жобаларына, сондай-ақ халықтың әр түрлі топтарын оқыту, тәрбиелеу, олардың тәни
даму, еңбек ету, өмір сүру, демалу, тамақтану, сумен жабдықталу, медициналық қызмет
көрсетілу режимдеріне;
6) шикізатты, тамақ өнімдерін, ауыз суды, құрылыс материалдарын, кең
тұтынылатын тауарларды, уытты, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру,
тасымалдау, сақтау, қолдану және өткізу, сондай-ақ жұмыстар орындау мен қызметтер
көрсету жағдайларына;
7) халықтың әр түрлі топтарын оқыту, тәрбиелеу, олардың тәни даму, еңбек ету,
өмір сүру, демалу, тамақтану, сумен жабдықталу және медициналық қызмет көрсетілу
жағдайларына;
8) санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды, халықтың денсаулық жағдайын
сипаттайтын материалдарға, инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар туралы
және уланулар туралы мәліметтерге;
9) топыраққа, су қоймаларына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық,
токсикологиялық, радиологиялық жүктеме жөніндегі материалдарға;
10) жаңа өнімге, технологияға, жабдыққа;
11) жобаланып жатқан, салынып жатқан және пайдаланылып отырған өнеркәсіптік
және азаматтық мақсаттағы объектілерге, өнеркәсіп бұйымдары мен көлікке, сондай-ақ
халықтың денсаулығы үшін ықтимал қауіпті және (немесе) маңызы бар басқа да
объектілерге;
12) сәйкестігі міндетті расталуға жатпайтын тамақ өнімдеріне, тамақ
өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарға;
13) білім беру ұйымдарындағы оқу-еңбек жүктемесі мен оқу режиміне;
14) балаларға арналған тауарларға, тағамдық қоспаларға;
15) елдi мекендер құрылысын жоспарлаудың, өнеркәсiптiк және азаматтық
мақсаттағы объектiлердi орналастырудың, салу мен реконструкциялаудың, санитариялық-
қорғаныш аймақтарының, су пайдалану мен сарқынды суларды бұру, уытты, радиоактивтi
және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату мен көму шарттарының, шикiзаттың,
технологиялық жабдықтың, тамақ өнiмдерi өндiрiсi процестерiнiң, азық-түлiк
шикiзатының, өнеркәсiп бұйымдарының, құрылыс материалдарының, иондандырушы
сәулелену көздерiнiң, химиялық заттар мен өнiмдердiң, биологиялық, дәрiлiк,
дезинфекциялаушы, дезинсекциялаушы және дератизациялаушы құралдардың, медициналық
иммундық-биологиялық препараттардың және азық-түлiк шикiзатымен, тамақ өнiмдерiмен
және ауыз сумен жанасатын ыдыстардың, орама және полимерлiк материалдардың,
парфюмериялық-косметикалық және басқа да кең тұтынылатын тауарлардың, жабдықтардың,
аспаптар мен жұмыс құрал-саймандарының жаңа түрлерiне арналған стандарттар мен
нормативтiк құжаттардың жобаларына;
16) елді мекендердегі шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің
объектілеріне, олардың санитариялық-қорғаныш аймақтарының көлемдеріне санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды береді.
9. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың негізінде санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды (гигиеналық қорытынды, гигиеналық сертификат) - жобалау
құжаттамасының, мекендеу ортасы факторларының, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де
қызметтің, өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және
гигиеналық нормативтерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжат
беріледі.
10.
Алып тасталды - ҚР 2011.07.15
N 461-IV
(2012.01.30 бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 62-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.30
N 297-IV
(2010.07.01
бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06
N 378-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15
N 461-IV
(2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10
N 36-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
63-бап. Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техникаға сараптама
1. Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техникаға сараптама - дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техникаға физикалық-химиялық, биологиялық, клиникаға дейінгі
(клиникалық емес) сынақтар, клиникалық зерттеулер жүргізу, олардың
биоэквиваленттігін айқындау, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен дәрілік
затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тіркеуге табыс
етілген тіркеу деректерінің құжаттарын, стандарттау жөніндегі нормативтік
құжаттарды зерделеу арқылы олардың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы тұрғысынан
зерттеу немесе сынау.
2. Дәрiлiк заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техникаға сараптама жүргізу мемлекеттік монополияға жатады және оны дәрiлiк заттар,
медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы
мемлекеттік сараптама ұйымы болып табылатын, шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін
тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10
N 34-V
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
63-1-бап. Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік
заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың
қауіпсіздігі мен сапасын бағалау
1. Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық
мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау дәрілік заттардың,
медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасының оларды Қазақстан
Республикасында тіркеуге негіз болған тіркеу деректемесінің, стандарттау жөніндегі
нормативтік құжаттардың деректеріне сәйкестігін айқындау арқылы жүргізіледі.
2. Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттардың, медициналық
мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау мемлекеттік монополияға
жатады және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
аккредиттелген сынақ зертханалары бар, дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы
бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы
болып табылатын, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын
жүзеге асырады.
Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін
тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ескерту. 12-тарау 63-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10
N 34-V
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
64-бап. Ғылыми-медициналық сараптама
1. Ғылыми-медициналық сараптаманың объектілері:
1) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобалары;
2) республикалық нысаналы ғылыми-медициналық бағдарламалар;
3) аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың нәтижелері;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын алуға ұсынылатын ғылыми
Достарыңызбен бөлісу: |