Газет 930 жылғы қарашаның жұлдызынан шыға бастады Аудандық қоғамдық-саяси газет



жүктеу 369,61 Kb.
Pdf просмотр
бет3/8
Дата01.01.2018
өлшемі369,61 Kb.
#6808
1   2   3   4   5   6   7   8

3

16 тамыз  2014 жыл

Əлемдік білім беру процесі қазіргі кезде білім

беру мемлекет пен қоғам талаптарына сəйкес

келіп, əлеуметтік өзгерістерді қамтуы тиіс еке-

нін көрсетеді.

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы

Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: бір мақсат,

бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан

халқына арнаған биылғы Жолдауында ұлттық

білім берудің барлық буынында оқыту сапа-

сын жақсарту, 2020 жылға дейін 3-6 жас

аралығындағы балаларды мектепке дейінгі

біліммен 100 пайыз қамту, 3 тілде оқыту,

мүмкіндігі шектеулі балаларды қолжетімді

білім берумен қамтамасыз етудің

басымдықтары айқындалды. Елбасы: «Орта

білім жүйесінде жалпы білім беретін мекте-

птерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі

оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп

түлектері қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін білуге тиіс.

Оларды оқыту нəтижесі оқушылардың сындарлы ойлау,

өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру

болуға тиіс», - деп атап көрсетті.

Өткен оқу жылында ауданның білім беру жүйесінде 48

жалпы білім беретін мектеп (27 орта, 14 негізгі, 7 бастауыш

мектептер), 4 мектепке дейінгі білім беру мекемелері, 36

мектеп жанындағы шағын орталықтар, 3 мектептен тыс ме-

кемелер мен олардың бөлімшелері, 2 мектеп жанындағы

интернаттар жұмыс жасады. 9 сыныптарды 537, 11 сынып-

тарды 292 оқушы аяқтап, Қарқаралы қаласындағы №1,2,

Тегісшілдік ауылындағы №6, Қарағайлы кентіндегі №16

орта мектептерден 4 мектеп түлегі «Алтын белгі» белгісін,

Ақжол, Аппаз ауылдарындағы №12,18, Егіндібұлақ

селосындағы №43 орта мектептерден 4 мектеп бітіруші

жалпы орта білім туралы үздік аттестат, ал 14 орта, 3 не-

гізгі мектептерден 30 оқушы негізгі орта білім туралы үздік

куəлік алды. 

Мектепке дейінгі тəрбие мекемелерінің қызметкерлері

жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытуда табы-

сты еңбек етіп келеді. Бұл бағытта «Жас терек»,

«Балдырған», «Айгөлек», «Еркетай» бөбекжай-балалар

бақшаларының тəрбиешілері Д.Лəмбекованың,

Г.Бұзауованың, М.Абдиманованың, А.Түсіпованың,

З.Айкееваның, А.Сембаеваның іс-тəжірибелері басқаларға

үлгі боларлықтай.

Осылай десек те, мектепке дейінгі мекемелердің оқу-

тəрбие жұмысында елеулі кемшіліктер де орын алуда.

Қызылту, Қызылшілік ауылдарындағы №13, 41 негізгі мек-

тептерде ҚР Үкіметінің 2012 жылғы       23 тамыздағы

№1080 Қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі тəрбие мен

оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

басшылыққа алынбаған. Тəрбиешілердің жұмыстарында

озат педагогикалық технологияны оқып үйрену, оны оқу

процесінде қолдану жақтары əлсіз. Мектепке дейінгі ме-

кеме мен мектеп арасында байланыс осалдаған.

Жалпыға бірдей білім беру қорына 2014 жылы 32 млн

теңге бөлінді (1,6%, облыс бойынша 2%). Аудан бойынша

1 оқушыға жұмсалған қаржы мөлшері 2012 жылы 296000,

2013 жылы 307415 теңге болды. 

Өткен оқу жылында мектеп оқушыларының 90 пайызы

ыстық тамақпен қамтылды (5624 оқушы), оның ішінде

жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен аз қамтылған, көп

балалы, қамқоршылық пен қорғаншылықта тұрған 524

балаға тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды. Алайда,

Жаңажол, Аққора, Абыз, Сарыобалы, Шөптікөл,

Қызылшілік ауылдарындағы №11, 25, 27, 34, 39, 41 негізгі

мектептерде ыстық тамақ ұйымдастырылған жоқ (мектеп

директорлары: А.Тұрғанбаев, А.Өкімбаев, А.Утебаева,

М.Мауин, М.Долкей, мектеп директорының міндетін

атқарушы Қ.Мұқатаева).

Бесоба, Нүркен, Ақжол, Угар, Қайнарбұлақ, Қырғыз

селолық округтеріне қарасты №8, 10, 12, 15, 18, 20,

Егіндібұлақ селосындағы №5,43 орта мектептерден 81

оқушы тасылмалданды. 

Сауықтыру алаңдары мен маусымдық жұмыстарға 5539

оқушы (94,9%) тартылды. 36 орта, негізгі мектептерде

ыстық тамақпен ұйымдастырылған лагерь мен алаңдарда

920, қаладан тыс «Қарқаралы» сауықтыру орнында    300

оқушы тегін тынықты. 21 орта, негізгі мектептерде 500 бала

аудандық кəсіподақ ұйымының қаржысымен

сауықтырылды.

2014 жылы Көктас ауылындағы №4 орта мектепте

еңбекпен қамтудың 2020 бағдарламасының бірінші бағыты

бойынша 10 млн теңгенің ағымдағы жөндеу жұмыстары

жүргізілді.

Бұрыннан айтылып келе жатқандай, жекелеген елді ме-

кендерде бала санының азаю фактілері байқалуда. Білім

беру ұйымдары желісінің кепілдендірілген мемлекеттік нор-

мативі бойынша оқушылардың саны 81 жəне одан көп

болғанда орта, ал оқушылардың саны 41 жəне одан көп

болғанда  негізгі оқу орындарының жұмыс істеуіне кепілдік

беріледі. Оқу жылының соңында Жарлы ауылындағы №9

орта мектепте 52, Матақ ауылындағы №15 орта мектепте

69, Айнабұлақ ауылындағы №31 орта мектепте 74, Қоянды

ауылындағы №35 орта мектепте 77, Жаңажол ауылындағы

№11 негізгі мектепте 24, Айрық ауылындағы №36 негізгі

мектепте 31, Ақбай – Қызылбай ауылындағы №24 негізгі

мектепте 34, Аққора ауылындағы №25 негізгі мектепте 27,

Ақтерек ауылындағы №26 негізгі мектепте 35, Өсібай

ауылындағы №29 негізгі мектепте 27, Айнабұлақ

ауылындағы №38 негізгі мектепте 33, Шөптікөл

ауылындағы №39 негізгі мектепте 36, Қызылшілік

ауылындағы №41 негізгі мектепте 21 оқушы қалған.

Сондықтан 2014-2015 оқу жылының басында да

оңтайландыру процесі жүруі мүмкін.

Білім беру саласында позитивті өзгерістер өзінің оң

нəтижелерін беруде. Аудан 2014 жылы Ұлттық бірыңғай те-

стілеуден 2013 жылмен салыстырғанда жоғары нəтиже

көрсетті (орташа балл – 77,06, 2013 жылғы аудан көрсеткіші

– 75,61 балл). 2014 жылғы облыс көрсеткіші -77,02 балл,

селолық аудандар бойынша орташа көрсеткіш – 68,5 балл.

Түлектердің 68,8 пайызы (2013 жылы – 69,55 пайыз) ұлттық

бірыңғай тестілеуге қатысты (оның ішінде Қарқаралы

қаласындағы №2, Аппаз ауылындағы №18 орта мектептер

100%). Ақжол ауылындағы №12, Егіндібұлақ селосындағы

№43, Қарағайлы кентіндегі №16, Аппаз ауылындағы №18,

Қарқаралы қаласындағы №1,2,44, Ақтасты, Тегісшілдік,

Татан ауылдарындағы №32,6,23 орта мектептер аудан

көрсеткішінен жоғары нəтиже көрсетті. Ең жоғары  балл –

114 (№6 орта мектеп, Тегісшілдік ауылы). Қарқаралы

қаласындағы №1,2,44, Қарағайлы кентіндегі

№16, 17, Егіндібұлақ селосындағы №43, Те-

гісшілдік, Ақжол, Аппаз, Айнабұлақ

ауылдарындағы №6,12,18, 31 орта мекте-

птерден 19 оқушы 100-ден жоғары балл

алды (2013 жылы – 22 оқушы). №1, 2, 6,16,

43 орта мектептерден қазақ тілі, Қазақстан

тарихы пəндерінен 7 оқушы ең жоғары 25

балды иеленді (пəн мұғалімдері: Г.Дамиева,

Ф.Мазина, К.Дайрбекова, Б.Жекенова, А.Жу-

машев, Ж.Рақымжанова). Соңғы 3 жылда

Аппаз ауылындағы №18, Егіндібұлақ

селосындағы №43 орта мектеп ұжымдары

аудан бойынша жоғары жетістіктерге қол

жеткізіп келеді. Егіндібұлақ селосындағы

№5, Қарағайлы кентіндегі №17, Матақ,

Талды, Томар, Айнабұлақ ауылдарындағы

№15, 19, 22, 31 орта мектептер облыс бо-

йынша селолық аудандар көрсеткішінен жоғары нəтиже

көрсетті. №1, 16, 23, 32, 44 орта мектеп түлектерінің білім,

білік дағдыларында өткен жылмен салыстырғанда алға

жылжу байқалды. Мəселен, №1 орта мектеп 2013 жылғы

12 орыннан 5 орынға, №16 орта мектеп 19 орыннан 3

орынға, №44 орта мектеп 17 орыннан 6 орынға, №32 орта

мектеп 21 орыннан 7 орынға, №23 орта мектеп 15 орыннан

10 орынға көтерілді. 

Сонымен қатар оқушылардың білім сапасы мен икем –

дағдыларында елеулі кемшіліктер де орын алуда.

Бақты, Теректі, Көктас, Қоянды, Нүркен, Бүркітті

ауылдарындағы №21,30,4,35,10,20 орта мектептер аудан,

облыс бойынша селолық аудандар көрсеткішінен төмен

нəтиже көрсетті. Нүркен, Бақты, Қоянды ауылдарындағы

№10,21,35 орта мектептерде оқушылардың білім сапа-

сында өткен жылмен салыстырғанда кему байқалды.

Мəселен, №10 орта мектеп 2013 жылғы 16 орыннан 21

орынға, №35 орта мектеп 14 орыннан 20 орынға түссе,

№21 орта мектеп көрсеткіші 3,37 балға төмендеген. Ал,

Көктас, Бүркітті, Теректі ауылдарындағы №4, 20, 30 орта

мектептерде оқушылардың білім сапасы соңғы 2 жылда

төмен күйінде қалып отыр. Аудан бойынша ең төменгі балл

– 35 (№10 орта мектеп, Нүркен ауылы). Ғылым негіздерінің

оқытылу жағдайы да өткен жылмен салыстырғанда

осалдағаны байқалды. Мəселен, орыс тілі (оқыту тілі бо-

йынша) пəнінен орташа балл – 15,35 (2013ж. аудан

көрсеткіші – 17,51 балл), қазақ мектебіндегі орыс тілі

пəнінен орташа балл – 13,13 (2013ж. аудан көрсеткіші –

14,73 балл), орыс мектебіндегі қазақ тілі пəнінен орташа

балл – 20,19 (2013ж. аудан көрсеткіші – 21,2 балл), физика

пəнінен орташа балл – 11,59 (2013ж. аудан көрсеткіші –

11,85 балл), химия пəнінен орташа балл – 13,44 (2013ж.

аудан көрсеткіші – 16,25 балл), қазақ əдебиетінен орташа

балл – 18 (2013ж. аудан көрсеткіші – 19 балл). Ал, матема-

тика пəнінен орташа көрсеткіш соңғы 2 жылда 2,13 балға

өскенмен, мектеп бітірушілердің білім сапасы білім берудің

мемлекеттік стандарты талаптарына сай болмай отыр

(2012ж. орташа балл – 10; 2013ж. орташа балл – 11,33;

2014ж. орташа балл – 12,13). Тегісшілдік, Бүркітті, Томар,

Теректі ауылдарындағы №6,20,22,30 орта мектептерден

мектеп түлектерінің 2 пайызы (4 оқушы; 2013ж. - 4,01

пайыз) математика пəнінен «қанағаттанарлықсыз» бағалар

алды (пəн мұғалімдері: А.Акимова, А.Слямова, Ж.Купеева,

А.Рысбек). Мектеп бітірушілердің 14 пайызы шекті

деңгейден өткен жоқ (2013 жылы – 22 пайыз). Шекті

деңгейден өтпегендер үлесі №17 орта мектепте 28,5, №2

орта мектепте 22,2 пайыз болды. 

Жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға

үміткер 17 оқушының 13-і, ал жалпы орта білім туралы үздік

аттестатқа үміткер 6  оқушының 5-уі білімдерін бекіте ал-

мады. «Алтын белгі» аттестатына үміткер оқушылардың

10-ы таңдау, 7-уі Қазақстан тарихы, 5-уі математика, 5-уі

қазақ тілі, 3-уі орыс тілі пəндерінен «4»-тік бағалар алған.

Жалпы білім беретін пəндер бойынша облыстық пəндер

олимпиадасында Қарқаралы қаласындағы №1, Егіндібұлақ

селосындағы №5,43, Қарағайлы кентіндегі №16 орта мек-

тептерден география, орыс мектебіндегі қазақ тілі,

Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен əдебиеті пəндерінен 4

оқушы ІІ, ІІІ орындарды иеленді (пəн мұғалімдері:

Б.Е.Қанафина, З.Қасымбекова, Ə.Жұмашев,

С.Қапсаттарова). Дегенмен, соңғы жылдары облыстық пəн

олимпиадаларынан жеңімпаз оқушылардың болмауы ой-

ланатын мəселе.

Бүгінгі күні білім беру жүйесіндегі тəрбие жұмысын

ұйымдастыруда кездесетін проблемалар шешімі жүйелі

жұмыс тəсілдерін, яғни, барлық деңгейдегі ұйымдарда

тəрбие жұмысын күшейту үшін тəрбиенің мазмұнын, ны-

сандарын, əдістері мен құралдарын қайта қарауды қажет

етеді.

Осыған байланысты барлық білім беру ұйымдарында



оқыту процесінің тəрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі

үлгілік кешенді жоспар басшылыққа алынуда.

«Адамға ең бірінші білім емес, тəрбие беру керек.

Тəрбиесіз білім адамзаттың қас жауы», - деген Əл-Фараби

бабамыздың қанатты сөзі терең ойларға жетелейді. Тəрбие

– баланың тұлға ретінде қалыптасуының асыл арнасы. Оқу

мен тəрбиені ұтымды ұштастыра отырып оқушыларды

қоғамдық пайдалы еңбекке баулу бүгінгі күннің басты та-

лабы. Əсіресе, туған ел мен жерге сүйіспеншілікпен ата

жұртты ардақтауға мəн беру бəрінен қымбат. Өткен оқу жы-

лында оқу жоспарының вариативті бөлігі есебінен

ұйымдастырылған «Қазақстан құқығы», «Өлкетану»,

«Алаштану» курстарының жастар бойында отаншылдық

қасиеттерді күшейтуге, жеке тұлғаның əлеуметтік

құзіреттілігін дамытуға, жеке табысқа жетудің əдістемелік

жолдарын үйретуде мүмкіндігі мол болды.

Ауданда спорттың бұқаралылығын арттыруда,

оқушыларды салауаттылыққа тəрбиелеуде оң іс-тəжірибе

қалыптасқан. Аудан халқының 27,7 пайызы (10962 адам)

спортпен шұғылданады. Қалалық балалар мен

жасөспірімдердің спорт мектебі, Қарағайлы кентінде,

Нұркен, Қайнарбұлақ, Темірші, Балқантау селолық округ-

терінде оның бөлімшелері жұмыс жасады. 99 спорт акция-

сына 2124 оқушы тартылып, 4, 7, 9, 11 сыныптардан 2022

оқушы президенттік тест сынақтарын тапсырды.

2014 жылы дене шынықтыру пəнінің оқу – материалдық ба-

засын нығайтуға бюджеттен 10 млн теңге бөлініп, спорттық

бұйымдармен жарақтандырылды.

Қарқаралы қаласындағы №1, 44, Қарағайлы кентіндегі №16

орта мектептер жанында хоккей, шаңғы, футболдан

сауықтыру алаңдары, Қарқаралы қаласындағы балалар

мен жасөспірімдер орталығы жанында «Жас түлектер»

аула клубтары жұмыс жасайды. Ағымдағы жылы

Қарқаралы қаласындағы №44 орта мектеп жанынан шағын

футбол ойын алаңы ашылды.

Ауданның қамқоршылық жəне қорғаншылық кеңесінің есе-

бінде қазіргі уақытта 50 оқушы тұр.  Əлеуметтік қорғауды

қажет ететін балаларға жалпыға бірдей міндетті білім беру

қоры есебінен материалдық көмек беріліп келеді. «Жетім

жəне ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды

тұрғын үймен қамтамасыз етудің» облыстық кешенді жос-

парына сəйкес 2012 жылы 2 балаға тұрғын үй берілді,

тұрғын үй кезегінде аудан бойынша 34 бала тұрғанын ес-

керсек, əлі де бұл бағытта жұмыстарды ширатуымыз керек.

Білім саласы бойынша жеке жəне заңды тұлғаларға

көрсетілетін 15 мемлекеттік қызметтің ағымдағы жылдың І

жарты жылдығында 513         көрсетілді.

Аудандық ішкі істер бөлімі жанындағы кəмелетке

толмағандар инспекциясы тобының есебінде Қарқаралы

қаласындағы №1,2,  Қарағайлы кентіндегі №16,17, Ын-

талы, Нүркен ауылдарындағы №3,10, Егіндібұлақ

селосындағы №5 орта мектептерден 15 оқушы есепте тұр.

Мектептердегі психологиялық қызметтің ролі əлі де өз

деңгейінде емес. Мəселен, Қарқаралы қаласындағы №1, 2

орта мектептерде оқушы, мұғалім, ата – аналармен бір-

лескен психологиялық ағарту, дамыту, түзету жұмыстары

жүргізілмеген, зерттеу қорытындылары еш жерде

қаралмаған. Ақбай-Қызылбай, Аққора, Айнабұлақ,

Шөптікөл, Қызылшілік, Борлыбұлақ ауылдарындағы негізгі

мектептерде педагог – психолог мамандар жоқ.

Өткен оқу жылында ауданның білім беру саласында 1189

педагог, тəрбиеші еңбек етті. Олардың 982-сі жоғары білімді

(82,6 пайыз), орта арнаулы білімдісі – 207 (17,41 пайыз).

2013-2014 оқу жылында 10 жас маман келді. Жастарды

қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Дипломмен

ауылға» бағдарламасы бойынша 6 мұғалімге 121170

теңгеден көтерме ақша берілсе, 2 маман 4 млн 455 мың

теңге несие алды. Аудан бойынша жоғары санатты

ұстаздар саны – 115 (9,67%), бірінші санатты ұстаздар саны

– 428 (36%), ІІ санатты ұстаздар – 278 (23,4%). 2013 жылы

ауданнан 51 ұстаз, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мен

Кэмбридж университеті сарапшыларымен бірлескен білік-

тілікті арттыру институтының жалпы білім беретін мекте-

птерге арналған біліктілікті арттыру курстарынан  өтсе,

2014 жылы      51 мұғалімнің біліктілігін арттыруы жоспар-

ланып, қазіргі уақытта 22 ұстаз білімдерін жетілдірді.

Қарқаралы қаласында «Өрлеу» педагогтардың біліктілігін

арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен қазақ тілі

мен əдебиеті, тарих, география, өзін – өзі тану пəндерінен

өткізілген біліктілікті арттыру курстарына 100 мұғалім

қатысты. Жыл сайын білім беру қызметкерлерінің тамыз

мəслихатынан басқа, мұғалімдердің форумын өткізу

дəстүрге айналды. «Ауданның үздік мұғалімі» байқауында

əртүрлі номинация бойынша 14 мұғалім, мектеп басшы-

лары, мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері аудан

əкімінің сыйақысын алды. Көктас ауылындағы №4 орта

мектептің психологы С.Кыдыралина республикалық «Үздік

психолог» байқауында ІІ орынды иеленді. «Үздік кітапха-

нашы», «Үздік пəн бірлестігі» аудандық байқаулары

ұйымдастырылды. Облыстық «Орта білім беретін үздік

ұйым» байқауында Егіндібұлақ селосындағы №43 орта

мектеп «Сапалы білімді қамтамасыз ету» номинациясы бо-

йынша дипломмен марапатталды.

Оқу жылы ішінде Көктас, Бесоба, Нүркен, Ақжол, Талды,

Татан, Қоянды ауылдарындағы №4,8,10,12,19,23,35,

Егіндібұлақ селосындағы №5, Қарағайлы кентіндегі №16,

Қарқаралы қаласындағы №44 орта мектептерде жəне «Ер-

кетай» бөбекжай балалар бақшасында физика, бастауыш

сыныптар, география – биология, тарих, математика, шет

тілі, өзін – өзі тану, алғашқы əскери дайындық пəндері

мұғалімдерінің, мектепке дейінгі мекемелер

тəрбиешілерінің, мектеп кітапханашыларының, мектеп

директорларының тəрбие жұмысы жөніндегі

орынбасарларының, шағын жинақты мектептерде оқу –

тəрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері бойынша

аудандық тəжірибелік семинарлар ұйымдастырылды.

Соңғы жылдары жекелеген пəндер бойынша кадрлар

тапшылығы қатты сезілуде. Білім беру ұйымдарында ма-

тематика, физика, ағылшын тілі, орыс тілі мен əдебиеті

пəндері мұғалімдері жетіспейді. Жаңа оқу жылына

Қарағайлы кентіндегі №16, Нүркен, Теректі, Қызылту, Ақбай

– Қызылбай, Өсібай, Шөптікөл, Қызылшілік, Борлыбұлақ

ауылдарындағы №10, 30 орта, №13, 24, 29, 39, 41, 42 не-

гізгі мектептерге қазақ мектебіндегі орыс тілі мен əдебиеті,

ағылшын тілі, математика, физика пəндерінен 12  жас

маманға сұраныс берілді.

Ауданда 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында «Мектепке

жол» акциясы өтіп жатыр. Білім беру ұйымдарының бас-

шылары мұқтаж отбасы балаларын əлеуметтік қолдау

мақсатында қайырымдылық шараларын ұйымдастыруы

қажет. Сондай-ақ 1 қыркүйекте ауданның барлық білім беру

ұйымдарында «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір

мүдде, бір болашақ» тақырыбында салтанатты жиын

өткізілетін болады.     

Аудандық «Қарқаралы» газеті бетінде ұйымдастырылған

«Тамыз мəслихаты қарсаңында» атты арнайы айдар бо-

йынша ұстаздар өз іс – тəжірибелерімен бөлісетін болса,

пленарлық мəжіліс пен секция отырыстарында Ел Прези-

денті Жолдауын, білім берудің мемлекеттік жалпыға мін-

детті стандартын,  12 жылдық білім беруге көшуге

дайындықты, «Тілдердің үш тұғырлылығы» мəдени жоба-

сын жүзеге асырудың, балаларды мектепке дейінгі білім

жəне тəрбиемен қамтамасыз етудің, оқушылардың

функционалдық сауаттылығын дамытудың, оқу процесіне

заманауи əдістемелер мен технологияларды енгізудің,

педагогтардың кəсіптік біліктілігін арттырудың, жеке

тұлғаның əлеуметтік құзыреттілігін жетілдірудің, мүмкіндігі

шектеулі балаларды қолжетімді білім берумен қамтамасыз

етудің көкейкесті мəселелері бойынша келелі ой – пікірлер

қозғалатын болады.

Қазіргі уақыт жас ұрпаққа білім мен тəрбие беруде

шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтарды талап

етеді. Ауданның ұстаздар қауымы Елбасы Жолдауында

білім беру саласы қызметкерлеріне берген тапсырмаларын

жүзеге асыруда шығармашылықпен еңбек етіп, бұл міндет-

терді белсенділікпен шешетініне сенім мол.



Жетпісбай Жетібаев,

аудандық білім, денешынықтыру жəне спорт бөлімі

басшысының міндетін атқарушы.

Мұғалімдердің тамыз мəслихаты қарсаңында

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК БІЛІММЕН өЛШЕНЕДІ

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК БІЛІММЕН өЛШЕНЕДІ


жүктеу 369,61 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау