2-сурет — Тосқауыл кентіректің төбесіндегі және табаныңдағы әлсіз қабаттың бүйір бетінің пішінденуі
Тосқауыл
кентіректен келетін σ1 кернеуінен, оның табанында А
1В
1С көлемі пайда болады. А
1В
1С көлемі кентіректен келетін кернеуден А
1С және В
1С беттеріне түсетін таптауыр кернеуі пайда болады. Бұл кер-
неудің қысымымен А1С бетінен Ст және В1С бетінен Сс нүктесіне қарай таужыныстар сығылады. Осы сығылудың нәтижесінде А1ССт және В1ССс үшбұрышты көлемдері пайда болады. Енді А1Ст және В1СС беттеріне келетін қысымның артуынан А1СтЖт және В1СсСж үшбұрышты көлемдері пайда болады. А1Жт бетінің үсті бос болғандықтан таужыныстар жоғары қарай көтеріліп ығысады. Соның ықпалынан тосқауыл кентірек В1С сырғу бетінің бойымен ығысып 13-14° айналып кетті.
Тосқауыл кентіректің төбесін және табанын құрайтын әлсіз қабаттың 1-топтағы сырғу сызығымен шектелген көлемнен келетін салмақтан бірден жаншылуынан, кентіректің үстіндегі әлсіз қабаттың бүйір қысымының шамасы динамикалық түрде өзгерді.
Зертханалық жағдайда анықталған нәтижелер бойынша төмендегідей ой түйіндеуге болады:
1. Еңкіш кеншоғырларындағы тақтадан жоғары жатқан әлсіз қабаттың орнықтылығын кеуірдің үстіндегі шатырланған және екі шатырдың арасындағы таужыныстың көлеміне байланысты кернеуленуінің дәрежесін сипаттап, технологияның оңтайлы өлшемдік мәндерін табуға болады.
2. Еңкіш кеншоғырларда екі тақтаны бір мезгілде, қатар қазып алғанда, тосқауыл кентіректің төбесі мен табанындағы әлсіз қабат бірден жаншылатындықтан, күрделі апаттарға соқтыруы мүмкін.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Сәбденбекүлы Ө. Кентіректердің мықтылығын есептеу және оның физикасы: Оқу құралы. Жезқазған, 1998. 116 б.
2. Временная инструкция по расчету целиков для пологопадающих залежей на глубинах более 400 м и наклонных залежей Жезказганского месторождения. Алматы-Жезказган, 1998. 156 с.
3. Сәбденбекұлы Ө. Таужыныстардың жылжуының физикасы: Оқу құралы. Жезқазған, 1999. 192 б.
УДК 622.274:553.3/9
|
|
Б.Т. БЕРКАЛИЕВ
Б.Ж. ХАМИМОЛДА
Ж.Т. ТНИМОВ
| Экономическая эффективность дополнительной выемки запасов руды при повторной разработке месторождений |
Достарыңызбен бөлісу: