Графика. Орфография. Орфоэпия


ҚОРЫТЫНДЫ  ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет3/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

ҚОРЫТЫНДЫ 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 


АЛҒЫ СӨЗ 
 
Қазақ жазуының тарихы, қазақ тілінде жазуды, қазақ тілінің емлесін 
реттеу, бір ізге түсіру жайы ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының
айрықша назар аударған мәселелерінің бірі еді.
Қазақ жазуының 
онтогенездік дамуындағы осы маңызды кезеңде қазақ әліпбиінде, қазақ 
сөзінің жазбаша таңбалануы мен ауызша айтылуында ұлттық болмысты 
сақтаудың негізгі іргетасы қаланды. А.Байтұрсынұлы көшбасшы болған алаш 
ардақтыларының қолданбалы мазмұндағы тұжырымдары арқылы өткен 
ғасырдың орта тұсында басталған саяси тұмшалауға, тілдің ұлттық сипатын 
өзгертуге бағытталған сан қилы іс-шараларға, әліпби жүйесінің бірнеше рет 
алмастырылғанына қарамастан қазақ жазуында ұлттың мәдени-тарихи 
ерекшеліктері, бірегей, біртұтас тіл түріндегі сипаты сақталып қалды. 
Аса ірі фонетист ғалым ретінде де, халық ағарту саласындағы қоғам 
қайраткері ретінде де іргелі зерттеулер қалдырған профессор Құдайберген 
Жұбановтың мұрасында қазақ жазуы мен орфографиясы бойынша терең 
лингвистикалық дәлелдемелер бар.
Қазақ тілі емлесінің мәселелері жиырмасыншы ғасырдың елуінші 
жылдарында екінші мәрте назарға алына бастады: өйткені қазақ қоғамында 
осы кезеңнен бастап оқу-ағарту, баспа ісі, ғылым бағыттары өркендеу 
жолына бет бұрды және оқу-ағарту саласының, баспа өнімдерінің, ғылым 
жетістіктерінің қалың жұртшылықтың сапалы түрде білім, ақпарат алуына
толыққанды мүмкіндік беретін қуатты көзге айналуында жазудың – қазақ тілі 
емлесінің, тыныс белгілерінің нормалануы мен қалыптануы маңызды рөл 
атқаратындығы мамандардың ғылыми-практикалық тұрғыдан қарастыруын 
қажет етті. Осы тұстан бастап қазақ тілі емлесінің барлық проблемалары 
бойынша академик Р. Сыздықтың еңбектері жариялана бастады және бүгінгі 
таңда академик Р.Сыздық – сан алуан, көп қырлы еңбектері арқылы қазақ 
емлесінің ғылыми-практикалық мәселелерін терең талдап, реттеп берген 
қазақ ортологиясының көш басында келе жатқан аса көрнекті бірегей ғалым. 
Дегенмен бір кезеңнің идеалды, мүлтіксіз деп танылған емлелік 
қағидалары қоғам дамуының келесі бір кезеңдерінде жекелеген принциптері 
мен тұжырымдары жағынан тар ауқымдылық танытуы да мүмкін. Осы 
себепті және 
.
қазақ әліпбиінің латын графикалы әліпбиге ауыстырылуы, 
сондай-ақ тіл динамикасындағы елеулі өзгерістер тұрақталған емле 
қағидаларын тың тұрғыдан тиянақтауды қажет етіп отыр.
Ұсынылып отырған еңбекте қазақ тілтанымының сан салалы 
проблемалары бойынша соңғы қырық жыл бойы жемісті еңбек етіп келе 
жатқан белгілі ғалымның қазақ жазуына қатысты ғылыми тұжырымдары 
жинақталған.
Қазақ емлесінің негіздерін қалаған және одан әрі дамыта зерттеген баба 
ұстаздары мен аға ұстаздарының көзқарастарын берік сүйеніш ете отырып, 
ғалым зерттеуде ең алдымен дыбыс – фонема – графема түсініктері және 
олардың жазу теориясының басты белгілерін анықтаудағы маңыздылығы 
тарата баяндайды. Жан-жақты ғылыми-практикалық қисындар арқылы автор 


жаңа әліпбиге негізделген қазақ жазуының қазіргі жағдайында
фонематикалық,
дәстүрлі, айырмыс, транслитерациялық, транскрипциялық, 
түпнұсқа принциптердің қажеттілігін дәлелдейді. Зерттеушінің жаңа 
латыннегізді әліпби бойынша қазақ орфографиясын оңтайландыру 
жолдарын, қазақ тілі емлесінің ғылыми негіздемелерін айқындауы қазіргі 
қазақ жазуы үшін қазақ тілі дыбыстарының ұлттық әлеуетін мүмкіндігінше 
толық пайдалана отырып, базалық нормалардың сақталуының қоғамдағы 
қазіргі социокеңістік үшін қаншалықты маңызды екендігін мойындатады.
Зерттеу қазақ тілі емлесінің теориялық тұжырымдары мен 
практикалық мәселелерін ғылыми терең қисындармен толықтырады және 
қазақ жазуының тарихы мен теориясы, қазақ дыбыстары мен әріптерінің 
табиғи сыр-сипаты және олардың орфографиядағы көріністері, әдеби тілдің 
жазбаша және ауызша нормалары мәселелерімен шұғылданатын мамандарға, 
ең бастысы – латын әліпбиіне көшкен қазақ жазуының ұлт болашағы үшін 
қаншалықты бекем екендіігіне ұлтжандылықпен алаңдап қарайтын барша 
қауымға пайдалы болары анық.
Жауапты шығарушылар

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау