Үшіншіден, философия аксиологиялық қызмет атқарады. Ол рухани құндылықтарды және олардың шындық әлемімен байланысын зерттейді. Рухани құндылықтар деп адам немесе қоғам нақты нені түсінеді, олар қалай қалыптасады, өзгереді, құндылықтар жүйесі неге байланысты, олардың адам мінез-құлқына, қоғамдағы қарым-қатынастарына қандай әсері бар - бұл сұрақтарды әр түрлі философиялық теориялар әртүрлі шешеді. Оларды адамдар өздерін саналы тіршілік иелері ретінде сезінгеннен бері сұрап келеді, бірақ осы проблемалардың философиялық анализы, таптық, кландық немесе ұлттық емес, керісінше жалпыадамзаттық құндылықтар, көбінесе адамдардың санасында ғана емес, сонымен бірге мемлекет саясатында да маңызды рөл атқаратындығында көз жеткізді.
Достарыңызбен бөлісу: |