«Геология» пәнінен оқу-әдістемелік кешені жоғары оқу орындарының 5В011600 «География» мамандығы бойынша оқитын студенттер, сонымен қатар магистранттарға және оқытушыларға ұсынылады



жүктеу 0,91 Mb.
бет26/38
Дата09.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#44613
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
LAURA «Геология» п нінен о у- дістемелік кешені жо ары о у орындарыны

Тіршілік әлемі. Мезозой мен кайнозой эраларының аралығында жануарлар әлемінде кембрийден бері қарай алғашқы ірі дағдарыс болған. Алып динозаврлардан бастап, ұсақ фораминиферлерге дейін жойылып кеткен, ал сақталып қалғандары өз мәнін жойған. Олардың орнын тез дами бастаған сүтқоректілер басты. Теңіздерде омыртқалылар: сүйекті балықтар, шеміршекті акулалар мен скаттар; алғашқы сүтқоректілер – киттер, сиреналар, дельфиндер пайда болған. Жер бетін жайлаған жорғалаушылардан – қолтырауындар, кесірткелер, тасбақалар мен жыландар; қосмекенділерден – алып саламандралар, бақалар дамыған. Палеогеннің басында приматтардың ең қарапайымы – лемурлер, яғни жартылай маймылдар – антроподтар шыққан. Плиоценнің соңы мен төрттік кезеңнің басында Шығасыр Еуропаның Оңтүстік мен Қазақстанда жылу сүйгіш мастодонттар, пілдер, гиппарион, семсер тісті жолбарыс, этруск мүйізтұмсығы, т.б. өмір сүрген. Плейстоценнің соңы – голоценнің басында қатал климатқа бейімделген мамонттар, жүндес мүйізтұмсықтар мен үлкен мүйізді бұғылар жойылып кеткен. Жер беті флорасы арасында жабық тұқымдылар дамуын жалғастырған. Олардың ішінде тропиктік және субтропиктік ормандарда пальма, магнолия, мирт, фикус, алып секвоя, араукария мен кипаристер өсті. Қоңыржай климатты алқаптарда үлкен жапырақтылар мен ұсақ жапырақтылар – емен, бук, каштан, терек, қайың, т.б. өскен.

Кен байлықтар. Палеогенде өте ірі латеритті және латеритті-шөгінді боксит (Австралияда, Африкада, Латын Америкасында, Жерорта т-ндегі бірқатар аудандарда, Оңтүстік Орал, Солтүстік Қазақстан платформаларында, Төм. Ангар мен Батыс Байкал), ең ірі марганец (Никополь, Чиатура, Батыс Африка), бірқатар оолитті темір (Солтүстік Америка, Батыс Сібірдің Оңтүстік мен Солтүстік Қазақстанда), ең ірі мұнай (Иран, Ирак, Орталық Азия, Венесуэла) кен орындары кендері түзілген. Кайнозой эрасының түзілімдерінде барлық көмір қорының 15%-і шоғырланған. Оның ішінде таскөмір қабаттары Сахалинде, Жапонияда, Қытайдың шығысында; қоңыр көмір кен орындары – Германияда (Рейн алабы), АҚШ-та (Солтүстік Дакота) және Украинада; сынап кен орындары Испанияда, Италияда, Югославияда және Ресейде; мыс және молибден кен орындары АҚШ, Чили, Боливия мен Перуде шоғырланған. Неоген түзілімдерінде мұнай мен газдың есептелген қорларының үштен бірі шоғырланған. Алып мұнай-газ кен орындары Иран – Месопотамия мен Кордильер – Анд аймағында: Иран, Ирак, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Венесуэла, Мексика шығанағында орналасқан. Ал Еуразияда мұнай мен газ кен орындары Кавказда, Каспий ойпатында, Батыс Түрікменстанда, Карпатта және Сахалинде орналасқан. Неоген магматизмімен ірі қалайы (Анд), алтын, күміс, мыс кен орындары байланысты. Неоген кезеңінде калий және ас тұзы, фосфорит, трепел, құрылыстық таужыныстары түзілген. Төрттік түзілімдермен әр түрлі кенқайраңдар, шөгінді кендер, бейметалл кен байлықтары, жер асты сулары мен мұздықтар байланысты. Дүниежүз. мұхиттың терең сулы алқаптарында темір-марганецті және мыс-ванадийлі тасберіштер (конкреция) шоғырланған.


Н.4.07-04


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
География және экология кафедрасы

«5В011600 - География» мамандығының студенттері үшін

«Геология» пәні бойынша


практикалық жұмыстарға арналған



жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау