Графика. Орфография. Орфоэпия



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет4/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


ҰЛТТЫҚ ЖАЗУДЫҢ ҰЛЫ ТІНІ 
 
Сан ғасырлық тарихы бар, өркениетті әлемге кеңінен тараған араб, 
латын, кирилл, т.б. әліпбилері әр заманда ондаған тілдің жазба түрде қызмет 
етуіне негіз болып, жалпы адамзат мәдениетінің дамуына, қоғамның 
ілгерілеуіне ерекше ықпал етті. Олардың біреуі «жақсы», «керемет», екіншісі 
«түкке тұрғысыз», «нашар» деп үзілді-кесілді «үкім» шығаруға болмайды. 
Мұндай үкім әліпби туралы айтыс-таласта бұрын да көп айтылған, қазіргі 
кезде де аз айтылып жүрген жоқ. Әрине, белгілі бір тілдің дыбыстық 
құрылымына негізделген әліпби жүйесін екінші бір тілге механикалық 
тұрғыдан көшіре салу оң нәтиже бермейді: ондай графикалық жүйені 
меңгеру үшін мыңдаған адам, мейлі араб, мейлі латын, мейлі кирилл 
әліпбилері болсын, артық уақыт, артық күш-жігер жұмсайды. Сондықтан 
мәселе белгілі бір әліпбиді нақты бір тілдің дыбыстық жүйесіне оңтайлы етіп 
беруде болып отыр.
XV-XVII ғғ. Қазақ мемлекеттігімен байланысты қазақ тілінде жазылған 
әртүрлі жазба мәтін, құжат нұсқалар болды. Демек, жазба тіл болғаны хақ. 
Қазақ хан-сұлтандарының бұйрық-жарлықтары, көрші елдермен жазысқан 
дипломатиялық қатынас қағаздары, өзара жазысқан хаттары, т.б. ескі қазақ 
жазба тілінің үлгі-нұсқалары болып саналады. Академиктер Ә.Марғұлан, 
Р.Сыздық, т.б. ғалымдар Қадырғали би Жалайридің тарихи жазбаларын, 
Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресін» ескі қазақ жазба тілінің бастау 
көздеріне жатқызды. Профессор Бабаш Әбілқасымов «Түркістан уәлаяты» 
(1870-1882), «Дала уәлаяты» газеттерін ескі қазақ жазба тілінің үлгілері деп 
таниды. Сондай-ақ Мәшһүр Жүсіптің жазба мұраларында ескі қазақ жазба 
тілінің үлгілері молынан кездеседі.
Рас, ескі қазақ жазба тілінің жазу жүйесі күрделі. Өйткені оның 
құрылымы әртекті (гетерогенді) болды: 1) қазақ тілінің элементтері, 2) ескі 
қыпшақ тілінің элементтері, 3) қарлұқ, оғыз-қыпшақ, сондай-ақ араб-парсы 
тілдерінен алынған ауыс-түйістер молынан кездесіп отырды. Осыған қарап, 
кейбір зерттеушілер бұл тілді шағатай немесе татар тілі деп қате тұжырым 
жасады. Қазақ топырағында жасалғандықтан, қазақ қоғамына қазақ 
мемлекетіне қызмет еткендіктен, қазақ халық тілі элементтері, әуелде аздау 
болғанымен, кейініректе молынан қолданғандықтан, бұл тіл 
ескі қазақ жазба 
тілі 
деп арнайы терминмен аталып жүр.
Әрине, ескі қазақ жазба тілі бастан-аяқ қазақтың халық тілі 
болғанымен, сауатты, хат танитын адамдардың қатынас құралы болып, 
қоғамның мәдениет қажетін өтеді.
Әсіресе, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ағартушылар, 
белгілі түркітанушы ғалымдар жазу-сызуды реформалау қажеттілігіне 
айрықша назар аударып, демократиялық бағытқа қарай бетбұрыс жасауды 
көздеді. Жазу-сызуды демократияландырудың негізгі мәні жазуды барынша 
халық тіліне жақындату еді. Жазу жүйесіндегі таңбалар ауызша тілдің 
дыбыстық жүйесіндегі бірліктерді бейнелеуге тиіс болды. Ал бұрынғы араб 
әліпбиіне негізделген түркі жазуының графикалық жүйесінде ауызша 


қолданыста жоқ архаикалық элементтер мен орфографиялық шарттылықтар, 
екіұшты оқуға болатын таңбалар жиі кездесіп отырды. Міне, мұндай жайттар 
араб әліпбиінің түркі тілдерінің дыбыс жүйесіне жарамсыз деген пікірлердің 
жиірек айтылуына себеп болды. Бұл жерде араб әліпбиін «жарамсыз» деуден 
бұрын, алдымен араб әліпбиіне негізделген түркі жазуы қайсы тілдің 
дыбыстық жүйесінің графикалық көрінісі деген мәселенің басы ашылмаған 
болатын. Шындығында, ол кездегі түркі жазба тілі белгілі бір халықтық 
тілдің («тірі» тілдің) лексикалық, грамматикалық, дыбыстық жүйесін дәлме-
дәл бейнелеген емес. Ол халықтық тілден едәуір айырмасы бар кітаби тілдің 
тұрпат межесін белгілейтін графикалық жүйе болатын. Сондықтан сол 
кездегі тілдік жағдаятты халық тілі өз алдына, ал жазба тілі өз алдына жүйе 
деп тануға тура келді. XIX-XX ғғ. мұндай гомогенді диглоссия жағдаяты 
ағарту ісін қалың бұқараға қарай бұру ісіне қиындық келтіре бастады. Жазу-
сызуды азғана топтың емес, жалпы жұртшылықтың игілігіне айналдыру 
мақсаты тұрды. Бұқара жұртшылықтың сөйлейтін тілінен оқыған сауатты 
адамдар қолданатын кітаби тіл жүйесінің едәуір айырмасы болды. Осымен 
байланысты барлық ағартушылар алдында екі түрлі бағыт тұрды. Бірі 
бұрынғы кітаби тілдің жазу жүйесін өзгертпей-ақ, халық тілінің 
элементтеріне кеңінен жол ашу; екіншісі – жазу-сызуды ауызша тілдің 
жүйесіне лайықтап жасау, яғни жазу-сызу жүйесін түбегейлі реформалау еді.
Жазу-сызумен байланысты бұл екі бағыт қазақ қоғамының мәдени өмірінде 
жарыса жүрді. «Дала уәлаяты», «Айқап», «Қазақстан», т.б. мерзімді 
басылымдар мен кейбір баспа өнімдері тіліне халықтық тіл дендеп ене 
бастағанымен, ескі жазба тілге тән кейбір нормалар сақталып отырды. Оның 
бірнеше себептері болды. Солардың негізгілері, бір жағынан дінге, екінші 
жағынан, жазудағы ортақ дәстүрлі норманы сақтау дегенге саяды: «...үш жүз 
миллион мұсылман халықтың арасында біз, қазақ та бармыз. Бізде сол жүз 
миллион мұсылмандарша араб харпін қабылдап отырмыз. Біздің тіліміздегі 
бар дыбыстардың араб харпінде жоқтары бар, араб харпінде бар 
дыбыстардың біздің тілімізде жоқтары бар. Соның үшін араб харпін тілімізге 
дөп келерлік етіп бейімдемек, жазуды еркін бет-бетімен жаза бермей, белгілі 
бір соқпаққа салмақ бізге де міндет. Бұрын бұл мәселе ескерілмесе де, енді 
ескерілетұғын көрінеді. Соқпақ саламыз дегенде ескерілетін жерлер: 
Біз, қазақ халқы, мұсылман дініндеміз, мұсылман болғанымыз үшін біздер 
мұсылман дінін үйренуге, шариғат хүкімдерін білуге, ислам дінінше амал 
қылуға борыштармыз. Ислам дінінше амал қылу үшін біз «Құран» оқуға, 
үйренуге міндеттіміз. Соның үшін біз өзімізге арнап емле түзгенде, сол ислам 
дінін үйренуден алыстарлық емле қолданбауымыз керек. Балаларымыз діни 
рухта тәрбие алсын. Жұрттың бәрінің бердей балаларын зор медреселерге 
жіберіп, ислам ғылымын оқытуға парасатты бола қоймайды; бір қатарлы 
балаларын тезірек хүкімет мектебіне береді; бір қатарлы намаздығын танып, 
жазу-сызу білетұғын болған соң үй шаруашылығына айналдырады; соның 
үшін де балаларымыздың жасынан-ақ дін ғылымына түсініп, құран оқуға 
үйренуі, араб харіптеріне жаттығулары тиіс. Қазақша «Әліппе» жазушылар 
осы жағын өте ескеру керек. Осы күнгі қалыпта хүкімет мектептерінде оқып 


жүрген қазақ шәкірттерінің көбі-ақ бұл айтылған қалыпқа келіп жетпейді. 
Араларында құран аятынан екі жол қосып оқи алмайтындары да толып 
жатыр, бұл – бір. 
Екінші, харіп жаңа «Әліппе» жұртты қосуға да, айыруға да себепкер 
болғандықтан, біздің тұтынған харпіміз басқа түркі балаларының 
харіптерімен ұзақтап бөлініп кетпесе тиіс; аталарымыз «саяқ жүрсең, таяқ 
жерсің» депті ғой. Біз неде болса бізден гөрі мәдениет дүниясына бұрын аяқ 
басқан, бізден көрі ояуырақ діндес-қандасымыз ноғай жұртынан алыс 
жүрмелік. Соларменен ұрандасып, бірімізге біріміз шылбыр берісіп, бірге 
қимылдалық» [1]. 
Ал екінші бағыт ескі кітаби тілдің грамматикалық жүйесінен (араб 
әліпбиінен) мүлде бас тартып, орыс жазуына көшу болатын. Бұл жөнінде 
кейбір қазақ оқығандарының арасында айтылып жүрген пікірлердің сыңайы 
мынадай: «Инспектором инородческих школ Оренбургского ученого округа 
В. Катаринским, при участии учителей-киргиз, составлен и частью издан 
целый ряд книжек для чтения и элементарных учебников для изучения 
киргизами русской грамоты и русского языка... Важной особенностью всех 
этих книжек является то, что киргизский текст напечатан в них русскими 
буквами. Этим достигается та выгода, что для учащегося киргиза до 
невероятности облегчается возможность научится читать на родном языке, 
если киргизские слова изображены русскими буквами. Этим достигается та 
выгода, что для учащегося киргиза до невероятности облегчается 
возможность научиться читать на родном языке, если киргизские слова 
изображены русскими буквами. Это потому, что русская азбука гораздо 
лучше и точнее передает звуки киргизского языка, чем арабская, при том 
одна и та же арабская буква имеет несколько начертаний, что предоставляет 
главное неудобство арабского алфавита. При том же, при новом способе 
начертания киргизского текста, по одной и той же книжке могут с 
одинаковым успехом учиться как киргиз русскому языку, так и русский 
киргизскому языку. Счастливая мысль – заменить для киргиз арабский 
алфавит русским, как известно, впервые пришла в 70-годах известному 
Алтынсарину, применившему ее на деле, и с тех пор составляет мечту всех 
образованных киргиз, желающих облегчить своему народу путь к 
просвещению. Тем более эти книги достойны внимания, что они являются 
первой после Алтынсарина, попыткой освободить киргизский язык от 
арабщины и татарщины, которыми сплошь и рядом наполнены 
обыкновенные киргизские книжки» [2]. 
Қазақ тілін «арабщина», «татарщина»-дан «құтқару» идеясы шын 
мәнінде Н.Ильминскийдің миссионерлік саясатының «жемісі» болатын. 
Н.Ильминский қазақтарды ашықтан-ашық ислам мәдениетіне қарсы қою 
әрекетінен нәтиже шықпасын жақсы білді. Қазақ қоғамындағы ислам түп 
тірегі жазуда екенін, бұратана халықтарды дәстүрлі дінінен айыру үшін ең 
алдымен олардың әліпбиін, жазу-сызуын аластау екенін жақсы түсінді. Қазақ 
қоғамындағы араб жазулы рухани дүниенің бәрін «татарша», «тілі 
шұбарланған», «таза емес», араб-парсы сөздерімен шұбарланған деп 


қазақтың ескі жазба тілі (кітаби тілі) деп аталатын рухани-мәдени 
құндылықты халық тіліне қарсы қойды. Бірін даттап, екіншісін мақтады.
«Алфавит служит обыкновенно признаком и памятником соотношений 
религиозных. Та почти историческая аксиома, что когда один народ 
принимал от другого народа веру, то вместе с верой принимал от него и 
алфавит. 
… Если бы каким-нибудь чудом все подвластные России племена, 
исповедующие магомедство, вдруг приняли православную веру, то и русский 
алфавит вошел бы к ним без всякого затруднения. Но пока они остаются 
магометанской вере, до тех пор русской азбуке будет крайне трудно бороться 
с алфавитом арабским. Если, в виду тех или других соображений необходимо 
ввести в языке магометанских племен русскую азбуку, то нужно найти или 
создать какую-нибудь опору для нее в симпатии магометан. За недостатком 
религиозного сочувствия, можно опереться, например, на идею звукового 
преимущества. Арабский алфавит очень неудобен для языков татарских, 
поэтому особенно, чтобы беден знаками для гласных звуков, которыми 
напротив языки татарской группы богаты» деп Н.Ильминский араб әліпбиі 
түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің дыбыс жүйесін, әсіресе 
дауыстыларын бере алмайтынын айтып, қазақ оқығандарын иландыруға 
тырысады [3]. Қазақтың ескі кітаби тілінің құрылым жүйесінде кездесетін а) 
архаикалық белгілерді, ә) қарлұқ, б) оғыз-қыпшақ, в) қыпшақ элементтерін, 
г) орфографиялық шарттылықтардың бәрін «татардікі», «қазақтікі» емес деп 
уағыздайды. Сол уағызға ерген кейбір қазақ оқығандары қазақтың ескі жазба 
тілін «татарщина», «арабщина» деп жағымсыз реңмен атады. 
Н.Ильминский алғаш рет қазақ тілі материалдарын орыс жазуына 
түсіріп, орыс әліпбиімен берудің үлгісін жасады. Ондағы көздеген мақсаты 
орыс әліпбиін қазақ оқығандарының санасына сіңіру, сөйтіп араб әліпбиін 
«жарамсыз» етіп, қазақ қоғамын ислам мәдениеті мен рухани дүниелерінен 
шеттету еді. Оны Н.Ильминскийдің мына сөзінен айқын аңғаруға болады: 
«Так и у нас в России единство алфавита, даже самое точное, не приведет к 
внутреннему единению инородцев с русскими, пока первые не объединятся с 
нами в вере православной. Я даже полагаю, что иноверные инородцы, 
имеющие свою религиозную письменность, как, например, татары-
магометяне, или ламайцы-буряты, не примут русского алфавита ни целиком, 
ни с каким угодно приспособлениями и прибавками. Все наши инородцы, как 
и русский сельский народ, находятся в периоде религиозного 
миросозерцания и руководствуются религиозными мотивами».
Н.Ильминскийдің қазақ тілі дыбыстарын орыс әліпбиіндегі әріптермен 
таңбалауы онша сәтті бола қойған жоқ. Араб әліпбиіндегі әріптер 
дауыстыларды таңбалауға кедей болса, орыс әліпбиі дауыссыздарды 
таңбалауға жеткіліксіз болып шықты. Н.Ильминскийден кейін де қазақ 
мәтіндерін 
орыс 
әліпбиімен 
берудің 
В.В.Радлов, 
Ы.Алтынсарин, 
В.Катаринский, т.б. жасаған үлгілері болды. Бірақ сол үлгілердің барлығына 
ортақ кемшілік қазақ тілі фонологиялық жүйесінің жыға танылмауымен 
байланысты еді.


Міне, осы қысқаша баяндаудан халық тілінің дыбыстық жүйесін 
белгілейтін жаңа типтегі әліпби түзуде, жазу үлгісін жасауда едәуір 
қайшылықтар мен қиындықтардың діни, азаматтық, дәстүрлі мәдениет пен 
ағартушылықтағы жаңа бағыт, т.б. тәрізді аса күшті әлеуметтік факторлармен 
байланысты екенін байқауға болады.
Сонымен қазақ жазуына реформа жасаушылардың алдында, негізінен,
мынадай басты міндеттерді шешу күн тәртібінде тұрды: қазақ жазу-сызуы 
қай әліпбиді қолдану керек? 
Графикалық жүйенің мазмұн межесі байырғы түркі жазба тіліне тән 
архаикалық элементтерді, қарлұқ, оғыз-қыпшақ (қыпшақ-оғыз), таза 
қыпшақтық, қазақтық белгілерден тұратын құрылымдық жүйелерді белгілеуі 
керек пе, әлде біріңғай таза халықтық тілдің (сөйлеу тілін) тірек етуге тиіс 
пе? Жазу жүйесі жалпы халықтық тілдің құрылымын арқау етсе, қай әліпбиге 
(араб әліпбиіне, әлде орыс әліпбиіне) негізделуге тиіс? Тілдегі фонемалардың 
құрамы дұрыс анықтала ма? 
А.Байтұрсынұлы жазу-сызудың арқауы халықтық тіл болу керек деген 
тұжырымды ұстанып, жазуды аз ғана оқығандардың емес, көпшіліктің білім, 
тәрбие құралына айналдыру, яғни жазу-сызуды демократияландыру 
қағидасын дәйекті түрде жүзеге асыруды, даналықтың дәнін себуді мақсат 
етті. 
Солай еткенде ғана жазу-сызу ат төбеліндей аз ғана элитарлық топтың 
ғана емес, күллі халықтың игілігіне айналуы тиіс болды. Осымен 
байланысты ағартушылардың алдында екі таңдау тұрды. Біріншісі – оқу-
ағарту, сауаттандыру ісінің бұқаралық сипат алуы үшін араб графикасына 
негізделген бұрынғы әліпбиді негізге алып, ескі жазба тілінің графика емле 
дәстүрін сақтай отырып, қолданыстағы жазу дәстүрінен қол үзбей, тек азды-
көпті оңтайландыру болды. Бұл Айқаптың ұстанымы еді. 
Екіншісі – ескі жазба тілінің графикалық жүйесінен мүлде бас тартып, 
қара халықтың ауызша тіліне негізделген әліпби жүйесін жасау. 
А.Байтұрсынұлы екінші жолды таңдады. Мұның бірнеше себептері болды: 
біріншіден, күнделікті өмірде қолданылып жүрген тілдің дыбыс жүйесін 
арқау етсең, жазу-сызуды халық тез игеретінін, екіншіден, Р.Сыздықтың 
айтуынша XV-XVII ғғ. қазақ халқының мәдени өмірінде қазақ халқын 
құраған ру-тайпалардың әріден келе жатқан поэзия тілінің негізінде 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау