«Миялы орта мектебі»ММ білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді таңдау жөніндегі
ХАБАРЛАНДЫРУ
. «Миялы орта мектебі » мемлекеттік мекемесі
(Мекеме атауы)
Потчалык индекс, мекен-жайы 060501, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жангелдин селосы, М.Лұқпанов көшесі 16 үй.
ЖСК KZ70070103KSN1506000, ҚР Қазынашылық комитеті
БСН __990440001859___
БСК __KKMFKZ2A Кбе 12
email: Jangeldin_mektebi@mail.ruбайланыс телефондары: _871238 2 60 36
«Миялы орта мектебі» ММ білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Қызмет: «Миялы орта мектебі » ММ оқушыларын тамақтануын ұйымдастыру
(Мекеме атауы)
бойынша қызмет Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жангелдин селосы, М.Лұқпанов көшесі 16 үй. мекен – жайы бойынша орналасқан орта білім беру ұйымының оқушыларына көрсетілуі тиіс, барлығы 160 оқушы, оның ішінде 99 бастауыш мектеп оқушылары, жекелеген санаттағы (аз қамтылған, тұлдыр жетім) білім алушылар 61 оқушы 01.09.2014-29.12.2014ж мерзімге дейін бюджеттік қаражат есебінен 1972000,00 теңге (ҚҚС есебінсіз) сомасына тегін тамақтанумен қамтамасыз ету керек.
Қызметті көрсету мерзімі __01.09.2014 ж – 29.12.2014 ж.
Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберіледі.
Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын 2014 жылдың сағат 10-00 16-00–ге дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай бойынша: , Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жангелдин селосы, М.Лұқпанов көшесі,16 үй, Есеп бөлімі кабинетінен және/немесе http://____________________интернет-ресурсынан «Госзакупки» бөлімінен алуға болады.
Конвертке салынған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер Кызылкога аудандык білім бөлімінің «Миялы орта мектебі » мемлекеттік
(Мекеме атауы)
мекемесі мына мекен-жай бойынша Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жангелдин селосы, М.Лұқпанов көшесі,16 үй, Есеп бөлімі кабинетіне жіберіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі 2014 жылдың «02 » қыркүйек сағат 17-00 –ге дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттер Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жангелдин селосы, М.Лұқпанов көшесі,16 үй, мектеп директоры кабинеті 2014жылдың « 03 » қыркүйек сағат 14 -00 – де ашылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 87123826036
Миялы орта мектебінің директоры: Қанат.Ғ.М.
Объявление
о конкурсе по выбору поставщика услуг по организации питания
обучающихся в ГУ «Миялинская средняя школа »
с.Жангелдин, Кызылкогинский район,
Атырауская область
ГУ «Миялинская средняя школа » 060501, Атырауская область, Кызылкогинский район, с.Жангелдин ул.М.Лукпанова, №16, объявляет о проведении конкурса по выбору поставщика услуг по организации питания обучающихся в ГУ «Миялинская средняя школа »
Услуга должна быть оказана по адресу: 060501, Атырауская область, Кызылкогинский район, с.Жангелдин ул.М.Лукпанова, дом 16. Электронный адрес: jangeldin_mektebi@ mail.ru
Перечень категорий получателей услуг: 160 обучающихся, в том числе отдельных категорий:
1 – 4 классов –99 человек,
из категории малообеспеченных семей в количестве – 61 обучающихся.
Бюджетная средства общая сумма –1972000.00 (Один миллион девятьсот семьдесят две тысяча ) тенге 00 тиын без учета НДС.
Срок оказания услуг с 1 сентября 2014 года по 29 декабря 2014 года.
К конкурсу допускаются все потенциальные поставщики, отвечающие требованиям конкурсной документации.
Копию пакета конкурсной документации можно получить по адресу: 060501, Атырауская область, Кызылкогинский район, с.Жангелдин ул.М.Лукпанова,16, кабинет бухгалтера с 10.00 до 16.00 часов или на интернет – ресурсе: _______________
Пакет конкурсной документации предоставляется бесплатно.
Конкурсные заявки на участие в конкурсе, запечатанные в конверты, представляются (направляются) потенциальными в ГУ «Миялинская средняя школа 060501, Атырауская область, Кызылкогинский район, с. Жангелдин ул.М.Лукпанова, дом 16 кабинет бухгалтера.
Окончательный срок представления заявок на участие в конкурсе до 17.00 часов 2 сентября 2014 года.
Конверты с заявками на участие в конкурсе будут вскрываться по следующему адресу:
060501, Атырауская область, Кызылкогинский район, с. Жангелдин ул.М.Лукпанова, 16 кабинет директора в 14.00 часов 3 сентября 2014 года.
Дополнительную информацию и справку можно получить по телефонам: 8/71238/2-60-36; 2 – 62 –07:
Директор ГУ «Миялинская средняя школа »: Қанат .Ғ.М.
«Бекітемін»
Миялы орта мектебінің директоры
____________________ Қанат Ғ.М.
08 тамыз 2014 жыл
Бұйрық №155
«Миялы орта мектебі» ММ білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша
көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау жөніндегі үлгілік
КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА
Конкурсты ұйымдастырушы: «Миялы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
индекс 060501, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жангелдин селосы , М.Лұқпанов көшесі 16 үй.
ЖСК KZ70070103KSN1506000, ҚР ҚМ Қазынашылық комитетi
БСН 990440001859,
БСК KKMFKZ2A, Кбе 12
email: Jangeldin_mektebi@mail.ru, байланыс телефондары: +7 (71238)2-60-36, +7(71238) 2-62-07,
1. Жалпы ережелер
1. «Миялы орта мектебі» ММ білімалушылардытамақтануын ұйымдастыруға қызмет көрсетушілердің жалпы саны ( әрі қарай – қызмет) алушылардың жалпы саны 160 білім алушыны құрайды, соның ішінде бастауыш сынып оқушылары 99, оның ішінде жекелеген санаттағы (аз қамтылған, тұлдыр жетім ) білім алушылар 61
«Миялы орта мектебі» ММ білім алушылардың тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға берілген сома 1972000,00 теңге ҚҚС сомасын есептемегенде.
Тамақтандыру күндер саны – 92. 2014 жылдың 1 қыркүйекпен 29 желтоқсан аралығында
Бір білім алушының тамақтану құны конкурсты ұйымдастырушылардың бекіткен сомасынан аспайды.
2. Осы конкурстық құжаттама мыналарды:
1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін;
2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық тапсырманы;
3) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;
4) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;
5) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін критерийлер тізбесін қамтиды.
3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуеттіөнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаты есебінен бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуғаарналған өтінімді қамтамасыз етуді
1) конкурсты ұйымдастырушынын (тапсырыс берушінің) мынадай банк шотында БСК: KKMFKZ2A, ЖСК: KZ70070103KSN1506000, Кбе 12, шот валютасы- KZT орналастырылған ақшаның кепілдік берілген ақша жарнасы: «Миялы орта мектебі» ММ , Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Жангелдин селосы, М.Лұқпанов көшесі 16 үй.
2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік нысанында енгізеді.
2. Әлеуетті өнім берушілерді конкурс туралы хабардар ету
Білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді
берушілерді таңдау қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ________________нтернет-ресурста конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.
5. Конкурстық құжаттаманың көшірмелері _____________________ интернет-ресурста орналастырылады және ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде беріледі.
6. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізеді.
7. Тұлғаларды тіркеу журналында конкурс атауы мен өткізу мерзімі, әлеуетті өнім берушінің не заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің нөмірі, орналасқан жері мен байланыс телефондары, конкурстық құжаттама көшірмесін алу уақыты мен күні көрсетіледі.
8. Тұлғаларды тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы парағы конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.
3. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді ресімдеу
9.Конкурсқа қатысуға өтінім:
1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларғасәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім ерушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған өтінімді;
2) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес әлеуетті өнім берушіқұжаттарының тізбесін қамтиды:
заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін(кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариат куәландырған құжаттар; осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып, банк мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан көп созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей алынуы тиіс;
конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған үш айдан астам салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және жинақтаушы зейнетақы қорларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық органы басшысының не орынбасарының қолы қойылып, мөрімен бекітілген не e-gov электрондық үкіметі порталы арқылы алынған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
бар болса ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепте тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі;
осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;
осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтердiң сапалық және сандық сипаттамалары айқындалған техникалық тапсырма. Техникалық тапсырмада міндетті тәртіппен оқушыларды сапалы, теңгерімделген және қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір көрсетіледі;
осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер.
4. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі
10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсқа қатысушылар конкурсты
ұйымдастырушыға қолма-қол немесе почта байланысын пайдалана отырып:
индекс 060501, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жангелдин селосы, М.Лұқпанов 16 « Миялы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі, Бухгалтерия кабинеті., конкурстық құжаттаманы қабылдауға және тіркеуге жауапты Доскалиева Гульнар Маратовна, Сұранымдар жұмыс күндері сағат 09-00-ден 16-00 дейін 2014 жылғы 02 қыркүйекті қоса ала отырып, сағат 17-00 дейін қабылданады,
Байланыс телефондары: +7(71238) 26036 +7(71238) 26207;
11. Конкурстық комиссияның хатшысы өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді.
12.Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында өткізу мерзімі
туралы, конкурсты ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші жөнінде мәліметтер, атауы мен почта мекенжайы, ЖСН, жеке куәлігі, өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетіледі.
Көрсетілген журналға өтінімдерді тіркеуден бас тарту себебін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтер енгізіледі. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас ресімделеді.
13. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған өтінімдер тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.
5. Конкурс өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
14. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдері бар
конверттерді 03.09.2014 сағат 14.00-де ашады. Конвертті ашуды конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізеді.
15. Конкурстық комиссияның төрағасы қатысушыларға конкурстық
комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімді
ұсынған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы хабарлайды.
16. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған тұлғаларды
тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді жариялайды және әлеуетті өнім
берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерін ашады.
17.Конкурсты ұйымдастырушының хабарландыруында белгіленген
мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылуға
жатады.
18. Конверттерді ашу хаттамасы Орта білім беру ұйымдарында білім
алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған конкурстық комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей _______________интернет-ресурста.орналастырылады.
6. Конкурстық өтінімдерді қарау
20. Конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынған, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберілмейді.
21. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде таниды.
22. Отырыс конкурсқа рұқсат беру туралы хаттамамен ресімделеді, оның әрбір парағына және соңына конкурстық комиссияның барлық мүшелері қолын қояды.
23. Комиссия Орта білім беру ұйымдарын да білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес өзінің шешімін конкурсқа рұқсат беру хаттамасы мен ресімдейді.
Қол қойылған конкурсқа рұқсат беру хаттамасы комиссия отырысы өткен күннен бастап күнтізбелік екі күннен кешіктірмей___________________интернет-ресурста орналастырылады.
24. Конкурсты ұйымдастырушы неғұрлым сапалы көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін өнім берушіні таңдау критерийлерін көздейді.
25. Комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сай өлшемдерге сәйкес жеңімпазды айқындау үшін рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін бағалайды және салыстырып тексереді.
26. Конкурстық комиссияның өтінімдік он курстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты әрекетіне жол берілмейді. Өтінімді сәйкестендіру деп конкурстық комиссияның өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, құжаттарды алмастыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды дұрыстауға бағытталған әрекеті түсініледі.
27. Егер неғұрлым үздік сипаттамалары бар көрсетілетін қызмет ұсынылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің техникалық тапсырмасының конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес болмауына жол беріледі.
28. Барынша көп балл жинаған және басқа әлеуетті жеткізушілермен салыстырғанда міндеттемелерді ең үздік орындау шарттарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады. Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.
29. Конкурстық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс нәтижелерімен жеңімпазын жариялайды.
30. Конкурс қорытындылары туралы хаттама «Миялы орта мектебі» ММ білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды.
31. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы хаттаманы _______________ интернет –ресурста орналастырады.
32. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ол конкурс жеңімпазы ретінде айқындалған жағдайда шарт жасасудың және шартты орындаудың қамтамасыз етуін енгізудің кепілі ретінде енгізеді.
33. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа бөлінген соманың бір пайызы көлемінде енгізеді.
34. Әлеуетті өнім беруші осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді, ол конкурсты ұйымдастырушының банк шотына енгізеді.
35. Өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі – конкурс өтінімінің қолданылу мерзімінен кем емес.
36. Қамтамасыз етуі жоқ конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия кері қайтарады. 37. Әлеуетті өнім берушінің тұтастай алғанда, үшінші тұлғаларда не конкурсқа қатысуға өтінім мерзімінің аяқталуына дейін енгізілген кепілдік берілген ақша жарнасы бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкелетін іс-қимылдарына жол берілмейді.
38. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:
1) жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған;
2) конкурстың жеңімпазы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.
39. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қайтарып береді:
1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
2) конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы болып айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
3) шарттың күшіне енуі және конкурс жеңімпазының шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.
Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін
қызметтерді берушілерді таңдау
жөніндегі үлгілік конкурстық
құжаттамаға
1- қосымша
Көрсетілетін қызметті алушылар санатының тізбесі
«Миялы орта мектебі» Мемлекеттік мекемесі бойынша конкурс
№
|
Конкурсты ұйымдастырушының атауы
|
Білім беру ұйымын
дағы көрсетілетін қызметті алушылар
дың жалпы саны
|
Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтандыру
мен қамтамасыз етілетін білім алушылар
|
Қызметті көрсету мерзімдері
|
Қызметті көрсету орны
|
Білім алушыларды тегін тамақтанды
руды қамтамасыз етуге
бюджет қаражаты есебінен бөлінген сома
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
«Миялы орта мектебі» ММ
|
292
|
160
|
01.09.2014ж-29.12.2014ж
|
«Миялы орта мектебі» ММ, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,Жангелдин селосы, М.Лұқпанов16
|
1972000,00
|
Қосымша: Тамақтану күндері 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 29 желтоқсанына дейін -92 күн
Миялы орта мектебінің директоры: Қанат Ғ.М.
Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін
қызметтерді берушілерді таңдау
жөніндегі үлгілік конкурстық
құжаттамаға
2- қосымша
«Миялы орта мектебі» ММ бойынша білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау
бойынша конкурстық құжаттамаға
техникалық тапсырма
« Миялы орта мектебі» ММ оқушылары үшін сапалы ыстық тамақ ұйымдастыру мақсатында потенциалды қоюшы сайысқа қатысу үшін келесі талаптар мен құжаттарды ( құжаттар сайыстық тапсырыста болуы қажет) дайындауы қажет:
- Оқушылардың денсаулығына қауіпсіздік келтірмеуге кепілдік беретін астарды барлық кезеңдерде санитарлық нормалар мен ережелер бойынша сақтау үшін қажетті жағдайлар жасау қажет.
- Денсаулығына байланысты жұмысқа жіберілуі, кәсіби және гигиеналық дайындықтан және аттестаттан өткен тұлғаларды жұмысқа қабылдау.
- Әр жұмыс істеушінің жеке медициналық кітапшасы болуы қажет
- Жұмысқа тұру кезінде барлық жұмыскерлер медициналық тексерістен өтуі қажет.
- Қажетті құжаттарды күнделікті жүргізіп отыру ( бракеражды журнал, жұқпалы аурулар мен іріңді ауруларды тексеру журналы және басқа құжаттар).
- Қызметкерлердің еңбек шарты санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтер ҚР заңына сәйкес болуы қажет.
- Қызметкерлер арнайы киіммен қамтамасыз етілуі қажет( 3 комплектіден артық емес) және жұмыс киімдерін жөндеп, жуып отыру жұмыстарын ұйымдастыруы қажет.
- Өндірістік жабдықтар, ыдыс – аяқ, дезинфекция және жуу құралдары( ҚР қолдануға рұқсат берілген) және басқа да материалдық – техникалық жабдықтандырудың жеткілікті мөлшерде болуы
- Дезинфекциялау, дезинсекция және дератизация іс – шараларын өткізудегі жүргізілген жұмыстар туралы акті
- Алғашқы медициналық көмек көрсету аптечкалары және оларды уақытында толықтырып отыру.
- Семинарлар, баяндамалар,әңгімелесулер арқылы қызметкерлермен санитарлық – ағарту жұмыстарын ұйымдастыру
- Өрт сөндіру құралдардарының болуы
- Тамақ блогына әкелінген азық – түліктер гигиеналық талаптарға сай болуы керек, олардың сапасы мен қауіпсіздігі және тағамдардың сақталу мерзімі көрсетілген құжаттар. Аталған құжаттар азық – түліктердің қолданылуына дейін сақталуы қажет:
Азық – түлік тағамдары сертификатталуы қажет.Әкелінген әр тағамдарға келесі құжаттар керек:
А) Жеміс – жидектерге Мемлекеттік санэпиднадзор ұйымдарымен гигиеналық қорытындылар болуы қажет және рыноктың ветеринарлық – санитарлық экспертизасы мөрі және қол қойылған Актісі
Б) Балық пен жұмыртқаға ветеринарлық – санитарлық экспертизасы мөрі және қол қойылған қорытындысы( сәйкестік сертификаты)
В) ет және ет жартылай фабрикаттарына зертханадан экспертиза акті, сонымен қатар мал дәрігерінің мөрі мен қолы қойылған акті керек
Г) Сүт өнімдеріне технолог, микробиолог және лаборанттың мөр және қол қойылған сапа куәлігі болуы қажет.
- қызмет көрсетудегі азық – түлік сапасына сертификат.
- тексерістен кейін дайын тағам беріледі.Құрамында үш адам бар : медицина қызметкері,тамақ блогы қызметкері және органолептикалық көрсеткіштер бойынша білім беру әкімшілігі өкілінен тұратын бракеражды комиссия тағам сапасын бағалайды (тамақ дайындайтын ыдыстан тексріп, ауз тию керек). Бракераж нәтижесі « Дайын кулинарлық тағамдар бракераж журналында» арнайы формаға сәйкес тіркеледі, Порциялық тағамдар меню – раскладкада көрсетілгендей дайындалған тағам салмағына сәйкес болуы қажет, және гигиеналық талаптарға да сәйкес болуы керек.Тамақ технологиясының бұзылған кезінде, сонымен қатар, тамақ дайын болмағанда кемшіліктер жойылғанша берілмейді.
- күн сайын медицина қызметкері жұмыс алдында білім беру мекемелерінің қоғамдық тамақтану қызметкерлерінің қолдарын, денесін тексеруі керек, сонымен қатар қызметкерлердің ангина, жоғарғы демалу ағзаларының катаральды өзгерістерін тексеруі қажет.
- Термометр қолдана отырып, тоңазытқышта сақталатын температуралық режимді бақылау, тез бұзылатын тағамдардың сақталуын бақылауы керек.( ртутьтан басқа).
Температуралық режимді бақылау құралы болмаған жағдайда ақпарат » Тоңазытқыштағы температуралық режимді тіркеу журналына « жазылуы қажет, арнайы үлгіде.
- Технологиялық процесті сақтауды бақылау мақсатында әр дайындалған тағамнан бір күндік проба алу қажет. Бір күндік тексеріс пищеблок қызметкері ( аспазшы) тексеріс нұсқауларына сәйкес жүргізуі қажет. Тексерістің дұрыс жүргізілуі және пробалардың сақталуын медицина қызметкері жүргізеді.
- Қоғамдық тамақтану ұйымдарындағы жабдықтар, инвентарь, ыдыс, таразының тазалығы санитарлық – эпидемиологиялық талаптарға сай болуы қажет,
- Өндірістік бөлмелерде орналасқан технологиялық және тоңазытқыш жабдықтары жұмыс істеп тұруы қажет, тексерістен өтіп отыруы қажет.
- Технологиялық жабдықтардың сынып қалған кезінде ас мәзіріне өзгерістер енгізіледі , сонымен қатар, дайын тағамдардың санитарлық нормаларға сәйкестігі тексеріледі.
- Білім беру мекемелеріндегі асханаларда ыдыстар мен приборлар саны жеткілікті болуы керек. Ыдыстарды жуу және дезинфекциялау мақсатында, оларды сақтайтын шкафтар таза болып, ыдыстардың үш данасы болуы қажет.
- Тамақ беруді ұйымдастыру тағамдарға қауіпсіз фарфор, фаянс және шыны ыдыстарда (тарелкалар, шыныаяқ табақтар, бокалдар, чашкалар) ұсынылуы қажет. Асхана приборлары ( қасықтар, шанышқылар пышақтар) тот баспайтын , гигиеналық талаптарға сай материалдан болуы керек.
- Шеті сынған, ойылған, эмалі бұзылған ыдыстарды қолдануға болмайды: алюминиден жасалған ыдыстар, пластмассадан жасалған доскалар, . механикалық кемшіліктері бар ыдыстар пайдалынбайды.
- Оқушылардың тамақтану кестесі
- Касса аппараттарының болуы
- Оқушыларға зиян келтіретін тағамдар, сонымен қатар, алкоголь ішімдіктері, энергетикалық шырындар, чипсілер, сухариктер,, сағыздар сатылмауы керек.
- Мемлекеттік бақылау ұжымдарының санитарлық паспорты және санитарлық – эпидимиологиялық қорытындысы болуы қажет.
Потенциалды қоюшының келесі құжаттары болуы қажет:
Потенциалды қоюшы жұмыс алдында технологиялық, тоңазытқыш, желдеткіш және басқа құрал жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін, сонымен қатар, асхананы тазалықта ұстауы қажет. Құрал- жабдықтардың бұзылуа орын алған кезде жөндеу жұмыстарын жүргізуі қажет.
Потенциалды қоюшы бірінші ауысым оқушылары үшін екі аптаға ыстық тамақ мәзірін және екінші ауысым үшін әр күнге тағамдардың калориясын, түрленуін және балаларға арналған тағамдарды қолдана отырып, қолдану нормаларын сақтау қажет. Аталған ас мәзірі Мемлекеттік бақылау үжымдарымен келісіліп отырылуы қажет.
Потенциялды қоюшы тауарларға қажеттілік туралы ведомость ұсынып, ҚР қызмет көрсету тағам өндіретін елді көрсету, қажетті тағамдардың жалпы санын көрсетуі қажет.
Миялы орта мектебінің директоры: Қанат Ғ.М.
Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін
қызметтерді берушілерді таңдау
жөніндегі үлгілік конкурстық
құжаттамаға
3-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |