әліпбиде төл сөздерді жазуда қолданылатын әріптерден басқа арнайы
графикалық таңбалар жүйесі алынады. Мысалы, қазіргі қазақ әліпбиіндегі
в, й, ф, х, ц, щ, ч, э, ю, я, ь, ъ
тәрізді әріптер шеттілдік сөздерді түпнұсқа
принципі бойынша жазу мақсатымен алынған.
Қазақтың төл сөздерін таңбалайтын әліпбидегі әріптермен (тіркесімен)
де шеттілдік сөздерді жазуға болады:
ц – тс, ч – тш,
сондай-ақ
в
әрпін
әліпбидегі
у-
мен ертеректегі және қазіргі жазу тәжірибесіндегідей, мысалы,
тауар, Еуропа
т.б.
ф
әрпінің қызметін
п
-мен (бұл да тәжірибеде бар, мысалы,
порым, пасон т.б.),
э
әрпін әліпбидегі
е
-мен, ал жуан ъ, жішкелікті ь
білдіретін таңбалардың қызметін қазақ тілінің дауыстыларын таңбалайтын
әріптермен беруге болады. Бірақ қазіргі қазақ жазуы бұл жолды ұстанбады.
Оның түрлі-түрлі себептері де болды. Сол себептердің негізгісін проф.
Р.Ғ.Сыздықова былай деп көрсетеді: «Кірме сөздердің жазылуы қазақ
емлесінің барлық кезеңінде де күн тәртібінен түспей келеді. Әсіресе бұл
проблемаға латынға көшкен кезде қатты ден қойыла бастады. Бұған қазақ
тіліне, оның жазба дүниесіне 20-30 жылдардан бастап орыстың өз сөздері
(
совет, совхоз, колхоз, союз, гудок, наград
т.б.) мен «интернационалдық» деп
аталатын дүниежүзілік ортақ сөздер – ғылыми-техникалық терминдердің
молынан ене бастауы түрткі болды.
Бір ғажабы, осы кездің өзінде термин
сөздердің жазылуына қатысты емле қағидаларының саны (18) қазақтың төл
сөздерінің орфографиясына арналғандарынан (12) асып түсті.
Сөйтіп, латын жазуы кезінде «шеттілдік термин сөздерді жазуда қазақ
тілінің дыбыс заңдары негізге алынады» деп қабылданған ереже бойынша
бір сөзді әркім өзінше дыбыстап, бірнеше тұлғада таңбалануы қиындық
келтіріп отырғанын Қ.Жұбанов, С.Аманжолов сияқты мамандар атап
көрсетті. … Сондықтан 1940 жылы «орыс жазуын» қабылдағанда, орыс
тілінен жаңадан енген сөздер, әсіресе терминдер
сол орысша тұлғаланған
түрінде өзгертілмей жазылсын» деген ереже осы қиындықтан шығудың
амалы ретінде қолайлы болған болу керек» (Тағы да бүгінгі емлеміз
жайында. Егемен Қазақстан, 1993, 27 наурыз). Автордың айтуынша, тіпті
кейбір шеттілдік сөздер он алты нұсқада жазылған екен. Ондай сөздердің
ғылыми негізге сүйене отырып белгілі бір нұсқасын алуға қазақ жазуының
теориялық базасы болмады (болған күннің өзінде енді-енді жасалып жатты).
Шындығында, бұл кезде қоғамдағы саяси-әлеуметтік
өзгерістерге
байланысты білім-ғылым, техника саласына қатысты сөздер (терминдер)
лек-легімен тілге толассыз еніп жатты. Ал оғанға дейін орыс тіліне
негізделген тұрмыстық сөздер (кереует, бәтіңке, самаурын т.б.) біртіндеп
кірді және олар ондаған жылдардың ішінде ауызша тілдің елегінен өтіп,
бірер нұсқада қалыптасты. Ал қазақ жазуының латын мен кириллица кезінде
білім-ғылым, техника саласындағы шеттілдік сөздер тілімізге біртіндеп емес,
ондап, жүздеп ене бастады. Олар тіпті ауызша тілдің елегінен өтіп үлгермей-
ақ, хатқа түсе бастады.
Сөйтіп, латын кезінде қабылданған тәуір Ереже жүзеге аспай қалды.
Осылайша қазақ жазуында, орыс әліпбиіне көшкенде, шеттілдік сөздерді
түпнұсқа түрінде (цитаталық принциппен) жазу принципі қалыптасты.
«Цитатный принцип принят также в
орфографиях всех языков
Советского Союза при написании заимствовании из русского языка, если
письменности их основаны на кирилловском алфавите. Само собой
разумеется, что цитатный принцип применяется только в акте письма, чтение
же соответствует нормам займствующего языка» [14]. Бірақ шеттілдік
сөздердің түпнұсқа принципімен таңбалануы тек жазу актісінде ғана жүзеге
асып қойған жоқ, олардың оқылуы да бөгде тілдің дыбыс ығына түсіп кетті.
Тіпті төл сөздердегі дыбыстарды таңбалап тұрған әріптердің өзін соңғы
кезде бөтен тілдің дыбыс құндағына бөлеп айту қаупі туа бастады. Мұның өзі
тіпті әліпбиді өзгерту қажет-ау деген мәселенің күн тәртібіне қойылуына
себеп
болды.
Академик
Ә.Т.Қайдаров
латын
әліпбиін
кейбір
жаңғыртулармен қайта қалпына келтіру жөнінде мәселе көтерді [29, 2б.].
Түптеп келгенде, осы күнгі әліпбиді қайта жаңғыртсақ та, я
болмаса
басқа бір әліпбиге көшсек те, шеттілдік сөздер үшін арнайы әріптер алмай-ақ,
оларды төл сөздерді белгілейтін әріптермен жазу принципін ұстануға тура
келеді. Ендігі жерде тіларалық байланыс бұрынғыдай біржақты емес (тек
орыс тілімен ғана емес) жан-жақты болып, өзге де халықтардың тілімен
(ағылшын, француз, неміс, түрік, жапон, қытай т.б.) қазақ тілінің тікелей
байланысқа шығуы таяу болашақтың өзінде-ақ күшейе түспек. Ондай кезде
ағылшын сөзі үшін, жапон, қытай сөздері үшін түпнұсқа принципімен
жазамыз деп, әліпбиге арнайы әріптер тобын енгізу тіпті мүмкін емес.
Мұндай жағдайда да көпнұсқалық тәрізді қиындыққа тап болуымыз мүмкін.
Бұл жерде проф. Р.Сыздықованың емле жөнінде
өзекті мәселе көтерген
мақаласындағы мына пікірге ден қоюға тура келеді. «Егер басқа жазуға,
айталық латынға көше қойғандай болсақ, ол күнде орфографиялық
принциптерді де бірден өзгертіп, кірме сөздердің барлығын қазақыландырып
жіберудің мүмкіндігі болар. Соның өзінде де «әйтеуір қазақша айтылуынша
жазу» деп тұрпайы теорияны көлденең тарта бермей, бүгінгі жаппай
сауатты, өзге тілдерді де меңгерген қазақ қауымының мәдени деңгейіне
қарап, ғылыми негізде дыбыстық сәйкестіктерді жүйелеп алып,
кірме
сөздерді қазақша тұлғаға көшіруді ойластыру (астын сызған біз – Н.У.)
қажет болады (Егемен Қазақстан, 1993, 27 наурыз). Шындығында, ғылыми
негізде дыбыстық сәйкестікті жүйелей отырып, шеттілдік сөздерді қазақша
тұлғада жазудың (30-жылдармен салыстырғанда) қазіргі кезде жасалған
теориялық базасы жоқ емес. Мысалы, соңғы жылдардағы зерттеулердің
бірінде көрсетілген мынадай салыстыруларға назар аударып көрейік.
Әліпбиге шеттілдік сөздерді жазу үшін арнайы әріптер жүйесін
енгізбей-ақ, қазақтың төл тума сөздерін белгілейтін әріптермен де жазу
бағыты ұстанылса, онда мұндай сөздердің екі түрлі жүйемен
жазылуы
мүмкін. Біріншісі, түпнұсқа принципінен бас тартып, уәждемелі принцип
бойынша сөзді сингармонизм заңдылығымен «сындырып» жазу. Бұлай
жазудың коммуникациялық жақтан өз қиындығы бар: Мысалы, кейбір
сөздерді
Достарыңызбен бөлісу: