5. Тері қабаты мен оның бездерінің атқаратын қызметі.
Организмді сыртқы орта әсерінен қорғап тұратын дененің жамылғысын тері деп атайды. Теріде механикалық (қысым, жанасу), температуралық (жылу, суық), химиялық және электрлік әсерлерді сезетін рецепторлар орналасқан. Бұдан өзге, тері, тер, май шығару қызметін, температура реттеуді атқарып, суды таратып, Д витминін жасап шығарады.
Балалардың терісі ересектердікіне қарағанда тыныс алу актісіне белсендірек қатысады, суда еріген кейбір газдарды, эфир мен спиртте еріген заттарды сіңіреді сондай-ақ майды ерітетін сұйықтарды т.б. сіңіреді.
Терінің беткі қабаты мен тереңгі қабатының қызметі май, тер және сүт бездерінің қызметімен тікелей байланысты.
Май бездері жаңа туған сәбилер мен мектеп жасындағы балаларда жақсы дамыған. Олар табан мен алақаннан басқа терінің беткі қабатына түгел орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |