Халықаралық бұқаралық құқықтың дәріс конспектісі


Араб мемлекеттер Лигасы. Африка Бірлігі Ұйымы. Америка мемлекеттерінің Ґйымы. Оңтүстік-Шығыс Азия елдер Ассоциациясы



жүктеу 1,02 Mb.
бет7/14
Дата23.11.2018
өлшемі1,02 Mb.
#24052
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

3. Араб мемлекеттер Лигасы. Африка Бірлігі Ұйымы. Америка мемлекеттерінің Ґйымы. Оңтүстік-Шығыс Азия елдер Ассоциациясы.

Араб Лигасының Мемлекетер құрамына кіретін елдерге жататындар: Египет, Иордания, Сауд Аравиясы, Кувейт, Оман, Біріккен Араб Әміршілігі және т.б.

АЛМ-бұл ұйым мұсылман елдерінің халықаралық ұйымы болып табылады. Осы аталған халықаралық ұйымда ислам дінінің әсері өте зор. Оның себебі мұнда ең басты құқық нормас балып құран, шариғат, сүннаның талабы сақталады.

Осы аталған ұйыммен қатар хылықаралық маңызы бар мұсылман қауымының ұйымы-ол, «Ислам Ұйымынынң Конференциясы» ИҰК (ОИК). Осы ұйымның ең қасиетті орталығы Мекке қаласы ол Сауд Аравия жерінде орналасқан.

Ең алғақы кезде осы атлған ұйым Бүкіләлемдік ислам конгресі деп аталды. Ол, 1926 жылы Мекеке қаласында қалыптасып, кейіннен штаб-пәтері Карачи (Пәкістан) қаласында орналасты. Бұл ұйым қазіргі кезге дейін өмір сүріп өзінің жұмысын жүргізуде.

Ислам әлемінің лигасы (ИӘЛ) ЛИМ-ол, 1926 жылы Мекке қаласында қалыптасты. Бұл ұйымның негізгі мақсаты мұслыман деген халыққтарға және елдерге ислам дінінің маңызын тарату, онда тәрбие, ереже, күнделікті қатынастар мен қоғамдағы мәселені реттеу жолдарын көрсету болып табылады.

Сонымен қатар мұсылман халықтарының қасиетті Мекке қаласына қажілікке бару өте қасиетті сауап деп бекерге айтылмаған. Бұрынғы біздің ата-бабаларымыз қажілікке барған адам ұзақ өмір сүреді және бақытты болады және о дүниеге барғанда жұмақта болады деген.

Исламдық Еуропа Кеңесі (ИЕК) ИСЕ-бұл халықаралық ұйым, басқарушылық міндеттін атқаратын орган, оның орналасқан орталығы Лондон (Ұлыбритания) қаласында. Бұл орган 50-исламдық ұйымдарадың қызметтерін үйлстіру жұмыстарын ұйымдастырады. Исламның саясатын, мәдениетін және ғылыми жаңалықтар мен шығармашылығын жүзеге асырады. Африка бірлестігінің ұйымы (АБҰ) ОАЕ- бұл, ең ірі халықаралық аумақтық ұйым болдып табылады. Оның құрамында 50-ге таман Африка мемлекеттері кіреді.

Бұл ұйымның қалыптасу негізі-ол, Африка тәуелсіз елдерінің басшыларының тікелей қатысуымен Конференциясы шақарылып 1963 жылдың 25-мамырда Адис-Абеба (Ефиопия) «Африка бірлестігінің ұйымының Хартиясы» деген құжатқа қол қойылып ол осы ұйымның жарғысы болып бекітілді. Хартияның 2-ші бабында АБҰ-ның мақсаты-ол, Африка елдерінің өзара бірігіп және бірлесу арқылы өз елдердің саясатын, экономикасын және қаупсіздігін сақтау үшін барлық іс-шараларын ұйымдастарушы және қалыптатырушы, үйлестіруші бролып табылады.

АБҰ (африка бірлестігінің ұйымы)- оның жоғарғы органы Ел басшыларынынң ассамблеясы және Үкімет басшылары болып табылады. Бұл ұйымда мемлекеттердің министрлер кеңесі бар-ол, сыртқы істер мирнистрлдер құрамынан тұрады.

АБҰ Хатшылығы- бас хатшысы бар, ол тұрақты әкімшілік орган, штаб-пәтері Адис-Абеба (Эфиопия) қаласы, Эфиопия мемлекетінің астанасы.

1.Халықаралық құқықтық шарттар қандай мемлекеттік деңгейлерде бекітіледі

және оның орындалу тәртібі қандай?

2. Соғысты жариялау және соғыс әрекеттері жөнінде қандай халықаралық

құқытық құжаттар бар?

3. Жергілікті келісім, жалпы келісім, капитуляция деген сөздердің мағынасын

қалай түсінесіз?

4. Хылқаралық және үкіметтік емес қандай ұйымдарды білесіздер?

5. Араб мемлекеттері Лигаының халықаралық шеңбердегі маңызы неден

тұрады?


6. Африка бірлестігінің ұйымының мақсаты және маңызы неден тұрады?

ҚОРЫТЫНДЫ:

1. Әлемдегі мұсылман қауымдасытығының орталығы және маңызды орын алушы-ол, Араб мемлекеттері болып табылады.

2.Африка құрлығында- осы атлаған құрлдықтағы елдердің шоғырланған және ұйымдасқан одағын айтады.

3.Оңтүстік шығыс елдерінде ең басты орын алушы –ол, қытай мемлекеті болып табылады.
4. Халықаралық конференциялар. Халықаралық конфереицияларға қатысушылар шеңбері.

Халықаралық конференцияның қалыптасуына ең маңызды міндет атқарушы орган ол, дипломатиялық қызмет болады. Ал диплроматия жөнінде мынадай анықтама беруге болады. Дипломатия-ол мемлекет арасындағы қарым-қатынасты айтады. Дипломатия- бұл мемлекеттiң сыртқы саясатынынң, халықаралық қызметiнiң құрамдас бiр бөлiгi блып табылады. Сыртқы саясат диломатияның мақсаттары мен мiндеттерiн айқындайды. Арнайы миссялар дегенiмiз-ол, сыртқы қатынастардың шетелдегi уақытша органдарының бiр түрi ретiнде, оның араларында айқындалатын нақты мiндеттердi орындауы үшiн бiр мемлекеттiң екiншi мемлекетке жiберетiн өкiлдерiнен тұруын айтады. Дипломатиялық қатынастардың негiзiн қалаушы және тарихи дамуы осы арнайы миссиялар дипломатиясы түрiнде пайда болды.Миссия басашысы ел басшысы немесе үкiмет басшысы және т.б. жауапты лауазымды тұлға болуы мүмкiн. Халықаралық конференцияның жұмысын өткiзу кезiнде жергiлiктi мемлекет органдары шетелден келген қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және оның жұмыстарын ойдағыдай өткiзiлуiне толық жағдай жасауға мiндеттi болады. Мысалы, Нюь-Иорктегi БҰҰ Бас Ассамблеясының өткiзiлуi кезiнде мүше-мемлекеттер делегациясының өз жұмысын ойдағыдай орындауына АҚШ құқыққорғау органдары жан-жақты қорғауға мiндеттi болады. Делегеация мүшелерiн тағайындау рәсiмiн тиiстi ведомстьваның басшысы ҚР Сыртқы iстер министрлiгiне ресми түрде өтiнiш жасау және делегацияның құрамын нақты ведомстваның басшысы, ҚРҮкiмет басышыс мен Президенттiң келiсiмi бойынша тағайындалады; Әрбiр делегацияның нақты бекiтiлген жоспары бойынша жұмыс iстейтiн болады. Делегацияның әр мүшесi өзiне жүктелген мiндеттерiн олрындауға тиiстi болады.

1.Арнайы миссялар дегенiмiз не?

2.Халықаралық конференцияның өткiзiлу рәсiмiн анықтаңдар.



3.делегация мүшесiн кiм анықтайды. Консулдық құқық ол ежелгi құлиеленушiлiк дәуiрден бастап пайда болды. Оның шығу отаны Грекия мен Рим болды. Консулдың пайда болу себебi сол кездегi сауда-саттықтың және теңiз, су қатынакстарынынң дамуы нәтижесiнде пайда болды. Яғни сол кезеңде диломатиялық қатынастың болмауынан консулдық қатынас пайда болды. Ежелгi Грекияның тiлi бойынша консул- ол, “Проксения” яғни “Қонақжайлы” деген мағынаы бiлдiрген. “Проксения” лауазымыфна ие болу үшiн әрбiр Полистiң халық жиналысының шешiмi бойынша сайлантын болды.Сол дәуiрде Греуия аумағында 78 полисте “Проксения” болды. Ежелгi Римде және Грекияда консулдық мiндеттерiн жергiлiктi Проксения мен Преторлар атқарды. Консулдық құқытың шығу көздерiне: халықаралық келiсiм-шарт болып табылады. Оның себебi әрбiр мемлекет аралық келiсiм шарттар ратификациядан өткен жағдайда заң күшiне енедi. Ол орындалуға мiндеттi.Сонымен қатар халықаралық деңгедегi қабылдаған конвенциялар, атап айтқанда:1911 ж. “Консулдық қызмет туралы” Каракас конвенциясы. 1928 ж “Консулдық шенеуниктер туралы” Гавана конвенциясы. 1963 ж. “Консулдық қатынас туралы” Вена Конвенциясы. Халықаралық құқытық дәстүр дегенiмiз-ол, бұрыннан сақталап келе жатқан жалпы қабылданған салт-дәстүр мен әдет –ғұрыптарды айтады. Халықаралық деңгейде шетелдiк қоеақты қарсы алу үшiн тиiстi рәсiмдердi өткiзу және жалпы танылған ереже бойынша рәсiмделетiн болады. Осы аталған салт-дәстүр мен құқытық дәстүрдiң нәтижесiнде халықаралық құқық пен құқытық қатынастар пайда болды. Осының нәтижесiнде қатынастар күннен –күнге нығайуда. “ҚР Дипломатиялық қызмет туралы” ҚР заңы., № 299-II,07.03.2002 ж. қабылдаған; Осы заңның 1-баптың 2-шi тармағында ҚР Консулдық қызмет туралы айтылған.2. “ҚР Дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiктер туралы” ҚР Президентiнiң Жарлығы, 04.02.2004 ж.,№1287. 3. “ҚР Консулдық жарғыны бекiту туралы” ҚР Президентiнiң Жарлығы., 27.12.1999.,№ 217.
ҚОРЫТЫНДЫ:

1.Проксения дегенiмiз-ол“Проксения” яғни “Қонақжайлы” деген мағынаы бiлдiрген. “Проксения” лауазымыфна ие болу үшiн әрбiр Полистiң халық жиналысының шешiмi бойынша сайлантын болды.Сол дәуiрде Греуия аумағында 78 полисте “Проксения” болды.

2. Ең алға консулдар Ежелгі грекияда пайда болып кейіннен дүниежүзілік маңызы бар органға айналджы.

3. Консулдың пайда болу себебi сол кездегi сауда-саттықтың және теңiз, су қатынакстарынынң дамуы нәтижесiнде пайда болды. Яғни сол кезеңде диломатиялық қатынастың болмауынан консулдық қатынас пайда болды.


Бақылау сұрақтары:

1. Араб елдерінің ортвалық Кеңес ұйымы қалай аталады?

2. Африкалық одақтың орталығы қай қалада орналасқан?

3.Оңтүстік Шығыс мемлекеттерінің арасында ең беделді және қуатты қай мемлекет бар?

4.Саяси эжәне экономикалық одақтардың қалыптасу мақсаттар неден тұрады?

9 тақырып. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) әмбебап халықаралық ұйымы ретінде
Мақсаты: Біріккен Ұлттар Ұйымы - әмбебап халықаралық ұйымы Ретінде туралы оқып танысу болады. Білім алушыынң тақырып бойынша теориялық деңгейін одан әрі тереңдету және тәжірибе жүзінде дәледей білуге жағдай туындайды.

Жоспары:

1.Бірікксп Ұлттар Ұйымы (БҰҰ). Оның құрылу тарихы.

2.Біріккен Ұлттар Ұйымының органдар жүйесі.

3.Қаупсіздік Кеңесінің Бас Ассамблеясы.

4. Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес. Халықаралық Сот.
1.Бірікксп Ұлттар Ұйымы (БҰҰ). Оның құрылу тарихы

Ұлттар лигасы өзінің міндетін орындауға дәрменсіз болғандықтан және екінші дүнежүзілік соғысты тоқтатуға дәрменсіз болудың нәтижесінде «Ұлттар Лигасы» органы 1945 жылы таратылды.

БҰҰ Жарғысының соңғы мәтіні талықланып және мақұлданған, қол қойылған күні-ол 26.06.1945 жылы Сан-Франциско (АҚШ) қаласында болды. Ал заң күшіне енген күні - ол, 24.10.1945 жыл болды. Осы 24.10.1945 жыл «БҰҰ күні» деп аталды. Бүкіләлемдік шеңберде бейбітшілік пен ынтымақтастықты сақтау үшін әлемдік деңгейде тәртіп пен заңдылықты сақтау ең басты мақсат болуды бапрлық халықтар көсеуде екені айқын. Бірақ әрбір мемлекеттер өзінің саясатын және экономикасын қалыптастыру нәтижесінде билік жүргізу әдіс-тәсілдері де үнемі өзеррістерге ұшырайды.

Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн, БҰҰ-ның құрлуымен және оның жарғысында халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары анықталғаннан кейiн, БҰҰ Бас Ассамблеясы құрылған соң 1947 жылы Халықаралық құқық Комиссиясының бастауымен дипломатиялық және консулдық құқықтың белсендi түрде дамуы бастау алды. Осыған байланысты мынадай макңызды актiлер қабылданды: 1946 жылы БҰҰ-ның артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы Конвенция және 1947 жылғы БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы Конвенциясы қабылданған Одан кейiн мынадай құжаттар қабылданды: 1961 ж.,Дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясы; 1969 ж.,Арнайы миссиялар туралы Конвенция; 1973 ж.,Халықаралық қорғаудағы тұлғаларға, оның iшiнде дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстарды тоқтату және жазалау туралы Конвенция; 1975ж.,әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдармен қатынасқа түсетiн мемлекеттердiң өкiлдiктерi туралы Вена Конвенциясы.

Қазiргi таңда дипломатиялық құқық , жүйелеу және үдемелi даму тұрғысынан алғанда, халықаралық құқықтың бiр ретке келтiрiлген саласы болып табылады.

БҰҰ мамандандырылған ұйымдарына мыналар жатады:

1.МОТ-Халықаралық Еңбек ұйымы;

2.ВОЗ- Бүкiләлемдiк Денсаулық сақтау ұйымы;

3.ЮНЕСКО-Бiлiм,ғылым және мәдениет мәселесi бойынша ұйым;

4.ИАКО-Халықаралық азаматтық авиация ұйымы;

5.МАГАТЭ- Халықаралық Атом энергетикасын бақылау ұйымы;

6.ИМО-Халықаралық Теңiз ұйымы;

7.МВФ-Халықаралық валюта қоры;

8.ВПО-Бүкiләлемдiк пошта ұйымы;

9.МОЭ-Халықаралық Электробайланыс одағы;

10.ВМО-Бүкiләлемдiк Метерологиялық ұйымы.

БҰҰ мамандандырылған мекемелерi халықаралық ұйымдардың ерекше тобына жатады және оның БҰҰ ерекше құқықтық байланысы бар. БҰҰ Жарғысынынң 63- бабына сәйкес, Экономикалық және Әлеуметтiк Кеңес 57-бапта көрсетiлген мемлекеттердiң кез-келген тиiстi мекеменiң ұйымымен байланысын анықтайды.

Аталған ұйымдар оның қызмет ету саласының әр-алуан екенiн дәлелдедi. БҰҰ Халықаралық Соты бас сот органы ретiнде құрылған БҰҰ құрлымындағы бас органдарынынң бiрi болады. БҰҰ мамандандырылған ұйымдарының мынадай иммунитеттерi болады:

1.Қызметшiнiң жеке басына қолсұқпаушылық және ол қамауға, ұстауға және басқа соттық мәжбүрлiк жасауға, тiнту жүргiзуге болмайды;

2. Олардың құжаттарына және басқа да iс-қағаздарын тексеруге , алуға болмайды;

3. Тиiстi шифр алуға және курердiң қызметiн пайдалануға және одан мәлiмет алуға құқылы болады;

4.Оның өзiнен және жанұя мүшесiнен затты, мүлiктi алуға, тәркiлеуге болмайды;

5.Ақша айырбастауға шек қойылған шектеулер оларға жеңiлдiк берiледi;

6. Жеке бағаж затына қол сұғуға болмайды;

7.Барлық кедендiк тексеруден босатылады тек акциздiк салықтан басқа.

Дипломатиялық иммунитеттiң нәтижесiнде осы аталған қызметшiлер өздерiне жүктелеген қызметтiк мiндеттерiн ойдағыдай атқаруға емiн-еркiн жағдай туындайды.

1.Грекия халық жиналысында қабылдаған “Пресбейс”-тiң мағынасы

қандай және ол қазiргi кезңде қалай аталады?

2.1815 жылғы Вена Конгресiнде дипломатиялық рангiнiң қандай түрлерi

қабылданды?

3. БҰҰ мамандандырылған органында Бүкiләлемдiк еңбек ұйымын қалай

атайды?


4. БҰҰ тұсындағы Атом қуатын бақлау және қадағалау органықалай

аталады?


ҚОРЫТЫНДЫ:

1. Бірікксп Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) пайда болуына еің басты себеп болғван-ол, екінші дүнежүзілік соғыстың яғни фашистік Германияның әлемдік билік жүргізу үстемдігін ғкөздеген мақсаты тас-талқан болуының нәтижесінде болды.

2. Алдағы уақытта осындай фашистік зұлымдықққа, өрескелдікке және адамзатқа деген айуандық жасауға жол бермес үшін осы атлаған халықаралық деңгейде бейбіт өмірді сақтауға осындай әмбебап орган қажет екендігі байқалды.

3. Бұрынғы халықаралық орган «Ұлттар Лигасы» өзінің халықаралық міндетін атқара алмады, және дәрменсіз болғаны екінші дүнежүзілік соғыстың басталуы айқын дәлел бола алады.



2.Біріккен Ұлттар Ұйымының органдар жүйесі.

Бүкіләлемдік аумақ бойынша бейбіт өмір сүру жолын көздеуші және халықтардың ынтымақтастығын көздеуші орган ретінде осы халықаралық ұйымның міндетін жүзеге асырушы Біріккен Ұлттар Ұйымын айтуға болады.

БҰҰ әмбебап халықаралық орган болғандыңқтан –ол, мамандандырылған арнайы орғандардан тұрады, атап айтқанда:

-Бас Ассамблея- ең жоғарғы алқалық орган, оған барлық мүше-мпмлекттер қатысады;

-Қаупсіздік Кеңес, оның құрамында бес тұрақты мүше-мемлекеттен тұрады, атап айтқанда: АҚШ, Англия, Франция, Қытай, Ресей.

-ЭКОСОС; бұл орган эконмиа мен элеуметтік-экономикалық, қайырымдылық көмек керсету мәселесін ұйымдастыруды қарастырады. Бұл орган 1966 жылы қалыптасқан халықаралық мамандандырылған ұйым болып табылады.

-ЭСКАТО, ЕЭК, ЭКЛА; сауда-саттық мәселесін ұйымдастыру;

-ЮНЕСКО; мәдени және ғылым саласын, ежелгі ескерткіштер мен мұражайлық мәселені шешу, оны қорғау жөнінде жүмысты ұйымдастырады.

-ОПЕК; мұнай өнімдерін өндіру және саудалау жөніндегі мәселені ұйымдастыру;

-МАГАТЕ; атом энергетикасын бақылау жүргізу және оны бейбітшілік түрде қолдану жөнінде мәселені шешуді ұйымдастырады;

-МВФ ; халықаралық шеңберде ақша қоры мәселесін ұйымлдастыруын жүзеге асырады;

-ВОЗ; бүкіл әлем шеңберіндегі десаулық сақтау мәселесін ұйымдастарды;

-МОТ ; халықаралық шеңберде еңбек ,жұмыс мәселесін ұйымдастыруды жүзеге асыру органы;

-ВМО ; бүкіләлемдік шеңбердегі метереология мәсесін ұйымдастырушы орган;

-ИКАО ; азаматтық авияцияның халықаралыфқ шеңбердегі жұмысын ұйымдастырушы мәселесін қарастырушы ұйым. БҰҰ әмбебаб халықаралық орган болғандыңқтан –ол, мамандандырылған арнайы орғандардан тұрады;

Әрбір маманадандырылған орган , әрбір салаға байланысты өздерінің жұмыстырын істейді. Ұлттық заңнамалардың халықаралық жеке құқымәселесiнде негiзгi орын алады. Оның себебi әрбiр келiсiм-шартты жасаған кезде мiндеттi түрде ұлттық заңнамалардың талабы бойынша жүзеге асырылады. ҚР аумағында халықаралық келiсiм-шарттар мiндеттi түрде орындалапды. Оның себебi ҚР Парламентi ратификация жасайды. Содан соң ұлттық заңнамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу керек болады.(4-бап,3-бөлiм Конст).ҚРАзамат кодексiнiң 259-бабы бойынша меншiк иесi өз меншiгi үшiн ол шет елде немсе осы ҚР аумағында болсын өз мүлкiне деген ие болу құқығын тануға, талап қоюға құқылы болады. Сыртқы сауда-саттық жасау кезiнде ҚР аумағында меншiкке деген талап қою мәселесi кезiнде тараптарың өздерi қай мемлекеттiң заңын қолдануы туралы таңдау құығы берiледi. “Шетелдiк инвестиция туралы”. ,27.12.1994 ҚР Заңы бойынша шетелдiк меншiктердi ұлттандыруға болмайды. Оның себебi инвестиция мүлкi шет мемлекеттiкi болып табылады. Ұлттық заңнамаларды халықаралық жеке құқығындағы маңызы мынадан тұрады: 1.ҚР субектiлерiмен ҚР аумағында жасалатын барлық мәмiлелер ҚР заңнамалары бойынша жүзеге асырылады.

Қайшылық нормалар дегенiмiз-ол,белгiлi бiр мәмiле жасағанда немесе жеке бастың мәселесiн, заңды тұлғалар арасында қарым-қатынас жасалған кездерде, ҚР заң нормалары мен шетелдiк заң нормалары арасында сәйкес келмейтiн қарама-қайшы жағдайларын айтады. Қайшылық нормалардың ерекшелiгi мынадан тұрады: егер ҚР азаматтық-құқытық нормасынынң құрлымы

-элементтен (гипотеза-қолдану шарты), (диспозициядан- мiнез-құлық ережесi), (санкция-мемлекеттiк мәжбүрлiк шаралары) тұратын болса, ал қайшылық нормаларынынң құрлымында: 2-кi элементтен тұрады: 1.Нақты-дәл анықталған қарым-қатынастқа қолдануға жататын құқық көлемiн анықтау; 2. Шетелдiк мемлекет iстерiне қандай заңды қолдануын анықтау. ҚР заңнамасы бойынша әрбiр тараптардың құқығын және мiндетiн анықтау үшiн бекiтiлген шартта көрсетiледi. Осы аталған құқықта қосымша түсiнiктеме болады, яғни мәмiле жасау кезiнде әр тараптар өз еркiмен қай мемлекеттiң заңын қолдану керек екенiн анықтауға құқықтары бар болады.

ҚОРЫТЫНДЫ:

1.Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесінде салалық мәселені ретітеуші орган болып табылады. Әрбір мамандандырылған орган әлемдік шеңберде тиісті сала бойынша мәселені шешеді.

2. Біріккен Ұлттар Ұйымыны осы мамандандырылған органдары арқылы әлемдік шеңберде экономика, саясат, әлеуметтік, ғылыми, өндірістік және энергетикалық саласын ретіне келтіруші опргандар болып табылады.
3.Қаупсіздік Кеңесінің Бас Ассамблеясы.

БҰҰ-ең басты органның бірі ол Қаупсіздік Кеңес бролып табылады

Бұл органда не бары он бес мүше- мемлекетттерден тұрады.

Оның iшiнде тұрақты бес мемлекеттен тұрады.

Тұрақты мүшеге-мемлекеттерге жататындар:

1.АҚШ;


2.Ұлыбритания;

3.Фрнация;

4.Қытай;

5.Ресей.

Қалған он мемлекеттер квота бойынша екi жылға сайланатын болады.

Квотаға, мына тәртiп бойынша орын берiледi:

-Африка мемлекетерiне-3 орын;

-Азиялық мемлекеттерге-2 орын;

-Латын Америкасындағы мемлекеттерге-2 орын;

-Батыс Еуропа мемлекеттерiне-2 орын;

-Шығыс Еуропа мемлекеттерiне-1 орын.

Мiне осы он мемлекеттер көрсетiлген тәртiппен Қаусiздiк Кеңеске мүше бола алады. Қаупсiздiк Кеңестiң құқытық негiзi ретiнде БҰҰ Жарғысындағы Ү-шi тарауында көрсетiлген.

БҰҰ жарғысына сәйкес, Қаупсiздiк Кеңестiң тұрақты, бүкiләлемдiк шеңберде қаупсiздiк, бейбiт өмiрдi сақтау үшiн жауапты мiндеттi атқарады.

Қаупсiздiк Кеңестiң құзыреттiк шеңберiне яғни қарауына мына мәселелер жатады:

-Халықаралық бейбiтшiлiк пен қаупсiздiк мәселесiн қарау;

-мәжбүрлiк шарлараын қолдануға;

-БҰҰ-на қабылдауға және оның құрамынан шығарып тастауға ұсыныс жасауға құқылы;

-Халықаралық сот мүшесiн сайлауға құқылы;

-Бас хатшыны тағайындау туралы резолюцияны және т.б.

Қаупсiздiк Кеңестiң органына қосымша көмекшi орған құралады, оған кiретiндер:

-Әскерий-Штаб Комитетi;

-Сарапшылар Колмитетi;

-Жаңа мүшенi қабылдау комитетi;

-Мәжiлiстi өткiзу комитетi. Әскери дау-жанжал дегеніміз-ол, әдеттегідей соғысты айтады. Соғыс дегеніміз- ол, екі жақтың қарым-қатынастығын , әлем шеіңберінде алатын орнын анықтайтын және өзінің тәуелсіздігі үшін , ұлт-азаттығы үшін күрес жүргізілетін қарулы күш қолдану арқылы жасалатын іс-шараларын айтады. Соғыс дегеніміз-ол екі жақтың бір-біріне деген қарым қатынасты айқындайтын әдіс-тәсілдің бірі болып табылады. Әрбір соғыс міндетті түрде адм өмірін қиюдан, жойқын шығымдарға әкеліп соққызады. Соғыс жөнінде 1943 ж. 23 қараша айында Тегеранда кездесуде екінші майданды ашу үшін Үш держава басшылар кездесті: (У.Черчиль, Ф.Рузвельт, И.Сталин) сонда Черчильдің айтқаны егер әскери операцияны Ла-Манштан бастасақ онда үлкен шығын болады деген, ал оған жауап ретінде И.Сталин: «Шығынсыз соғыс болмайды » деген. Женева Конвенциясы бойынша, халықаралық әскери дау-жанжал дегеніміз-ол екі немесе бірнеше мемлекеттер арасындағы әскери қарулы күштерінің бір-біріне қарама-қайшы қарулы күшті қолдануын айтады. Соғыстың пайда болу себебі:

1.Ұлт-азаттық, тәуелсіздік үшін қарулы төңкерістер;

2.Белгілі бір жер аумағын жаулап алу;

3.Экономикалық мүдденің мақсаты үшін;

4.Бір мемлекеттің екініші бір мемлекетке үстемдігін жүргізу;

5.Белгілі бір мем лекетті отаршылдыққа айналдыру;

6.Геноцид әрекеттерін жасау;

7.Белгілі бір мемлекеттің немесе бірнеше мемлекеттің өз-ара бірігіп, бір каулиция (одақ құрып ) дүниежүзілік үстемдік немесе отаршылдық билігін жүргізу болып табылады. Мысалы: НАТО, СЕАТО,СЕНТО,АНЗЮС, 1939 жылы құрылған «Үштік одақ», оның құрамына кірген: Берлин, Рим және Токио.

Әскери дау-жанжалдың түрлері дегеніміз-ол, әрбір соғыстың алына қойған мақсаты мен міндетіне және сипатына байланысты жүргізілетін қарулы күштерін пайдалану әрекеттерін айтады. Әскери дау-жанжалдар, қойылған мақсаттар мен міндеттерге және сипаттарына қарай мана түрлерге бөлінеді: 1. Ұлт-азаттық үшін қарулы көтерілістер мен төңкерістер жасау;

2.Жаулап алу мақсатында жасалған әскери қарулы күшті қолдану;

3.Сырттан келетін әскери басқыншылыққа тойтарыс беру үшін қарулы

күштерін қодану;

4.Мемлекет ішіндегі (халықаралық емес) ұлт-аралық немесе жаппай

бассыздықты басып-жаншу үшін әскери күштерін қолдану;

5.Агрессорлық, әлемдік билікті, үстемдігін жүргізу үшін әсмкери күш қоқан-

лоқы көрсету әрекеттерін жасау. Халықаралық сипаттағы емес әскери дау-жанжал дегеніміз-ол, мемлекеттің ішіндегі әскери күштерді қолдану арқылы жасалатын іс-әрекеттерін айтады. Бұл туралы мына дай мысалдар келтіруге болады:

1.Ресей аумағындағы Шешенстандағы қақтығыстар;

2.Қытай аумағындағы Тайвань қақтығыстары;

3.1917 жылғы Ресей аумағындағы Қазан төңкерісі;

4.1917 жылдағы Мексикадағы Революция генералы Сапато бастаған

төңкеріс;

5.1773-1775ж. Емелян Пугачев бастаған Ресей империясына қарсы шаруалар

көтерілісі;

6. Қазақстан аумағындағы Ресей империясына қарчсы шыққан Исатай мен

Махабет; Срым Датұлы; Аменгелді Иманов, Әліби Жанкильдин.

7.1986ж. желтоқсан айындағы КПСС диктатурасына қарсы шыққан Қаз ССР-нің студент жастарының көтерілісі, ал оған СССР арнайы армиясын жіберіп басп-жаншуы, онда құрбан болған,ал қазір Халық қаhармандары болып танылған Талғат Рысқұлбеков пен Ляззат т.б. айтуға болады. Осы аталған дау жанжал мемлекет билеушілерінің мемлекетте әділетсіздік пен заңсыз бассыздық жасаудың, теңдік пен бостандықтың жоқтығынан пайда болады. Заңсыздық пен әділетсіздік, теңдік, әлеуметтік теңдіктің жоқтығынан мемлекетте міндетті түрде халықаралық сипаттағы емесе әскери –дау жанжал үнемі болып тұрады. Халықаралық сипаттағы әскери дау-жанжалдар дегеніміз-ол, екі немесе бірнеше мемлекеттер арасындағы әскери қарулы күштерін бір біріне қарсы қолданатып немесе бір мемлекет екініші бір мемлекеттің шекарасын бұзып кіріп, басқыншылық әекеттерін жасауды айтады. Мысалы: 1941 ж.,22.06., түнгі сағат 4-те Неміс-фашист басқаншылар армиясының СССР территориясын бомбалау мен әскери техника мен авияция және жаяу әскерінің баса көктеп кіруі арқылы бұл соғыстың 5-жылға созылғаны өте айқын дәлел бола алады. АҚШ тың Иракқа баса көктеп кіруі яғни тікелей әскери агресссияның жасауы. АҚШ-тың ең басты мақсаты ол экономикалық мақсатта, яғни мұнайды алып қою, оны өз территориясына тасмалдау болды. Біңр мемлекеттің екінші бір мемлекеттің егемендігіне, тәуелсіздігіне қол сұғушылық болып табылады. 1965 жылдары Израйлдің Египетке әскери шабуыл жасауы. «Асуан» гидоэлектростанциясын бомбалмақ болған кезде СССР авия полкінің Израил әуе күшін талқандауы нақты дәлел бола алады. АҚШ өзінің агрессиясын 1964 жылы Куба мемлекетіне әскери күштерін тақап қойып, күш қолданбақ болғанда СССР әскери теңіз күшінің атам қуаты бар сүңгуір қайытары АҚШ авианосецтерін қоршауға алды. Мұны байқаған АҚШ Президенті Д.Кеннеди өз әскерін кейін қайтаруға дереу бұйрық берді. Кубаға әскери қоқан-лоқысы жасалмай моральды түрде таяқ жеп қайтты. Бұл қақтығыс кейіннен «Кариб дағдарысы» деп аталды. Бұл дегеніміз СССР әскерінің әділдікті орнату жолындағы осындай асқан ерлігі деуге болады.

Халықаралшық әскери дау-жанжал кезінде Женевада қабылданған төрт Конвенция талабы сакқталуға тиісті. Атап айтқанда: 1949 жылдың 12 тамызында қабылданған мына конвенциялар жатады:

1. «Соғыс әскеріне қатысып жаралы болғандар мен аурулардың жағдайларын

жақсарту туралы»

2. «Қарулы күштер құрамындағы теңіздегі кеме апатынан жаралы болғандар

мен ауруларды жағдайларын жақсарту туралы»;

3. «Әскери тұтқынға түскендермен тәртіпті сақтау»;

4. «Соғыс кезінде азаматтық тұрғындарды қорғау туралы».

Кейіннен бұл Конвенцияға екі Хаттамалар қосылды:

№ 1-Хаттамада «Халықаралық әскери дау-жанжалда зардап шеккендерді

қорғау»;

№ 2-Хаттамада «Халықаралық емес әскери дау-жанжал кезіндегі зардап

шеккендерді қорғау».

Дау-жанжалдарды БҰҰ шегiндегi жолмен реттеу-ол БҰҰ

Жарғысымен Бас ассамблея және Қаупсiздiк Кеңесi дауларды шешуге

байланысты құзыретке ие органдары болып табылады.

Қаупсiздiк Кеңесi-ол, БҰҰ ең басты орган болып табылады.

ҚОРЫТЫНДЫ:

1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы ең жоғарғы органы болып табылады. Бұл органның құрамында барлық мүше-мемлекеттердің қатысуымен ресми шешім қабылданады. Осы орган қабылдаған шешім барлық мүше-мемлекеттердің орындауы міндетті болады.

2. Осы атлағн органға басқа мемлекеттерді қабылдау үшін тек Бас Ассамблеяның шешімі қажет болады.


жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау