әуен
(мелодика),
дауыс қаттылығы
(интенсивтілік),
дауыс
ұзақтылығы, сөйлеу қарқыны
(темп),
кідіріс
(пауза),
әуез
(тембр).
Бұлардың жиынтығы, сол жиынтықтағы түрлі қатынасы тіл-тілдердегі
интонацияның өзіндік сипатын көрсетеді [88]. Мәселен, қазақ тілінің
интонациясында
әуен
басты қызмет атқарса, одан кейінгі маңызды
компонент
ұзақтылық
, яғни
буын созылыңқылығы
болып табылады.
Бұлардың әр қайсысының өзгерістері сөз ағымында түрлі мағыналық
реңктерді беріп, айтылмақ ойдың, сол ойға қатысты сөйлеушінің көзқарасы
мен оның эмоциясын жеткізуге қызмет етеді. Олардың әр қайсысына жеке-
жеке тоқталайық.
Әуен.
Әуен интонацияның басты компоненті. Онсыз ауызша сөздегі
ешбір сөйлем тиянақты ойды білдіре алмайды. Ғылыми анықтамаға
жүгінетін болсақ, әуен деп дауыс толқындарының тербеліс жиілігін айтамыз.
Әуен барлық тілдердің интонациясында маңызды қызмет атқарушы
компонент болып табылады. Тек қытай, вьетнам сияқты әуенді (тоналды)
тілдерде ғана оның интонациялық қызметі көмескі, себебі бұл тілдерде әуен
ең алдымен сөздердің мағынасын ашуға қатысады, мәселен, қытай тіліндегі
бір ғана ма буын – сөзін түрлі әуенмен айтқанда оның мағынасы өзгеріп
отырады. Ал түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілінде әуен:
1)
сөз ағымындағы синтагмаларды ажырату, яғни сөз ағымын мағынасы
жағынан қандай да бір ақпарат бөлігін жеткізетін топтарға жіктеу;
2)
коммуникативтік (хабарлы, сұраулы, лепті) мақсатын ажырату;
3)
сөйлемнің аяқталған, аяқталмағандығын белгілеу;
4)
синтагмалар
арасындағы
қатынастың
түрлерін
(санамалау,
қарсылықты
және т.б.) анықтайды. Бұл жерде ескерте кететін маңызды бір жайт,
осы қызметтерді әуеннің басқа да интонация компоненттерімен біріге
атқаратындығымен байланысты. Мысалы, сөз ағымын синтагмаларға
мүшелеуге әуенмен бірге кідіріс, екпін де қатысады, ал ойдың
аяқталғандығын әуе сызығының төмендеуімен бірге дауыс қаттылығының
(интенсивтілігінің) бәсеңдеуі де белгілеп отырады. Сонымен, әуеннің
көрсетілген қызметтеріне жеке-жеке тоқталып өтейік.
1)
Синтагма – сөз ағымындағы қандай да бір ақпарат бөліктерін
жеткізетін сөз топтарының мағыналық жағынан да, тыныстау жағынан
да тұтасқан бірлік екені алдыңғы тараулардан белгілі. Сөз ағымында
тыңдаушы үшін қажетті ақпарат осы топтардың бір-біріне қатысы арқылы
беріледі. Ақпаратты жеткізетін сөздер, олардың мағыналары. Дегенмен егер
осы сөздер сөйлеу барысында дұрыс топтасып, ұйымдасып, тиісті әуенмен
өрнектелмесе, олардың мағыналары көмескіленеді, тіпті бұрмаланып кетуі де
мүмкін. Синтагмаларға жіктеу тек әуен арқылы жүзеге аспайды. Бұл жерде
кідірістің де қызметі зор. Яғни синтагмалар бір-бірінен кідіріс арқылы
бөлінеді де, өзіндік әуен контурымен ерекшеленеді. Мысалы:
Балғын жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар берді /// және
Балғын // жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар берді /// деген екі сөйлем екі
түрлі айтылған. Алғашқы сөйлемде бір, соңғы сөйлемде – екі синтагма бар.
Олар сөйлем ішінде кідіріс арқылы бөілініп қоймай, сөйлемнің әр қайсысы
өзіндік әуенмен айтылған. Бірінші сөйлемдегі синтагма тиянақты әуенмен
айтылған. Ал екінші сөйлемдегі алғашқы синтагма тиянақсыз, соңғы
синтагма – тиянақты әуенмен айтылған. Әуеннің осындай құбылуы
тыңдаушының есту, қабылдауына әсер етіп, сөйлем мазмұнын дұрыс
түсінуге көмектеседі. Бір синтагмадан тұратын бірінші сөйлемнің тиянақты
әуенмен айтылуы балғын сөзінің анықтауыш екенін білдіреді, ал екінші
сөйлемдегі осы сөздің жеке синтагма түрінде өзіндік әуенмен берілуі оның
бастауыш, яғни қимыл иесі екенін аңғартып тұр. Осы айтылғандар
интонацияның әуен компоненті қаншалықты маңызды қызмет атқаратынын,
сондай-ақ оның дұрыс берілуінің сөйлем мағынасын дұрыс түсіну үшін
қаншалықты қажет екенін аңғартады.
2)
Сөйлемдердің коммуникативтік мақсатына қарай хабарлы, сұраулы,
лепті болып бөлінетіні белгілі. Жазба мәтінде бұларды көзге көрінетін
арнайы таңбамен, яғни тыныс белгілермен көрсетеді. Ал ауызша сөзде
олардың мұндай мақсаттары тек қана интонация, оның ішінде әуен өзгерісі
арқылы ажыратылады.
Мысалы, – Кім келді?
–
Асан.
–
Асан?
–
Иә, дәл өзі – деген диалогтағы бір
Асан
бунақты тобынан тұратын
сөйлемдер мазмұны жағынан бірдей болғанымен мақсаты жағынан әр түрлі,
біріншісі – хабарлау мақсатында, екіншісі – сұрау мақсатында қолданылып
тұр. Бұлардың мақсаттарының екі түрлі екені айтылу әуенінен белгілі
болады. Біріншісі көтеріңкі – бәсең, ал екіншісі көтеріңкі әуенмен айтылады.
Ал осы интонацияны бұзып айтса, тілдік коммуникация мақсаты орындалмай
қалуы мүмкін.
3)
Аяқталған ойды білдіретін сөз бөлігі тиянақты, ал аяқталмаған ойды
білдіретін сөз бөлігі тиянақсыз әуенмен айтылады. Мысалы,
Бүгінгі күннің
жаңалықтары осындай
– деген сөйлем аяқталған ойды білдірсе, оны
көтеріңкі-бәсең әуенмен айтамыз, яғни сөйлем басында дауыс толқынының
сызығы жоғарылап келіп бір нүктеден қайта төмендеп, соңында басталған
жерінен төмен нүктеде тынады. Ал егер бұл сөз бөлігі
«Бүгінгі күннің
жаңалықтары осындай елеулі оқиғаларға толы болды»
түрінде кеңейтіліп
берілсе, ондағы алғашқыда тиянақты әуенмен айтылған схемасы:
«Бүгінгі
күннің жаңалықтары осындай»
түріндегі бөлік тиянақсыз әуенмен екі
жарылып айтылады, сызба түрінде көрсетсек, былай болады:
Бүгінгі күннің жаңалықтары // осындай елеулі оқиғаларға толы
болды. Демек, екі сөйлемдегі сөздік құрамы жағынан бірдей сөз бөліктерінің
түрлі мағынасын: бірде тиянақты, бірде тиянақсыздығын әуен ажыратып тұр.
Сонымен бірге бірінші жағдайда
осындай
сөзі
жаңалықтар
сөзінің
анықтағышы болса, екінші жағдайда, бұл сөз
елеулі оқиғалар
сөзінің
анықтағышы қызметінде қолданылған. Аталған сөздің қай сөз топтарына
қатысты екені де әуен арқылы ажыратылып тұр, бірінші сөйлемде
осындай
сөзі алдыңғы сөздерден үзіліп, өзі жеке синтагма болып, тиянақты әуенмен
айтылса, екінші сөйлемде ол сөздің екінші синтагмасымен, яғни
елеулі
оқиғалар...
сөз тіркесінен үзілмей, сонымен тұтас әуенмен айтылған.
4)
әуен сөйлем құрамындағы қандай да бір мағыналық-грамматикалық
қатынастар негізінде топтасып тұрған бөліктердің бір-біріне қатынасын
білдіреді. Қатынас дегенде синтаксистік қатынасты, яғни анықтауыштық,
толықтауыштық, пысықтауыштық немесе болымдылық, болымсыздық
дегенді ойламау керек. Интонация жалпыланған қатынас түрлерін білдіреді,
ол көбінесе мағынамен байланысты болады, мысалы интонация арқылы сөз
бөліктері арасындағы қарсылықты, санамалау сияқты жалпы мағыналар
беріледі. Осы мағыналарды жеткізуші фонетикалық сигналдардың негізгісі –
әуен өзгерісі болып табылады. Мәселен, екі сөз бөлігіндегі топтасқан
сөздердің мазмұны бір-біріне қарама-қарсы болатын болса, олардың
арасынан әуен сызығы үзіліп, біріншісінің соңындағы әуен нүктесі
екіншісінің бастапқы нүктесінен әлдеқайда жоғары болады. Мысалы,
Сен
бармасаң // мен барам.
Ал бірыңғай мүшелердің әуендері бірдей деңгейде
айтылып, әрбір мүшенің соңында үзілген нүктеден төмен деңгейден
көтеріліп отырып, сөйлем соңында тынады. Мысалы,
Талап, еңбек, терең ой,
қанағат, рақым, ойлап қой – бес асыл іс, білсеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |