Геродоттың, Платонның, Аристотельдің, Фукидидтің және басқа антикалық тарихи еңбектер



жүктеу 20,51 Kb.
Дата04.01.2022
өлшемі20,51 Kb.
#31762
Геродоттың, Платонның, Аристотельдің, Фукидидтің және басқа антикалық тарихи еңбектер


Геродоттың, Платонның, Аристотельдің, Фукидидтің және басқа антикалық тарихи еңбектер

Аристотель (грекше: Ἀριστοτέλης Aristotélēs) (б.з.д. 384 – б.з.д. 322 жылдар) — грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.

Сократ және Платонмен бірге Аристотель батыс пәлсапасының ең маңызды, оның негізін қалаушы тұлғалары ретінде қарастырылады. Ахлақ, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді қамтитын ең алғашқы жан-жақты пәслапалық жүйені құрған — Аристотель. Аристотельдің физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, оның ықпалы Ағарту дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол қазіргің заманғы физикаға орын беруге мәжбүр болды. Биологиялық ғыцлымдарда, ол жасаған кейбір бақылаулардың дұрыстығы тек 19-шы ғасырда ғана расталды. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде 19-шы ғасырда қазіргі заманғы формалды логика ғылымы қалыптасты. Аристотельдің метафизикалық ілімі яһуди және мұсылман пәлсапаларына зор ықпал жасады. Ал оның мәсіхшілік пәлсапаға әсері, әсіресе Шығыс православ шіркеуінің пәлсапасына және Рим католик шіркеуінің пәлсапалық схоластика мектебіне қазір де жалғасып келе жатыр. Аристотельдің пәлсапасының барлық қырлары әлі де терең зерттелуде.

Аристотель кезінде көптеген өте көркем шығармалар мен диалогтар (Цицерон оның әдеби стилін «алтын өзен» деп атаған) жазса да, оның жазбаларының көпшілігі бізге дейін келіп жетпеген. Оның кейбір еңбектері біресе табылып, біресе қайта жоғалып отырды. Кейбір пайымдаулар бойынша, оның жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталған.Мазмұны [жасыр]

Аристотель Халкидика түбегіндегі Стагейра қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. Шамамен он жасында Аристотель Афины қаласына барып, Платон Академиясында білім ала бастады. Ол сонда шамамен жиырма жыл бойы, б.з.д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін қала берді. Содан соң ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы Һермиас патшаның иеліктеріне сапар шекті. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен бірге Лесбос аралына сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттеді. Аристотель Һермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленді. Ол туған қызды ол Пития деп атады. Һермиас қайтыс болғаннан кейін Аристотельді Македония патшасы Филипп өзінің ұлы Александрға тәлімгер болуға шақырды. Ол Александрды сабап оқытты деседі.

Александрға бірнеше жыл тәлім бергеннен кейін Аристотель Афиныға қайтып оралды. Б.з.д. 335 жылға дейін ол сонда Лүкейон деп аталатын өзінің мектебін ашып алған болатын. Афиныда оның әйелі Пития қайтыс болып, ол Стагейралық Һерпиллида атты бір әйелді кездестіреді. Ол ұл туып, оның атын Аристотель өз әкесінің құрметіне Никомах деп қояды.

Аристотель көптеген еңбектерін өмірінің осы кезеңінде жазған болуы мүмкін. Ол тек кейбір бөліктері ғана сақталған диалогтар жазған. Бізге келіп жеткен еңбектерінің көбі «трактат» түрінде өзінің шәкірттеріне арналған оқу құралы ретінде жазылғандықтан көпшілігі жалпы таратуға арналмаған. Оның ең маңызды еңбектері ретінде «Физика», «Метафизика», «Никомахтың этикасы», «Жан туралы» және «Поэтика». Бұл еңбектерлдің арасында өте маңызды байланыстар мен үндестіктер болса да, олардың ситілі мен тақырыптары жағынан әртүрлі болып келеді.

Пәлсападан эстетика, этика, басқару ғылымы, метафизика, саясат, психология, шешендік өнері және құдайтанутуралы еңбектер жазды. Ол білім беру, шетелдердің әдет-ғұрыптарын, әдебиет және поэзияны зерттеді. Оның шығармаларының толық жинағы ежелгі гректерге белгілі болған білімнің энциклопедиясы деп атауға болады. Өз заманында белгілі болған ғылыми мәліметтердің бәрін білген адамдардың ең соңғысы Аристотель болған деген жорамал жасалған.[1] Александр қайтыс болғаннан кейін Афиныда македондықтарға қарсы теріс көзқарас қалыптасты.

Билеуші Еуромедон Аристотельге «құдайларды қастерлемейсің» деген айптау жасады. Аристотель «Афинылықтарға пәлсапаға қарсы екінші рет қиянат жасатпаймын» деп анасының Халкидадағы иелігіне бас сауғалап кетті. Бұндағы оның қиянат деп отырғаны афинылықтардың Сократқа шығарған әділетсіз сот үкімі болатын. Бірақ бір жыл өтпей ол Еубеяда ауырып қайтыс болды (б.з.д. 323 жылы). Аристотель соңғы өсиетінде өзін әйелінің жанында жерлеуді сұрады.[2] Аристотель (б.з.б 384-322)- ежелгі грек философы және ғалымы. Көптеген ғалымдардың, соның ішінде логика (формальды логика) ғылымының негізін қалаушы. Қазіргі барша философия тарихшылары Аристотельді ерте заманның ұлы ойшылы ретінде таниды, «грек философиясының ұлы қолбасшысы – философияның Александр Македонскиі» ретінде мойындайды.

Аристотель Фракиядағы Стагүр қаласында туған. Афины қаласында оқып білім жетілдіреді. Он жеті жасында Платон академиясына түсіп, Платон қайтыс болғанға дейін (20 жыл бойы) сонда ғылыммен шұғылданады. Б.з.б. 343 жыл Македония патшасы- Филипп Аристотельдің баласы Александрдың ұстазы болуға шақырады.Александр патша болғаннан кейін Аристотель алдымен Стагирға, одан 335 жыл- Афиныға оралады.

Мұнда келгеннен кейін өзінің мектебін- ликей ашады. Бұл мектеп сол кездегі философия мен ғылым дамыту орталықтарының біріне айналады. Александр өлгенннен кейін Аристотель Афиныдан кетіп, б.з.б. 332 ж. дүние салды. Аристотель өзіне дейінгі философия мен ғылым жетістіктерін қорытып жүйеге келтіріп, әр түрлі ғылым саласынан көптеген еңбектер жазып қалдырған. Кейбір деректер бойынша оның еңбектерінің саны төрт жүзге, екінші бір деректер бойынша мыңға жеткен. Аристотельдің философиялық көзқарасы “Метафизика”, “Жан туралы”, Категориялар” және “Аналитика” деген шығармаларында жете бағаланған. Философияның негізгі мәселесін шешуде Аристотель материализм мен идеолизмнің екі арасында ауытқып отырды. Аристотель ғылым классификациясында философияны ең жоғары орынға қояды. Басқа ғылымдар болмыстың кейбір жақтарын ғана,зерттеумен шұғылданса,философия бастаманың жалпы табиғатын зерттейді.

Философияның басқа ғылымдардан артықшылығын Аристотель былай деп түсіндірді: “Шындығында даналық бүтіндей үстемдік құрушы, жетекші ғылым болғандықтан, басқа ғылымдар оған қарсы сөз айтуға дәрменсіз. Сондықтан да мақсат пен игілікті зерттейтін ғылым бірінші орынға қойылады.” (Метафизика, М., 1934,с45).

Аристотель философиясында болмыс туралы ілімге, табиғатқа, яғни барлық заттардың негізі болып табылатын алғашқы материяға көп көңіл бөлінген. “Метафизикада” Аристотель табиғатты жан-жақты зерттеумен шұғылданады. Табиғат – бір жағынан заттың пайда болуының, зат құрамының негізі және “әрқайсысындағы алғашқы қозғалыстың көзі” болатын болса, екінші жағынан, табиғат өздігінен өмір сүретін заттардың мәні, “табиғат дегеніміз – форма және мән. Аристотельдің “аспан әлемдерін еш уақытта көмесек те, дегенмен біз білетіндерден басқа да мәңгі субстанциялар өмір сүрген болар еді” деген пікірі сыртқы дүниенің реалдығына күмән тудырмайды. Бұл адам жалпы мен жекенің, ұғым мен түйсіктің, мән мен құбылыстың диалектикасында ұштасып отырады. Шынында да Аристотель Платонның идея жөніндегі идеялистік ілімін орынды сынап, заттардың реалдығын мойындыуына қарамастан, жалпы мен жекенің өзара қатынасы келгенде, жөн таба алмай шатасады.

Аристотельдің пікірінше, философияның пәні жалпы бола тұрса да, ол жекеленген заттардың (құрамды мәндері) – статуя, мемлекет, т.б. түсіндіре білуі керек. Жекеленген заттардың болмыстығын сезім арқылы білсек, жалпының болмыстығы ой арқылы ашылады. “Метафизикада” және басқа да еңбектерінде Аристотель заттарды табиғатын түсіндірудің төрт түрлі себептерін көрсетеді; материалды себеп, формальды себеп, өндіргіш себеп, мақсатты себеп. Мысалы: үй салудың бастамасы – құрылыс өнері, мақсаты, материясы (тас, кірпіш немесе жер), формасы (ұғым). Аристотельдің пікірінше, заттың мәнін түсіндіруде осы аталған себептердің бәрі бірдей қамтылуы қажет. Жез мүсіннің мәнін түсіну үшін, әрине ең алдымен оның субстраты (материясы) алып қарастыру керек. Бірақ, тек жездің өзінен, мүсіннен, эстетикалық сезім қалай туатынын түсіну қиын. Сондықтан зерттеуді әрі қарай жалғастыра білуге тура келеді.

Осыдан келіп: – Мүсіннің мүсін болуы неліктен? – деген сұраққа Аристотель: – формадан, – деп жауап берді. Аристотель философиясында форма заттың мәні әрі іс-әрекеттің көзі болып табылады. Аристотель өзінің форма мен материя жөніндегі ілімінде олардың өзара байланысын ашып, бұл жөнінде маңызды диалект пікір ұсынды. Алайда Аристотельдің идеялистік көзқарасы мұнда да аңғарылады: ол – материя дәрменсіз, формаға тәуелді деп түсіндірді. Формасыз материя өмір сүріп, тұтастыққа ие бола алмайды. Сонымен Аристотель форманы алуан түрлі мазмұны бар (түр, себеп-мақсат, құдірет) белсенді және творчестволық бастама деп сипаттайды. Аристотельдің идеялистік қателері, әсіресе оның формасы бірден бір белсенді күш, алғашқы түрткі және материядан бұрынғы нәрсе, құдірет (форманың формасы) деп түсінуінен артық көрінеді.

Аристотель философиясының елеуліи бір саласы категорияларды зерттеу болып табылады. Категорияларды ол болмыстың негізі болады деп түсіндіреді және олардың мазмұнын, ақиқаттылығын болмыспен байланыстылығына қарап анықтауға тырысады. Жан-жақты маңызы бар ұғымдарға Аристотель 10 категорияны жатқызады. “Өзара байланыссыз айтыла салған сөздердің әрқайсысы – деп жазады ол, – бірде мән, бірде сапа, бірде сан, бірде қатынас, бірде орын, бірде жағдай, бірде әрекет, бірде қайғы-қасірет (азап шегу, жапа шегу) болып келеді”. Аристотельдің категориялар жөнінде ілімінде жүйенің жоқтығы, категориялардың эмпирикалық күйде бейнелегені философия тарихында әлденеше рет атап көрсетілді. Алайда, оның жалпы ұғымдарды тұңғыш рет терең зерттеп, мән категориясын басқа категориялардың негізі ретінде қарағанын ұмытпауымыз керек.

Егер де бастапқы мәндер болмаса, деп көрсетеді Аристотель – онда басқа еш нәрсе де болмаған болар еді”. Аристотель қозғалыстың түрлері мен таным негізін зерттеу ісіне де көп мән береді. Аристотельдің пікірінше, мүмкіншіліктің шындыққа айналуын жете түсіну үшін осы айналудың формасыболып табылатын қозғалыстың жалпы белгілері мен оның нақты түрлеріне талдау жасау керек. Аристотель “Метафизикада”, “Аналитикада” т.б. еңбектерінде таным туралы ілімді дамытады. Ол обьективтік шындықты танып білуге болатындығана күмән келтірмейді. Аристотельде барлық жерде обьективтік логика субьективтік логикамен араласып жатады және сонымен қатар, қай жерде болса да обьективтік логика көрініп тұрады.

Танымның обьективтілігінде күмән жоқ. Ақыл ойдың күшіне, танымның күшіне, қуатына, обьективтік ақиқаттылығына аңғырт сену”.

Аристотель сезімдік танымның сатылары (түйсік, қабылдау, бақылау) мен ойлау, формаларына да (ұғым, пікір, ой тиянағы) терең талдау жасайды. Ол қарапайым эмпирик қана емес, терең ойшыл эмпирик деп бағалаймыз. Аристотельдің энциклопедиялық ілімінде оның қоғамдық-саяси көзқарастары елеулі орын алады. Бұл арада ақымыстының “Политика”, “Никомаха этикасы” т.б. шығармаларын атап көрсеткен жөн. Көне дәуірдегі барлық философтар сияқты Аристотель де қоғамның дамуын негізінен идеялистік тұрғыдан түсінді. Ол өзінің әлеуметтік-саяси көзқарасында құл иеленушілертабының өкілі болып, құл иеленушілікті табиғи деп таныды. Алайда оның қоғамдық-тарихи зерттеулерінің маңызы көзге дейін жайылған жоқ. өйткені Аристотель грек т.б. шығыс мемлекеттерінің өмірін суреттейтін көптеген материалдарды жинап, бір жүйеге келтірді. Аристотель “Политикада” мемлекеттің, семьяның шығуын тереңірек зерттейді. Оның пікірінше, мемлекеттің пайда болуына,ең алдымен, адамдардың бірігіп жұмыс құрып, өзара қатынас жасауға ұмтылуы себеп болды. Яғни Аристотель мемлекеттің шығуын табиғи дамудың нәтижесі деп түсінеді. Ол адамдардың басқа хайуанаттардан айырмашылығы – ой еңбегімен шұғылдануында деп тұжырымдайда. Саяси іс-әрекетке ерекше мән беріп, саясаттан тысқары қалған адамдар адамшылығынан айырылып, тағы айуандарға ұқсап кетеді, – дейді.

Аристотель адамды саяси жануар деп қарауы оның адам мемлекет, қоғам жөніндегі мәселерді шешудегі ұстанымы болды. Бірақ Аристотель мемлекеттің шығу себептерін қоғамдық өмірден, ондағы даму қайшылықтарынан іздемей, адамның өз табиғаты мен мүдделерінен іздейді. Аристотель құл иеленушілермемлекетінің әртүрлі формаларына (монархия, демократия, олигархия) терең талдау жасап, олардың ішінен мемлекеттің алғашқы формасы боолып табылатын монархияны алдыңғы қатарға қояды. Мемлекет билігін қолына алған “кемеңгер адам” қоғамның материалдық және моральдық жағынан өркендеуіне зор ықпал етеді деп ойлайды. Аристотельдің этикалық көзқарасы оның адам жөніндегі ұғымына негізделген. Этикалық идеялар тек қоғамда ғана іске асырылып отырады. Платонның адамды сезімнен тыс о дүниеге тәуелді деп санауына қарсы шығып, Аристотель адамға белсенділіктің тән екендігін атап көрсетеді. Стагирктің пікірінше, мемлекеттің азаматы реелды сезімдері басылып, жаншылған жағдайда емес, қайта жер бетіндегі қасиеттіліктер мен “сыртқы игіліктерді” игеруіне сонымен бірге адамгершілік пен ғылымға деген анта жігерінің дамуына сай қалыптасады. Аристотель өз ілімінде адамгершілік пен этиканы адамдардың маңызды сипаттымасы деп таниды.

Политикада” ол былай деп жазады: “Мейірбандық пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік, т.б. семья мен мемлекеттің негізін қалайтын ұғымдарды сезім тұрғысынан қабылдау адамның ғана қолынан келеді”. Философ адамгершіліктің көзі енжарлық пен дәрменсіздікте емес, керісінше белсенделік пен жасампаздық деп дұрыс түсінеді. Адамның әділетті, жігерлі болуы оның игілікті ісімен тығыз байланысты.

Александр Македонский Аристотель шәкірті болғандықтан, оған патша тағына отырғаннан кейін Александр Аристотельге ескерткіш орнатып, былай деп жазыпты: “Бұл ескерткішті Никомаха ұлы, данышпан, құдіретті Аристогтельге қойған Александр”. Кезінде ол Платонды өмірден идеяны жоғары қойғаны, нақты өмір оның көлеңкесі дегені үшін қатты сынға алды. Бірақ, Аристотель түр мен мазмұн арақатынасын зерттеп, алғашқыны түрге берген. Мәселен, кірпіш – түр, ал сол кірпіштің негізі болып, қалыпқа құйылған материал (батпақ) – материя, яғни мазмұн деп қарады. Ол формальды логиканың Аристотель ашқан 1.Дәлме-дәлдік; 2. қайшылық; 3. жоққа шығару заңдары.

Аристотельдің ілімін дамытып, дүниеге танытқан ұлы шәкірттерінің бірі ұлы жерлесіміз – Әбу Наср әл Фараби болды. Аристотельдің философиясы орта ғасыр мен жаңа дәуірде қазіргі батыс философиясында талқылауға түсті, әр кезеңде ойшылдар өзінше түсінуге және өзінше түсіндіруге де тырысты. Алайда оның мұралары адамзаттың ақыл-ойына өлмес азық бола берері анық.



Антика заманындағы аса ұлы философтардың бірі, идеализм бағытының негізін салушы, ғұлама Платон б.э.д. 427 жылы Афина қаласына жақын Эгин деген аралда дүниеге келген. Платон атақты және аса ауқатты бай жанұядан шыққан. Ол көптеген мемлекет туралы тамаша еңбектер жазған, табиғат философиясын да зерттеген.

Философия тарихында Платонның қалыптасуы, көбінесе оның ұстазы Сократтың есімімен тығыз байланыстырады. Оның үстіне Платонның көптеген шығарма сұхбаттарының негізгі кейіпкері — Сократ. Ол Афины демократиясын қатты сынға алды. Платонның еңбектері: «Мемлекет», «Театет», «Федон», т.б. Сезімнен тұратын шындықты Платон нақты шындық емес, ол тек өмірдің көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндірді. Таным дүниені білу емес, еске түсіру деп уағыздады. Идея деген ұғымды алғаш философияға енгізген де — сол. Табиғатта идея тек түр ретінде өмір сүреді. Заттар өз қасиет сипатын сол түрге сәйкестенуі арқылы иемденеді. Идея ол біріншіден мәңгі, ол тумайды да, өлмейді де, өспейді де, кемімейді де; екіншіден, ол біртектес, әр түрлілік тек заттарға тән, олар өнеді, өшеді, — дейді Платон. Сөйтіп, ол идеяны алға тартады. Шәкірттерін оқыту үшін Академия ашты. Мемлекетті философтар басқармайынша адам баласы зұлымдықтан арылмайды. Платон жастарды философиямен айналысуға шақырды. Философ болу үшін, таңдана білу керек, — дейді.

Платон өзгермейтін, мәңгі, рухани идеялар әлемін алғашқы, анықтаушы деп санады. Ал, материалдық әлем екінші, ол идеялар әлемінен туындаған деп есептеді. Оның философиясы бойынша, материалдық әлем әртүрлі өзгергіш, 35 сезімдік заттардан тұрады. Олар: минералдар, өсімдіктер, жануарлар және адамдар. Сондай-ақ, адамдар жасап шығарған заттардан тұрады. Біз өмір сүріп отырған әлем үнемі қозғалыста, өзгерісте болады. Сондықтан осы өзгермелі әлемді Платон «жай көрініс» деген ұғыммен бейнелейді. «Көріністі» біз түйсік, қабылдау, елестету арқылы түсінеміз. Олар бізге ақиқат білім бермейді, сезім мүшелеріміз бізді алдайды. Сондай-ақ, басқа екінші әлем бар – ол әлем мәңгі, жойылмайтын әлем. Ол заттардың себебінің, мәнінің әлемі. Бұл әлем – болмыс деген ұғыммен белгіленеді. Болмыс – идеялар әлемі. Оны сезім мүшелері, түйсік арқылы танып білуге болмайды. Оны ақыл- ой арқылы, ұғымдармен ғана танып білеміз. Мұнда ақыл алдайтын сезімдікке сүйенбей, ұғымға, логикамен тексерілетін ұғымдар жүйесіне сүйену керек. Логика ережесімен бір ұғымнан екінші ұғымға өтіп, нәтижесінде біз ақиқатқа жете аламыз. Сонымен, ақылмен танитын идеялар әлемі, мәндер әлемі біздің өмір сүретін «өзгермелі әлемді», «көріністі» анықтайды. Шындығында, бәрін ақылмен танып білеміз. «Идеялар әлемі» – материалды емес, уақыт пен кеңістіктен тыс, ол бұрыннан болған және ешқашан өзгермейді.

Платон мынадай мысал келтіреді: әдемі гүл, әдемі сурет, әдемі зат т.б.. Сондай-ақ, әдемілік деген ұғым бар. Әдемілік деген идея, ол әдемі заттардың себебі, мәні. Заттардың өздері өзгереді, жойылады. Ал, әдемілік мәңгі, өзгермейді. Оны біз ақыл арқылы диалектиканың кӛмегімен, логика заңымен танып білеміз. Осылайша, Платонның ойынша, екі әлем бар. Нағыз дүние біз өмір сүріп жүрген дүние емес. Ол өзгермелі, уақытша дүние. Ал, өзгермейтін, мәңгілік дүние – о дүние болып болып табылады. Заттардың өзі – идеялардың көмескі көшірмелері. Идея – заттардың, бүкіл материалды әлемнің мәні, себебі болады екен. Заттардың өзі де идеяларға байланыста болады. Заттар өздерінің идеяларына ұқсауға тырысады, өйткені, заттарда идеяның бөлшектері бар. Идеялар адамның жанында өмір сүреді. Біздің жанымыз идея туралы білімдерді қамтиды, өйткені, жан денеге енгенге дейін идеялар әлемінде ӛмір сүрген. Идеялармен қарым- қатынаста болған. Сондықтан, біз идеяларды сезім мүшелерімен емес, идеялар әлемін көрсететін ақыл-ой арқылы ғана танып білеміз. Платонның таным туралы ілімі – әлемді мәңгілік идеялар мен ӛткінші заттар деп бӛлуден басталады. Идеялар – бұл білімнің 36 объектісі, ал заттар – пікірдің объектісі. Идея, білім – абстракты ойлау арқылы алынады, ал заттар туралы пікірлер – сезімдік қабылдау арқылы туындайды. Платон, сезімдік қабылдау арқылы алынған, соған байланыстылардың бәрін білім саласынан алып тастайды. Оны білім мен білімсіздік ортасындағы пікір саласына қосады.

Галикарнастық Геродот (біздің дәуірімізге дейінгі 485-425 жылдар шамасы) — грек тарихшысы. Кіші Азияның оңтүстік-батысында, негізін дориялықтар қалаған Галикарнас қаласында туған. Жас кезінде Галикарнастың зұлым билеушісі Лигдамийге қарсы көтеріліске қатысқан. 450 жылдан кейін Афины қаласына кеткен. Онда Софоклмен достасқан, Периклдің айнала төңірегіндегілермен аралас-құралас жүріп, пікір алысып тұрған, ал афиналықтарға арналған мадақтау өлеңдері үшін 10 талант мөлшерінде сыйлық алған. 444 жылы Италияның оңтүстігіндегі Фурия қаласының негізін қалауға белсене қатысып, Фуриялық деген қосымша атқа ие болған. Шші Азияны, Грекияны, Парсы патшалығын Вавилон мен Сузаға дейін аралап, саяхат жасаған. Мысырда, Сирия жағалауындағы Финикия қалаларында, Африкадағы Кирена қаласында, Сицилия аралында, сондай-ақ Оңтүстік Италиядағы Кротон және Метапонт қалаларында болған, Қара теңіздің жағалауымен жүріп отырып, Борисфен-Ольвияны көрген, Днепр мен Буг өзендерінің бойындағы, жайылма жазықтағы скиф-эллин қаласына барған.



Тарихтың атасы — Геродот

Геродот өзінің «Тарих» деген еңбегін прозашы ретінде жазған. Ионий диалектісінде жазылған алғашқы логостарда — қысқаша әңгімелерде жеке-жеке аумақтар суреттеліп жазылған болатын. Ал неғұрлым кейінгі кездегі жазған тарихи баяндаулары грек-парсы соғыстарына арналды. Ол соғыстардың тарихы парсылардың Батысты бірте-бірте бағындыру барысының рет-ретіне қарай сәйкестендіріліп жазылды. Атап айтқанда, олар — Кирдің Лидияны, Мидияны, Вавилонды қалай жаулап алғаны, Камбиздің Мысырды қалай бағындырғаны, Дарийдің скифтерге қарсы қалай жорық жасағаны, гректердің парсыларға қарсы Ионияда көтерілістерге қалай шыққаны, Дарий мен Ксеркстің кейінгі жорықтарды қалай жасағаны, Марафон, Фермопил, Саламин және Платея түбіндегі шайқастардың қалай өткені туралы баяндаулар. Шығарманың атақты тоғыз Музаның (өнер мен ғылымның қамқоршыларының) аттарымен аталып, 9 кітапқа бөлінуі о бастағы алғашқы логос-әңгімелердің, біресе бір-бірінен алшақтап, біресе бір-біріне жақындап отыруы — александриялық грамматиктердің енгізген реттеулеріне байланысты орын алды. Геродоттың алғашқы ізашарлары — Самостық Евгеон, Проконнестік Деиох, Паростық Евдем, Фигелейлік Дамокл, Милеттік Гекатей, Аргостық Акусилай, Лампсактық Харон, Халкидондық Мелесагор, Лесбостық Гелланик, Сигейлік Дамаст, Хиостық Ксеномед, Лидиялық Ксанф және басқалары сияқты логографтар өздерінің шығармаларын әр түрлі жерлер мен теңіздерге, құрлықтағы жолдар мен теңіз жолдарына шолу жасау, олардың сипаттамаларын беру арқылы құрастырып, топтастыратын. Ал Геродот ақыр аяғында болған оқиғаларды, олардың дереккөздері мен өзара айырмашылықтарын ескере отырып, тіпті де бұрмаламай, барынша толық, әділ және жүйелі түрде жазу қажеттігін түсінді. Бұл ұстанымды кейін Фукидид те қолдады. Ал, бұған керісінше, Ктесий мен Плутарх Геродоттың нақты деректерін сарқа пайдаланып отырса да, оны — Геродотты, бәрін де былықтырып жіберген деп айыптады. Бұл ретте олар көп жағдайда дұрыс айтты. Өйткені Геродот, Ф. Г. Мищенконың дұрыс байқағанындай, «өз материалдарын баяндағанда өзінен бұрынғы ізашарларына — тарихшы-логографтарға тәуелді болып қалады: ол мифтік қиял-ертегілерді, аңыз-әңгімелерді, кейде халық ертегілерімен байланысты новеллаларды (қысқа әңгімелерді) шебер пайдаланды», бірақ мұның бәрі оның жазған тарихының ғылыми құндылығын едәуір төмендете тұрса да оған мәнерлі де қызықты элементтер енгізеді. Солай екеніне қарамай, олар сынның қызуына түсіп кетіп, тіпті қазірдің өзінде біз үшін бұлтартпас айқын деректердің өзін де, атап айтқанда, Каспий теңізінің тұйық су қоймасы сияқты екенін, оның Солтүстік Мұзды мұхиттың (Скиф теңізінің) шығанағы емес екенін, сондай-ақ Африканы (Ливияны) теңізбен жүзіп, айналып өтуге болатынын және басқа да жағдайларды ойдан шығарылған нәрселер деп жариялады.

«IV кітаптағы Скифияның сипаттамасы (Скиф логосы) Қара теңіздің солтүстік жағалауы қойнауын мекендеген халықтардың ежелгі тарихын зерттеп білу үшін бізге аса ңажетті, негізгі дерек көзі болып табылады… Скиф тайпаларының қай жерлерді мекендегенінің айқын бейнесі, олардың әдет-ғұрыптары мен қоғамдық құрылысы, киім-кешектері мен көліктерінің қандай болғаны — міне, мұның бәрі де Геродоттың айтып кеткеніне дәлме-дәл сай келетінін скиф қорғандары бар аудандарда жүргізілген археологиялық ғылыми-зерттеу саласындағы қазба жұмыстары, бейнелеу өнерінің ескерткіштері негізінде толық дәлелденіп отыр, Геродот скифтердің бір-бірімен достасып, ақырында туысып кетуінің әдет-ғұрпын суреттейді. Олардың, бір-бірімен туысушылардың, тостағанға құйылған шарапқа өздерінің қанын араластырып, еріндерін тостағанның жиегіне бір мезгілде қатар тигізіп ішетін әдеті болған. Бұл әдет көрінісі скифтердің қазба жұмыстары кезінде табылған алтын алқалардың бетінде бейнеленген».

Автор үшін Скифия туралы ақпараттың ең басты қайнар көзі Борисфен-Ольвияға барған кезінде жеке өзінің жүргізген бақылаулары мен жергілікті тұрғындардың, скифтер мен гректердің айтқан әңгімелері болды. Бірақ Ольвиядан неғұрлым алшақ кеткен сайын олардың хабарлаған деректері солғұрлым солғын тартып, белгісіздеу бола түсті (Смирнов, 1966:49).

Түрлі іс-әрекеттер туралы жазу Геродоттың арқасында ерекше жеке ғылымға, ал «тарих» (іоторіа — сұрал білу, сұрақтар қою, іздестірулер жасау) ғылыми-тарихи тұрғыдан зерттеу жүргізу мағынасына ие болды. Міне, тап сондықтан да, Марк Туллий Цицеронның (Заңдар туралы, 1,1:5) бейнелі жарқын сөзі бойынша, біз оны, гректің осы ғалымын екі мың жыл бойы Тарихтың атасы деп атап келеміз.

Геродоттың грек тілінде жазылған еңбектері Х-ХV ғасырлардағы тізімдерде сақталған. 1474 жылы Лоренцо Валла Геродоттың «Тарихын» латын тіліне аударды. Ол аударма 1427 жылы Константинопольден алып келінген қоджазба нұсқасынан жасалды. Бұл еңбектің Феодор Герасимович Мищенко 1885-1888 жылдары жасаған орысша аудармасы да уақыт сынынан ойдағыдай өтіп келеді. «Скиф логосының» Е.А. Бессмертный жасаған және В. В. Латышевтің басылымында қайта жарияланған аудармасы да (ВДИ, 1947 жыл, №2) оның грек тіліндегі түпнұсқасына өте жақын. Орысша аударманың және бір жаңа нұсқасын Георгий Андреевич Стратановский жасаған еді. Ол бұрынғы аудармашылардың, соның ішінде, бірнеше еуропа тіліне аударған аудармашылардың да тәжірибесін жан-жақты ескергенімен грек тілінен кейінгі кезде ауысқан сөздер мағынасының өзгеруіне байланысты бірқатар нақты қателіктерді қайталаудан арыла алған жоқ.

Антикалық философтар «бірегей, жеке тұлғалы адам» ұғымын қарастырған жоқ. Ал оның орнына идеалданылған үлгі ретіндегі «ойлыақылды адамды» қарастырды. Тағдыр көне философияда ғарыштық қажеттілік (тіптен құдайлардың өздерін бағындыратын) ретінде түсініледі және ол адамдарға да байланысты қолданылады. Ал антикалық адам өзінің шыққан тегін, не өзінің қалай пайда болғанын, не өзінің ақырғы мақсаттары білмегендіктен тағдырдың жазғанына қарамастан батыр сияқты қарекет жасайды. Антикалық грекия философиясының дамуын мына кезеңдерге бөлуге болады:



Бірінші кезең - натурфилософиялық немесе космологиялық (біздің дәуірімізге дейінгі VI ғ. –дан - біздің дәуірімізге дейінгі V ғ. ортасына дейін) негізінен «физис» және ғарыштық мәселелерге, барлық заттардың субстанциясын іздеуге баса назар аударуымен сипатталады. Екінші кезең - антропологиялық (біздің дәуірімізге дейінгі V ғ. 2- ші жартысынан біздің дәуірімізге дейінгі V ғ.соңына дейін) адамда өздерінің зерттеулерінің негізгі пәні ретінде қарастырады, оның мәнін анықтауға тырысады. Үшінші - жүйелілік кезең (біздің дәуірімізге дейінгі V - IV ғғ.) Платона мен Аристотелдің сезімдіктен жоғарылықты және категориялар диалектикасын ашумен сипатталады және бұл, негізгі философиялық проблемаларды қалыптастыруға мүмкіндік жасады. Төртінші - этикалық кезең  (біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғ.. -дан біздің дәуіріміздің І ғ. дейін.) ең алдымен философияны, адамдық өмір ережелерін жасайтын өнегелік туралы ілімдер деп түсінумен байланысты. Бесінші кезең - діни кезең (І ғ. -дан  VI ғ. -ға дейін) философия негізгі объектісі ретінде Құдай жасағанын тануды мақсат етеді.

Көне заман дәуірінде Грецияның ең дамыған облысы Иония болды, осында антиканың бірінші философиялық жүйесі – натурфилософия пайда болды. Оның өкілдері табиғатты, оның заңдылықтарын түсініп, барлығының алғашқы негізін айқындауға тырысты. Сонымен Фалес барлық заттардың алғашқы негізі деп – суды, Анаксимен – ауаны, Анаксимандр – апейронды (шексіз) атады, олар дүниені біртұтас материалдық бүтін деп қабылдады. Көрнекті математик Пифагор (б.з. дейінгі 6 ғ.) дүниенің алғашқы негізі сандар мен сандық қатынастар деп санады. Гераклит шындықтың негізі – от деп болжаған, ол болмыс үнемі өзгерісте, қозғалыста, мәңгі күресте болады деп санаған.

Грек-парсы соғысы Ежелгі Греция тарихындағы аралық кезең болды (б.з. дейінгі 500-490 ж.ж.). Олар антика полисі – көне заманды қалыптастыру кезеңін аяқтайды және гүлдену кезеңі – классикалық басталады. Гректердің парсыларды жеңуі, классикалық құл иеленудің қалыптасуы, полисті демократияның дамуы б.з. дейінгі V ғасырда Грецияның экономикалық және саяси өмірінің өркендеуіне және мәдениетінің дамуына себеп болды. Мәдениет орталығы Афина болды, әсіресе Периклдің тұсында (б.з. дейінгі 444-429 ж.ж.).Классикалық кезеңде философия дамиды, Демокриттің атомистік теориясы пайда болады (б.з. дейінгі 470 немесе 460 ж.ж.), софистік бағыт (Протагор) пайда болады, ол танымның объективті сипатын мойындайтын Демокриттен айырмашылығы қанша адам болса, сонша шындық болады деген. Софистерден Сократ шыққан (б.з. дейінгі 469-399 ж.ж.), ол абсолютті шындық бар, бірақ оны тек құдай ғана біледі деп санаған.

Б.з. дейінгі V ғ. әдебиетте комедия мен трагедия негізгі жанр болып саналды. Грек трагедиясы гомер эпосы тәрізді эстетикалық қана емес, тәрбиелік функция да атқарды. Трагедия авторлары көрерменді қызықтырып қана қоймай, оларды қорқытып, кейіпкерлерді мысалға ала отырып, құдай заңдарының әрекетін көрсетуге тырысты. Трагедияда катарсис (тазару), адамдардың адамгершілік қасиетін арттыру, қайғысына ортақтасу және аяушылық білдіру арқылы жанды «сұрқиялықтан» босату ұғымы орын алды.

Классикалық грек трагедиясын жасаушы Эсхил (б.з. дейінгі 525-456 ж.ж.) болды. Ол драманы динамикалы етіп, екінші ойнаушы адамдарды енгізді, оның аты декорациялар, маскалар қолданумен байланысты.Эсхилдің негізгі мотивтерінің бірі – азаматтық ерліктерді, отан сүйгіштікті дәріптеу, және де жаза тақырыбы. Эсхил трагедиялары діни-этикалық шекарада шындық, әділдік, игілік ұғымдарын анықтайды: құдайлар белгілеп, бақылайтын әділ жазалаудың болмай қалмайтын заңы болды. Эсхилде құдайлардың еркі әділ, бірақ құдайларға жаңа қатынастың элементтері енгізіледі, Афина азаматтары мен олимпшілер бейнелерінің әлеуметтік құндылықтарының арасы салыстырылды. «Бұғаудағы Прометей» трагедиясында отты тапқан адамдар алып Прометейдің айтуымен қатал, құдіретті Зевсті шақырады.

Б.з. дейінгі IV ғ. Греция тарихы – бұл полис дағдарысының тарихы. Бірінші белгілері Афина мен Спарта арасында Афинаның жеңілуімен аяқталған Пелопоннен соғысы кезінде (б.з. дейінгі 431-404 ж.ж.) пайда болды. Полис дағдарысы заңды құбылыс болды. Грецияда тауарлық-ақша қатынастарының дамуы жерге жеке меншіктің таралуына әкелді, ол антиканың меншік формасы – қала-мемлекеттің экономикалық базасын ығыстырып шығарды. Дағдарысқа байланысты полистің азаматтар ұжымы ретінде идеологиясы өз мәнін жоғалтады. Индивидуализм, жеке басының амандығын тілеу дамып, парсыларға қарсы соғыста үлкен роль атқарған отансүйгіштік рухы жоғалады. Дағдарыс кезеңінде Греция ісіне басқа елдер араласа бастайды, оның ішінде Парсы елі, Македония. Соңында б.з.д дейінгі 338 ж. Греция өзінің саяси тәуелсіздігін жоғалтып, македон патшасы Филипп ІІ бағынады.

IV ғасырдағы Греция полистерінің қоғамдық өміріндегі саяси дағдарыс адамдардың жеке тілектері мен қажеттіліктерін құнттап, өзін-өзі жетілдіруде өз жеке бақытын іздеуге әкелді. Осы заман философиясында киниктер өте әйгілі болды (Антисфен, Диоген). Олар адам зұлымдықтан бойын аулақ салып, азды қанағат ету керек, бұл оның тәуелсіздігін қамтамасыз етеді деген. Алайда киниктердің тәуелсіздігі мәдениетті, отбасыны, дүние-мүлікті, мемлекетті, қоғамдық белгілерді жоққа шығарды.

Полис дағдарысының дәуірінде екі белгілі антика философы Платон мен Аристотель өмір сүрді. Осы кезеңде шешендік өнер (Демосфен) жоғары деңгейге жетеді. Б.з. дейінгі IV ғ. ең белгілі тарихшы Ксеносфонт болды.

Греция тарихындағы жаңа кезең Филипп ІІ ұлы Александр Македонскийдің (б.з. дейінгі 356-323 ж.ж.) Шығысқа жорығы болды. Жорық нәтижесінде (б.з. дейінгі 334-324 ж.ж.) Дунайдан Индаға дейін, Египеттен қазіргі Орта Азияға дейін созылған үлкен держава құрылды. Эллинизм дәуірі, грек мәдениетінің А. Македонскийдің барлық державасына таралатын дәуірі басталады.Эллинизм дәуірінде ғылым мен техника дамиды. Осы кезеңнің атақты ғалымдары Архимед, Евклид, Эратосфен және басқалар болды. Эллинизм өнері сол қарқынды дәуір адамдарын толғандырған идеяларды суреттеді, ал көркем мәдениет Жерорта теңізінің әр түрлі облыстарындағы өнердің көптеген түрлерін дамыту негізі болды. Б.з. дейінгі 1 ғ. соңынан эллинистік мемлекеттер құри бастағанда антика әлемінде рим өнері жетекші мәнге ие бола бастайды. Ол өзіне Греция мәдениеті мен өнерін сіңіре отырып, зор Рим державасының көркем практикасына үлесін қосты. Гректердің антикалық антропоцентризміне римдіктер парасатты дүниетаным белгілерін енгізді. Ойлау дәлдігі мен тарихилығы, қатаң проза гректердің миф шығармашылығының мәнді поэтикасынан бөлек көркем мәдениет негізі болды.

Рим өнері антика көркем мәдениетінің үлкен кезеңін аяқтайды. 395 ж. Рим империясы Батысқа және Шығысқа бөлінеді. IV-VII ғ.ғ. варварлар қиратқан, тонаған Рим босап қалды, оның құлаған орнында жаңа селолар пайда болды, бірақ рим өнерінің дәстүрлері жалғасын тапты. Ежелгі Римнің көркем бейнелері Қайта Өрлеу заманының шеберлерін шабыттандырды.

Сонымен, егер философия –барлық ғылым атаулының көшбасшысы десек, ал антикалық философия – философия ғылымының көшбасшысы ретінде ең алдыңғы қатарында тұр.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Философия Д..Кішібековтың басшылығымен А.,1991

2.Философия және мәлениеттану А.,1988

3.Философия Ә. А.Тұрғынбаев, А., 2001

4.О жизни, учениях и изречениях знаменитых философов Диоген Лаэртский М.,1979

5.Антология мировой философии В 4-х томах М.,1963-1966

6.Философиялық сөздік А.,1996



жүктеу 20,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау