1. Левицкий Ж.Г., Аманжолов Ж.К., Шевцов А. А. Оценка влияния эжекторной установки на вентиляционный поток в воздухопроводе // Тр. ун-та, 2006. № 2. С. 49-51.
2. Ушаков К.З. Аэромеханика вентиляционных потоков в горных выработках. М.: Недра, 1975.
3. Левицкий Ж.Г. Аэромеханика вентиляционных потоков. Караганда: КарГТУ, 2003. 228 с.
Кен орындарын жерастында игеріп, қопарылған кен массасын тасымалдауда дизель тұғырлы өзіжүргіш жабдықтарды (ӨЖЖ) пайдалану негізгі тәсіл болып табылады да, осының нәтижесінде кеніштің жұмыс өнімділігі біршама артады. Алайда, олардың өте пәрменді және ұзақ жұмыс істеулерінен, әсіресе, оңтайлы жұмыс режимдерінің ауытқулары болғанда, тасымал қазбаларындағы кеніш атмосферасы мен ӨЖЖ жүргізушілерінің жұмыс орындарындағы ауа тазалығының деңгейі шамадан тыс бүлініп жатады. Яғни, ӨЖЖ тұтыныс қауіпсіздігінің «Қауіпсіздік — орта» жүйешесінің (подсистема) кейбір шамашарттары қауіпсіздік талаптарына сәйкес болмайды.
Кеніш атмосферасының ӨЖЖ-ны тұтынудан бүтіндей бұзылуы, практикалық тұрғыдан алғанда олардың жұмыс қарқындылығы мен ұзақтығына тура пропорциональды түрде болатыны белгілі.
Осыған байланысты, жерасты жағдайында дизельді ӨЖЖ тұтынысынан кеніш атмосферасының бүліну дәрежесін азайтудың маңызды жолы — олардың оңтайсыз режимдегі жұмыстарының ұзақтығы мен қарқындылықтарын мүмкіндігінше азайту болып табылады. Бүгінгі күні, дизельді ӨЖЖ саны республикамыздағы жерасты кеніштерінде жылдан жылға артып келетінін ескерсек, жоғарыда аталған шарттарды қамтамасыз етуге күш салынуы керек.
Кеніш атмосферасы құрамындағы дизель қалдық газдарының (ҚГ) мөлшерін анықтау үшін, «Қазақмыс» шахталарында арнаулы зерттеулер жүргізілді. Зерттеулер мақсаты ҚГ-ң негізгі компоненттері — көміртегі оксиді (СО) мен азот диоксидін (NO2) анықтау болды. Себебі, бұл компоненттердің кеніш атмосферасы бойынша да, жұмыс ортасы үшін де тиесілі рұқсатты мөлшерлері белгіленген.
Жерасты тасымал машиналары — ӨЖЖ (автоөзітүсіргіштер, арту-тиеу машиналары, автобустар және т.б.) көлденең қимасы үлкен (22 м2 дейін) тау-кен қазбаларында жүреді. Бұл қазбалардағы ауа қозғалысының жылдамдығы 1-4 м/с болғандықтан, ауа легінің турбуленттілігі тым қарқынды болады да, Рейнольдс саны (4·105)-нен артық мәнді құрайды. Зерттеу нәтижелері ҚГ-ң қазба биіктігі мен қозғалыс маршруты бойында бірдей таралмайтынын көрсеткендіктен, жүргізушінің жұмыс орнындағы жағдай да солай болатынына көзіміз жетті. Бұл жерлердегі ҚГ-ң мөлшері қауіпсіздік талаптары бойынша белгіленген шамадан жиі 1,6-2 рет артып отырады.
Алынған мәліметтерді математикалық статистика әдісімен өңдеу нәтижелері, СО мен NO2 құрамдарының қазба биіктігі бойынша өзгеруін мына теңдеумен сипаттауға болатынын көрсетті [1]:
(1)
мұндағы
— ҚГ-ғы тиесілі компоненттің белгіленген биіктіктегі мөлшері, мг/м
3;
Н — қазба табанынан биіктік, м;
а және
в — эмпириялық коэффициенттер.
ССО үшін
а = 42,35,
в = –2,14
үшін
а = 9,87,
в = –0,453
ӨЖЖ — TORO 40 D жоғары жүккөтергіш жерасты автоөзітүсіргіші толық жүгімен (40 т) тасымал қазбасында жүргенде, уытты газдардың шығарындысы СО бойынша 9,6 г/т.км, NO2 бойынша 1,6 г/т.км болатынын эксперименттік зерттеулеріміз көрсетті. Бұл мөлшерлер белгіленген шамалардан едәуір артық (тасымал жұмыстары үшін шектеулі рұқсатты мөлшер (ШРМ) СО үшін 3,0-3,5 г/т.км, ал NO2 үшін — 0,5-0,8 г/т.км) [2].
ҚГ құрамына әсер ететін факторларды саралау кезінде, негізгі себептердің бірі ретінде ӨЖЖ жүргізушісі машина қозғағышының оңтайлы режимдегі жұмысын қамтамасыз ете білу қабілеті екені белгілі болды. Ал бұған ыңғайлылығы, сөзсіз, жүргізушінің практикалық тәжірибесіне байланысты. Сол себептен, қопарылған кен массасын тиеу және түсіру аумақтарында (дизельдің бос жұмыс режимі), сондай-ақ жолдың еңіс жерлерінде (кері еңісті жерлерде — еріксіз бос жұмыс режимі болса, дұрыс еңісті жерлерде — максимальды жүктеме режимі) кеніш атмосферасы СО бойынша 3,0-4,1 рет, ал NO2 бойынша 1,4-2,0 рет басқа жерлерге қарағанда артық бөлінетіні анықталды. Дәл осындай бейне жүргізуші кәшегінде (кабина) де орын алып тұрды. Бұл жерде, эксперимент үшін толық техникалық түзу дәрежедегі машина және біліктіліктері әртүрлі жүргізушілер (1-12 жыл) алынғанын айтқан жөн.
Кеніш ауасында да, жүргізушінің жұмыс орнындағы ауада да ҚГ-ң негізгі компоненттерін анықтау үшін жүргізілген зерттеулер көрсеткеніндей, олардың мөлшері ауа беру оқпанынан тазалау және дайындау жұмыс орындарына қарай қашықтаған сайын, өзгеріске ұшырайтынын көрсетті. Мұның бір себебі, тасымал қазбасымен тек қана кен таситын ӨЖЖ емес, сонымен қатар, басқа да дизельді машиналардың ұдайы жүріп жататындығы.
Зерттеулер кезінде тасымал қазбаларында әрбір (50-55) метрден соң ауа легінің жылдамдығы 0,2-0,3 м/с азаятынына және осыған байланысты, ҚГ-ың құрамындағы СО мен NO2 мөлшерінің көбейетіні белгілі болды. Бұлай көбеюіне, ӨЖЖ жүргізушісі уақытылы көңіл бөліп отыруға тиісті қозғалыс трассасының рельефі мен күйлері де өз ықпалын тигізетіні ақиқат.
Уытты газдар (CO, NO2) мөлшерінің ауа енгізу оқпанынан алыстаған сайын кеніш атмосферасында өзгеруін мына теңдеумен жазуға болады [1]:
(2)
мұндағы
— кеніш ауасындағы СО мен NO
2 мөлшері, мг/м
3;
L — ауа енгізу оқпанынан қашықтық, м;
М,
К — мәндері әрбір 50 м сайын анықталатын эмпириялық коэффициенттер.
Жүгімен жүретін ӨЖЖ-ң (автоөзітүсіргіштің) қозғалыс жылдамдығы ҚГ құрамына көп әсер ететінін зерттеулер көрсетті. СО мен NO2-ің тасымал қазбасы ауасындағы және жүргізуші кәшегіндегі өзгеруін, жүк тиелген машина жылдамдығына байланысты, төмендегі теңдеумен көрсетуге болады [1]:
(3)
мұндағы V — мәні 10-30 км/с аралығында өзгере беретін, жүк тиелген машина жылдамдығы;
а,
в — эмпириялық коэффициенттер:
үшін
а = 60,36;
в = 36,29
үшін
a = 16,16;
в = 14,0
(3) теңдеу бойынша жолдың әртүрлі бөліктері үшін алынған тәуелділік графиктерін саралау көрсеткендей, СО мен NO2 мөлшерлерінің өзгерістері түзу
сызықты болғандықтан, жүкпен жүрген ӨЖЖ-ң жылдамдығының артуы, оның қозғағышына түсірілетін жүктеменің артуымен пapапap деген қорытындыға келуге болады.
Қорыта келгенде, дизельді ӨЖЖ-дың кеніш ортасын және кәшек ауасын зияндауын азайту үшін, ең маңызды әдістердің бірі жүргізушінің тәжірибелілігін арттыру арқылы қозғағыштың оңтайлы жұмыс режимдерін дұрыс пайдалану болып табылады. Сондықтан, ӨЖЖ жүргізушілерін оқытып дайындау және оларды жұмыс орындарында машықтандыру кезінде (стажировка) бұл мәселелерге мол көңіл бөліп, ал машинамен жұмысқа шығар алдында қажетті режимдері белгіленіп, алдын ала жасалынған нұсқамалар жүргізілуі қажет.