«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі жобасының тұжырымдамасы


Заң жобасы нысанасының өзге нормативтiк құқықтық актілермен реттелуі



жүктеу 182,51 Kb.
бет22/26
Дата18.05.2022
өлшемі182,51 Kb.
#38625
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Денсаулық туралы кодекс

9. Заң жобасы нысанасының өзге нормативтiк құқықтық актілермен реттелуі

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі және «Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы» 2003 жылғы 14 қазандағы және «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» 1995 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдары.



10. Қаралып жатқан мәселе бойынша халықаралық тәжiрибенiң бар болуы

Қоғамдық денсаулық сақтау

Сонымен, Еуропада темекі өніміне сұранысты, алкогольді теріс пайдалануды, дұрыс тамақтанбауды төмендету бойынша іс-шараларға бағытталған ИЕА-мен күрес бойынша ұлттық интеграцияланған іс-қимыл стратегиясы/жоспары қолданыста. Оған қоса, ИЕА-мен күресте халықты саламатты өмір салтына үйретуге, сондай-ақ халықты дене белсенділігімен айналысуға тарту бойынша ауқымды науқан жүргізуге үлкен мән беріледі.

Ұлыбританияда 2017 жылдан бастап құрамында тұздың, қанттың және транс-майлардың жоғары мөлшері бар «зиянды» тамақ өнімдерін күндізгі уақытта жарнамалауға тыйым салынған. Еуропада денсаулық үшін зиянды заттары бар өнімдердің қаптамаларында таңбалау тамақ өнімдерін өндірушілер үшін міндетті шарт болып табылады. Финляндияда 2010 жылдан бастап тәтті өнімдерге және алкогольге салық енгізілген, сондай-ақ тұздалған өнімдерге тыйым салынған, бұл ИЕА-дан болатын сырқаттанушылықтың 80%-ға төмендеуіне және финдердің күтілетін өмір сүру ұзақтығын 1980 жылдармен салыстырғанда 10 жылға дейін ұзартуға алып келді. Канадада ұнның фортификациясы 2010 жылдан бастап жүйке жүйесі аурулары бар балалардың тууы 2 есе төмендетті.

Ведомствоаралық өзара іс-қимылдың арқасында Финляндияда халықтың дене белсенділігінің өсуі денсаулық сақтау жүйесіне жыл сайын шамамен 5,5 млрд $ үнемдеу әкеледі. Жастар денсаулық орталықтарының күшейтілген жұмысы Эстонияда жасөспірімдер арасында АИТВ таралуын 5 жыл ішінде (2000 – 2005 жж.) 43,6%-дан 1,8%-ға дейін төмендетуге ықпал етті, жасөспірімдердің түсік тастау саны 2000 жылдан бастап 2013 жылға дейін 33%-дан 16,8%-,а дейін қысқарды. Исландияда жасөспірімдер арасында девианттық мінез-құлықпен күрес бойынша жастар жобасын жүргізу жасөспірімдердің спирт ішімдіктерін тұтынуы 42%-дан (1998 ж.) 5%-ға дейін (2016 ж.), ал өмірінде бір рет есірткі заттарын тұтынуы 17%-дан 7%-ға төмендетті.

Канада, Австралия және Ұлыбританияда темекі бұйымдарына акциздерді арттыруы соңғы 10 жылда ИЕА-ларды 4 есе төмендетуге алып келді. Австралияда БАҚ-тың кең ауқымды науқандардың арқасында соңғы 10 жыл ішінде халық арасында темекі шегудің таралуы 23,6%-дан 17,3%-ға дейін төмендеді. АҚШ-та Калифорния, Миссисипи, Батыс Вирджиния штаттарында егулер кестесін 100% сақтау байқалып отыр.

Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру

Елдердің халықаралық тәжірибесіне сәйкес стратегиялық әріптестік көшбасшыларды медицинаның көптеген бағыттары бойынша оқытуға және дамытуға, клиникалық тәжірибені жақсартуға, осы елдердің кадрлық әлеуетін күшейтуге, нақты бағыттар бойынша институционалдық реформалар жүргізуге, ғылымның дамуын ынталандыруға және зерттеушілерге халықаралық гранттар алуға мүмкіндік берді. Мысалы, Мубадала Даму Клиникасы мен Кливленд клиникасы (АҚШ) арасындағы 2006 жылғы келісімнің негізінде денсаулық сақтау секторын әлемдік деңгейге жеткізу үшін «Экономикалық пайым 2030» Абу Даби мемлекеттік бағдарламасын қолдау үшін Кливленд және Абу Даби (Cleveland Clinic Abu Dhabi) клиникасы құрылды.

Медициналық білім беру ұйымдарының арасындағы стратегиялық әріптестіктің халықаралық тәжірибесін Сингапур мысалында да байқауға болады. Елді Азияның биомедициналық орталығы (хаб) ретінде айқындау мақсатында бомедициналық ғылым саласында елдік бастаманы қолдау үшін қажетті жоғары білікті медицина көшбасшыларын алу үшін Дьюк Университетімен (Duke-NUS medical school) бірлесіп жоғары оқу орнынан кейінгі медицина мектебі құрылды. Елеулі прогрестен кейін 2016 жылғы 2 маусымда Сингапурда үшінші келісімге қол қою арқылы бұл ынтымақтастықты кеңейту расталды. Duke-NUS медицина мектебі Сингапур Ұлттық Университеті жүйесінің бөлігі болып табылады, алайда Басқарушы кеңестің, оның ішінде академиялық кеңес қабылдаған кез-келген шешімге вето қою құқығы бар Дьюк Университеті өкілінің бақылауында болуы оны бірегей етіп отыр.

Әлемдік тәжірибе ғылымның, практика мен білімнің интеграциясы жағдайында заманауи білім алу және дәрігердің бәсекеге қабілеттігін даярлау үшін тиімді орта құру мүмкін болатынын көрсетіп отыр.

Дамыған елдерде медицина мектебінің (ЖОО-ның) жұмыс істеуінің негізгі шарттарының бірі клиникалық дайындық үшін қажетті инфрақұрылым – университеттік клиниканың болуы.

Францияда университеттік ауруханалық орталықтар университеттің құрылымына кіретін және дербес ұйым болып табылатын, университетпен қандай да бір келісіммен байланыстағы медициналық ұйымдар болып табылады. CHU – өңірлік мемлекеттік орталықтар. Олар 32 мекемені біріктіретін бүкіл ел бойынша Бірыңғай желіні құрайды. Орташа елдің әрбір өңіріне бір университеттік ауруханалық орталық тиісті. Университеттік ауруханалық орталықтар персоналының бөлігі бір мезгілде екі ұйымға жұмыс істейтін және екі жалақы алатын медицина қызметкерлері, сондай-ақ оқытушылар болып табылады. Университеттік клиникалық орталықтарының бірыңғай желісі елдің мемлекеттік медициналық мекемелеріне емдеуге жатқызудың үштен бір бөлігін және аурулардың барлық түрлері бойынша кезек күттірмейтін көмек, үйдегі көмек, медициналық алғашқы көмек саласында дәрігерлік қызметтердің түгел кешенін қамтамасыз етеді. CHU қаржыландыруды мемлекет әлеуметтік сақтандыру, қайырымдылық ұйымдарының қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Германиядағы университеттік клиникалар әлемдегі ескі клиникалар болып табылады. Елді алғашқы университеттік клиникалар XVIII ғасырда пада болды. Қазіргі уақытта Германияда барлық федералдық жерлерде, елдің барлық өңірлерінде орналасқан 40 университеттік клиника бар. Жыл сайын Германияның университеттік клиникалары стационарда 1,7 миллион пациентке қызмет көрсетеді. Бұл ретті медициналық көмектің күрделі және кешенді түрлері көбінесе университеттік клиникаларда көрсетіледі. Германияда университеттік клиникаларды қаржыландыру әдетте үш көзден: жергілікті бюджет, федералдық үкімет пен ғылыми ұйымдар және мамандандырылған қорлар қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Ұлыбританияның университеттік клиникалары (University Hospitals или Teaching Hospitals) Ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне (National Health Service) кіреді. Ұлыбританияның ауруханаларын NHS шеңберінде ауруханалық тресттер - Acute Trusts басқарады, олар пациенттерге көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын және бөлінген қаражаттың ұтымды пайдалануын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ауруханаларды дамыту стратегиясын айқындайды. Кейбір Acute Trusts мамандандырылған сипаттағы қызметтер ұсыну бойынша өңірлік және ұлттық орталық болып табылады, басқалары университтермен және мектептермен байланысты және медицина кадрларын даярлауға қатысады. Дәрігерлік практиканы өтуге жас мамандарға жәрдемдесетін жетекші ұлттық орган – Ұлыбританияның Университеттік клиникалар қауымдастығы (Association of UK University Hospitals) болып табылады. Қауымдастыққа 43 трест кіреді. Бұл ретте бір трест бірнеше университеттік клиника мен ауруханалар үшін жауап береді.

АҚШ-та мыңнан астам оқу клиникалары жұмыс істейді, 400 жетекші клиника білім беру мекемелері мен Американдық медицина ЖОО-лары қауымдастығының денсаулық сақтау жүйесі жанындағы Клиникалар кеңесінің (Council of Teaching Hospitals and Health Systems, COTH) құрамына кіреді. Заманауи жағдайда академиялық құрылымдар мен университеттік клиникалардың әріптестігі негізінде білімнің, ғылым мен практиканың үштұғырлығын қамтамасыз ету механизмдерін дамыту академиялық медицина орталықтарын (бұдан әрі – АМО) құруға алып келді. Қазіргі уақытта АҚШ-та 119 академиялық медицина орталығы бар.

АМО басшылықтың шоғырландырылған құрылымын және құндылықтары академиялық, зерттеу және емдеу компоненттерін қамтитын жалпы жүйелі әкімшілік инфрақұрылымды білдіреді. Аталған компоненттерді бір басшылыққа интеграциялау ұйым қызметтерінің спектрін кеңейтуге, медицина қызметкерлерінің әлеуетін арттыруға, нәтижелерін кейіннен медициналық көмек көрсету процесіне енгізе отырып ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Университеттік клиника – медициналық инновациялар мен ғылым орталығы ғана емес, сондай-ақ ол «дәрігер-ғалым-педагог» моделін дамыту үшін негіз болып табылады. Білім беру және ғылыми ізденістер процесіне үздік практика мамандары, ғылыми қызметкерлер мен оқытушылар ынталандыра отырып тартылады және практикалық жұмыс және клиникалық зерттеулер жүргізу мүмкіндігін алады. Бұл дәрігерлік кадрларды (бір тараптан дәрігер, оқытушы, ғалым) оңтайлы пайдалануға, кадрлардың жоғары материалдық және кәсіби ынталандырылуын қамтамасыз етуге және бүгінгі күні әлемдік денсаулық сақтауда үздік кәсіби даму стандарты болып табылатын медицина кадрларын мансаптық ғылыми-педагогикалық дамыту моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді.




жүктеу 182,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау