Гост 3034-75. Крупа овсяная. Технические условия


ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ



жүктеу 0,94 Mb.
бет6/6
Дата01.01.2020
өлшемі0,94 Mb.
#25713
1   2   3   4   5   6

2 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

2.1 Еңбек қорғаудың ұйымдастырушылық және құқықтық негіздері


Еңбекті қорғау - еңбек қызметінің процесі кезінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау жүйесі. Кәсіпорындарға еңбекті қорғауды басқару жүйесі (ЕҚБЖ) енгізілген, оған сәйкес кәсіпорынның әрбір қызметкерлерінің осы жүйеде өзіндік құқықтары мен міндеттері болады. Жалпы айтқанда кәсіпорында еңбекті қорғау жағдайына бас директор, сонымен қатар бөлімшелер бойынша - осы бөлімнің басшысы жауап береді.



Еңбек қорғау жөніндегі заңдар дегеніміз – бұл өзара бір-бірімен тығыз байланысқан заң актілерінің жүйелері [31].

Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау саласындағы негіздемелік құқықтық заңнамалары мен нормативтік-техникалық актілері.Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі 5 бөлімнен, 40 тараудан және 341 баптан тұрады.



Еңбек шартында:

тараптардың деректемелері:

жұмыс беруші жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні;

жеке сәйкестендiру нөмiрi (бизнес-сәйкестендiру нөмiрi);


жұмыс беруші заңды тұлғаның және оның орналасқан жерінің атауы, жұмыс беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;

жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, жеке сәйкестендіру нөмірі;

2) белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы (еңбек функциясы);

3) еңбек шартының мерзімі;

4) жұмыстың басталу күні;

5) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі;

6) еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары;
7) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды және (немесе) қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер;

8) жұмыскердің құқықтары мен міндеттері;

9) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;

10) еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі;

2. Мүгедекпен жасалатын еңбек шартында жұмыс орындарын олардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып жабдықтау жөніндегі талаптар қамтылуға тиіс.

3.Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.

Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері

1. Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.


2. Еңбек шарты:

1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда, он бес жасқа толған азаматтармен;

2) оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушылармен;

3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін осы тармақты 2-тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.


3. Осы баптың 2-тармағында айқындалған жағдайларда еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның ата-анасының біреуі, қорғаншысы, қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюға тиіс.

Жұмыс уақыты және оның түрлері

1. Дайындық-қорытынды жұмысы (наряд-тапсырма, материалдар, құралдар алу, техникамен, құжаттамамен танысу, жұмыс орнын дайындау және жинау, дайын өнімді тапсыру және басқалар) уақытының кезеңдері, еңбек технологиясында, еңбекті ұйымдастыруда; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі қағидаларында көзделген үзілістер; жұмыскер өзінің уақытына еркін иелік ете алмайтын жұмыс орнында болу немесе жұмысты күту уақыты; мереке және демалыс күндеріндегі кезекшіліктер; үйдегі кезекшілік, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне немесе Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес басқа да кезеңдер жұмыс уақытына жатады.

2. Ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты болуы мүмкін.

Жалақының мөлшері

1. Жұмыскердің айлық жалақысының мөлшері жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді.

Айлық жалақының мөлшері ең жоғары мөлшермен шектелмейді. Жалақы жұмыскерге жұмыс уақытын есепке алу бойынша жұмыс берушінің құжаттарында есепке алынған нақты жұмыс істеген уақыт үшін төленеді.
      2. Осы кезеңге айқындалған жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын немесе еңбек міндеттерін орындаған жұмыскердің айлық жалақысының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайды.

Жеке еңбек дауын қарау тәртібі

1. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін және заңды тұлғаның атқарушы органының басшыларын қоспағанда, жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша соттар қарайды.

2. Келісу комиссиясы жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің бірдей санынан тепе-тең негізде ұйымдарда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
3. Келісу комиссиясы мүшелерінің сандық құрамы, оның жұмыс істеу тәртібі, келісу комиссиясы шешімінің мазмұны мен оны қабылдау тәртібі, келісу комиссиясы өкілеттігінің мерзімі, делдалды тарту туралы мәселе жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің арасындағы жазбаша келісімде не ұжымдық шартта белгіленеді.

4. Келісу комиссиясына келіп түскен өтінішті көрсетілген комиссия берілген күні міндетті түрде тіркеуге тиіс. Дау өтініш берушінің және (немесе) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген өкілеттіктер шегінде ол уәкілеттік берген өкілдің қатысуымен қаралады.


5. Келісу комиссиясы дауды өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға және дау тараптарына шешімнің көшірмесін оны қабылдаған күннен бастап үш күн мерзімде беруге міндетті.

Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырылады.

Ст. 180 ҚР Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ [32].

ҚР Еңбек кодексі


180-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар және іс-шараларды қаржыландыру

1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді және жұмыскерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған қағидаларды, рәсімдерді және нормативтерді қамтуға тиіс.


2. Жұмыс берушілер мен жұмыскерлер Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды орындауға міндетті.
Ст.181 ҚР Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ [32].

ҚР Еңбек кодексi


181-бап. Жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері.

  1. Жұмыскердің:

  1. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;

  2. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуге;

  3. еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға өз жұмыс орнындағы еңбек жағдайларына және еңбекті қорғауға тексеру жүргізу туралы өтініш білдіруге;

2. Жұмыскер:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, қағидалардың және нұсқаулықтардың талаптарын сақтауға;
2) жұмыскерлердің әрбір өндірістік жарақаты және денсаулығының өзге де зақымдануы, кәсіптік аурудың (уланудың) белгілері туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін ахуал туралы жұмыс берушіге немесе жұмысты ұйымдастырушыға дереу хабарлауға;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық қарап тексеруден, сондай-ақ ауысым алдындағы, ауысымнан кейінгі және өзге де медициналық куәландырудан өтуге;
4) жұмыс берушінің талабы бойынша жұмыс берушінің актісінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ басқа жұмысқа ауысқан кезде профилактикалық медициналық қарап тексеруден өтуге;

ҚР Еңбек кодексі бойынша еңбекті қорғау бұл әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру, техникалық, гигиеналық, емдік-профилактикалық шаралар және қауіпсіздік қамтамасыз ету құралдар, денсаулықты және адамның жұмыс қабілеттін еңбек кезінде сақтау.



Еңбек қорғау жөніндегі заңдар мен нормативтік-техникалық құжаттар. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы № 528 Заңы. Осы Заң Қазақстан Республикасындағы еңбектi қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және еңбек қызметi процесiнде еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерiн белгiлейдi [33].

 2-бап. Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары

1 Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

1 Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының азаматтарына, еңбек қызметiн Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

2 Жұмыс берушiлер мен қызметкерлер арасында еңбек қатынастары туын-даған кезде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарды бәрi орындауы мiндеттi.

3 Жеке еңбек шартында, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген жұмыс орындарындағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жағдайлары осы Заңда көзделген еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау деңгейiнен төмен болмауға тиiс.

2.2 Тіршілік қауіпсіздігі


Микроклимат – шектеулі кеңістіктегі физикалық факторлардың (ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалыс жылдамдығы, сәулелі жылу) кешені мен құралатын және организмнің жылулық алмасуына әсер етуші, қоршаған ортаның жылулық жағдайы.

Ашымық жасау өндірістерінде бөлмелердің микроклиматы қоршаған ортаның маңызды физикалық факторы болып келеді де, жұмысшылардың денсаулық жағдайы мен іскерлігі көбінесе оған байланысты болады. Ашымық жасау өндірістерінде көптеген салаларында жұмысшылардың еңбегі микроклиматы жағымсыз келетін бөлмелерде өтеді. Осыған байланысты жұмысшылардың денсаулық жағдайы мен іскерлігін болжаудыңбазалық негізі ретінде микроклиматты құраушы негізгі заңдылықтарын, организмнің термо бейімделуін, профилактика жолдарын гигиеналық бағалау міндеттері әрқашанда өзекті болып келеді.



Шудың, дірілдің адам ағзасына тигізетін әсері.

Ашымық жасау өндірістерінде өндірістік қондырғыларды іске қосу, жұмысшының денсаулығына жағымсыз әсер көрсететін шу мен діріл қатар жүреді. Еңбек қауіпсіздігі көзқарасынан шу мен діріл, өндірісте кеңінен таралаған зиянды өндірістік фактор болып табылады.

Ашымық жасау өндірістерінде еңбек үрдісі кезінде шу мен дірілден бөлек инфрадыбысты және ультрадыбысты тербелістер де зиянды әсерін тигізеді.

Ашымық жасау өндірістерінде шу көптеген және түрлі көздерден пайда болады. Олардың негізгілеріне: өндірістік және өнеркәсіптердің техникалық құралдары, желдету, авиациялық қозғалтқыштар және ішкі жану қозғалтқыштарды сынақтан өткізу стансалар, қондырғылар жатады.



Шу– түрлі жиіліктегі қарқынды дыбыстардың үйлесімі. Адам организміне физиологиялық жағынан зиянды әсерін тигізетін кез келген жағымсыз дыбыс шу деп аталады.

Ашымық жасау өндірістерінде шу адамға жағымсыз. Дыбыстарға сұйық және газ тәріздес ортада толқын түрінде таралатын серпімді тербелістері жатады.

Адамдар шуды организмнің субъективті ерекшелігіне қарай және үйреншікті шудың бедері бойынша түрліше қабылдайды. Деңгейі 60 дБ төмен шу психикалық қоздыруға әкеліп соғады.

Шудың қоздырғыш әсері, оның деңгейімен, спектрлік және уақыттық сипаттарымен анықталады.

Қазіргі таңда шудың адам организміне тигізетін зияны туралы көптеген мәліметтер бар. Күшті шудың ұзақ уақыт бойы әсер етуінен дыбыс органдарының жұмысы бұзылады, соның нәтижесінде есту қабілеті нашарлайды.

Діріл-механикалық тербелістердің жиынтығы. Ашымық жасау өндірістеріндегі дірілдің адамға әсері көбінен машинаға немесе оның бөлек бір жүйесіне әсер беретін шарттылығынан ішкі айнымалы күштің тербелісімен байланысты болады. Ашымық жасау өндірістеріндегі жұмыс орындарында жұмысшыларға әсер ететін механикалық тербелістердің жиынтығы діріл болып табылады.

Ашымық жасау өндірістеріндегі дірілдің әсері жұмысшының жағдайын және жұмыс өнімділігін төмендетумен бірге жиі кәсіптік ауру – діріл ауруына соқтырады. Дірілдің негізгі көздері – соққы әсерімен жұмыс істейтін технологиялық құралдар (балғалар, пресстер), қуатты энергетикалық қондырғылар (сораптар, компрессорлар), инфрадыбы спектрі және кейбір транспорттық жүйелер.

Ашымық жасау кәсіпорынында шу мен дірілдің әсерін азайту шаралары:

1) Шу мен дірілді пайда болған жерінде жою.

а) техникалық үрдістегі шу, дірілді көп беретін машиналарды шу, дірілі аз машиналарға ауыстыру.

б) ашымық жаауда машина детальдары арасындағы саңылауды реттеу.

с) машина құрылысына шу, діріл шығармайтын материалдарды пайдалану.

2) Шу мен дірілді олардың таралу жолында жою.

а) Машинаның шулы бөліктерін құндақтау, қоршау, оқшаулау.

б) Шуды азайту үшін жұтқыш қалқандарды пайдалану (экрандау).

3) Жеке басты қорғау құрал-жабдықты пайдалану.

Ауаның температурасы - ашымық жасау өндірістеріндегі өндірістік ортаның, әсіресе технологиялық процесстерінің ерекшеліктеріне байланысты жылуды көп бөлетін цехтарындағы микроклиматты анықтаушы басты факторларының бірі болып саналады. Ашымық жасау өндірістеріндегі ауа жабдықтар мен материалдардың ысыған беттерінен жылуды конвекциялық беру нәтижесінде ысиды. Ашымық жасау өндірістеріндегі ауаның төмен температурасымен сипатталады. Мұндай жағдайлар жылдың қыс мерзімдерінде жылытылмайтын жұмыс бөлмелерінде (элеваторлар, қоймалар, тоңазытқыш камералары), және де ашық ауада жұмыс істеуінде байқалады.

2.3 Техника және технология қауіпсіздігі


Қауіпсіздік техникасы - еңбекті қорғаудың бір түрі, жұмыс атқарушыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі. Еңбекті қорғау қағидаларының кұрамдас бөлігі. Жұмыскерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өндіріс жағдайларының алдын алудың ұйымдастырушылық-техникалық шаралары мен кұралдарының жүйесі.

Қауіпсіздік техникасы жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ Қауіпсіздік техникасы техникалық құрамдарының жасалуы мен қолданылуы нормативтік - техникалық құжаттаманың стандарттардың, ережелердің, нормалардың, нұсқаулардың, негізінде жүргізіледі.

Ашымық жасау өндірістері қалай жобаланғандығына, сәйкес ғимараттармен жабдықталғандығына, қалыпты технологиялық үрдісті қамтамасыз ететін ондағы қажетті жабдықтардың қалай таңдалғандығына және қойылғандығына байланысты болады.

Ашымық жасау өндірістеріндегі жобасы, сонымен қатар барлық өндірістік цехтары ғимараттардың өлшемдері жұмыскерлердің қауіпсіз және оңтайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін, қолданыстағы нормативтермен анықталады.

Ашымық жасау өндірістеріндегі дұрыс және жеткілікті жарықтандыру маңызды рөл атқарады. Көру үшін ең қолайлысы табиғи жарықтандыру болып табылады. Терезе ауданының еденнің ауданына арақатынасы 1:6 болуы тиіс, ал терезелерден ең көп алшақтау 8 м-ге дейін бола алады. Жасанды жарықтандыру үрдісті үнемі бақылауды қажет етпейтін (қоймалар, машина бөлімі, экспедиция) ғимараттарда қолданылады.

Ашымық жасау өндірістеріндегі жұмысшы жарықтандыру сөнгендегі минималды жарықтандырумен қамтамасыз ететін апаттық жарықтандырудың болуы қажет (1:10).

Ашымық жасау өндірістерінде жұмысқа тұратын, барлық қызметкер міндетті, түрде, еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша кәсіби жарамдылық және сулы нұсқама бойынша жоспар - кәсіпорынның бас инженерімен бекітіледі, кейіннен қызметкер жұмыс орнында алғашқы нұсқамадан өтеді, бұл нұсқаманы шебер немесе бастық өткізеді. Жұмыс басталу алдында жұмыс орнын толық тексереді және қарап шығады.

Ашымық жасау өндірістеріндегі барлық жарамсыз заттар алынып тасталады. Бұзылған машиналарды түзеткеннен кейін олардың дұрыс жұмыс жасайтынына көз жеткізу үшін оларды бос күйінде, аз жылдамдықпен жүргізіп көру арқылы тексереді.

12.0.003-74 ЕҚСЖ стандарттарына сәйкес «Ашымық жасау өндірістеріндегі» өндірістік қауіпті және зиянды факторлар табиғи жағдайға байланысты пайда болу түрлері төрт топқа бөлінеді: физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық болып.

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар 4 ке бөлінеді:

Физикалық факторлар : Электр тоғы, қозғалыстағы машиналар мен қондырғылардың кинетикалық энергиясы, түтіктердегі газ бен будың артықша қысымы,жоғары деңгейдегі шу, діріл, инфра- және ультрадыбыстар, электромагниттік толқындар, иондаушы сәулелер және т.б.

Химиялық факторлар: ( Түрлі күйдегі зиянды заттардың адам организміне қауіпті әсері)

Биологиялық факторлар: ( Түрлі микроорганизмдердің, өсімдіктердің және жануарлардың зиянды әсері)

Психофизиологиялық факторлар: ( Физикалық және эмоциялық ауыртпалықтар, ой ауыртпалығы, еңбектің монотондығы (бір қалыптылығы).

Ашымық жасау өндірістеріндегі жұмыс басталар алдында міндетті түрде машиналардың немесе агрегаттардың дұрыстығына және бақылаушы- өлшеуші, сақтағыш құрылғылар, қоршаулардың бар екендігіне көз жеткізу қажет. Қауіпті жабдықтарда, сонымен қатар сақтандарғыш және бақылаушы-өлшеуіш аспаптарсыз жұмыс істеуге тыйым салынады.

Ашымық жасау өндірістеріндегі өнімдердің дайындау өндірісінің арнайы лабораториялық зертханасында әртүрлі құрылғы, соның ішінде газды жанарғылар, сүт құрамын тексеру барысында химиялық реактивтер қолданылады. Зертханада жұмыс істегенде үлкен жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс істеу қажет.

1. Жұмыс орнының тазалығы. Барлық жұмыс орнын тазалықта ұстау қажет. Ол үшін жабындылар,едендер,қабырғалар,терезелер жарамды, сорғыш вентиляция жүргізілген болуы қажет және әрдайым жинастыру жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Ашымық жасау өндірістерінде кіре берісінде жерде кілемшелер жатуы қажет, ал жаз уақытында терезелерінде хлорлы суға батырылған дәке болуы қажет. Дәретханаларда тазалық сақталуы қажет, қол жуғыш, сабын және сүлгі болуы керек.

Ашымық жасау өндірістерінде қолды зарарсыздандыру үшін 0,1%-дық хлорлы судың ерітіндісі бар қол жуғыштар мен бөшкелер орнатылған болуы керек.

2. Зертханада халаттарының барлық түймелері жабық түрде жұмыс істеу керек. Шаштарын жинап немесе қалпақ кию керек.

3. Барлық заттарды абайлап иіскеу, толы кеудемен жұтпау және ыдысқа еңкеймеу керек. Ыдысты жақындатып, газды қолмен желпіп, иіскеу керек.

4. Жабдықтарды жуу сапалығы. Жабдықтарды жуу сапасына көп көңіл бөлу қажет. Сонымен бірге санитарлық ережелердің орындалуын бақылап отыру қажет:

- жуу алдында жұмысшы-жуушы арнайы киім (комбинезон және резеңке етіктер) киюі қажет. Арнайы киіммен ашымық жасау өндірістерінде және завод маңайында жүру рұқсат етілмейді. Арнайы киімді әр ашымық жасау өндірістерінде арнайы шкафтарда сақтау және басқа мақсаттарда қолданбау қажет; комбинезондар мен етіктер жүйелі түрде залалсыздандырылуы қажет;

- жабдықтарды жүйелі түрде залалсыздандырылып тұратын арнайы щеткалармен жуу қажет; жуу үшін шүберектерді қолдануға тыйым салынады;

- жабдықтарды жууда қолданылатын шлангаларды қабырғаларға іліп қою керек немесе арнайы сөрелерге орнату керек, бірақ еденде қалдырмау керек;

- барлық аппараттарды босатқаннан кейін бірден жуу қажет және қалған суды кетіру қажет; сыйымдылықтарды жуу келесі пайдалануға дейін қалдыруға тыйым салынады;

- ыдыстарды жуу сапасына көп көңіл бөлу қажет.

5. Сусло, сироптар, сүзінділер және т.бт өндірістік сұйықтар сақталатын аппаратуралар мен сыйымдылықтар ерекше мұқият жуылу қажет:ішкі құбырлармен жабдықталған тұндырғыштар күбірлер(бөшкелер), пластикалық жылу алмастырғыш, тәрелкелер, су жібергіш тоңазытқыштар және т.б.

6. Өндірістік дақылдар. Өндірістік дақылдар технологиялық процесс кезінде жеңіл инфекцияланады және инфекция тасымалдаушы болып табылады. Өндірістік ашытқы дақылдарын, бактерияларды және саңырауқұлақтарды қолдану алдында және де ферментерге салар алдында оларды мұқият түрде барлық көрсеткіштерге тексерілуі қажет, әсіресе бөгде заттармен және зиянды микробтармен ластануын тексеру керек.

7. Химиялық реактивтердің барлығы улы. Жұмыс істеу кезінде барынша ептілік қажет. Қолға әртүрлі заттардың түсуінен сақтану керек, және қолмен ұстауға және сол қолмен көзді ұстауға, тамақты ішуге болмайды. Жұмыстан кейін міндетті түрде қолды жақсылап жуу қажет.

Ашымық жасау өндірістеріндегі жазатайым оқиға кезінде алғашқы көмек көрсету:

1. Термиялық күйік кезінде күйген жерді 5%-тік марганец қышқылды калий ерітіндісімен 96%-дық этил спиртімен жуу немесе натрий гидрокарбонатын себу керек.

2. Кесіп алған жағдайда жараны йод ерітіндісімен немесе басқада оны алмастыратын құралдармен бинттеу немесе лейкопластырь жабыстыру.

3. Қышқылмен күйген жағдайда күйген жерді сумен, содан кейін3%-ті натрий гидрокарбонатының әлсіз ерітіндісімен жуу.

Қызметкердің сулық нұсқамасы кезінде, толықтай, кәсіпорын объектілерімен, кәсіпорындағы негізгі қауіпті факторлармен, кәсіпорындағы еңбекті қорғау және техниалық қауіпсіздік жағдайымен таныстырады.

Электроқозғалтқыштар, іске қосылатын аспаптар жерге нық тұйықталуы тиіс. Аммиак буларының адам ағзасына зиянды әсер етуінің нәтижесінде, ТҚ және машина сонымен қатар аммиактық мұздатқыштары бар аспаптарға қызмет көрсету бойынша нұсқаманы қатаң ұстау қажет. Аммиактың бұзылуы кезінде, әрбір жұмыс орнында қарастырылған газтұтқышты кию қажет, аспапты қосу, тетікті жауап тастап, механикке хабарлау қажет. Ашымық жасау өндірістеріндегі өнімдерін мұздату және сақтау камералары - жабық камерада кездейсоқ қалып қойған адамдардың шығуы үшін қауіпсіздіктің сигнал беру жүйесімен жабдықталуы тиіс.

Ашымық жасау өндірістеріндегі жабдықтар - машиналар, тетіктер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар және жұмысқа, өндіріске қажетті өзге де техникалық құралдармен жұмыс істеген кезде олардың жұмыс істеу принципінің ережесімен таныс, қауіпсіздігі туралы арнаулы нұсқаулығы бар адамға рұқсат етіледі.

2.4 Өрт қауіпсіздігі


Өрт дегеніміз – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.

Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.

Ашымық жасау өндірістеріндегі өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.

Ашымық жасау өндірістеріндегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындалығы, әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және т.б. жатады.

Өртке қарсы қауіпсіздік техникасы өрттің пайда болуын ескертетін, және оларды сөндіруді ұйымдастыратын іс-шаралар қатары болып табылады. Ашымық жасау өндірістеріндегі өрт сөндіру- күзеттік күзет, сонымен қатар еркін өрт сөндіру жасағы ұйымдастырылады. Өрт сөндіру қауіптілігі бойынша барлық өндірістер бес санатқа бөлінеді, олар: А, Б, В, Г,Д.

Ашымық жасау өндірістеріндегі өрттің алдын алу шаралары:

- құрылыстық-жобалау;

- техникалық;

- ұйымдастырушылық;

Құрылыстық- жобалау шаралары - ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын жанатын, жанбайтын болып бөлінеді). Отқа төзімділік шегі дегеніміз – бұл оттың әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге дейінгі қашықтықтар белгіленеді.

Ашымық жасау өндірістеріндегі техникалық шаралары:

- өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;

- құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер парамертлерін сақтау;

- әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану;

Ұйымдастырушылық шаралар - құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.



Ашымық жасау өндірістеріндегі өрт сөндіру тәсілдері:

- ыстық жанғыш затты тотықтырғыштан бөлектеу;

- ауадағы оттегі концентрациясын азайту;

- ыстық жанғыш заттың температурасын оталдыру температурасынан төмендету.

Ашымық жасау өндірістеріндегі өрт сөндіру заттары ретінде су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын газ тәріздес заттар, инертті газдар, булар қолданылады.

Ашымық жасау өндірістеріндегі өрт сөндіру құралдары;

Өрт сөндіру құралдары 2-ге бөлінеді:

- қол көмегімен жұмыс істейтін құралдар (құм салынған жәшіктер, асбест жабындары, өртке қарсы құрал-саймандары бар тақталар; химиялық көпіршікті от сөндіргіштер; ұнтақты отсөндіргіштер; көміроттекті отсөндіргіштер; хладонды отсөндіргіштер; құрама отсөндіргіштер);

- өртке қарсы жүйелер (сумен жабдықтау жүйелері; көпіршікті генераторлар; автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру жүйелері).



Барлық ашымық жасау өндірістеріндегі және өндірістік ғимараттарда нақты көрсетілген кедергісіз тез шығуға кепіл беретін апатты жағдайларда шығатын жерлер болуы тиіс. Есіктер іш жағынан ашылуы керек. Бұл жерлерде кедергі келтіретін бөгде заттар мен отқа жанғын материалдар болмауы керек. Бұдан басқа да құтқару жолдары қарастырылуы жөн (мысалы, сыртқа шығатын сатылар мен шатырға шығатын жерлер). Өрт кезінде ешқашан лифтті қолдануға болмайды.

ҚОРЫТЫНДЫ

1. Ұлттық қышқыл сүт сусындарының түрлері мен шикізаттары кеңінен қарастырылып, олардың тағамдық құндылықтары мен минералдық, дәрумендік көрсеткіштеріне және химиялық құрамдарына кестелер түрінде тұтастай сипаттамалар берілді.

2. Қышқыл сүт сусындарын өндірудің екі тәсіліне – резервуарлық және термостаттық анықтамалар беріліп, технологиялық сызбалары келтірілді, әр желінің ерекшеліктері қарастырылды.

3. Қышқыл сүт сусынының тағамдық құндылықтарын байыту үшін қосылатын астық дән жармаларына тұтастай сипаттамалар жасалынды.

4. Қышқыл сүт өнімдерінің сапа көрсеткіштерін анықтауға арналған титрлеу әдісі мен қондырғыларына толық мағлұматтар келтірілген.


5. Қышқыл сүт сусыны ашымықтың сақтау мерзімі, қоспаланылатын айранның концентрациясына байланысты органолептикалық көрсеткіштері мен қышқылдық санының өсуі әмбебап Excel орталығының зерттеу нәтижелері арқылы анықталынды. Мысалы, сақтау мерзімі 5 тәулікке созылған 30%-дық айран қосылған қышқыл сүт сусыны ашымықтың қышқылдығы 10%-дық айран қосылған ашымыққа қарағанда 1,5 есеге артты.

6. Ұлттық қышқыл сүт сусыны ашымықтың сақтау мерзімін ұзартуға арналған технологиялық желі схемасы әзірленді.

7. Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі бөлімінде еңбек қорғаудың ұйымдастырушылық және құқықтық негіздері қарастырылып, өндірістегі қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың ұйымдастыру жолдары көрсетілді.

8. Еңбекті қорғау қағидаларының кұрамдас бөлігі- техника және технология, өрт қауіпсіздігі туралы бөлімдерге анықтамалар мен сипаттамалар берілді.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана.

  2. [электронды ресурс]- қарау тәртібі: http://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/memleket-basshysy-nnazarbaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-2017-zhylgy-31-kantar (қаралған күні 03.04.2017)

  3. Твердохлеб Г.В., Диланян З.Х., Чекулаева Л.В. Технология молока и молочных продуктов. М.: Агропромиздат, 1991г

  4. [электронды ресурс]- қарау тәртібі: https://ru.wikipedia.org/wiki/Шубат (қаралған күн 05.01.2017)

  5. [электронды ресурс]- қарау тәртібі: http://www.sunduk.ru/receipts/prods/p10287.htm (қаралған күн 09.01.2017)

  6. А.А. Покровского «Химический состав пищевых продуктов», Москва, 1976 г.

  7. [электронды ресурс]- қарау тәртібі: https://ru.wikipedia.org/wiki/Кисломолочные_продукты(қаралған күн 10.01.2017)

  8. [электронды ресурс]- қарау тәртібі: http://kzpatents.com/ (қаралған күні 13.01.2017)

  9. [Электрондыресурус].-қарау тәртібі:

  10. https://ru.wikipedia.org/wiki/Катык (қаралған күн 16.01.2017ж).

  11. Степанова Е.Н. Химический состав пищевых продуктов. – М.: Легкая и пищевая промышленность, 1984г.-205-207с.

  12. [электронды ресурс]- қарау тәртібі: https://ru.wikipedia.org/wiki/ПробиотическиеКисломолочные_продукты(қаралған күн 19.02.2017)

  13. [электронды ресурс]- қарау тәртібі: http://kzpatents.com/ (қаралған күні 21.02.2017)

  14. [Электронды дерек көзі] – қарау тәртібі: http://kzpatents.com/3-ip28986-sposob-polucheniya-kislomolochnogo-napitka-.html (қаралған күні 25.02.2017)

  15. [Электронды дерек көзі] – қарау тәртібі: http://kzpatents.com/3-ip28986-химические состав кисломолочный продукта-.html (қаралған күні 28.02.2017)

  16. [Электронды дерек көзі] – қарау тәртібі: http://kzpatents.com/3-ip28986-sposob-polucheniya-kislomolochnogo-napitka-золотое молоко html (қаралған күні 05.03.2017)

  17. Глазачев В.В. Кисломолочные продукты. – М.: Пищевая промышленность, 1964г. –108с.

  18. [Электронды дерек көзі] – қарау тәртібі: http://kzpatents.com/3-ip28986-sposob-polucheniya-kislomolochnogo-napitka-шубат.html (қаралған күні 07.03.2017)

  19. [электронды ресурус] - қарау тәртібі: http://www.zhensovet.kz/content/ashimik-kozhe (қаралған күн 10 .03.2017).

  20. Спандияров Е.С., Горбатовская Н.А., Байхожаева Б.У., Ахметова Г.В. Технология продуктов длительного хранения. – Тараз, 1999г. – 130с

  21. Межгосударственный стандарт. Крупы просо. (Требования при заготовках и поставках). ГОСТ 22983-88. Шығарылған күн 01.01.88.

  22. Г. А. Егоров, Е. М.Мельников, В. Ф. Журавлев «Технология мукомольного, крупяного и комбикормового производства», Москва, «Колос», 1981 г.

  23. В.А. Бутковский «Технология и оборудование мукомольно-крупяного и комбикормового производства», Москва, 1979 г.

  24. Мерко И.Т. Технология мукомольного и крупяного производства. - М.: Агропромиздат, 1985г.- 267с.

  25. Г. А. Егоров, Е. М.Мельников, В. Ф. Журавлев «Технология мукомольного, крупяного и комбикормового производства», Москва, «Колос», 1981 г.

  26. Межгосударственный стандарт. Крупы овсяная. (Крупа овсяная. Технические условия). ГОСТ 3034-75. Шығарылған күн 06.03.75.

  27. В.А. Бутковский «Технология и оборудование мукомольно-крупяного и комбикормового производства», Москва, 1979 г.

  28. Межгосударственный стандарт. Крупы ячменная. (Крупа ячменная. Технические условия). ГОСТ 5784-60. Шығарылған күн 08.05.60.

  29. Электронды ресурус].-қарау тәртібі: http://himtreid.kz/p4838040-termostat-elektricheskij suhovozdushyj.html?yclid=1556294896928431052&http://himtreid.kz/g668154-gigrometry(қаралған күні 07.03.2017ж)

  30. [Электронды ресурус].-қарау тәртібі:http://www.radwag.ru/products/xa-r-analiticheskie-vesy/xa-52-x-analytical-balance-analiticheskie-vesy/(қаралған күн 10.03.2016ж).

  31. Межгосударственный стандарт. Молоко и молочные продукты. ГОСТ 3624 – 92. Шығарылған күн 01.01.94.

  32. С.Қосжанов, Д.Ділдабек, С.Шертиев. Өндірістегі қауіпсіздік.- Тараз: 2010.

  33. Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ.

  34. Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі: Қ.Т.Жантасов, Е.Н.Кочеров, А.С.Наукенова, М.Қ.Жантасов.- Алматы:- 2012.



Тақырыбы: Тамақтық құндылықтары жоғары қышқыл сүт сусыны биотехнологиясын зерттеу


жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау