«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-iv кодексі



жүктеу 3,61 Mb.
бет3/23
Дата07.02.2018
өлшемі3,61 Mb.
#8916
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, олардың жолын кесу жөніндегі қызметі, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің сақталуын бақылау;

81) никотин - темекі жапырақтары мен темекі түтінінде болатын алкалоид;

82) нутрицевтиктер - құрамында эссенциалдық (ауыстырылмайтын) тағам компоненттерінің (кейбір амин-қышқылдар, витаминдер, минералдық заттар мен микроэлементтер, жартылай қанықтырылған май қышқылдары, дисахаридтер мен тағам талшықтары) ұсынылған тәуліктік тұтынудан аспайтын әртүрлі берілген үйлесімі бар биологиялық активті қоспалар;

83) орфандық препараттар - орфандық (сирек кездесетін) ауруларды емдеуге және диагностикалауға арналған препараттар;

84) орфандық (сирек кездесетін) аурулар - адамның өміріне қауіп төндіретін немесе мүгедектікке әкеп соғатын, болу жиілігі ресми айқындалған деңгейден аспайтын, сирек кездесетін ауыр аурулар;

85) парафармацевтиктер - фармакологиялық әсері бар және аурулардың профилактикасына, көмекші терапияға, ағзалар мен жүйелердің функционалдық активтілігін реттеуге бағытталған табиғи жолмен алынатын, емдік мөлшерлемедегі биологиялық активті қоспалар немесе олардың синтетикалық баламалары;

86) патенттелген дәрілік заттар - Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасына сәйкес құқықтық қорғалатын дәрілік заттар;



87) пациент - медициналық қызметтер көрсетудің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;

88) профилактика - аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;

89) психикаға белсенді әсер ететін заттар - бір рет қабылдағанда адамның психикалық және дене функцияларына, мінез-құлқына әсер ететін, ал ұзақ уақыт қабылдаған кезде психикалық және тәни тәуелділік туғызатын синтетикалық немесе табиғаттан алынатын заттар;

90) психиканың бұзылуы (ауру) - адамның бас миы жұмысының бұзылуына байланысты психикалық қызметінің бұзылуы;

91) реципиент - донорлық қан немесе одан бөлінген компоненттер және (немесе) препараттар құйылатын, еркектің немесе әйелдің донорлық материалы (шәует немесе аналық жасуша) енгізілетін не донордан алынған тіндерді және (немесе) ағзаны (ағзаның бөліктерін) транспланттау жасалатын пациент;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 92) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



92) санитариялық-карантиндік бақылау - адамдар мен жүктердің кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтуі кезінде ел аумағына инфекциялық және паразиттік ауруларды, сондай-ақ адам денсаулығына әлеуетті қауіпті заттар мен өнімді кіргізуге жол бермеу мақсатында өткізілетін, жүктердің санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін және адам денсаулының жай-күйін бақылау;

93) санитариялық-қорғаныш аймағы - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдары мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы жайлар мен ғимараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін әлсірету мақсатында бөліп тұратын аумақ;

94) санитариялық-эпидемиологиялық жағдай - белгілі бір аумақтағы халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасының белгілі бір уақыттағы жай-күйі;

95) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс- шаралар - мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсерін жоюға немесе азайтуға, инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының, жаппай уланудың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған шаралар;

2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 95-1) тармақшамен толықтырылды



95-1) спорттық медицина - спортшыларды даярлауды медициналық-биологиялық қамтамасыз етуге жауап беретін және спорттағы дәрігерлік және функционалдық бақылауды, спортшыларды функционалдық және медициналық оңалтуды, спорттық жұмыс қабілетін арттыруды, спортшылардың соматикалық ауруларының терапиясын, спорттық травматологияны, спорттағы жедел жәрдемді және спорт гигиенасын қамтитын медицина мен денсаулық сақтау саласы;

96) тамақ өнімін байыту (фортификациялау) - тамақ өнімін өндіру немесе қайта өңдеу процесінде оған витаминдерді, минералдарды және басқа да заттарды тағамдық және биологиялық құндылығын арттыру, сондай-ақ адамда олардың тапшы болуына байланысты аурулардың профилактикасы мақсатында енгізу;

тәуекелді бағалау - инфекциялық және паразиттік ауруларды қоздырғыштардың немесе жұқтырғыштардың ену және таралу ықтималдығына, сондай-ақ қоршаған орта факторларының халықтың денсаулық жағдайына кері әсеріне және осыларға байланысты ықтимал медициналық-биологиялық және экономикалық салдарларға ғылыми негізделген баға беру;

98) тәуелсіз сарапшы - денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке тұлға;

99) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі - Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтер көрсетудің Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тізбесі бойынша бірыңғай медициналық көмектің көлемі;

100) темекі - темекі бұйымдарын өндіру үшін пайдаланылатын никотині бар өсімдік;

101) темекі бұйымы - никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, құрамында темекі бар кез келген бұйым;

102) темекі бұйымының ингредиенті - темекіден, судан немесе темекі жапырағынан басқа, өндіріс процесінде не темекіге, не темекі бұйымдарының темекі емес компоненттеріне қосылатын кез келген зат;

103) темекі бұйымының қаптамасы - темекі бұйымының белгілі бір қорап санын қамтитын топтап тұтыну ыдысының бірлігі;

104) темекі бұйымының қорабы - картоннан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан жасалған, темекі бұйымының белгілі бір санын қамтитын тұтыну ыдысының бірлігі;

105) темекі шегушілік - темекі шегуші организмінің никотинге тәуелденуін тудыратын, оның денсаулығына, сондай-ақ темекі шекпейтіндердің денсаулығына кері әсер ететін және қоршаған ортаны ластайтын темекі бұйымын тұтыну процесі;

106) транспланттау - тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу, сіңістіру;

107) туберкулездің жұқпалы түрі - науқас адамның сыртқы ортаға туберкулез бактерияларын бөліп шығаруына байланысты айналадағы адамдарға қауіп төндіретін ауру;

2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 107-1) тармақшамен толықтырылды

107-1) уақытша бейімдеу - адамды масаң күйінен шығару және оны қоршаған орта жағдайларына бейімдеу жөніндегі процесс;

108) улану - мекендеу ортасының химиялық, биологиялық және өзге де факторларының адамға қатты (бірмезгілді) немесе созылмалы (ұзақ) әсер етуі кезінде туындайтын ауру (жай-күй);

109) ұрпақты болу денсаулығы - адамның толымды ұрпақты өмірге келтіру қабілетін көрсететін денсаулығы;

110) фармакологиялық зат - белгіленген фармакологиялық активтілігі мен уыттылығы бар, клиникалық сынақ объектісі және әлеуетті дәрілік зат болып табылатын зат немесе заттардың қоспасы;

111) фармацевтика қызметкерлері - фармацевтикалық білімі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;

112) фармацевтикалық қызмет - дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру, дайындау (медициналық техникадан басқасын), көтерме және бөлшек саудада өткізу бойынша денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуға (алуға), сақтауға, әкелуге, әкетуге, сапасын бақылауға, ресімдеуге, таратуға, пайдалануға және жоюға, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз етуге байланысты қызмет;

113) халықтың денсаулығына қауіп төндіретін өнім - уәкілетті орган белгілеген, қолданылуы немесе тұтынылуы кезінде адамның денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін өнім түрлері;



114) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы - мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсері болмайтын және оның тыныс-тіршілігіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілетін кездегі халық денсаулығының жай-күйі;

115) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет - мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды, гигиеналық оқытуды, санитариялық-карантиндік бақылауды, радиациялық бақылауды, санитариялық-эпидемиологиялық нормалауды, тәуекелді бағалауды, санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы қамтитын қызметі;

116) хирургиялық стерилизациялау - нәтижесінде әйел немесе еркек ұрпақты болу қабілетін жоғалтатын хирургиялық операция;

117) шарананың тірі тууы немесе өлі тууы - жаңа туған баланың (шарананың) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тірі туу мен өлі туудың тиісті халықаралық критерийлері бойынша айқындалатын жай-күйі;

118) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин - инфекциялық аурулардың таралуын болғызбауға бағытталған әрі кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің ерекше режимін көздейтін шаралар;

119) эвтаназия - аурудың беті бері қарамайтын жағдайларда дауасыз науқастың өз өлімін жеделдету туралы өтінішін қандай да бір іс-әрекетпен немесе құралдармен, оның ішінде дәрілік немесе өзге де заттарды енгізу арқылы, сондай-ақ оның өміріне дем беріп тұрған жасанды шараларды тоқтату арқылы қанағаттандыру;

120) эпидемия - инфекциялық аурулардың әдетте тіркелетін науқастану деңгейінен айтарлықтай жоғары деңгейде жаппай таралуы;

121) эпидемиологиялық мәні бар объектілер - өндіретін өнімі және (немесе) қызметі Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптары бұзылған кезде халық арасында тағамнан уланудың және инфекциялық аурулар таралуының белең алуына әкеп соғуы мүмкін объектілер;

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 122) тармақшамен толықтырылды

122) ядролық медицина - онкологиялық ауруларды қоса алғанда, адам ағзасы мен жүйесiнiң әртүрлi ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында радиоактивтi элементтер мен иондандырушы сәулелену қолданылатын медицина саласы.

2. Өзге терминдердің мазмұны осы Кодекстің жекелеген баптарында айқындалады.



 

2-бап. Осы Кодекстің қолданылу аясы

Осы Кодекс азаматтардың денсаулық сақтауға конституциялық құқығын іске асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

3-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғандағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.



 

2-тарау.



Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару

 

4-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат принциптері

1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат:

1) азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмек алу құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету;

2) мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілігі;

3) ана мен баланы қорғау;

4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету;

5) денсаулық сақтау жүйесі қызметіндегі профилактикалық бағыттың басымдығы;

6) медициналық көмектің қолжетімділігі;

7) медициналық көмектің сапасын ұдайы арттыру;

8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;

9) медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау ұйымдарының қызметінің сабақтастығы;

10) медициналық және фармацевтикалық білім берудің үздіксіздігі мен сабақтастығын қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдалана отырып қамтамасыз ету;

11) отандық медицина ғылымын мемлекеттік қолдау, денсаулық сақтау саласындағы ғылымның, техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін және әлемдік тәжірибені енгізу;

12) ерікті өтемсіз донорлықты көтермелеу;

13) отандық әзірленімдерді және бәсекеге қабілетті медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуды мемлекеттік қолдау;

14) азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамдық бірлестіктердің қатысуы;

15) денсаулық сақтаудың халықтың сұранысын, мұқтажын қанағаттандыруға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарлылығы;

16) салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесу;

17) халықтың денсаулығын, дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларына жатқызу принциптері негізінде жүргізіледі.

 

5-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу негіздері

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеуді:

1) Қазақстан Республикасының Президенті;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

3) уәкілетті орган;

4) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген құзыреті шегінде өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу:

1) медициналық, фармацевтикалық қызметті мемлекеттік бақылау және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау;

2) медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау;

3) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу;

4) денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау;

5) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу деректемесіне өзгерістер енгізу;

6) денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда және шарттар талаптарында белгіленген талаптарға сәйкестігін растау;

7) дәрілік заттардың және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары көрсететін медициналық қызметтердің бағаларына мемлекеттік реттеу жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

 

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті



Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, санитариялық қағидаларды, гигиеналық нормативтерді шығарады;

3) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекітеді;

4) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу тәртібін айқындайды;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

6) орталық және жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекітеді;

8) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;

9) төтенше жағдайлар кезіндегі халыққа медициналық көмектің тәртібін, түрлері мен көлемін айқындайды;

10) денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгілік нысанын бекітеді;

11) денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекітеді;

12) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, медициналық және фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін айқындайды;

13) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекітеді;

14) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидасын бекітеді;

15) денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу тәртібін айқындайды;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық және паразиттік аурулардың енуіне және таралуына санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асырудың және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз етудің тәртібін айқындайды;

17) халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ өндіруге, қолдану мен өткізуге тыйым салу


жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау