(Соңы. Басы 1-бетте)
Ауылды жер-
дегі жастар ара-
с ы н д а
кəсіпкерлікті да-
мыту жəне
қ о л д а у
мақсатындағы
бұндай Грантқа
облысымыздағы
əр ауданның та-
лапты жастары
ие болды.Атап
айтсақ, Амантай
Жасұлан /Шет
ауданы. Жо-
басы- шағын на-
убайхана ашу./,
Қ а б д р а ш
Қ ұ р м е т б е к
/Сарыөзек, Оса-
каровка ауданы. Жобасы- ресторан ашу. /,Қонысбаев Жандос / Қарағайлы
кенті . Жобасы- жылыжай шаруашылығы /, Сыздыков Абай / Бұқар жырау
ауданы, Мұстафин ауылы Жобасы- корпустық жиһаз жасап
шығару/,Төлеубеков Бахтияр /Ақтоғай ауданы. Жобасы – авто көлік жуатын
орын ашу/, Қамал Құмар/ Көкпекті ауылы, Бұқар жырау ауданы Жобасы –
халыққа қызмет көрсететін монша ашу/, Шортанбай Əнуар /Қ. Аманжолов
ауылы. Жобасы мал шаруашылығын дамыту./, Андреева Розалия /Киевка,
Нұра ауданы. Жобасы – қоян өсіру/, Рысқұлов Тұрар /Егіндібұлақ ауылы. Жо-
басы – тойхана ашу /,Қанат Бауыржан /Шұңқыркөл ауылы, Осакаровка
ауданы. Жобасы – наубайхана ашу / осы аталған жастарға облыс əкімінің үш
жүз мың теңгелік сертификатымен алқызыл гүл шоқтары ұсынылды. Баста-
маларына сəттілік тіленген жас кəсіпкерлер облыс əкімі Н.Қанапияұлымен
естелікке суретке түсті. Осы мерейлі сəтте мемлекеттік жастар саясатын
жүзеге асыруға зор үлес қосып жүрген тағы бірқатар жастарға облыс əкімінің
алғыс хаты табысталды. Қазақстандық патриотизмді насихаттаудағы жəне
мемлекеттік жастар саясатын іс – жүзіне асырудағы жетістіктері үшін Топар
кентіндегі Абай атындағы мектептің дене шынықтыру пəні мұғалімі, жас ұстаз
Амангүл Серік қызы, Ақтоғай ауданы жастармен жұмыс жасау орталығының
директоры Данияр Қойбағаров, Қарқаралы ауданы спорт саласының жас ма-
маны,қазақ күресінен аудан, облыстық спартакиадаларының бірнеше дүркін
жеңімпазы Едіге Сыздықов, Жаңарқа ауданынан мемлекеттік жастар сая-
сатына қатысты іс-шаралардың белсенді ұйымдастырушысының бірі Арман
Тілеуғабылов, «Қазақ Мыс» корпорациясы» ЖШС- ң жас жұмысшысы Бей-
секеев Арман, Шет ауданы агротехникалық колледжінің түлегі,үздік диплом
иегері Сəуле Бақытжанқызы, Нұра ауданынан мəдениет үйінің қызметкері,жа-
стар ісінің белсенді
мүшесі Саян Бо-
стамбаев, «Сель-
ский труженик»
газетінің фотокор-
р е с п о н д е н т і ,
жүргізуші, дебат
жəне КВН ойын-
шысы Қазбек Шоло-
таев, Ұлытау
ауданының спорт
саласының жас ма-
маны Дархан Рахма-
ниянов, Қарқаралы
ауданы жастармен
жұмыс жүргізу
о р т а л ы ғ ы н ы ң
қызметкері, кикбок-
синг бойынша
х а л ы қ а р а л ы қ
дəрежедегі спорт шебері,жаттықтырушы Қанат Дүйсембеков сияқты көптеген
ауыл жастары марапатталып,құшақтары гүлге тола мерейлері үстем
болды.Марапатталушылар естелікке суретке түсті. Салтанат мəртебесі əнмен
күй, əсем бимен шаттықты думанға ұласты. Сахнада «Арай» ансамблі,
«Жұлдызды сəт»жобасының жеңімпазы Арман Қарынсау, өткір қалжыңды жа-
стар көзайымы «Ағадыр құрамасы», «Бұлбұл» əнімен Динара
Шерікбаева,Аида Əбілқасымова,Кəмшат Базанова, Қарқаралы өнерпаздары
Ардақ, Еркебұлан,Жанаттардың орындауындағы « Өз елім» əндері барша
жұрттың рухын көтерді. Осындай жарқын көңілділіктің көркін кіргізіп,
патриоттық сезімнің, жасындай жарқылдаған жастықтың жалынын жанды-
рыпсахна төрінен құттықтау тілектерін арнаған «Қазақстан – ұлттық
қозғалысының атқарушы директоры Жандос Амангелдиев, «Дипломмен
ауылға» бағдарламасы бойынша жемісті еңбек етіп жүрген Шет ауданынының
орталық ауруханасының мейірбикесі Бекетаева Жансая мен Бұқаржырау
ауданы Қушоқы кеніші «ҚазақМыс» корпорациясының жас маманы Бейсе-
кеев Арман, жас мемлекеттік қызметкері, Қарқаралы ауданы білім бөлімінің
бас маманы Смолин Николайдай жастар форумға қатысушы жастардың жі-
герін жанып,қайратын еселендіретін патриоттық сөздерін арнады. Елімізде
жастарды қолдау жəне оларды ел келешегін нық ұстауға бейімдеу
мақсатында мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалармен жобалар жа-
салып, олар өз деңгейінде жүзеге асырылуда. Солардың ішінде ауыл əлеуетін
арттыруға бағытталған бағдарламалар ауыл жастары үшін аса маңызды.
Облыс əкімі Н. Əбдібековтің де форумға қатысушы жастарға арнаған сөзінде
баса айтқан ауыл əлеуетін, тұрғындардың əлеуметтік- тұрмыстық жағдайын
жақсартуға, ел экономикасымен оның өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жемі-
сті еңбек ете білетін жас мамандармен өз ісін ашу арқылы өзін-өзі еңбек
кəсібімен қамти алатын жастар қатарын толықтыру, оларға мемлекет тара-
пынан көрсетіліп жатқан қамқорлықты тиімді пайдаланумен қоса, олардың
бойында өмірге құштарлық, жігер, қайсарлық, күрескерлік рухын
қалыптастыру болып табылмақ деген еді. Бұл күнгі форумда осы теңеулерге
лайықты жастарымыздың кескін –келбетін көріп, «Мен жастарға сенемін»
деген Мағжанның сөзінің ақиқатына тағы бір көз жеткізгендей болдық.
Салтанатты жиыннан соң ауыл жастарының форумдағы екі күндік сапарына
жоспарланған бағдарлама өз жұмыс бағытымен арнайы ұйымдастырылған
іс-шараларға кезек берді.
Əр жерден келсе де жастарымыз бірін-бірі жатырқамай, емен-жарқын ара-
ласып кетті. Жер көрді, ел таныды, бір-бірімен танысып, білісті, пікірлесті, ой
бөлісті. Уақыттарын көңілді өткізді. Қарқаралылық өнерпаздар мен
Қарағандылық Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің қойған сазды
кеші орталық алаңға жиналған жастарды бір серпілтіп тастады. Əр ауданнан
келген өкілдерде өздерінің сазды сəлемдерін жолдап жатты. Ашық аспан,
айлы түннің астындағы жастардың мерекесі арнайы ұйымдастырылған бой
сергітетін шоумен ұласты.
Түн жарымы болса да таза ауада еркін тыныстап жүрген қалың көпшіліктің
делебесін бір қоздырып алу мақсатында сайыс алдымен арқан тартудан ба-
сталды. Əр ауданнан келген өкілдер өз жерлерінің намысын қолдан бермеді.
Көпшіліктің қолдауымен алма-кезек арқан тартқан қыз-жігіттер қызды-
қыздымен бір-біріне дес бермеді. Осы сайыста Абайдан келген жастар коман-
дасы үздік шығып, алау жағу мəртебесіне ие болды. Бір жақта айнала алауды
қоршаған жастар əдемі əнге салып жатса, екінші жақта биік бағанаға
өрмелеген сайыпқыран жастар. Келесі бір топта, үлкен сары самаурынды
тұтатудан жарыс өтіп жатты. Жастардың біразы буы бұрқыраған самаурыннан
ыстық шəй ішіп, ауқаттанып, тоңазығын бойларын жылытты. Келесі күні
Арқаның алтын тəжі Қарқаралының символына айналған, талай ақынның
шығармашылығына арқау болған аңызға толы «Шайтанкөлге» барып,
қасиетті өлкенің тарихымен, табиғатымен кеңінен танысты. Екі күнге
Қарқаралы жеріне жиналған жалынды жастар көтеріңкі көңілмен аттанды.
Апта-Ақпарат.
Т.Хамитов (ФОТО).
2
16 тамыз 2014 жыл
Ауыл жастарының ХІ облыстық форумы
ЕЛ БОЛАШАҒЫ - ЖАСТАРДЫң қОЛЫНДА
ЕЛ БОЛАШАҒЫ - ЖАСТАРДЫң қОЛЫНДА
Аудандық мəслихатта
Түйткілді мәселелер талқыланды
(Соңы. Басы 1-бетте)
2014 жылдың1 тамызына мемлекеттік тұрғын
үй қорынан үй немесе пəтерге мұқтаж
барлығы 584 жанұя тіркелген. Оның ішінде:
- 277 жанұя əлеуметтік қорғалған азаматтар
тізімінен;
- 224 жанұя бюджеттік мекемеде жұмыс іс-
тейтін азаматтар (білім беру, денсаулық
сақтау мамандары)
- 83 жетім жəне азаматтардың
қамқорлығындағы балалар.
Даутов Талғат Жұмағұлұлы-№4 Метал-
лург сайлау округінен депутат
1.Қарағайлы кентінің бүгінгі күнге шешімін
таппай тұрған үлкен проблемасы –су. Су өте
тапшы, су құбырлары да, қажетті электр же-
лілері де ескірген. Бірін жамасаң екіншісі істен
шығады. Кенттің суына жауапты кəсіпкер Жу-
машев Дархан Самат Рымханұлы мен Ша-
жаров Серікболдың атына хат жазып бүгінгі
күнге қажетті жөндеу жұмыстары мен шеші-
мін таппай жүрген мəселені, бөлінген
қаржының жетімсіздігінен кентті күнделікті
жүйелі түрде сумен қамтамасыз ету мүмкін
еместігін баяндаған. Егер кентті сумен
қамтамасыз ету мəселесі қазір шешілмесе
қыс уақытында кент тұрғындарының сусыз
қалу қаупі бар. Осы мəселені шешуге қандай
жоспарларыңыз бар?
1. Қарағайлы кентінің су жүйелерінің
ұзындығы – 8 шақырымды құрайды, «Алма-
тинка» аймағында 2 скважина орналасқан.
2002 жылы қайтадан қалпына келтіру
жұмыстары жүргізілген. Қарағайлы кентінде
кейінгі 3-4 жылда жер асты су мөлшерінің
төмендеуінен су тапшылығы туындап ке-
леді.Кенттің су жүйелеріндегі жағдай бізге
белгілі.Су жүйелерін қалыпты жағдайда ұстап
тұру үшін жылда бюджет есебінен қаржылар
қарастырылып келеді. 2012 жылы облыс
əкімі мен «Қазақмыс» корпорациясы
арасындағы Меморандумға сəйкес Талды су
аймағынан Қарағайлы кентіне су тарту үшін
18,0 млн.теңге қарастырылып, құрылыс
жұмыстары атқарылған болатын. Қазіргі
таңда əкімшілік тарапынан «Қазақмыс» кор-
порациясынан су жүйесін қосуға рұқсат алу
жұмыстары жүргізілді. Алайда, Қазақмыс та-
рапынан су жүйесін қосу жұмыстары 2016
жылы ғана мүмкін болатыны айтылған. Се-
бебі бүгінгі күні фабриканы толықтай сумен
қамтамасыз ете алмай отырғандығы жəне
Талды су аймағынан екінші су құбырын тарту
керектігі айтылып отыр.
Бүгінгі күні, кенттің су жүйесін күтіп ұстап,
қызмет көрсету үшін жеке кəсіпкер Жумашев
Дарханмен кент əкімшілігі арасында келісім
шарт жасалған. Аудандық əкімшілікке келіп
дефектілік актісімен 5,0 млн.теңгеге сметалық
құжаттарын тапсырған. Аудандық бюджеттің
тапшы болуына сəйкес аталған қаржыны
алдағы сессияда бөлу мүмкін болмай тұр.
Алайда, алдағы қысқы жылу беру маусымы-
нан дұрыс шығу үшін аудандық бюджетті
нақтылау кезінде қосалқы бөлшектер алуға
жəне қажетті насостар алуға тиісті қаржы
қарастырылатын болады.
Баймақанова Рыскелді Иманбекқызы-
№10 Нүркен сайлау округінен депутат
1. Милыбұлақ ауылының электр станциясын
балансқа алу.
1. Милыбұлақ ауылының электр подстан-
циясы «КРЭК» мекемесінің балансында, тек
электр жүйелері биылға дейін иесіз болып
келген. Аудандық соттың шешімімен
аудандық коммуналдық балансқа алу үшін
бүгінгі күні жер актісін дайындау жұмыстары
жүргізілуде, техникалық төлқұжаты бар. 2014
жылдың аяғына дейін Əділет басқармасында
тіркеліп коммуналдық балансқа алынатын бо-
лады. Алдағы жылдарда тиісті жөндеу
жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы
қарастырылатын болады.
2. Милыбұлаққа баратын жолды қыс айла-
рында тазалау үшін техника қажет?
2. Милыбұлақ ауылына баратын жолды қыс
мезгілінде қардан аршуға аудандық төтенше
жағдайлар қорынан қажетті жанар-жағар май
бөлініп отырылады. Тек ауыл ішінен арнайы
қалағымен жабдықталған трактор техникасы
бар ауыл азаматтары ауыл əкіміне жолығып
қажетті жанар-жағар майға заявка беру керек,
яғни алдын-ала келісіп қою керек.
3.Жаңатоған ауылындағы мектеп шатыры.
Мектеп от жағары жертөледе орналасқан
соны жеке жерге ауыстыру.
3. Мектепте жеке қазандық ғимаратын салуға
10 млн. 657 мың тенгеге жобалық - сметалық
құжаттары жасалған. 2014 жылға бюджеттік
сұраныс берілген, бірақ қаржы
қарастырылған жоқ.
4.Нүркен ауылындағы мектеп терезелері.
Мектеп жанындағы шағын орталықта
жөнделмей қалып қойған жөндеу
жұмыстарын аяқтап берсе?
4. 2012 жылы Нүркен ауылындағы №10 орта
мектеп жанындағы шағын орталық
ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін
15 млн.теңгенің жобалық – сметалық
құжаттары дайындалған, алайда 7
млн.теңгеге ғана ағымдағы жөндеу
жұмыстары жүргізілді. 2013, 2014 жылдарға
бюджеттік сұраныс берілгенмен, қаржы
бөлінбегендіктен аяқталмай отыр.
5.Тегісшілдік с/о қарасты Қарынши ауылының
көпіріне жөндеу жұмыстары. Ауыз су скважи-
насын салу мəселесі.
5. Қарынши ауылының су өткізгіш трубаларын
көктемгі су тасқыны кезінде шайып кеткен бо-
латын. Аталған көпірге 2012 жылы 500,0 мың
теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары
жүргізілген болатын, алайда көпірді толықтай
қалпына келтіру үшін қомақты қаржы қажет
етеді (шамамен 25,0 млн.теңге). аудандық
бюджеттің тапшылығына сəйкес ондай
қаражат болмай отыр. Бірақ, жағдайға
қарамастан «Тазалық» мекемесі арқылы
қалпына келтіру жұмыстары жоспарда тұр.
Қарынши ауылының ауыз су мəселесін шешу
үшін жер асты су мөлшерін анықтауды аяқтау
2015 жылға жоспарланған. Содан кейін ғана
жобалау сметалық құжаттары əзірленіп, «Ақ-
бұлақ» бағдарламасы арқылы құрылыс
жұмыстары жүргізілетін болады. ҚР Үкіметінің
бекітілген «Ақ-бұлақ» бағдарламасында елді
мекендерге су тарту жұмыстары тек жер асты
су қорының көлемі анықталғаннан кейін ғана
құрылыс жұмыстары жүргізілетіні көрсетілген
Смағұлов Рымбек- №11 Айнабұлақ сайлау
округінен депутат
1. Абай ауылындағы клуб үйіне күрделі
жөндеу қажет.
1. №159 15.05.2013 жылғы хатпен маслихат
сессиясынан Абай ауылдық клубының
ағымдағы жөндеу жұмыстарына - 20323,0
мын тенгеге қаражат сұралған болатын, бірақ
қаржы бөлінбеді. Алайда бүгінгі күні
Айнабұлақ ауылдық клубының сметалық
құжаты дайын.
Сонымен қатар, 2014 жылы Айнабұлақ
ауылдық клубының ағымдағы жөндеуге
сұраныс, 2015-2017 жылдарға «Жұмыспен
қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы
арқылы облыстық мəдениет басқармасына
ұсынылған.
2.Тəттімбет селолық округі Арқалық елді ме-
кеніндегі аурухана үйі 1954 жылы салынған,
бүгінгі күнге күрделі жөндеуді қажет етеді,
денсаулық сақтау саласының облыстық бюд-
жеттен қаржыландырылатынын білемін,
сонда да қозғау салынса.
3.Егіндібұлақ –Өсібай аралығындағы 30
шақырым жол өте қатты тозып кеткен, осы
жолға жөндеу қажет.
3. Егіндібұлақ-Өсібай аралығында жолдың
жағдайы бізге белгілі. Аталған 19 шақырым
құрайтын асфальт жолға орташа жөндеу
жұмыстары 2015-2016 жылдарға жоспарла-
нып отыр. Тиісті бюджеттік өтінім алдағы
уақытта облыстық автомобиль жолдары
басқармасына жолданатын болады. Биылғы
жылы осы жолдарды «Тазалық» мекемесі ор-
таша жөндеуден өткізеді.
Əлин Разақ Мұқанұлы-№13 Аманжолов
сайлау округінен депутат
1.Аппаз ауылындағы басты проблема –
ауылда əлі күнге су жоқ. 2008-2011 жылдар
аралығында республикалық, аудандық бюд-
жеттен 87 миллион теңге қаржы бөлініп
тартылған су құбырында су жоқ. Осы судың
жағдайы қалай шешіледі, осы мəселеге
қатысты қандай да бір жоспарларыңыз бар
ма?
1. Аппаз ауылындағы су скважинасын
тазалауға смета жасалды, смета құны 1 046
млн.теңгені құрайды. Аудандық бюджет тара-
пынан қаржы бөлінген жағдайда су скважина-
ларын тазалап су дебетін анықтайды.
Сондай-ақ су ресурстары комитеті арқылы
2015-2016 жылдарға барлау жұмыстары
жоспарланған.
2.Қасым Аманжолов ауылы мен
Қарқаралының арасындағы жолға былтырғы
жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген бола-
тын. Жөндеудің сапасыздығынан биыл жол
бұрынғы қалпына қайта түсті. Бұл жағдай осы
жол жөндеуге арналған тендердің
жауапсыздықпен өткенін көрсетеді.
2. 2013 жылдың қыркүйек айында Қарқаралы-
Аманжолов бағытындағы 45 шақырым
құрайтын асфальт жолға ағымдағы жөндеу
жүргізу үшін, яғни, шұңқырларды жамауға
бюджеттен 90,0 млн.теңге бөлінген болатын.
Мемлекеттік сатып алу жұмыстары өткізіліп,
72,0 млн.теңгеге мердігер анықталған бола-
тын. Белгіленген жұмыс көлемінің көптігіне
байланысты жəне бекітілген жұмыс кестесіне
сəйкес жұмыстар қыркүйек-желтоқсан айында
жүргізілді. Жолдың сапасын тексеру үшін
қараша айында Қарағанды қаласынан
облыстық жол басқармасының өкілін жəне ар-
найы «Қарағанды Жол Лабаратория» меке-
месін шақыртып, асфальттың сапасын
тексерген болатын. Сынақ нəтижесінде
асфальттың сапасы нормаға сəйкес келетінін
анықталды.
3.Қайнарбұлақ селолық округ əкімдігінің
кеңсесінің төбесінен су ағып тұр. Күрделі
жөндеуге қаржы бөліне ме?
3. Қайнарбұлақ селолық округі əкімдігінің
кеңсесінің төбесін жөндеуге сомасы 2973,5
мың теңге құрайтын сметасы бар. Ағымдағы
жылдың сəуір айында бюджеттік өтінім
тапсырылған болатын, бюджеттік комиссия
қолдамағандықтан қаражат бөлінбеді.
«Қайнарбұлақ селолық округі əкімінің аппа-
раты» ММ-сі бюджеттік өтінімді Қарқаралы
ауданының экономика жəне қаржы бөліміне
қайтадан тапсырды, осы мəселе бюджетті
нақтылаған кезде бюджеттік комиссия
отырысының қарауына шығарылады.
Қалың көпшіліктің арасынан сайланып,
солардың мұң-мүддесімен санасып, олардың
тағдырына үнемі алаңдап отыратын депутат-
тар қауымының қойған сұрақтары алдағы
күннің еншісінде деген үміттеміз. Сессия ба-
рысында депутаттар тарапынан басқада
сұрақтар қойылып, тиянақты жауаптар
алынды. Бұның өзі атқарушы жəне өкілетті
органның бірлесе тиянақты жұмыс жасап
отырғанын көрсетсе керек. Ауызбіршілік
болған жерде жемісті жұмыс болатыны дау-
сыз. Осы жиында аудандық Мəслихат
депутаттарының шешімімен жерлесіміз қос
азамат «Қазақфильм» киностудиясының ди-
ректоры, жазушы, «Дарын» жастар
сыйлығының лауреаты Дидар Амантай мен
КСРО-ң «Алтын Құрмет» кітабына есімі
жазылған еңбек ардагері Жүкен Нұралинге
«Қарқаралы ауданының құрметті азаматы»
атағы берілді.
С.Әбілова.