Жоба үшін жұртшылықпен байланыс жөніндегі маман және жобаның бас жетекшісі тағайындалды, олар
әлеуетті әлеуметтік салдар үшін және жүйелі түрде мүдделі тараптарды тарту үшін жауапты. Жобаның
қатысы бар жергілікті тұрғындардың өкілдері жобамен және жобаның әлеуетті салдарымен байланысты
кез-келген мәселелерді шағымдар мен ұсыныстарды қарастыру механизмінің ауқымында, сондай-ақ
жергілікті тұрғындармен кездесу кезінде «Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу жоспарында» егжей-
тегжейлі сипатталғандай етіп көтере алады.
«Полиметалл» компаниясы үшін жергілікті халықты жұмысқа тағайындау басымдылық болып табылады.
Кенішті салудан пайдалануға ауысумен байланысты және кеніш таратылған кезде жұмыскерлердің
қысқаруының әлеуметтік әсері тиімді, алдын ала кеңес беру және жоспарлау көмегімен реттелетін
болады. Сондай-ақ Полиметаллдың мердігерлері штаттың қысқартылуын жоспарлауы тиіс.
Қоныс аударушылармен байланысты тәуекелдер жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыру
мүмкіндіктерін азайтуы мүмкін. Кенішті салу және пайдалану кезінде қоныс аударушыларды орналастыру
арқылы жобада көші қон тәуекелдерімен байланысты шаралар қабылданатын болады. Жұмысшылардың
жергілікті тұрғындармен өзара әрекеттесуі қызметкерлердің көп болуымен байланысты экономикалық
сұранысты барынша азайту арқылы және сәйкесінше, өңірдің оппортунист көшіп келушілер үшін
тартымдылығын төмендету арқылы бақыланатын болады.
Кейбір жұмыскерлер Әуезов кентіндегі және жоба аумағының жанындағы қонақ үйлерге («Калифорния»
және «Қазақстан» қонақ үйлері) орналастырылатын болады. Барлық қызметкерлер мен мердігерлер
«Полиметалл» компаниясы қабылдаған «ішкі тәртіп ережелерін» орындауға тиіс, бұл ережелерде мінез-
қылықтың белгілі нормалары қарастырылған. Ережелерді орындамау қызметкерлер мен мердігерлер
үшін тәртіптік шараларға әскеп соғуы мүмкін. Қазіргі таңда қызметтердің көбісін жергілікті елді
мекендерде жеткіліксіз пайдалануын ескере отырып, тұрғындар санының қосымша артуы осындай
қызметтерді көрсетуге кедергі келтірмейтін болады деген болжам жасалады. Жергілікті билік
органдарымен ынтымақтастық ететін компания мониторингті мұқият жүргізетін болады.
Кәсіпорын жергілікті тұрғындарға оң әсер етуі үшін Полиметалл
қабылдайтын басқа қадамдар шамасы келгенше жергілікті өндіріс
тауарлары мен өнімдерін сатып алудан тұрады. Тиімді екі жақты
байланысты
жергілікті
тұрғындармен
жұмыс
жасау
үшін
тағайындалған маман қолдайтын болады, сондықтан әлеуетті көші-
қонмен байланысты кез-келген мәселелер жылдам және жергілікті
тұрғындардың қолдауымен шешілуі мүмкін.
Полиметалл компания төлейтін роялти және салықтар сомаларын жергілікті бюджетке жыл сайын
төленетін жер салығының өлшемі туралы есептілікке қосымша ретінде жариялайтын болады.
Инфляциялық қысымды кәсіпорын бақылайтын болады, бұл тұста Қазақстандағы салалық нормаларға
сәйкес еңбек ақының деңгейін қолдау үшін күш салынатын болады.
Кәсіпорынның нысандарын малшылар үшін маңызды аумақтан шамадан келгенше тыс жерлерге
орналастыру арқылы кәсіпорын малшыларға келтірілетін әсерді барынша азайтатындай етіп жобаланған.
Осыған қарамастан, малшылар кейбір жайылымдарға қолжетімдіктен айырылады, сондай-ақ кейбір
аумақтарға қолжетімдік шектелетін болады. Осы өзгерістердің салдарын болжау қиынға түседі, алайда,
олар барынша аз болуы ықтимал және әсерлерді жұмсарту үшін қосымша шаралардың қажеттілігін
анықтау үшін жобаны жүзеге асыру барысында бақыланатын болады. Қазіргі таңда малға жемшөп
дайындау үшін пайдаланылатын аумақ жоғалған жағдайда немесе кеніш жұмыс істеген кезде оларға
деген қолжетімдік шектелген жағдайда кәсіпорыннан тыс дәл осындай аумақтардың қолжетімді
Барлық қызметкерлер мен
мердігерлер
«Полиметалл»
компаниясы қабылдаған «ішкі
тәртіп ережелерін» ұстануға
міндетті.
болуының және оларға елді мекендердің жақын орналасуының салдарынан жергілікті тұрғын
айтарлықтай әсер келтірілмейді.
Ажырату және құнарлылығын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар арқылы кеніштегі жұмыс аяқталған
кезде бұрын жоғалған жердің көп бөлігі қайтарылатын болады, бұл оларды қайтадан мал жаю үшін
пайдалануға мүмкіндік береді. Алайда, кейбір жерлер бұрын пайдаланылған күйге дейін қалпына
келтірілмейді.
Қандай әсерлер қалып қояды?
Жоба өңірге бірқатар ұзақ мерзімді әсер етеді, сонмен қатар өңірдегі бизнес деңгейінің ұлғаюынан
оңтайлы экономикалық салдарға әкеп соғады, соның ішінде тұрғындарды жұмыспен қамту және жобаны
жүзеге асыру саясаты жүзеге асырылуы мүмкін. Жобамен өзара жанама байланысқан кезде
қызметкерлер мен жергілікті тұрғындар жоғары сатып алу қабілетін иеленеді, бұл жалпы өңірге
артықшылықтар береді.
Әсерлерді жұмсарту жөніндегі шараларды қолданғанның өзінде үлкен көші-қон орын алуы мүмкін.
Тұрғындар санын кеңейтуді жоспарлауға көмектесу үшін Полиметалл жергілікті әкімшілік органдармен
жұмыс істейтін болады. Әуезов кентінде жаңа жұмыс орындарының ашылуы салдарынан жергілікті емес
тұрғындарды жұмысқа тарту және әлеуетті көші-қон жергілікті тұрғындар тап болатын әлеуметтік
мәселелердің деңгейі мен типіне әсер етуі мүмкін. Осындай әсерге мониторинг жүргізілетін болады және
қажет болу шамасына қарай осы әсерді жұмсартудың қосымша шаралары қабылданады.
Кәсіпорында жұмыс істеу үшін адамдарды жалдау салдарынан келтірілетін әсер жобаны пайдалану
мерзімінен де ұзағырақ болады деп күтілуде, себебі жобада жұмыс істеген кезде жұмыскерлер жаңа
дағдыларды дамытатын болады және экономика одан әрі дамитын болады. Осы оңтайлы салдар
жобаның өзекті ауыспалы кезеңдеріндегі үлкен қысқартулардан туындаған теріс салдардың есебінен
төмендетілетін болады. Жобаны сатып алуды қадағалауға және мониторинг жүргізуге бағытталған күш-
жігер, сондай-ақ білім беретін бастамалар экономиканы жалпы жақсартуға көмектеседі.
Экономиканың барлық секторлары кенішті құрастыруда ұтпайды. Жердің, кен өндіру жөніндегі жобада
жұмыс іздейтін ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің қолжетімдігінің төмендеуінің және дәстүрлі ауыл
шаруашылығы тәжірибесінен алшақтаған қоғамдағы өзгерістің үйлесімі салдарынан ауыл шарушалығы
секторына айтарлықтай әсер етіледі.
Жобаның жерге қолжетімдігінің кейбір шектеулері ол таратылғаннан кейін де қалады. Пайдаланылған
карьерлер мен қалдық қоймалары топографиясына байланысты және қауіпсіздік мақсатында мал жаю
үшін сай келмейтін болуы ықтимал.
ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ
ағымдағы санитарлық-гигиеналық шарттар және қолданыстағы емдеу мекемелері
Жобалау аумағының жанында мекендейтін жергілікті тұрғындарға медициналық қызмет көрсету деңгейі
жеткілікті, бұл жерде кереуеттер саны жеткілікті ауруханалар, сондай-ақ Полиметаллдың қолдауымен
жұмыс істейтін жедел жәрдем қызметі бар. Мемлекеттік емдеу мекемелерінде дәрілік заттардың
шектеулі қоры байқалады, алайда Әуезов кентінде жекеменшік дәріхана бар.