ӨТ АЙДАЙТЫН ЗАТТАР
Өттің құрамында ішекте майларды ұсақтайтын (эмульгирлейтін), олардың және майда еритін витаминдердің сорылууна ықпал ететін өт қышқылдары бар. Өттің жеткіліксіздігі оның бауыр жасушаларында түзілуінің бұзылуына немесе өт жолдарынан он екі елі ішекке түсуінің қиындауына байланысты болуы мүмкін. Соған байланысты медициналық практика үшін өт айдайтын заттардың екі түрі қызығушылык туындатады.
1. Өттің түзілуін ынталандыратын заттар (холеретика немесе холесекретика)
II. Өттің шығарылуына әсер ететін заттар (хологога немесе холекинетика)
Өттің түзілуін ынталандыратын заттар әр түрлі топтардың препараттарымен келтірілген. Оларға жатады:
1. Өт препараттары
"Холензим" таблеткасы
2. Өсімдік тектес препараттар
Холосас
3. Синтетикалық препараттар
Оксафенамид (осалмид)
Келтірілген барлық өт айдағыш заттар бауыр жасушаларымен өттің өндірілуін жоғарлатады. Әсіресе өт қышқылдары оның күшті ынталандырғыштары деп есептеледі. Холензимге (құрғақ өттен тұрады) осы әсерімен қатар орын басушы қызмет біріктірілген.
Оксафенамид өттің тек түзілуіне ғана емес, оның бөлінуіне де (спазмолитикалык әсер көрсетеді) әсер етеді. Ұзақ қолданғанда іш жүргізетін әсер көрсетеді.
Өт айдайтын заттар ретінде сонымен қатар, ц и к в а л о н, н и к о д и н, қ ұ м д ы қ с а л а у б а с г ү л і н і ң п р е п а р а т т а р ы, ж ү г е р і ш а ш а ғ ы және т.б. қолданылады.
Өттің бөлінуіне әсерететін заттарға Одди сфинктерін босаңсытатын (бауыр-ұйқы безі ампуласының сфинктері) заттар, м-холиноблокаторлар және миотропты әсерлі спазмолитиктер жатады.
Өт айдайтын белсенді зат - он екі елі ішектің гормоны х о л е ц и с т о к и н и н (панкреозимин). Ол 33 аминқышқылының қалдығынан тұратын пептид. Оны шошқаның он екі елі ішегінің шырышты қабатынан алады. Холецистокининнің синтетикалық соңғы фрагменті (октапептид) де қолданылады. Холецистокинин және синтетикалық октапептид өт қапшығын жиырылтады. Сонымен қатар, олар ұйқы безінің де секрециясын ынталандырады және асқазанның хлорлысутек қышқылы босап шығуын тежейді. Оларды диагностикалық максатта өт қапшығының жиырылғыш қасиеті және оның құрамы жөнінде мәлімет алу үшін қолданады.
М а г н и й с у л ь ф а т ы н зонд арқылы он екі елі ішекке енгізеді, өт қапшығының рефлекторлы жиырылуын және Одди сфинктерінің босаңсуын тудырады.
Өт айдайтын заттарды созылмалы гепатитте, холангитте, созылмалы холециститте қолданады. Олардың барлығын, көк енгізуге арналған холецистокининнен басқа, ішке енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |