Халықаралық бұқаралық құқықтың дәріс конспектісі


Халықаралдық шарттар және халықаралық әдет- ғұрыптың өзара әрекеттесуі



жүктеу 1,02 Mb.
бет4/14
Дата23.11.2018
өлшемі1,02 Mb.
#24052
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

2.Халықаралдық шарттар және халықаралық әдет- ғұрыптың өзара әрекеттесуі

1949 жылғы 12 тамызда қабылданған төрт Женева конвенциясы:

1) «Армия құрамандағы жауынгерлердің соғысқа қтасықандардың жаралылар мен ауруларды қарау-күтімін жақ сарту туралы»;

2) «Соғысқа қатысудың нәтижесінде жараланған және ауруларды сонымен қатар әскери құрамдағы жауынгерлердің теңіз бетінде корабль апатынан зардап шеккендедің қарау-күтім жағдайларын жақсарту туралы»;

3) «Әскери пленге түскендерге дөрекілік көрсетпеу»;

4) «Соғыс кезінде тұрғындарды қорғау туралы».

1-ші Женева Конвенциясына №1 Қосымша хаттама:

*Халықаралық сипатындағы әскери қақтығыстан азап шеккендерді қорғау туралы;

1-ші Женева Конвенциясына №2 Қосымша хаттама:

Халықаралық сипатындағы әскери қақтығыстан азап

Халықаралық емес сипатындағы әскери қақтығыстан азап шеккендерді қорғау туралы. Тұқрақты әскер құрамында болған жауынгерелер жараланып немесе аурудың салдарынан саптан шығып қалған жағдайда, оған сый, моралдық және физикалық қол сұқпаушылықтан қорғалуы қамтамасыз етілуі керек. Қарсылас әскерінің жауынгері саптан шықса немесе өз еркімен пленге түссе ондай жағдайда оларды өлтіруге, денесіне жарақат салуға тиым салынады. Жаралылар мен аурулар қарсылас жақтың қол астынадғы билігңде болса да олар медициналық қарау-күтіммен қамтамасыз етілуі міндетті болады. Медицина қызметшілері де қарсылас жақтарда міндетті түрде қорғаумен қамтамасыз етілуі міндетті болады. ҚК және ҚЖА белгісі бар мекемелері міндетті түрде Женева Конвенциясы мен басқа да халықаралық құқық нормаларымен қорғалады және оған сый-құрмет көрсетілуге тиісті. 1949 жылдың 12 тамызында «Әскери тұтқындармен айналысу туралы» Женева Конвенциясы дипломатиялық конференциясында қабылданды. Бұл Конвенцияда мына мәселелер айтылған:

-Келісім жасаушы тараптар осы қабылданған Конвенция талабын міндентті түрде сақталуын талап етеді және оны орындауға міндеттеме береді;

-егер соғыстан бұрын немесе соғыс басталған кезде де конвенция талабы орындалуға міндетті болады, бұл жөнінде келісуші тараптар сақтауға міндетті;

-егер соғысып жатқан жақтардың бірі, бұл конвенцияның келісімінің мүшесі болмаса да, соған байланысты болады және оны сақтауға міндетті болады;

-әскери тұтқынға түскендер сол мемлекеттің қарауында, билігінде және бақылауында болады, ешқандай бір тап адамдардың немесе қарулы әскер тобының билігінде болмайды;

-әскери тұтқындардың тұратын жайлары мен жағдаларына сол мемлекеттік билік органдары өз бақылауына және Женева Конвенциясының талабын орындауға міндетті болады;



-әскери тұтқындағылар өздерінін құқытық қабілеттігін сақтауға және оны пайдалануға құқылы болады. Соғыс әрекетінің тоқтатылуы дегеніміз-ол, екі жақ өздірінің әскери әрекеттерін, операцияларын жасауға белгілі бір немесе маңызды себептерге байланысты тоқтатыу мүмкіндігін айтады. Соғыстың тоқтатылуына байланысты, әдетте, соғыс әрекеті де тоқтатылады. Соғыс әрекетінің тоқтатылуының кең тараған нысандарына уақытша бітімге келу мен тізе бүгу жатады. Уақытша бітім бойынша соғыс әрекеттерінің тоқтауы жөнінде келісім жасалады, оған қарулы қақтығысқа қатысушы жақтардың өзара келісімге келуі негіз болады. Уақытша бітімге келудің жергілікті және жалпы деп аталатын екі түрі болады. Жергілікті келісім дегеніміз-ол, уақытша бітім- жеке бөлімдер мен бөлімшелердің соғыс әрекеті театрының шектелген учаскелерінде ұрысты тоқтатуды көздейді. Әдетте, ол жеке мәселелерді шешуге бағытталады. Жаралылар мен ауруларды жинап алу, өлгендерді жерлеу, парламентарийлерді жіберу т.б. орындайды. Жалпы келісімге келу дегеніміз-ол, барлық соғыс әрекетінің, әскери опреацияның түгелдей тоқтатылуын айтады. Жалпы бітімге келудің күші ерекше, ол тек соғыс әрекетін тоқтатып қоймай, сонымен қатар әскерді түгелдей таратып жібере алады. Бұл жағдайда келісімге келу соғысушы тараптармен келісімдік-құқықтық құжат түрінде, оның халықаралық-құқықтық салдарын ескере отырып жасалады. Мысал ретінде, 1953 ж.,27 шілдедегі Кореядағы Әскери бітімгершілікке келу туралы келісім және 1973 ж.,25 қаңтардағы Ветнамдағы соғысты тоқтатып, бейбітшілікті қалпына келтіру келісімін алуға болады. 1965 жылдарында Израил самлеттері Кайрды бобадамақ болып, бірақ СССР авияция полкі оларды бір опреацияда жүздеген саолетін атып түсірді. Мұны байқаған Израйл әскери басшылар ақ жалау көтеріп тізе бүкті. Капитуляция дегеніміз-ол, соғысушы жақтардың бірі өзін жеңілді деп мойындаун және жеңген жақтың қойғын барлық талаптарына көніп қабылдаған және қол қойылған келісім-шартты айтады. Капитуляция дегеніміз-ол, соғсқан жақтардың бірі амалсыздан тізе бүгудің нәтижесінде , жеңілгені жөнініде толық мойындағанын және ол жөнінде жазбаша келісім-шартқа қол қойғанын айтады. Капитуляция жасалған жағдайда жеңген жақ, жеңілген жақтан котрибуцияны талап етуге құқылы болады. Мысалы 1945 жылы 8 мамырда Берлинде неміс-фашист басқыншалар армиясының талқандалуы нәтижесінде, ешбір шүбәсіз капитуляцияны жасауды маршал Г.К.Жуков талап етті, соның нәтижесінде фашистк-германияға капитуляция жасалып Актіге қол қойылды. 1945 ж., 2 қыркүйкете Жапонияның астанасы Токиода Квантун аримиясының тізе бүгуінің нәтижесінде Актіге қол қойылды. Татуласу дегеніміз-ол, екі жақтың соғыс басталып, ал кейіннен екі жақтың әр қайсысына жойқын зардап келтірудің нәтижесінде бір – бірінің кінәлі екендігін мойындап, бір біріне деген талап қоймайтындай уәде беру арқылы нақты бір бітімге келуін айтады. Бұндай жағдайда соғысатын жақтар өз еріктерімен немесе артақ делдалық мемлекеттің табыстыруы нәтижесінде жүзеге асырылуы мүмкін болады. Айтылған келісім бойынша екі жақта соғыс әрекеттерін мүлдем тоқтатып ариимия құрамы таратылып жіберуі мүмкін болады. Татуласыға туындайтын негіздеп:

1. Соғыстың әрекетінен пайда болған екі жақтан шығындар мен адам

өлімінің жойқын болуының себебі;

2.Үшініші жақтың қатысуымен бітімге келетіндей жағдайдың туындауы;

3. Бір жақтың өзінің кінәлі екендігін мойындай екініші жаққа келтірген зиянның орнын толтыру арқылы бітімге келуі. Бейбіт келісім дегеніміз-ол, соғысушы тараптардың өздероінің көздеген мақсаттары мен міндеттерін орындау арқылы, ал бірақ тиісмті мақсатқа жетуі немесе жетпеуіне қарамастан басқа да мән-жайлдардың болуы нәтижесінде бекітілетін келісімді айтады. Бейбіт келісім соғыстың аяқталуының нәтижесінде жасалуына мүмкіншілік туындайды. Осы аталған келісім соғыстың болмауына да, басталуына да басты себеп болады. Бейбіт келісімді бекіту дегеніміз- ол, соғыс аяталған соң немесе соғыс басталмай түрып, оны тоқтатуына маңызды себептердің нәтижесінде екі немесе бірнеше жақтардың нақты айқындалған жерде ресми түрде тараптардың келісімі бойынша, жазба түрде рәсімделетін халықаралық деңгейдегі келісім-шартты айтады. Бейбіт келісімді бекіту-ол, екі немесе бірнеше тараптардың қатысуымен байланысты және әрбір тараптардың өзіндік мүддесін қорғайтын және басқа да маңызды жағдайларға байланысты жүргшізілетін ісм-шараларды айтады.

ҚОРТЫНДЫ:

1.Әлемдік деңгейде бір мемлекеттің нрмативтік-құқық актісінің қабылдануымен қатар оларды өзге мемлекеттердің тануының нәтижесінде халықаралдық құқықтық норманың туындауына негіз болады.

2.Халықаралық ұйымдардың шығарған актілері де ортақ құқытық норма болуы әбден мүмкін.


3.Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сот және халықаралық төрелік шешімінің рөлі

Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн, БҰҰ-ның құрлуымен және оның жарғысында халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары анықталғаннан кейiн, БҰҰ Бас Ассамблеясы құрылған соң 1947 жылы Халықаралық құқық Комиссиясының бастауымен дипломатиялық және консулдық құқықтың белсендi түрде дамуы бастау алды. Осыған байланысты мынадай макңызды актiлер қабылданды: 1946 жылы БҰҰ-ның артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы Конвенция және 1947 жылғы БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы Конвенциясы қабылданған Одан кейiн мынадай құжаттар қабылданды: 1961 ж.,Дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясы; 1969 ж.,Арнайы миссиялар туралы Конвенция; 1973 ж.,Халықаралық қорғаудағы тұлғаларға, оның iшiнде дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстарды тоқтату және жазалау туралы Конвенция; 1975ж.,әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдармен қатынасқа түсетiн мемлекеттердiң өкiлдiктерi туралы Вена Конвенциясы.

Қазiргi таңда дипломатиялық құқық , жүйелеу және үдемелi даму тұрғысынан алғанда, халықаралық құқықтың бiр ретке келтiрiлген саласы болып табылады.

БҰҰ мамандандырылған ұйымдарына мыналар жатады:

1.МОТ-Халықаралық Еңбек ұйымы;

2.ВОЗ- Бүкiләлемдiк Денсаулық сақтау ұйымы;

3.ЮНЕСКО-Бiлiм,ғылым және мәдениет мәселесi бойынша ұйым;

4.ИАКО-Халықаралық азаматтық авиация ұйымы;

5.МАГАТЭ- Халықаралық Атом энергетикасын бақылау ұйымы;

6.ИМО-Халықаралық Теңiз ұйымы;

7.МВФ-Халықаралық валюта қоры;

8.ВПО-Бүкiләлемдiк пошта ұйымы;

9.МОЭ-Халықаралық Электробайланыс одағы;

10.ВМО-Бүкiләлемдiк Метерологиялық ұйымы.

БҰҰ мамандандырылған мекемелерi халықаралық ұйымдардың ерекше тобына жатады және оның БҰҰ ерекше құқықтық байланысы бар. БҰҰ Жарғысынынң 63- бабына сәйкес, Экономикалық және Әлеуметтiк Кеңес 57-бапта көрсетiлген мемлекеттердiң кез-келген тиiстi мекеменiң ұйымымен байланысын анықтайды.

Аталған ұйымдар оның қызмет ету саласының әр-алуан екенiн дәлелдедi. БҰҰ Халықаралық Соты бас сот органы ретiнде құрылған БҰҰ құрлымындағы бас органдарынынң бiрi болады.

БҰҰ мамандандырылған ұйымдарының мынадай иммунитеттерi болады:

1.Қызметшiнiң жеке басына қолсұқпаушылық және ол қамауға, ұстауға және басқа соттық мәжбүрлiк жасауға, тiнту жүргiзуге болмайды;

2. Олардың құжаттарына және басқа да iс-қағаздарын тексеруге , алуға болмайды;

3. Тиiстi шифр алуға және курердiң қызметiн пайдалануға және одан мәлiмет алуға құқылы болады;

4.Оның өзiнен және жанұя мүшесiнен затты, мүлiктi алуға, тәркiлеуге болмайды;

5.Ақша айырбастауға шек қойылған шектеулер оларға жеңiлдiк берiледi;

6. Жеке бағаж затына қол сұғуға болмайды;

7.Барлық кедендiк тексеруден босатылады тек акциздiк салықтан басқа.

Дипломатиялық иммунитеттiң нәтижесiнде осы аталған қызметшiлер өздерiне жүктелеген қызметтiк мiндеттерiн ойдағыдай атқаруға емiн-еркiн жағдай туындайды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы-ол, халықаралық әмбебап орган бюолып табылады.

Әмебап болуына мына негіздер болады:

1.Бүкіл әлем шеңберінде бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін тиісті іс-шараларын жүргізеді;

2.Соғыс дау-жанжалын болдыпау үшін бейбіт жолддарын қаратсыруда болады;

3.Әлемде халықтардың тату-тәтті өмір сүруіне жағдай жасауға тиісті жұмыстарын ұйымдастырады.

БҰҰ әмбебаб халықаралық орган болғандыңқтан –ол, мамандандырылған арнайы орғандардан тұрады, атап айтқанда:

-Бас Ассамблея- ең жоғарғы алқалық орган, оған барлық мүше-мпмлекттер қатысады;

-Қаупсіздік Кеңес, оның құрамында бес тұрақты мүше-мемлекеттен тұрады, атап айтқанда: АҚШ, Англия, Франция, Қытай, Ресей.

-ЭКОСОС; бұл орган эконмиа мен элеуметтік-экономикалық, қайырымдылық көмек керсету мәселесін ұйымдастыруды қарастырады.

-ЭСКАТО, ЕЭК, ЭКЛА; сауда-саттық мәселесін ұйымдастыру;

-ЮНЕСКО; мәдени және ғылым саласын, ежелгі ескерткіштер мен мұражайлық мәселені шешу, оны қорғау жөнінде жүмысты ұйымдастырады.

-ОПЕК; мұнай өнімдерін өндіру және саудалау жөніндегі мәселені ұйымдастыру;

-МАГАТЕ; атом энергетикасын бақылау жүргізу және оны бейбітшілік түрде қолдану жөнінде мәселені шешуді ұйымдастырады;

-МВФ (ХВҚ); халықаралық шеңберде ақша қоры мәселесін ұйымлдастыруын жүзеге асырады;

-ВОЗ (БДСҰ); бүкіл әлем шеңберіндегі десаулық сақтау мәселесін ұйымдастарды;

-МОТ (ХЕҰ); халықаралық шеңберде еңбек ,жұмыс мәселесін ұйымдастыруды жүзеге асыру органы;

-ВМО (БМҰ); бүкіләлемдік шеңбердегі метереология мәсесін ұйымдастырушы орган;

-ИКАО (ААХО); азаматтық авияцияның халықаралыфқ шеңбердегі жұмысын ұйымдастырушы мәселесін қарастырушы ұйым.

ҚОРЫТЫНДЫ:

1. БҰҰ (біріккен ұлттар ұйымы)- ол, әлемдік деңгейдегі бүкіл мемлекеттер таныған эжәне осы әмбебап ұйымына мүше-мемлекет болып қабылданған халықаралық ұйымды айтады.

2.Тек БҰҰ (біріккен ұлттар ұйымы) -әлемдік деңгейде бейбітшілікті қолдайды және қорғауға міндетті.

3. БҰҰ (біріккен ұлттар ұйымы) тұсындағы мамандандырылған органдар өздерінің салалық міндеттерін атқаруға тиісті болады.
4.Қазіргі халықаралық құқықтың жүйесі

Кәзіргі заман ағымына сай халықаралық бұқаралық құқығына сай болуға тиісті екені белгілі. Оның себебі қазіргі көптеген мемлекеттердің бір –бірімен ынтымақтатстықтың үнемі дамуы ашық екені белгілі. Оған нақты мысал ретінде Еуропа аумағында орналасқан мемлекеттердің біріңғай экономикалық одақты қалыптастыруы нәтижесінде халықаралық шеңберде «Еуроодақ» ұйымының пайда болуы айқын екені белгілі. Бұл одақтың пайда болу себебі ол біріңғай экономика мәселесі,н шешу және бір ортақ валюта ақша айналымын жүргізу екендігі баршаға белгілі. ҚР Президернті Н.Ә.назарбаев өзінің БҰҰ айтқан сөзінде «ЕУРОАЗИЯ» одаған құру мәселесін қозғаған болған. Міне осы аталағн мәселенің бастамасын кәзіргі Қазастан Ресей және Беларусь мемлекеттерінің кедендік одақтың қалыптвасуы нақты мычсал және дәлел деугек әбден негіз бар екендігі әлемге мәлім болды. Ал осы кедендік одақтың ең басты мәселелсі-ол, біріңғай экономикалық кеңістікті жүзеге асыру болып табылады. Бұрынығы мәтел сөзді еске алсақ «Бірлік болмай-тірлік те болмас» деген сөз бекерге айтылмаса керек. Халыкаралыкқ құкық және халықаралық катынас, олардың арасындагы байланыс жәие бір-бірімен карым-қатынасы. Халықаралык құқык халыкаралық қарым-қатынасты реттеу-ол, мемлекеттер аралық екі немесе көпжақты келісім-шарттардың бекітілуі және оның іс жүзінде жүзеге асырылуы, орындалуы нағыз маңызды екендігінде көрніс табуы байқалады. Халықаралык құқық тың ерекше жүйелігі срол- өйткені ол мемлекетаралық байланысты нығайту болып табылады. Ал мемлекет аралық байланыстар алуан түрлерден тұрады, атап айқтанда:

-экономикалық байланыстан;

-саяси-әлеуметтік байланыстан;

-әскери-одақтық байланыстан;

-құқытық көмек көрсету байланыстан

-халықаралық шеңберде қылмысқа күрес жүргізу баланыстан;

-ұжымдық қаупсіздікті қамыту жасау байланыстан. т.б.

Халықаралык-қүқықтык қатынастарды реттсйтін пәинің негізгі мақсаты ұлтаралық және мемлекент аралық қарым-қатынастарды реттеу болып табылады. Субъектілердің ерскшеліктсрі сол, өйткені халықаралық құқығының субъектілері жеке өз алдына егеменді мемлекет болғандықтан өздерінің қабылдаған заңдары мен салт-дәстүрлері және саясаты болады. Халықаралық-құқықгық мәжбүрлеу шараларына келетін бролсақ-ол, бір мемлекеттің екінші бір мемлекетке әскери күш-көрсетуі немесе қоқан-лоқы көрстекені үшін немесе жаулап алу нәтижесінде жаппай халықты қырғына ұшыратуы нәтижесінде сол мемлекет басшыларының халықаралфық құқықтық жауапқак тартылуын айтуға болады. Мысалы, 1941-1945 ж фашистік Германияның басшыларын халықаралық әскери трибунадлында Нюренберг процесінде сотталуы нақты мәлім бола алады. Содан соң Потсдам конференциясында Германия 60 жыл бойы әскери қару-жарақты және әскери құрамына ұстауға тиым салынды деген шешім шығарды. Сол Сияқты 1945 жылы Жапонияда әскери құрамдарды және әскери қару-жарақты әзірлеуге Токио әскери халықаралық трибуналы да тиым салды. Кейінгі фактілерге келетін болсақ-ол, бұрынғы Югославия Президенті Родован Караджич және Слободан Милошович Албан халқын қырғынға ұшыратқаны үшін халықаралық әскери Гаага трибуналы бойынша жауапқа тартылды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы халықаралық құқыкты окьггу мәселесімен халықаралық құкықта құкықтық білімді тарату туралы резолюцияларды жиі қабылдауда. Оның себебі қазіргі халықаралық шеңберде қарулы дау-жанжалдардың және ланкесіктің жиы болуы нәтижесінде елдегі тыныштық пен экономиканың дамуына кері әсерін тигізетіні айқын болғандықтан осы атлаған құжаттың пайда болу себебі осында деге болады.

ҚОРТЫНДЫ:

1.Халықаралық құқық және халықаралық келісім-шарттар ұлиттық заңнамалар алдында артықшылығы бролуы мүмкін, егер ұлттық парламент ратификация жасаған болса. Тек ұлттық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуге тиісті болады.

2.Халықаралық келісім-шарттар міндетті түрде орындалуға тиісті болады.


Бақылау сұрақтары:

1. Бірікен Ұлттар Ұйымының негізгі мақсаттары қандай ?

2. Бас Ассамблеяның жұмысына кімдер қатысуға міндетті болады?

3. Қаупсіздік Кеңекстің мәртебесі қандай?

4. Қаупсіздік Кеңестің құрамы неше мүше-мемлекеттерден тұрады?


5 тақырып. Халықаралық құқықтың қағидалары
Мақсаты: Халықаралық құқықтың қағидалары. Халықаралық құқықтың субъектiлерi, мемлекеттi тану және мемлекеттiң құқық мирасқорлығымен танысу. Білім алушылардың теориялық білімін одан әрі тереңдеті және тәжірибе сабағында дәлелдей білуін көздейді.
Жоспары:

1.Халықаралық құқықтың негiзгi қағидалар жүйесi

2.Шекаралардың мызғымастығы қағидасы.

3 Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары және мемлекеттің негізгі кұқықтары мен міндеттері.

4.Мемлекеттердің аумақгық тұтастық қағидасы.

5.Мемлекеттердің егемендігінің теңдік қағидасы, ойың мазмұны


1.Халықаралық құқықтың негiзгi қағидалар жүйесi

Қағидалар дегенiмiз-ол, қандайда бiр жүйенiң негiзiнен қалайтын идеялар, нақты жүйенiң барлық нормалары бағынатын,әрекет көлемдi нормалар болып табылады. Халықаралық құқытың негiзгi қағидалары-ол, халықаралық құқытың өзiнiң пайда болуы кезеңiмен сәйкес келмейтiн санатқа жатады. Мұндай сипаттағы қағидалар осы құқық дамуынынң белгiлi бiр сатысында пайда болады. Халықаралық құқытың негiзгi қағидалары- бұл халықаралық құқытық салада болып жатқан түбегейлi өзгерiстердi айқын бейнелейтiн негiзгi бастауларды айтады. Халықаралық құқытың негiзгi қағидалары-өзiндiк сипаттамасы бар дербес құқықтық санатқа жатады.Оның себебi: бiрiншiден, қағидалар барлық құқытық жүйеге таралады. Екiншiден, олар мiндеттi (императивтi)(jus cogens) сипаттан тұрады. Үшiнiшiден, қағидаларға жүйе құрушы рөл сипаты тән болады. Төртiншiден,қағидаларға заңдылық өлшемi тән болады. Халықаралық құқыта қағидалардың екi түрлi санаты бар:

1.Жалпы, негiзгi қағидалар;

2. Тар мағынадағы тәртiп ережелерiн бекiтетiн арнаулы қағидалар. Негiзгi қағидаларға жататындар: БҰҰ бекiтiлген БҰҰ Жарғысы. Тар мағынадғы арнаулы қағидаға БҰҰ шығарған соғыс ережесiн сақтау туралы. Негiзгi қағида ретiнде 1970 жылғы Декларацияда халықаралық құқытың 7 қағидасы мазмұндалған, атап айтқанда:

-күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоқы жасамау қағидасы;

-iшкi iстерге араласпай қағидасы;

-Халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу қағидасы;

-Халықтардың теңдiк және өзiн-өзi басқару қағидасы;

-Мемлекеттердiң дербес теңдiк қағидасы;

-Мiндеттемелердi адал орындау қағидасы.

Кейiн келе 1975 жылы Хельсенки келiсiмi бойынша 10 қағида деп қабылдады. Оған мына бөлiмдер енгiзiлдi: 1.шекаралардың мызғымастық қағидасы; 2.аумақтық тұтастық қағидасы; 3.адамның құқытары пмен негiзгi мiндеттерiн құрметтеу қағидасы.
ҚОРЫТЫНДЫ:

1. Қағидалар-ол, барлық құқытар саласында міәендетті түрде болады.

2. Халықаралық құұқтың қағидасы –ол, көпшілктің қолдаушылығы

және әлемдік шеңберде міндеттілігі.

3.Халықаралық шеңберпде сақталытын құқық нормаларын орындау болып табылады.
2.Шекаралардың мызғымастығы қағидасы

Фридирх Энгельс айтқандай мемлекет болған соң міндетті түрде оның шекарасы бролуы керек деген. Өйткені ол мемлекеттік шекакраның мызғымастьығы болуы керек. Сондықтан да әрбір егеменді мемлекет өзінің аумақтық бөлінбестік қағидасын сақтау шарасының бірің ол шекараның мызғмастығы болып табылады деген.

Егемендiк мемлекет болғасын мiндеттi түрде шекара болуы керек. Шекара дегенiмiз-ол, егемендi мемлекеттiң алып жатқан жер,су, аспан аумақтарын алып жатқан шеңберлiк деңгейiн айтады. Өйткенi шекера аумағына жерден басқа су аумағы және аспан кеңiстiгi кiретiнi белгiлi.

Шекаралардың мызғымастық қағидкасының мәнi бұл қағиданың соғыс пен бейбiтшiлiк мәселелерiн шешудегi ұзақ мерзiмдi тәжiрибемен қамтамасыз етiлгенiн айқындады. Осы қағиданы қолдау әлемдiк тәжiрибеде қалыптасқан саяси және аумақтық болмыс шарт- жағдайларындағы барлық мемлекеттер үшiн ақиқатты қаупсiздiктi бекiту сұранысының жинақтылығын көрiнiс болып табылады. Бұрындары шекаралардың мызғымастығы қағидасы халықаралық құқытың жаңа қағидасы деп аталып келдi. БҰҰ жарғылық ережелерi кез келген мемлекеттiң аумақтық мызғымастығына немесе саяси тәуелсiздiгiне күшпен қол сұғуға тиым салады. Осылайша мемлекеттердiң аумақтық мызғымастығын қорғай отырып және оны бұзу үшiн күш қолдануға сиым сала отырып, БҰҰЖарғысы шекаралардың мызғымастығы қағидасын басшылыққа алады. Бұрынғы Ресей империясының шекара қағидасына мынадай түсiнiк берiлген: Шекара-ол, тек мемлекеттiң аумағының бiр тұтас бөлiнбестiгiн қорғай отыра сонымен қатар мемлекеттен ұлтттық қазына байлығының сыртқа бейберекетсiз шығып кетпеуiне тосқауыл болады.

ҚОРЫТЫНДЫ:

1.Әрбір егеменді мемлекетте шекара болуға тиісті және ол

мемлекеттік атрибуттың бірі болып табылады.

2. Шекара әрбір мемлекеттік егемендігін қорғаумен қатар оның ұлттық

байлығының және экономиксының үнемдеуіне және сыртқа

бейберекетсіз таралып кетуіне тосқауыл болады.


3 Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары және мемлекеттің негізгі кұқықтары мен міндеттері

Халықаралық құқыта кейбiр ерекшелiктерге қарамастан, теория бойынша құқық субъектiлерiне берiлген түсiнiк оған да бiрдей болып келедi. Субъективтi заңдық құқықтары мен мiндеттерi бар халықаралық құқық қатынасы қатынасушылары халықаралық құқық субъектiлерi болып табылады. Халықаралық құқық субъектiлерi екi топқпа бөлiнедi:

1.Алғашқы; 2.Туынды.

1.Алғашқы топқа тәуелсiздiгi бар мелекеттер;

- өз тәуелсiздiктерi үшiн күресушi халықтар мен ұлтар кiрдi.

Тәуелсiздiгi үшiн күресушi ұлттар өзiнiң мемлекеттiк құрлысын өзi шешу құқығын жүзеге асырады. Субъектiлердiң бұл екi тобы алғашқы топқа жалпы белгiлерi- тәуелсiздiгi арқылы бiрiккен. Мемлекетте ол белгi- мемлекеттiк болса, ал өз тәуелсiздiгi үшiн күресушi ұлттар мен халықтарда-ұлттық белгi болды.

2.Туынды топқа халықаралық ұйымдар мен мемлекеттiк тәрiздес құрылымдар кiредi. Мысалы, Қызыл крес пен жарты ай ұйымы; Денсаулық сақтау ұйымы т.б. мемлекет тәрiздеске: Ватикан, Антрактида т.б. Жеке тұлғалар халықаралық құқ субъектiлерiнiң ерекше тобын құрайды. Мемлекеттер- халықаралық құқытың негiзгi субъектiлерi болып табылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы- халықаралық құқытың субектiсi болып табылады.

Халықаралық құқық субъектiсi дегенiмiз-ол, бүкiл әлем аумағы бойынша жеке өз алдына саяси ұйым болып табылатын, өз мәселесiн өзi реттеушi саяси қоғамдық ұйымды айтады. Халықаралық құқық субъектiсi ретiнде мемлекеттер үшiн ерекше саяси-заңдық сипат, өз аумағындағы үстемдiгi және халықаралық қатынастардағы тәуелсiздiгi тән. Мемлекет өз тәуелсiздiгiнiң күшi бойынша құқықтық субъектiлiкке (ipso- facto)-ға ие, яғни өзiнiң өмiр сүру фактiсiнiң нәтижесiнде ие болады.Мемлекеттердiң әрекет қабiлеттiгi оның олның халықаралық шарттық тәжiрибелерге қатысуынан , дипломатиялық және елшiлiк қатынастарды орнату нәтижесiнен, халықаралық ұйымдарға мүше болу мәселелерiнен көрiнедi. Мемлекет, бiр жағынан алғанда, халықаралық жүйенiң бiр бөлiгi болса, ал екiнiшi жағынан, одан тыс та дами бередi. Мысалы, ХХ ғас.60 жылдардың басында Албания халықаралық ұйымдардың құрамынан шығып,басқа мпмлекеттермен дипломатиялық және елшiлiк қатынастардың бәрiн тоқтатып, дербес дамуға бел байлады.

Халықаралық субъектiлерiне жататындар:

-Мемлекеттер;

-Арнайы және ерекше мәртебесi бар қала-мепмлекеттер;

-Халықтар;

-халыұқаралық ұйымдар;

-мемлекетке ұқсас құрылым;

-жеке тұлға.
ҚОРЫТЫНДЫ:

1.Қазақстан-ол, халықаралық құқықтың субъектісі және әрі объектісі болып табылады. Бұл құқытық дәреже тек 1991 жылдың КСРО ыдыраған соң осы халықаралық дәрежеге ие болды.

2. Халықаралық субъектілікке міндетті түрде егемендігі бар мемлекеттер

жатады және оның толық құқықтық субъектісі бола алады.

3. Халықаралық құқық субъектісі негізгі және туында болып екі түрден

тұрады.


4.Негізгі субъектісіне егеменді мемлекеттер жатады.

5.Туында субъектілеріне ұлт-азаттық күресін жүргізіп жатқан халықтарды айтуға болады.



жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау