146
Мен үндегем жоқ. Үйдің бұрышындағы ескі тонға орана түсіп,
жантайып жата бердім.
– Əй, мынауың не деймін? – деп ақырып жіберген Нəзира əпкем.
Мен селк ете түстім. – О заман да, бұ заман киізге қарамай жаққан
деген не сұмдық?!
Шарықтарымды үстіме қарай лақтырып жіберді.
– Өлтірейін бе, осы, а?! Сендей ақымақтың барыңнан жоғың! –
деп, маған тап берген.
Əжем ұмтылып кеп арамызға тұра қалды.
– Жə, жə... – деді сабырлы үнмен.
– Əже-ау, бұл ақымақты неге қорғайсың?!
Нəзира əпкем күйініп барып отыра кетті.
– Елдің мұндай баласы мынадай қиындықта бір жағына сүйеу
боп жүр, ал бұ болса со күйі ми кеще, ақымақ... Əй, енді мынау киіз
аяқкиімді қалай кептіресің?!
Мен əпкем қандай ауыр сөз айтса да, үнсіз мойындап жата
бердім. Киізді майлап жүрген адам – кеще десе кеще, ақымақ десе
ақымақ қой.
* * *
Қыс ортасында Мұқан ағайымыз əскерге алынып, мектебіміз жар-
ты айдай жабылып қалған. «Бұл қиын болды ғой, балалар оқудан қол
үзіп қалатын болды-ау?! – деп мазасызданған ата-аналар ауылдың
бас көтерері деп Байдалы шалға барған екен. Нұғыман ауырғалы,
колхоздың кеңсесіне талтақтап кіріп, қоқырайып барып төрдегі
бастықтың орнына шірене отырып жүрген Байдалы шал əлгі келген
ата-аналарға жат та кеп ұрсыпты: «Əй, өздерің қалай ойлайсыңдар
осы?! Мына қақаған қыста мұғалім табуды ойыншық көресіңдер ме?
Ол жаңа келген мұғалімге үй керек емес пе? Отын-су керек емес пе?
Ал оның бəрін мен қайдан табам?! Жə, басты қатырмаңдар!» – деп,
қуып шығыпты.
Осыны естігенде, төсек тартып жатқан Нұғыман қатты ренжіген
көрінеді. Байдалыны шақыртқан екен, əншейінде Нұғыманның
атын естігенде мөнтең қағатын шал бұл жолы тіпті пысқырмапты
да, «қолым тимейді» деп бармай қойыпты. Байдалы шалдың мына
қылығын естігенде, үлкендер жағасын ұстады: «Құлан құдыққа
құласа, құрбақа құлағында ойнақ салар» деген осы екен-ау, – десті.
147
Нұғыман кім еді? Байдалы кім?.. Күні кеше колхоздастыру кезінде
бүкіл бір болыстың елін аузына қаратып, соңына ерткен, орақ тілді,
от ауызды, бетіне жан қаратпаған жігіттің сұлтаны еді ғой, Нұғыман.
Əттең, абайсызда тап жауларының қолына түсіп, мертігіп қор боп
қалды. Ал Байдалы болса əркімнің шөре-шөресінде жүрген, қолға
су құюдан аспаған сорлы жан еді. Енді, міне, бүгінде кісімсіп бұл да
ел басқарып жүр. Мына қараң өшкір соғыстың кесапаты да. Əйтпесе
ер-азамат түгел тұрса, Байдалыға қарап қалар күн туар ма еді, сірə
да?!
Əжібек болса өзіне қарайлас біздерді – балаларды жиып алып,
біз арқылы ата-аналарымызды табалап бір рақаттанып қалды.
– Ал, Байдалыға бағынып бір жетістіңдер-ау, а!
Еріңдер сол қақбастың соңынан, тұпа-тура социализмнің төрінен
бір-ақ шығарсың, – деп кекетті барлығымыздың төбемізден қарай
тұрып. – Талай айттым ғой осы, ол Байдалы деген – байдың құйыр-
шы ғы боп келген адам, одан басалқалық шықпайды деп. Əй, енді не
дейін бұл елге, шын сөзімді қор қылады. Баласынады. Өзіміздің əлгі
боқмұрын Əжібек емес пе, осыны қойшы, адам болмайды дейді. Ал
сонда сенген Байдалысының түрі анау ма?!
Əжібек Байдалы шалға да, оған бағынып жүрген бүкіл ауылға да
ызалы еді. Сол ызасын қазір біздердің көзімізді шұқығандай бетімізге
басып айтып тұр. Біз болсақ үнсіз мойындап тұрмыз. Шынында да,
Əжібектің ақылындай ақыл кейбір үлкендерде жоқ-ау, дейміз.
– Ал, көксоққандар, оқудан қалған обалдарың бірінші Гитлерге
де, екінші Байдалыға, – деді Əжібек сөзін түйіндеп. – Қайта бір
есеп тен осы соғыс біткенше, бастарыңды қатырып оқымағандарың
да дұрыс. «Зат есім» «Сын есім» ... тағы қай есім еді, əлгі...
– «Сан есім»...
– Иə, иə, сол толып жатқан есімдермен бас қатырғанша, пайда-
лы бір тірлік істеу керек қой. Оқуды соғыс біткеннен кейін оқып
алсақ та жетеді. Өзім соғыс біткен күннің ертеңінде-ақ станциядағы
нағашымдікіне барып, тұп-тура милицияның оқуын оқимын.
Көкелеріңді сонда танытамын əлі. Əй, сонда əсіресе мына Байдалы
қақбасты алдыма салып, іші кепкен сиырдай ғып бір тырқыратармын-
ау. Бүкіл елдің алдында табанымды жалайтын болады...
Осы кезде үйінен шыққан Ырысбек дауыстап Əжібекті шақыр-
ған.
– А! Жолдас бас қолбасшы!
148
– Бері кел деймін, – деді Ырысбек.
– Қазір, – деп, Əжібек дедектей жөнелді. Кетіп бара жатып: –
Мына əскерлерді қайтем? – деп сұраған:
– Күте тұрсын! – деді Ырысбек.
– Əй, тырп етпей күте тұрыңдар! – деді Əжібек бізге қайырыла
бұрылып.
Біз сол тобымызды жазбаған күйде күтіп тұрдық та, Əжібек
Ырысбектің жарлығын тыңдап қайтып оралды.
Келе бəрімізге одырая өктем қарап:
– Ал, көксоққан əскерлер, бас қолбасшы біздерге ұрсып тұр, – деп
бастады сөзін. – Соңғы кезде сендердің не оқыған оқуларың жоқ,
не бітірген істерің жоқ, тағы да беттеріңмен кетіп бара жатырсыңдар.
Серкесі жоқ мал құсап барасыңдар. Оларың жарамайды. Жаңа Ырыс-
бек те соны айтты. Шүкіршілік, бастайтын серкелерің бар. Ол – мына
менмін, – осы тұста балалардың бірі шиқылдай күлген, Əжібек көзін
аларта: – Кəне, о кім күліп тұрған? Көк желкеңді қиып жіберейін
осы! – деген түтіге жекіп. Күлкі сап тыйылды. – Жаңа бас қолбасшы
екеуміз ақылдаса кеп, сендерді қыс кезіндегі еңбекке тəрбиелейтін
болдық. Анда-санда таудан отын шабуға барып тұрамыз. Бұл бізге
əскери тапсырма! – деді сөзін шегелеп, онан соң тау жаққа көз сала
тұрып: – Əне, Ешкіөлместің күнгейіндегі бұйралана ұйысып жатқан
қалың тобылғы мен қарағанды көрдіңдер ғой, содан отын шабамыз.
Мынадай қыста салпақтап құр ойнай бергенше, бір уақ отын шау-
ып шешелеріңді қуантсаңдаршы. «Қарағым адам боп қапты», – деп,
төбесі көкке жетеді ғой, – деген.
– Ой, біздің үйде отын көп, атам кеше бір шана ағаш отын түсірді.
– Біздің үйдің отыны да қысқа жетеді.
– Мен де бармаймын.
– Мен де бармаймын, – деп, балалар жан-жақтан дабырлай бас-
таған.
Əжібек дөрпиген көн етігімен жерді (қатты қарды) теуіп қалды.
– Бəрің де барасыңдар! – деді ақырып. – Сендер немене, тəртіпті
ұмытқансыңдар ма? Мұны мен əскери бұйрық деп тұрмын ғой. Кəне,
осыдан біреуің бас тартып қиқалақтап көріңдерші, əкелеріңді де,
шешелеріңді де танытып жіберейін. Əне, бас қолбасшы Ырысекенің
өзі тұр ғой!
– Біз, балалар, жым болдық. Дəл қазір Əжібек анадай тұрған
Достарыңызбен бөлісу: |