Оқытушы туралы мәліметтер
Құрастырған: аға оқытушы Есенжолов Бауыржан Қаириденұлы
Мекен –жайы: Абай 76 к-сі 702 кабинет «География және экология» кафедрасы
Кафедрада болу уақыты: 800 - 1400
Пән туралы мәліметтер
Пәннің аты: Геология
Өту орны: аудитория 703
оқу жоспарынанан көшірме:
курс
|
семестр
|
Кредитт.
саны
|
Дәрістер,
сағаты.
|
Практ.,
семин.
саб.,сағ.
|
Зертх.
сабақт.,
сағат.
|
ОБСӨЖ
сағат-да
|
СӨЖ
сағ-да
|
Барлығы
сағ-да
|
Бақылау
түрі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
2
|
3
|
3
|
30
|
|
15
|
45
|
45
|
135
|
емтихан
|
4. Пәндердің пререквизиттері Мектептегі география курсы, жалпы жертану.
Пәннің постреквизиттері: Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы, жаратылыстану, геоморфология, гидрология, картография топография негіздерімен, метеорология және климатология, геология.
Құзыреттіліктер: Тау жыныстарының басты түрлері – магмалық, шөгінді, метаморфты жыныстарды бір-бірінен ажырата білуі; жыныстардың қабатталуы анық көрінетін геологиялық қималарды оқып талдауды және соған сәйкес келетін аумақтың геологиялық даму тарихын анықтауды; тектоникалық, геологиялық, физикалық оқу карталарын беттестіру арқылы жер қыртысының тектоникалық, геологиялық, орографиялық элементтерінің өзара байланыстығын, бірлестігін көрсетуді; картада көрсетілген жер қыртысының құрылымдық элементтеріндегі геологиялық өзгерістерге талдау жасай білу.
5. Пәнді сипаттау:
Мақсаты: Студенттерге Жер және жер қыртысының құрамы, құрылысы, шығу тегі және дамуы жайлы тереңді, жүйелі білім бере отырып, жер қойнауында және жер бетінде болып жататын табиғи процестерді дұрыс түсінуге, жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалануға, жер қойнауын қорғауға бағыт береді.
Міндеттері:
Жер планетасының құрылысын, қабықтарының құрамын, олардың ерекшеліктерін, физикалық қасиеттері мен өлшемдерін;
Жер және жер қыртысы қабаттарының ерекшеліктерін, тау жыныстарының геологиялық жасын анықтаудың басты әдістерін;
Тау жыныстарының басты түрлерін, оларды жүйелеу және анықтау принциптерін;
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және дамуы барысын, тау жыныстарының геологиялық жасын анықтаудың басты дәлелі жануарлар мен өсімдіктердің басты типтерін айқындайтын палеонтология негіздерін;
Бірегей геохронологиялық және стратиграфиялық кестелердің мазмұнын;
Жер және жер қыртысының геологиялық даму тарихындағы болған өзгерістердің геохронологиялық немесе стратиграфиялық кестеде, геологиялық карталар мен қималарда бейнелеуін анықтау тәсілдерін;
Жер және жер қыртысының тарихи геологиялық дамуының негізгі кезеңдерін;
Литосферадағы тектоникалық қозғалыстардың басты түрлерін, олардың жер қыртысына тән құрылымдық элементтерді қалыптастыруға дамытуға қосар үлесін;
Тау жынысы қабаттарының қатпарлану және деформациялық жарылуының мәні мен мазмұнын, олардың көрініс беру ерекшеліктерін;
Геологиялық құбылыстардың реттілігі жайлы түсінікті; жер қыртысындағы қатпарлану түрлерін және олардың көрініс беру кезеңдерін;
Бүгінгі күннің ең басты геотектоникалық парадигмасы – геосинклинальдар мен литосфералық плиталар тектоникасы концепциясының мәні мен мағынасын, мазмұнын білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |