Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы



жүктеу 0,79 Mb.
Pdf просмотр
бет54/58
Дата07.02.2020
өлшемі0,79 Mb.
#28564
түріКодекс
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58

 
      9) кәсіптік міндеттерін жоғары сапалы деңгейде орындағаны үшін көтермеленуге;
 
      10) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға;
 
      11) медицина қызметкері тарапынан ұқыпсыз немесе немқұрайлы көзқарас болмаған 
кезде, азаматтың денсаулығына келтірілген зиян үшін кәсіптік жауапкершілікті 
сақтандыруға құқығы бар.
 
      2. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының ғылыми-педагог 
кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау бюджет қаражаты, жұмыс 
берушінің қаражаты, өз қаражаты есебінен, сондай-ақ тыйым салынбаған басқа көздер 
есебінен жүзеге асырылады.
 
      3. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала 
үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне 
мынадай әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары ұсынылады:
 
      1) жергілікті өкілді органдар айқындайтын мөлшерде лауазымдық айлықақыға 
қосымша ақы;
 
      2) коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды облыстардың, 
республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілді органдары 
белгілеген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен өтеу;
 
      3) жеке меншігінде малы барлар жергілікті өкілді және атқарушы органдардың 
шешімі бойынша жемшөппен, мал жаюға және шөп шабуға арналған жер учаскелерімен 
қамтамасыз етіледі;
 
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңілдіктерден басқа, 
денсаулық сақтау қызметкерлеріне жергілікті өкілді органдар жергілікті бюджеттердің 
қаражаты есебінен қосымша жеңілдіктер белгілеуі мүмкін.
 
      4. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде жұмыс 
істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне "Агроөнеркәсіптік кешенді және 
ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан 
Республикасының Заңында көзделген әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары ұсынылады.
 
      5. Қызметтік және кәсіптік міндеттерін атқару кезінде АИТВ жұқтырылған 
материалмен жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және фармацевтика 
қызметкерлерінің АИТВ жұқтыруы кәсіптік ауруға жатады.
 
      Осы адамдарға кәсіптік ауруына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы 
кезеңінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша 
жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.
 
      Қызметтік міндеттерін атқаруы ЖИТС кәсіптік ауруына әкеп соқтыруы мүмкін 
медицина қызметкерлері мен басқа да қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандырылуға 
жатады.
 
      АИТВ/ЖИТС-пен байланысты профилактикалық, емдеу-диагностикалық және ғылыми-
зерттеу жұмысымен тікелей айналысатын медицина қызметкерлерінің, қызметшілердің 
және техникалық қызметкерлердің алты сағаттық қысқартылған жұмыс күніне, ұзақтығы 
күнтізбелік жиырма төрт күн қосымша ақы төленетін демалысқа, белгіленген жалақының 
алпыс проценті мөлшерінде кәсіптік зияндылығы үшін қосымша еңбекақыға құқығы бар.
 
      6. Медицина және фармацевтика қызметкерлері:
 
      1) өздерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындауға, пациенттерге құрметпен 
және ізгілікпен қарауға, медициналық этика және деонтология принциптерін басшылыққа 
алуға;
 
      2) аурулардың профилактикасына және азаматтардың денсаулығын нығайтуға 
жәрдемдесуге, медициналық көмек көрсетуге;
 
      3) шұғыл жағдайларда халыққа кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуге;
 
      4) халық арасында медициналық білімді және салауатты өмір салтын насихаттау 
жөніндегі жұмысты жүргізуге;
 
      5) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін сақтауға, 


 
дәрігерлік құпияны сақтауға, азаматтардың аурулары, ішкі және отбасылық өмірі 
туралы мәліметтерді жария етпеуге;
 
      6) өзінің кәсіптік деңгейін үздіксіз дамытуға және арттыруға;
 
      7) қажет болған жағдайларда консультация алу үшін басқа бейіндегі немесе 
біліктілігі неғұрлым жоғары мамандарды тартуға міндетті.
 
      7. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен 
лауазымды адамдардың, сондай-ақ азаматтардың тарапынан медицина және фармацевтика 
қызметкерлерінің кәсіптік қызметіне араласуға тыйым салынады.
 
      8. Кәсіптік міндеттерін орындау кезінде медицина және фармацевтика 
қызметкерлерiнің өз діни нанымдары бойынша қандай да бір іс-әрекеттер 
(әрекетсіздік) жасауына, сол сияқты олардың жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына 
зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін діни жоралар мен рәсімдерді өткізуіне (жасауына) 
жол берілмейді.
 
      
Ескерту. 182-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.11 
№ 484-ІV
  (қолданысқа 
енгізілу тәртібін 
2-баптан 
қараңыз) Заңымен.
 
      183-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек
 
                қатынастары
 
      1. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан 
Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
 
      2. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу 
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге 
асырылады.
 
      3. Ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың, оның ішінде білім беру мен ғылыми 
ұйымдар басшыларын және олардың орынбасарларын қызметке тағайындауды және қызметтен 
босатуды уәкілетті орган жүзеге асырады.
 
      184-бап. Қазақстан Республикасының медицина және
 
                фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі
 
      1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі (бұдан әрі - 
Ар-намыс кодексі) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің азаматтар мен 
тұтастай қоғам алдындағы өз қызметі үшін моральдық жауапкершілігін айқындайды.
 
      2. Медицина және фармацевтика қызметкерлері өз қызметінде:
 
      1) осы Кодексті және Ар-намыс кодексін басшылыққа алуға;
 
      2) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын нығайтуға жәрдемдесуге;
 
      3) тек қана пациенттің мүдделерінде шешім қабылдауға;
 
      4) Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерінің жоғары 
атағына кір келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;
 
      5) өзінің қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы атқаруға;
 
      6) өзінің кәсіптік білімін үздіксіз жетілдіруге;
 
      7) өзінің жеке пайдасын басшылыққа алып, профилактика мен емдеудің әдістері 
мен құралдарын жарнамалауға және пайдалануға жол бермеуге;
 
      8) еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға;
 
      9) денсаулық сақтау ұйымдарының мүлкіне ұқыпты қарауға және оны тиімді 
пайдалануға;
 
      10) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;
 
      11) қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және жеке басының өзге де мақсаттарында 
пайдалануға жол бермеуге;
 
      12) жеке басының үлгісімен ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-
психологиялық жағдай жасауға ықпал етуге;
 
      13) басқа да медицина және фармацевтика қызметкерлері тарапынан Ар-намыс 
кодексінің нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және олардың жолын кесуге;
 
      14) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде белгіленген киім нысанын 


жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау