетсіз 

саудаға түсуіне себепші болады. 



ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • ӨЗГЕРІС ҮСТІНДЕГІ ӘЛЕМ • ӘРКЕЛКІ ӘЛЕМ 

9

• Тест


Жаһандық теңсіздік 

Тереңдетілген

Негізгі

• Әлемде қанша мемлекет бар?

A – 100-150

B – 100-ге жуық

C – 200-ден астам

A – себебі әртүрлі елдерде әртүрлі 

валюталар қолданылады

C – себебі байлық біркелкі таралмауы 

мүмкін

• Елдің даму деңгейі жай ғана материалдық 



жағдайына байланысты емес...

B – себебі адам басына шаққандағы 

жалпы ұлттық өнімді анықтау мүмкін емес

A – денсаулық, білім, өмір сүру деңгейі 

C – білім, өмір сүру ұзақтығы, байлық

• Адамның даму көрсеткіші дамудың қандай 

үш өлшемін қарастырады?

B – денсаулық, білім, сауаттылық деңгейі

A – Еуроодақ

C – БҰҰ даму бағдарламасы

• Адамның даму көрсеткішін құрастырған ...

B – G8


• Елдің даму көрсеткіші қандай белгімен 

анықталады?

A – халық саны, аумағы

B – аумағы, климаты, табиғи ресурстары 

C – экономикалық деңгейі, әлеуметтік 

көрсеткіштері

• Дамудың көп қолданылатын көрсеткіші?

A – Адамның даму көрсеткіші

B – Халықтың даму көрсеткіші

C – Әлемнің даму көрсеткіші

D – 150

D – материалдық жағдайы



D – Байлықтың даму көрсеткіші

D – себебі елдің байлығы мұнай 

қорына байланысты болуы мүмкін

D – денсаулық, өмір сүру деңгейі, байлық

D – Оңтүстік Азия ұлттар 

қауымдастығы




ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • ӨЗГЕРІС ҮСТІНДЕГІ ӘЛЕМ • ӘРКЕЛКІ ӘЛЕМ 

10

Жаһандық теңсіздік 

Тереңдетілген

Негізгі

• Зимбабведегі орташа өмір сүру ұзақтығы 

қандай?

A – 67 жыл



B – 57 жыл

C – 47 жыл 

D – 37 жыл

A – 77 жыл

C – 85 жыл

• 

Норвегиядағы орташа өмір сүру ұзақтығы 



қандай?

B – 81 жыл 

D – 71 жыл



ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • ӨЗГЕРІС ҮСТІНДЕГІ ӘЛЕМ • ӘРКЕЛКІ ӘЛЕМ 

11

Экономикасы нашар дамыған елдер

Тереңдетілген

Негізгі

• ЭНДЕ деген не?

A – Экономикасы нашар дамыған 

елдер


B – Экономикасы нағыз дамыған 

елдер 


A – 25 000 адам 

• Ашаршылық, тамақтың жетіспеуі немесе 

соған байланысты басқа да себептерден 

күніне шамамен қанша адам өледі?

B – 200 000 адам

C – Экологиясы нашар дамыған 

елдер

• Экономикасы нашар дамыған ел ...



A – материалдық жағдайы төмен 

мемлекет


B – материалдық жағдайы шектен тыс 

төмен мемлекет

C – халық саны аз мемлекет

C – 15 000 адам

A – туу көрсеткіші жоғары, өлім 

көрсеткіші төмен

• Нашар дамыған елдердегі туу көрсеткіші 

мен өлім көрсеткішін сипаттаңыз.

B – туу көрсеткіші де, өлім көрсеткіші де 

төмен 


C – туу көрсеткіші де, өлім көрсеткіші де 

жоғары 


A – басқаларға сату үшін ғана өндіреді

• Күн көруші фермерлер ...

B – тек өздерін және отбасын қамтамасыз 

етуге жететіндей өндіреді

C – отбасын қамтамасыз етуге жететіндей 

және артық бағаға сату үшін өндіреді

D – Экологиясы нағыз дамыған 

елдер


D – халық саны өте аз мемлекет

D – 50 000 адам

D – туу көрсеткіші төмен, өлім көрсеткіші 

жоғары


D – тек мал өсіреді

• Экономикасы нашар дамыған елдер 

көбінесе...

A – солтүстік жартышарда

B – Азия мен Оңтүстік Америкада

C – оңтүстік жартышарда

D – Африка мен Еуропада



ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • ӨЗГЕРІС ҮСТІНДЕГІ ӘЛЕМ • ӘРКЕЛКІ ӘЛЕМ 

12

Экономикасы нашар дамыған елдер

Тереңдетілген

Негізгі

 

 



• Нашар дамыған елдердің қарапайым белгілері

A – өмір сүру деңгейінің жоғарылығы

B – орташа өмір сүру ұзақтығының 

жоғарылығы және кірістің көп болуы

C – жоғары сауаттылық деңгейі және 

қауіпсіз сумен қамтамасыз ету

D – туу көрсеткішінің, өлім көрсеткішінің 

және сәби өлімінің жоғары болуы

A – себебі жұмыссыздық көп

• Неліктен нашар дамыған елдерде 

технология деңгейі төмен?

B – себебі адамдарға құралдарды 

қалай қолдану керектігін үйретпеген

C – себебі құралдар саны өте аз және 

қымбат 

D – себебі күн көру үшін фермерлікпен 



айналысу жақсы дамыған


ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • ӨЗГЕРІС ҮСТІНДЕГІ ӘЛЕМ • ӘРКЕЛКІ ӘЛЕМ 

13

Экономикасы жақсы дамыған елдер

Тереңдетілген

Негізгі

A – 30%


• 2000 жылдарда халықтың қанша пайызы 

жақсы дамыған елдерде тұрды?

B – 15%

C – 25%


• ЭЖДЕ деген не?

A – Экономикасы жақсы дамыған елдер

B – Экономикасы жай дамушы елдер 

C – Экономикасы жаман дамыған елдер 

D – Экономикасы жетілмеген дамушы 

елдер


• Мыналардың қайсысы экономиканың 

көрсеткіші бола алады?

A – денсаулық

B – сауаттылық

C – баспана

D – байлық

• Мына елдердің қайсысында өмір сүру 

ұзақтығы 70 жастан асады?

A – Жапония

B – Норвегия

C – АҚШ

D – жоғарыдағылардың бәрі



• Жақсы дамыған елдердің қарапайым белгілері

A – шикізат өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы

B – өмір сүру деңгейінің жоғарылығы 

және екіншілік өнеркәсіп 

C – халық санының артуы және сәби 

өлімінің жоғары болуы

D – сауаттылықтың және өлім 

көрсеткішінің жоғары болуы

D – 20% 

A – 40%-дан астамы

• 2050 жылдарға қарай халықтың қанша пайызы 

жақсы дамыған елдерде тұрады деп күтілуде?

B – 10%-дан азы

C – 20 мен 30% арасында

D – 45%-дан астамы

A – экономика көрсеткіштері

• Денсаулық, сауаттылық және баспана жайы 

B – байлықтың көрсеткіштері

C – әлеуметтік көрсеткіштер

D – өсу көрсеткіштері

A – қажеттіліктерге жұмсалған ақша

• Таза кіріс деген не?

B – қажеттіліктерді сатып алғаннан кейін 

қалған ақша

C – тұтыну тауарларын сатып алғаннан 

кейін қалған ақша

D – еңбекақы ретінде алынған ақша



ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • ӨЗГЕРІС ҮСТІНДЕГІ ӘЛЕМ • ӘРКЕЛКІ ӘЛЕМ 

14

• Жауаптар



Жаһандық теңсіздік 

Тереңдетілген

Негізгі

• Әлемде қанша мемлекет бар?

A – 100-150

B – 100-ге жуық

C – 200-ден астам

A – себебі әртүрлі елдерде әртүрлі 

валюталар қолданылады

C – себебі байлық біркелкі таралмауы 

мүмкін

• Елдің даму деңгейі жай ғана материалдық 



жағдайына байланысты емес...

B – себебі адам басына шаққандағы 

жалпы ұлттық өнімді анықтау мүмкін емес

A – денсаулық, білім, өмір сүру деңгейі

 

C – білім, өмір сүру ұзақтығы, байлық



• Адамның даму көрсеткіші дамудың қандай 

үш өлшемін қарастырады?

B – денсаулық, білім, сауаттылық деңгейі

A – Еуроодақ

C – БҰҰ даму бағдарламасы

• Адамның даму көрсеткішін құрастырған ...

B – G8

• Елдің даму көрсеткіші қандай белгімен 



анықталады?

A – халық саны, аумағы

B – аумағы, климаты, табиғи ресурстары 

C – экономикалық деңгейі, әлеуметтік 

көрсеткіштері

• Дамудың көп қолданылатын көрсеткіші?

A – Адамның даму көрсеткіші

B – Халықтың даму көрсеткіші

C – Әлемнің даму көрсеткіші

D – 150


D – материалдық жағдайы

D – Байлықтың даму көрсеткіші

D – себебі елдің байлығы мұнай 

қорына байланысты болуы мүмкін

D – денсаулық, өмір сүру деңгейі, байлық

D – Оңтүстік Азия ұлттар 

қауымдастығы



ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • ӨЗГЕРІС ҮСТІНДЕГІ ӘЛЕМ • ӘРКЕЛКІ ӘЛЕМ 

15

Жаһандық теңсіздік 

Тереңдетілген

Негізгі

• Зимбабведегі орташа өмір сүру ұзақтығы 

қандай?

A – 67 жыл



B – 57 жыл

C – 47 жыл

 

D – 37 жыл



A – 77 жыл

C – 85 жыл

• 

Норвегиядағы орташа өмір сүру ұзақтығы 



қандай?

B – 81 жыл 

D – 71 жыл



ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • ӨЗГЕРІС ҮСТІНДЕГІ ӘЛЕМ • ӘРКЕЛКІ ӘЛЕМ 

16

Экономикасы нашар дамыған елдер

Тереңдетілген

Негізгі

• ЭНДЕ деген не?

A – Экономикасы нашар дамыған 

елдер


B – Экономикасы нағыз дамыған 

елдер 


A – 25 000 адам 

• Ашаршылық, тамақтың жетіспеуі немесе 

соған байланысты басқа да себептерден 

күніне шамамен қанша адам өледі?

B – 200 000 адам

C – Экологиясы нашар дамыған 

елдер

• Экономикасы нашар дамыған ел ...



A – материалдық жағдайы төмен 

мемлекет


B – материалдық жағдайы шектен тыс 

төмен мемлекет

C – халық саны аз мемлекет

C – 15 000 адам

A – туу көрсеткіші жоғары, өлім 

көрсеткіші төмен

• Нашар дамыған елдердегі туу көрсеткіші 

мен өлім көрсеткішін сипаттаңыз.

B – туу көрсеткіші де, өлім көрсеткіші де 

төмен 


C – туу көрсеткіші де, өлім көрсеткіші де 

жоғары 


A – басқаларға сату үшін ғана өндіреді

• Күн көруші фермерлер ...

B – тек өздерін және отбасын қамтамасыз 

етуге жететіндей өндіреді

C – отбасын қамтамасыз етуге жететіндей 

және артық бағаға сату үшін өндіреді

D – Экологиясы нағыз дамыған 

елдер


D – халық саны өте аз мемлекет

D – 50 000 адам

D – туу көрсеткіші төмен, өлім көрсеткіші 

жоғары


D – тек мал өндіреді

• Экономикасы нашар дамыған елдер 

көбінесе...

A – солтүстік жартышарда

B – Азия мен Оңтүстік Америкада

C – оңтүстік жартышарда

D – Африка мен Еуропада



ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • ӨЗГЕРІС ҮСТІНДЕГІ ӘЛЕМ • ӘРКЕЛКІ ӘЛЕМ 

17

Экономикасы нашар дамыған елдер

Тереңдетілген

Негізгі

 

 



• Нашар дамыған елдердің қарапайым белгілері

A – өмір сүру деңгейінің жоғарылығы

B – орташа өмір сүру ұзақтығының 

жоғарылығы және кірістің көп болуы

C – жоғары сауаттылық деңгейі және 

қауіпсіз сумен қамтамасыз ету

D – туу көрсеткішінің, өлім көрсеткішінің 

және сәби өлімінің жоғары болуы

A – себебі жұмыссыздық көп

• Неліктен нашар дамыған елдерде 

технология деңгейі төмен?

B – себебі адамдарға құралдарды 

қалай қолдану керектігін үйретпеген

C – себебі құралдар саны өте аз және 

қымбат 

D – себебі күн көру үшін фермерлікпен 



айналысу жақсы дамыған


ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • ӨЗГЕРІС ҮСТІНДЕГІ ӘЛЕМ • ӘРКЕЛКІ ӘЛЕМ 

18

Экономикасы жақсы дамыған елдер

Тереңдетілген

Негізгі

A – 30%


• 2000 жылдарда халықтың қанша пайызы 

жақсы дамыған елдерде тұрды?

B – 15%

C – 25%


• ЭЖДЕ деген не?

A – Экономикасы жаман дамыған елдер

B – Экономикасы жай дамушы елдер 

C – Экономикасы жақсы дамыған елдер 

D – Экономикасы жетілмеген дамушы 

елдер


• Мыналардың қайсысы экономиканың 

көрсеткіші бола алады?

A – денсаулық

B – сауаттылық

C – баспана

D – байлық

• Мына елдердің қайсысында өмір сүру 

ұзақтығы 70 жастан асады?

A – Жапония

B – Норвегия

C – АҚШ

D – жоғарыдағылардың бәрі



• Жақсы дамыған елдердің қарапайым белгілері

A – шикізат өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы

B – өмір сүру деңгейінің жоғарылығы 

және екіншілік өнеркәсіп 

C – халық санының артуы және сәби 

өлімінің жоғары болуы

D – сауаттылықтың және өлім 

көрсеткішінің жоғары болуы

D – 20%

 

A – 40%-дан астамы



• 2050 жылдарға қарай халықтың қанша пайызы 

жақсы дамыған елдерде тұрады деп күтілуде?

B – 10%-дан азы

C – 20 мен 30% арасында

D – 45%-дан астамы

A – экономика көрсеткіштері

• Денсаулық, сауаттылық және баспана жайы 

B – байлықтың көрсеткіштері

C – әлеуметтік көрсеткіштер

D – өсу көрсеткіштері

A – қажеттіліктерге жұмсалған ақша

• Таза кіріс деген не?

B – қажеттіліктерді сатып алғаннан кейін 

қалған ақша

C – тұтыну тауарларын сатып алғаннан 

кейін қалған ақша



D – еңбекақы ретінде алынған ақша

жүктеу 1,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау