Графика. Орфография. Орфоэпия


 Жеке сөздердің орфоэпиясы



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет108/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

4.5 Жеке сөздердің орфоэпиясы 
Адам баласы хат танып, қалам ұстамастан бұрын, алдымен, ана тілінің 
ауызша жүйесін меңгеріп, құлағына сіндіріп өседі. Сондықтан да тілдік 
мағынаға ие болатын дыбыстың бейнесі адам психикасында көрініс тауып, 
орналасады. Ол сол тілдің дыбыстық тілі болмақ. Өзі әлі дұрыс сөйлей 
алмайтын бала санасындағы дыбыстардың көрініс тауып, орналасады. Өзі әлі 
дұрыс сөйлей алмайтынын бала санасындағы дыбыстардың көрінісі арқылы 
бөгделердің сөзін түсініп, мағынасын ажыратып қана отырады. Ал өзінің тілі 
шығып, былдырлай бастағанда сол құлағы шалып, естігендерін тұп-тура 
қайталай алатын, санасына «орналасқан» тіл дыбыстарын орынды қолдана 
алатын дәрежеге жетеді. Бірақ бұл сауатты, мәдениетті адамның 
дыбыстауларына ұқсамай кетуі де мүмкін. Өйткені, әдетте бала қарапайым 
сөйлеу, ауызекі сөйлеу тілдік ортасында тәрбиеленеді. Сондықтан оның 
алғашқы сауат ашу жылдарында «бере саш», «ертең барам», «ош жақ»,
«қаяқ», «тыста кетті», «қашшоқ» деген тіркестердің құрамы «бере салшы», 
«ертең барамын», «осы жақ», «қай жақ», тастап кетті», «қасы жоқ» екенін 
білгенде қатты таңданатына күлуге болмайды. Сөйтіп, оқушы жинаған 
ауызша сөздік қорындағы бүкіл сөздер мен сөз тіркестерінің хатқа түскенде 


«өңі айналып» өзгеріп сала бергенін, басқа құрам, өзгешелеу түбір, жұрнақ 
алып кеткенін, қып-қысқа, жылдам айтып жүрген сөздерінің ұзарып, 
шұбалыңқы тіркеске айналғанын, үйлесіп, үндесіп тұрған дыбыстардың тілге 
келмейтін дыбыстармен тіркескенін көріп, өзінің осыған дейін 
мәдениетсіздеу сөйлеп келгеніне ұялып, енді мәдениетті, әдеби тілде 
сөйлейтініне сенімі молаяды. Оған әліпбидегі әріптің бәрін дыбыс, әр әріптің 
бесеуден артық мағынасы болмайды, ол сөздің қай шеңінде келсе де, солай 
оқылады деген оқулық ережелері тіпті көмектеседі. Сөйтіп, қазақ тілінде 
«тәп-тәуір» сөйлеп келген бала қағазға жазылған сөзді, әріптеп оқимын деп, 
өз сөзіне өзі түсінбей қалатын кезі жиілейді. Мәтіннің, қарапайым мысал, 
ертегілердің мазмұнын өзі оқығанда, бірден ұғынып ала алмай, ал сол мәтінді 
ауызша сөйлеу нормасымен мәнерлеп оқыған басқа адамның аузынан қағып 
алатын оқушылардың көптігіне сондықтан таң қалуға болмайды. 
Қазақ тілінің ауызша сөйлеу нормасы қашан, қалай бұзылды дегенде, 
міне, ең алдымен, хат танытудың осы сатыларын ескеруіміз қажет. Әсіресе, 
қала мектебін, қала берді ауыл мектетерін бітірген түлектердің 80-90 пайызы 
бүгінде қазақ тілінің орфоэпиялық нормасын білмейтін (тек теория жүзінде 
ғана білетін), соны сақтамайтын ұрпақ болып келеді. Сол ұрпақ елдің 
мәдениеті, экономикасы, өркениетіне араласқан, араласатын буын болмақ, 
болып жатыр. Сондықтан бүгінде радио, теледидар, қоғамдық орын, 
мінбелерден естілетін сөздердің жартысынан астамы «жарымжан» сөзге 
айналуда. «Жарымжан сөз» деп теле-, радиошешендерінің, кадр сыртында 
сөйлейтін журналистердің, театр сахналарындағы актерлердің қағаздағы 
мәтінді әуелі ауызша тілдің айтылу сазына салып алмай, бірден, сол 
қалпында айна-қатесіз, «әріптеп» оқуын айтып отырмыз. Осыдан барып 
естілген сөздің қағаздағы тұрпатын көрмесе, берілетін ақпараттардың 
мазмұны түгіл, дыбыстық жамылышын құлаққа сіндіре алмай (психикадағы 
дыбыс қорымен сәйкеспей), әрі-сәрі болып отыратын кездер жиілейді. 
Бұл әсіресе тәуелсіз телеарналар мен радио журналистерінің тілінен, 
сахнадағы жас актерлер тілінен көбірек байқалады. Ауызша тілдің табиғаты 
басқа, оны дұрыс түсіну, дұрыс қолдану үшін жазылған сөзді ауызша сөзге 
көшіріп алу керектігі ескерілсе және жазуды оқуға айналдыратын ережелер 
мен бірдей етіп, қатар үйретілсе, сонда ғана тілдің айтылу мәнері бұзылмас 
еді. Қазақ тілінің ауызша жүйесіне көңіл бөлінбегендіктен (ауызша сөз бен 
жазу бір деп ұғынылғандықтан) бүгінде теледидар, радио, театр, кинодан 
естілетін аға буынның сөйлеу сазы мен жас буынның сөйлеу сазы жер мен 
көктей болып барады. 
Ал қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық нормасын құрайтын, қазақ тілінің 
ауызша жүйесі болып табылатын, жазба тілді ауызша сөзге айналдыратын 
мынадай ортақ заңдылықтар бар. Ол заңдылықтар алдымен жеке сөздерге 
байланысты мынадай қағидалар. 
Біріншіден, қазақ тілі ауызша жүйесінің үлкен құрсауы үндесім заңы 
(сингармонизм заңы). Ол – тілдегі дауысты дыбыстардың бір-бірімен 
үйлесіп, үндесіп, ыңғайласып айтылуы. 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау