Дәріс № 9
Тақырыбы: Картографиялық проекциялар.
Дәрістің мазмұны.
1. Көмекші беттің түріне және оның сызықтары бағытына байланысты картографиялық проекциялардың жіктелуі.
2 Бұрмалану сипатына байланысты картографиялық проекциялардың жіктелуі.
Мақсаты: Студенттерге қалыпты тордағы картографиялық проекциялардың түріне және бұрмалану сипатына байланысты жіктелуі туралы түсінік беру.
1. Картографиялық проекция дегеніміз жер эллипсойдының бетін жазықтықта немесе географиялық картада бейнелеу әдісі. Картада меридиандар мен параллельдердің бейнеленуі картографиялық тор деп, ал олардың қию нүктелері – түйінді нүктелер деп аталады.
Қалыпты тордағы меридиандар мен параллельдер бойынша картографияциялық проекциялар төмендегідей класстарға бөлінеді.
1. Цилиндрлік проекция, қалыптьы торда меридиандар тең қашықтықта бір-біріне параллель, ал параллельдер – меридиандарға перпендикуляр тік орналасқан.
2. Конустық проекция, қалыпты торда параллельдері жартылай шеңбердің доғасын құрайды, ал меридиандар тік бір нүктеден таралып бұрыштық параллельдер түзеді, бойлықтардың айырмашылығы бір-біріне пропорционал болып келеді.
3. Азимутальдық проекция полярлық, көлденен және қисық азимутальды болып бөлінеді. Полярлық азимутальдық проекцияда параллельдер толық шеңбер құрайды, ал меридиандар бір орталықтан таралып бұрыштық параллельдер құрайды, ендіктердің айырмашылығы тең болады.
4. Көп конусты проекцияда қалыпты торда параллельдері шеңбердің экцентрлік доғасы түрінде болады, ортаңғы меридиан тік болып келеді, де осы жерде барлық параллельдердің ортасы орналасады, ал қалған меридиандар қисық сызықты.
5. Жалған цилиндрлі проекция қалыпты торда параллельдері тік параллельді (кей жағдайда тең қашықтықты) орталық меридиан параллельдерге перпендикуляр тік орналасады, ал қалғандары қисық сызықты.
6. Жалған конусты проекцияда қалыпты тордағы параллельдер жартылай шеңбердің доғасын құрайды, орталық меридиан тік болып келеді, де жалпы орталық бөлігі арқылы өтеді, ал қалғандары қисық сызықты.
7. Шартты проекциялар, бұл проекцияларда жоғарыда аталған проекциялар класының бірде-біреуінің қатарына жатпайды, параллельдері мен меридиандары әр түрлі орналасады.
2. Барлық картографиялық проекциялар бұрмалану сипатына байланысты төмендегідей үш топқа бөлінеді:
Тең бұрышты – бұнда картадағы бұрыштар, берілген нүктенің барлық бағыттарының ұзындық масштабтары және шексіз кіші-гірім фигуралардың пішіндері сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |