Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы



жүктеу 0,79 Mb.
Pdf просмотр
бет50/58
Дата07.02.2020
өлшемі0,79 Mb.
#28564
түріКодекс
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58

 
      11. Кейіннен транспланттау үшін тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың 
бөліктерін) алуды қамтамасыз ететін адамдардың биологиялық өлімді немесе бас миының 
біржола семуін растауға қатысуына тыйым салынады.
 
      170-бап. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың
 
                бөліктерін) транспланттау тәртібі
 
      1. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау 
қажеттігі туралы медициналық қорытындыны тиісті денсаулық сақтау ұйымының 
консилиумы береді.
 
      2. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау 
реципиенттің не кәмелетке толмаған реципиенттің немесе сот әрекетке қабілетсіз деп 
таныған реципиенттің заңды өкілінің жазбаша келісімімен жүзеге асырылады.
 
      3. Реципиент не кәмелетке толмаған реципиенттің немесе сот әрекетке 
қабілетсіз деп таныған реципиенттің заңды өкілі алдағы уақытта жасалатын 
транспланттауға байланысты реципиенттің денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар 
туралы ескертілуге тиіс.
 
      4. Инфекция жұқтырған тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың 
бөліктерін) транспланттауға тыйым салынады.
 
      5. Тірі донордан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу 
және консервациялау мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында және лицензияға сәйкес 
"трансплантология" мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын, мемлекет қатысатын 
денсаулық сақтау ұйымдарында
, сондай-ақ Денсаулық сақтау саласындағы 
ұлттық 
холдингте
 және оның еншiлес ұйымдарында
 ғана жүргізіледі.
 
      6. Транспланттау мақсатында мәйіттерден тіндерді және (немесе) ағзаларды 
(ағзалардың бөліктерін) алу және консервациялау мемлекеттік денсаулық сақтау 
ұйымдарында және мемлекет қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарында
, сондай-ақ 
Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында
 
жүргізіледі.
 
      7. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттауға 
мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында және лицензияға сәйкес "трансплантология" 
мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын, мемлекет қатысатын денсаулық сақтау 
ұйымдарында
, сондай-ақ Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның 
еншiлес ұйымдарында
 ғана жол беріледі.
 
      8. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алудың, 
консервациялаудың, адамнан адамға және жануардан адамға транспланттауды жүргізудің 
тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган белгілейді.
 
      9. Осы баптың күші ұрпақты болу тіндерін (жыныстық жасушаларды) қамтитын, 
адамның өсіп-өну процесіне қатысы бар тіндерге және (немесе) ағзаларға (ағзалардың 
бөліктеріне), сондай-ақ қан мен оның компоненттеріне қолданылмайды.
 
      
Ескерту. 170-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.19 
N 395-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 
      171-бап. Донор мен реципиенттің құқықтары
 
      1. Донор осы Кодекстің 165-бабында көзделген құқықтардан басқа:
 
      1) денсаулық сақтау ұйымдарынан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың 
бөліктерін) алу бойынша алдағы хирургиялық араласуға байланысты өзінің 
денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы толық ақпаратты талап етуге;
 
      2) тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу бойынша 
жүргізілген хирургиялық араласуға байланысты денсаулық сақтау ұйымында тегін 
медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ем алуға, оның ішінде 
дәрі-дәрмек емін алуға құқылы.
 
      2. Реципиент:
 
      1) денсаулық сақтау ұйымдарынан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың 


 
бөліктерін) транспланттау бойынша алдағы хирургиялық араласуға байланысты оның 
денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы толық ақпаратты талап етуге;
 
      2) жүргізілген хирургиялық араласуға байланысты денсаулық сақтау ұйымында 
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ем алуға, оның 
ішінде дәрі-дәрмек емін алуға құқылы.
 
      3. Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және өзге де қызметкерлеріне донор 
мен реципиент туралы мәліметтерді жария етуге тыйым салынады.
 
   28-тарау. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) 
тіндерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, қаны мен оның 
компоненттерін, жасушаларының, тіндерінің, биологиялық сұйықтықтары мен 
сөлдерінің үлгілерін әкелу, әкету 
      Ескерту. 28-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 № 107-V 
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі) Заңымен.
 
      172-бап. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және 
 
              (немесе) тіндерін, гемопоэздік дің жасушаларын,
 
              сүйек кемігін әкелу, әкету үшін негіздер
 
      1. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, 
гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін Қазақстан Республикасының аумағына 
әкелу:
 
      1) денсаулық сақтау ұйымдарында транспланттау қажет болған;
 
      2) Қазақстан Республикасының аумағында диагностикалық зерттеулер қажет 
болған;
 
      3) бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзген кезде жүзеге асырылады.
 
      2. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, 
гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін Қазақстан Республикасының аумағынан 
әкету:
 
      1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі Қазақстан Республикасының 
азаматына медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;
 
      2) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының шегiнен тыс 
жердегі жақын туыстары мен жұбайына (зайыбына) медициналық көмек көрсету қажет 
болған кезде;
 
      3) диагностикалық зерттеулер қажет болған кезде;
 
      4) бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзген кезде;
 
      5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген 
жағдайларда;
 
      6) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын донордың гемопоэздік дің 
жасушаларын, сүйек кемігін шетелде тұратын реципиентке транспланттауды жүргізу 
қажет болған кезде жүзеге асырылады.
 
      3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында және 2-тармағының 1), 2) және 5) 
тармақшаларында көзделген жағдайларда, адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін), 
тіндерін Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына 
әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге арналған 
лицензияны уәкiлеттi орган медициналық қызметке арналған лицензияға сәйкес 
«трансплантология», «гематология» мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын 
денсаулық сақтау ұйымдарының өтiнiшi бойынша бередi.
 
      4. Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның гемопоэздік дің 
жасушалары, сүйек кемігі өткізілетін жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының 
аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету уәкілетті орган 
берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде жүзеге асырылады.
 
      5. Адамның ағзаларын және (немесе) тіндерін жеке тұлғалардың әкелуіне және 


жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау