Денудациялық (латынша “денудацио” — ашылу) процесс — үгілу заттарының денудациялық агенттердің (гравитациялық күштер, мұхиттар мен теңіз сулары және атмосфералық сулар мен құрлық сулары, мұздықтар мен соққан жел әрекеттері) күшімен жаңа орынға тасымалданған тау жыныстарының орын ауыстыру әрекеттерін қамтиды. Бұл әрекеттердің нәтижесінде жер беті тегістеліп, тегіс пішінді бедер түрлері калыптасады.
Аккумуляциялык, (шөгінді қабаттардың жиналуы) процестердің нәтижесінде, алғашқы жыныстардың (магмалық, метаморфтық) үгілу заттары жер бедерініқ ойыс немесе шұңғыл аудандарында (өзен аңғарларында, көлдер мен батпақтарда, мұхиттар мен теңіздерде) тұнбалар түрінде шөгінді қабаттар түзіледі.
Диагенез — борпылдақ шөгінді қабаттардың цементтеліп, шөгінді тау жыныстарына айналуына әсерін тигізетін термодинамикалық күрделі процесс. Мысалы, құмнан — құмтас, жұмырланған малта тастан — конгломерат, су жәндіктерінің қалдықтарынан — қабыршақтас (ракушняк), өсімдіктер қалдықтарынан — торф, тас көмір қабаттары пайда болады, ал құмға араласқан ізбесті лайдан ізбестас түзіледі.
Корразия (латын тілінде “корразио” — қажаймын деген мағынада) деп, жел айдап ұшырған ұсақ құм түйіршіктердің жер бетіндегі жар тастарды мүжіп, тау жыныстарына тигізетін механикалық әсерін айтады.
Дефляция (латын тілінде “дефлятцио” — үрлеу деген мағынада) деп, үгіліске ұшыраған борпылдақ жыныстардың ұсақ құм түйіршіктерінің (желдің үрлеу күшіне қарай) жаңа орынға ұшып-қонуын айтады.
Оз — бұрынғы мұздықтардың қозғалған бағытына қарай созылып жатқан қазіргі бел-қырқалар. Ұзындығы 30—40 км, ені бірнеше метрден 2—3 км-ге, биіктігі ондаған метрге жетеді. Құм, қиыршық, қойтас, малта тастан түзіледі.
Друмлиндер — ұзынша, созыла біткен төбелер мен төбешіктер. Ішкі ядросы түп жыныстардан немесе құмдардан түзіледі. Биіктігі 45 м-ге, үзындығы жүздеген метрден 2,5 км-ге дейін, кейде одан да артық болады, ені 150—400 м.
Зандр — мұздықтардың шеті мен етек жағындағы мореналық материалдың (жібіген тоң шайылып) қайта шөккен қалдықтары. Олар құмбаскан кеңістік құрайды.
Кам — бұрыс пішінді келген биіктігі 10—20 м-лік төбелер. Олар әр түрлі құмдардан, қиыршық тастардан, малта тастардан, таспалы балшықтан, койтастардан түзілген.
Билялова Алина бақытжанқызы
Есенжолов Бауыржан Қаириденұлы
Геология
Оқу-әдістемелік кешен
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің редакциялық-баспа бөлімі
2013 ж баспаға қол қойылды. Көлемі 5,75 б.п. Таралымы 100 дана.
Тапсырыс № . Қағаз көшірмелі. Ризография.
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің баспаханасында басылған
Отпечатано в типографии Кокшетауского государственного университета им.Ш.Ш.Уалиханова
Мекен жайымыз: Қазақстан, Ақмола обл., Көкшетау қ.,
Абай көшесі, 76, Ш. Уәлиханов атындағы КМУ РБҚ.
e-mail: universi@kokshetau.online.kz
Достарыңызбен бөлісу: |