Геология пәнінен глоссарий
Абсолюттік геохронология — жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының жасын, сонымен бірге жердің тарихындағы геологиялық ірі оқиғалардың болған уақыты және ұзақтығы (кәдімгі астрономиялық жылдар есебімен) оның құрамында кездесетін радиоактивтік элементтердің (уран, торий, рубидий, калий, көміртегі) ыдырау заттарын (238U 235U, 232ТҺ, 87КЬ, 40К, 14С) зерттеу арқылы анықталады
Ауырлық күшінің үдеу шамасы жердің құрылысы мен сыртқы пішінінің өзгерістеріне қарай анықталады; ауырлық күші экваториальды аймақтармен салыстырғанда полярлық аймақтарда көбірек; оның үдеу шамасы полюстен экваторға қарай біртіндеп азаяды (0,5%). Бірақ кейбір аймақтарда бұл заңдылық орындалмайды.
Геотермиялық саты деп тұрақты температура деңгейінен төмен қарай, температура шамасынын, 1°С-қа көтерілуі үшін жеткілікті тереңдік (немесе метр есебімен алынған қашықтық) атайды.
Геотермиялық градиент деп, жер қойнауының әрбір 100 м-іне тереңдеген сайынғы температураның (градус есебімен) өзгеру шамасын айтамыз. Геотермиялық градиенттің орташа шамасы (әрбір 100 м-ге) 3°С деп есептеледі.
Гипергенез деп, жер бетіндегі және жер қыртысының жоғарғы бөліктерін құрайтын минералдық заттардың физикалық-химиялық әрекеттердің нәтижесінде өзгеруін айтады
Түйіршікті агрегаттар — минералдардың ұсақ түйіршіктерінің бір-біріне қосылып, бірігіп өсуі. Олар ыстық су ерітінділерінен немесе балқыған ыстық магмадан минералдық көп түйіршіктердін, бір мезгілде кристалданып, қалыптасуына байланысты құралады.
Друзалар — азды-көпті жетілген кристалдардың ортақ табанға бір шетімен қадалып, қатар өсіп-жетілуімен сипатталады. Олар бос кеңістікте, тау жыныстарының ашық жарықшақтары мен қуыстарында және тау үңгірлерінде құралады. Мысалы, кварц минералы друзалар түрінде жиі кездеседі (тау хрусталі).
Қосақтар — белгілі бір заңдылықпен бірігіп, қосақтала өскен, кемінде екі кристалдан құралған агрегаттар. Мысалы, гипс минералының қосағы “Қарлығаш кұйрығы” деген атпен белгілі. Полисинтетикалық қосақтар көп кристалдардың қосақтар түрінде бірігіп өсуінен құралады.
Секрециялар — тау жыныстарының дөңгелек пішінді қуыстарында минералдық заттардан құралады. Олар осы айтылған үлкенді-кішілі қуыстарды перифериялық шетінен бастап ортасына қарай біртіндеп толтырады, былайша айтқанда концентрациялық зоналар түрінде қалыптасады. Секрециялық пішіннің орталығы бос қуыс күйінде қалуы да мүмкін. Секрецияның ұсақ түрлерін (10 мм-ге дейін) миндалиндер, ал ірі түрлерін жеодалар деп атайды.
Конкрециялар — белгілі бір кристаллизациялық орталықтан оның шетіне қарай тарала өсіп минералдық заттармен толып, дөңгелек пішінді болып құралады. Олар көбінесе бір орталықтан шашырай таралған радиальды сәуле тәрізді болып қалыптасады (мысалы, марказит, фосфорит).
Оолиттер — дөңгелек пішінді концентрациялық құрылысы айқын байқалатын ұсақ (10 мм-ге дейін) дене түрінде кездеседі. Олар минералдық заттардың сулы ортадан біртіндеп бөлінуі кезінде құралады (мысалы, лимониттер мен пиролюзиттер).
Сауыстанған агрегаттар — үлкенді-кішілі үңгірлер мен қуыстарда ыстық су ерітінділерінен, олардың өте баяу жылдамдықпен булануы кезінде біртіндеп кристалдануы нәтижесінде құралады. Олар әр түрлі пішінде (бүйрек тәрізді, мұзға айналған су тамшысындай және т. б.) кездеседі.
Топырақ тектес және тығыз агрегаттар — экзогендік әрекеттерге байланысты құралады. Оларды құрайтын минералдық заттар жай көзбен көрінбейтін өте майда және өте тығыз түйіршіктерден тұрады (мысалы, халцедон).
Стратиграфиялық шкала — белгілі бір уақыт аралығында рет-ретімен қабатталып жиналған шөгінді жыныстар жиынтығын, ал оған сәйкес келетін геохронологиялық шкала — уақыт мерзімін көрсетеді.
Үгілу (выветривание — немісше “веттер” — ауа райы деген мағынада) процесі деп, жер қыртысын құрайтын алғашқы заттардың (магмалық, метаморфтық және шөгінді жыныстардың) жер бетінде табиғи жағдайда үздіксіз жүріп жататын (физикалық, химиялық және биохимиялық) әр түрлі әрекеттердің нәтижесінде (ыстық ауа мен салқын ауаның кезек алмасуы, жауын-шашын, су мен жел, ауадағы оттегі мен көмір қышқыл газының және әр түрлі қышқылдардьщ химиялық әсері, күн радиациясы, тірі организмдер мен өсімдіктердін, әрекеттері) байқалатын өзгерістердін, жиынтығын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |