Гылым тарихы мен философиясы Пэншинин окуө эдiстемелiк кешене



жүктеу 1,04 Mb.
Pdf просмотр
бет8/16
Дата23.11.2018
өлшемі1,04 Mb.
#24379
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

 

                        



Дәріс 4 

Тақырыбы:Құңдылықтар 

табиғаты 

және 

олардыңәлеуметтік-гуманитарлық 

танымдағы рөлі . 

Мақсаты:құңдылықтар түсінігінің мазмұның және оның гуманитарлық танымдағы 

өзгешілігін ашып көрсету.  

                                       Жоспар 

1.Құңдылықтар түсінік реттінде. 

2. Рухани мәдениет 

3. Ғылым және қоғамдағы оның рөлі. 

4. Мораль. 

5. Дін. 


6. Өнер. 

7.  Білім  беру  және  өз  бетімен  білім  алу.  Рухани  өмір  –  қоғмның  өмір  сүруі  мен  қызмет 

етуінің маңызды жағы болып табылады. Егер де, ол бай мазмұнға ие болатын болса, онда 

адамдардың  өміріне  қолайлы  рухани  жағдай,  тиісті  моральдық-психологиялық  климат 

қалыптасады.  Қоғамның  рухани  өмірінің  мазмұнына  оның  нақты  адамилық  мәні 

айқындалады. Өйткені руханилық тек қана адамға тән және оны басқа тіршілік иелерінен 

ажырататын, табиғаттан жоғары қоятын қасиет. 

Қоғамның  рухани  өмірі  өте  күрделі  ұйымдасқан.  Ол  адам  санасының  әр  түрлі 

көріністерімен,  олардың  ойлары  мен  сезімдерімен  шектелмейді,  бірақ,  олардың  санасы 

рухани өмірдің өзегі, тірегі деуге толық негіз бар. Қоғамның рухани өміріне келесі негізгі 

элементтерді жатқызуға болады: 

а)  тиісті  рухани  құндылықтарды  өндіру  мен  тұтынуға  бағытталған  адамдардың  рухани 

қажеттіліктері; 

б) рухани құндылықтар; 

в) рухани қызмет; 

г) тұтас рухани өндіріс жүйесі; 

д) рухани тұтыну; 

е) рухани қатынастар. 

Рухани қызмет рухани өмірдің негізін құрайды. Оны сананың қызметі ретінде қарастыруға 

болады,  оның  барысында  адамдардың  табиғи  және  әлеуметтік  құбылыстар  жөнінде  бір 

ойлары  мен  сезімдері,  ұғымдары  мен  түсініктері  қалыптасады.  Мұндай  қызметтін 

нәтижесі ретінде адамдардың дүние туралы белгілі бір көзқарастарын, ғылыми идеялары 

мен  теорияларын,  моральдық,  эстетикалық  және  діни  ой-пікірлерді  қарастыруға  болады. 

Бұлардың  бәрі  тиісті  моральдық  принциптер  мен  мінез-құлық  номаларында,  халықтық 

және  кәсіби  өнер  туындыларында,  діни  жол-жора,  салт-дәтүрлерде  және  т.б.  көрініс 

табады. Рухани  қызметтің  нәтижесінде  тиісті  рухани  игіліктер  немесе  құндылықтар 

қалыптасады.  Рухани  құндылықтарға  адамдардың  кез  келген  көзқарастарын,  ғылыми 

идеяларды,  гипотезалар  мен  теорияларды,  көркем  туындыларын,  моральдық  және  діни 

сананы,  адамдардың  рухани  қарым-қатынасын  дәне  сананың  негізінде  қалыптасатын 

моральдық-психологиялық  жағдайды  жатқызамыз. Рухани  құндылықтарды  тарату, 

тұтынушыға  дейін  жеткізу  рухани  қызметтің  ерекше  бір  түрі  болып  саналады.  Бұл, 

олардың  сауаттылығы мен  рухани  мәдениетін  арттырудағы  өте маңызды  әрекет.  Осыған 

байланысты  қоғамдағы  білім  беру  мен  тәрбие  мәселесі,  ғылым  және  мәдениет 

мекемелерінің  қызмет  етуі  дұрыс  жолға  қойылу  керек.  Сонда  ғана  адамдардың  рухани 




 

дүниесі  дұрыс  қалыптасып,  қоғамның  рухани  өмірі  бай  мазмұнға  ие  болады. Адамдарды 

рухани  қызметпен  айналысуға  итермелейтін  негізгі  күш  –  рухани  қажеттіліктер. 

Соңғылар, адамды рухани шығармашылықпен айналысуға, рухани қүндылықтарды жасау 

мен  тұтынуға,  рухани  қарым-қатынасқа  бағыттайды,  соған  жол  ашады.  Рухани 

құндылықтар мазмұны жағынан объективті болып табылады. Өйткені олар өмірдің өзінен 

туындайды  және  адамдардың  қоршаған  дүниені  рухани  тұрғыдан  игерудегі  объективтік 

қажеттілігін  айқындайды.  Сонымен  бірге,  рухани  қажеттіліктер  формасы  жағынан 

субъективті  болып  келеді,  өйткені,  олар  адамдардың  ішкі  дүниесінің,  қоғамдық  және 

жекедаралық  санасы  мен  өзіндік  санасының  көріністері  ретінде  байқалады.  Қоғамның 

рухани өмірінің келесі маңызды элементі – рухани тұтыну. Сөз рухани игіліктерді тұтыну 

туралы  болмақ.  Рухани  игіліктерді  тұтыну  арқылы  адамдар  өздерінің  рухани 

қажеттілктерін  қанағаттандырады.  Рухани  тұтынудың  нәрселері  (өнер  туындылары, 

моральдық,  діни  және  т.б.  құндылықтар)  тиісті  қажеттіліктерді  туғызады.  Сондықтан 

қоғамның рухани мәдениетінің нәрселері мен көріністерінің көп болуы адамның әр түрлі 

рухани қажеттіліктерінің қалыптасуының маңызыды алғышарты болып табылады. Рухани 

тұтыну  процессі  әр  қилы  жүзеге  асады.  Рухани  тұтыну  белгілі  бір  деңгейде  стихиялы 

жүруі мүмкін, яғни бұл жағдайда оны ешкім де бағыттамайды және адам өз еркі бойынша 

рухани құндылықтарды тандайды. Басқа бір жағдайда рухани тұтыну мәдениеті жарнама, 

массалық  мәдениет  құралдары  арқылы  қалыптасуы  мүмкін.  Бірақ  бұған  қарамастан, 

мемлекеттің  негізгі  міндеттерінің  бірі  –  адамдардың  шынайы  рухани  құндылықтарды 

тұтыну  мәдениетің  қалыптастыру  болып  табылады.  Бұл  үшін  қоғамның  рухани 

мәдениетін үнемі дамытып, байытып және оны әр бір адамға қызықты, қолы жететіндей 

ету керек. Рухани құндылықтарды өндіру мен тұтыну рухани қатынастар негізінде жүзеге 

асады. Рухани қатынастар екі түрлі болуы мүмкін. Біріншіден адамның кез келген рухани 

құндылықтарға  тікелей  қатынасы  (оларды  қабылдау  немесе  қабылдамау),  екіншіден,  сол 

құндылықтар жөнінде адамдарды бір-бірімен рухани қатынастары (өндіру, тарату, тұтыну, 

қорғау). Рухани қатынас болмай кез келген рухани қызметте жүзеге аса алмайды. Осыдан 

келіп  қоғамдағы  келесі  рухани  қатынастарды  атауға  болады:  танымдық,  өнегелілік, 

эстетикалық,  діни,  ұстаз  бен  шәкірт,  тәрбиеші  мен  тәрбиеленуші  арасындағы  рухани 

қатынас.  Рухани  қатынастар  қоғамның  рухани  өмірін  басынан  аяғына  дейін 

қамтиды. Жоғарыда  айтылғандай,  адамдардың  қоғамдық  санасы  қоғамның  рухани 

өмірінің  басты  өзегі  болып  табылады. Қоғамдық  сана  дегеніміз  –  қоғамдық  болмысты 

бейнелейтін  сезімдердің,  көзқарастардың,  идеялар  мен  теориялардың  күрделі  жүйесі. 

Қоғамдық сана қоғамда өмір сүретін жеке адамдар санасының жиынтығы емес, керісінше, 

күрделі  және  тұтас  рухани  жүйе  болып табылады.  Қоғамдық  сана  дегенімізде  қоғамның 

белгілі  бір  тарихи  даму  сатысына  тән  көзқарастарды,  идеяларды  сезімдерді 

елестетеміз. Қоғамдық сана тарихи процестің рухани жағы бола тұрып бір-бірімен тығыз 

байланысты  екі  функция  атқарады.  Бірінші  функциясы  –  қоғамдық  болмысты  бейнелеу; 

екіншісі – қоғамдық болмысқа керісінше белсенді ықпал тигізу. Қоғамдық сана қоғамдық 

болмысты үстірт бейнелемейді. Қоғамдық санада қоғамдық өмірдің тек қана сыртқы емес, 

сонымен бірге ішкі жақтары, олардың мәні мен мазмұны бейнеленеді. Қоғамдық сананың 

әлеуметтік табиғаты бар. Ол адамдардың қоғамдық практикасынан туындайды. Өздерінің 

бірлескен  практикалық  қызметі  барысында  адамдар  оларды  қоршаған  дүние  өз 

мақсаттарына пайдалану үшін ойластырады, таниды. Әр түрлі қоғамдық құбылыстар және 

олардың қоғамдық санадағы бейнесі – адамдардың практикалық қызметінің екі жағы. 

Қоғамдық  сананың  салыстырмалы  дербестігі  бар.  Ең  алдымен  қоғамдық  сана  қоғамдық 

болмысты  жай ғана  бейнелеп  қоймайды,  керісінше,  оны  жан-жақты ойластырады, мәнің 

ашуға  тырысады.  Сол  себепті  қоғамдық  сана қоғамдық  болмыстың  дамуынан  сәл  қалып 

қояды.  Өйткені,  қоғамдық  процестерді  терең  тану  үшін  олар  пісіп-жетіліп  және  өздерін 

жан-жақты  көрсету  керек.  Бірақ,  соған  қарамастан  қоғамдық  сананың  қоғамдық 

болмыстан асып, одан тез дамуы мүмкін. Қоғамдық сана өзінің тарихи дамуында адамдар 

ойының,  ғылымның,  өнерді  және  т.б.  жетістіктеріне  сүйенеді.  Яғни,  қоғамдық  сананың 



жүктеу 1,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау