Гастропротекторлар -әртүрлі механизмді дәрілік заттар тобына жатады.
Шырышты қабатқа (ойық жара бетіне) механикалық қорғаныс жасайтын препараттар.
Сукральфат, Висмут үшкалий дицитраты
Шырышты тосқауылдың қорғаныс қызметін және шырышты қабаттың зақымдаушы факторларға төзімділігін жоғарылататын препараттар.
Карбеноксолон, Мизопростол
ГЕПАТОПРОТЕКТОРЛЫҚ ЗАТТАР
Бұл топтың препараттары бауырдың зақымдаушы факторларға төзімділігін жоғарылатады, қызметінің қалпына келуіне ықпал етеді, оның детоксикалық мүмкінділігін күшейтеді. Гепатопротекторлық әсер гепатоциттердегі метаболиттік үрдістердің қалпына келуімен, микросомалды ферменттердің белсенділігінің жоғарылауымен, жасуша мембранасы қызметінің қалпына келуімен көрінеді. Гепатопротекторларды жедел және созылмалы гепатитте, бауырдың дистрофиясы мен циррозында, бауырдың уытты закымдануында, соның ішінде маскүнемдікке байланысты, қолданады.
Легалон шұбарала тікен (пятнистая расторопши) өсімдігінің жемісінен (Silybum marianum L.) алынады. Бұл өсімдіктің құрамына гепатопротекторлық әсері бар бірқатар флавоноидтар - силибинин (силибин), силидианин және силикристин (бұл қосылыстар қоспасының жалпы аты "силимарин") кіреді. Белсенділігі аса жоғары силибилин, ол тәжірибелік зерттеулерде де колданылады. Мысалы, жануарларға жасалған тәжірибеде гепатоксикалык әсері бар бірқатар заттармен уланғанда (парацетомол, фторотан, метотрексат, фенотиазин туындылары) силинилиннің бауырды қорғайтыны көрсетілген.
Легалонның гепатопротекторлық әсер механизмін гепатоциттердің мембранасын тұрақтандыруымен, оның антиоксиданттық белсенділігімен, белок синтезін ынталандыруымен, фосфолипидтер алмасуын қалпына келтіруімен, бауырда глутатионның қорын сақтап тұру мен байланыстырады.
Легалон флавоноидтар қоспасынан және сол көрсетілген өсімдік жемісінің сығындысынан тұратын қосынды препарат болып табылады. Драже, капсула және ішке қабылдауға арналған эмульсия түрінде шығарылады. Биожеткіліктігі 20-50% құрайды. t1/2 6-8 сағат (силибин үшін). Аз бөлігі өзгермеген түрде бүйрекпен, үлкен бөлігі - конъюгат түрінде ішек арқылы шығарылады. Препарат науқастармен көтеріледі. Кейде диарея тудырады.
Жеке флавоноид - с и л и б и н н і ң препараты - д и г и д р о с у к ц и н а т н а т р и й т ұ з ы алынған; боз арамқұлақ (бледная поганка) саңырауқұлағымен уланғанда көктамырға енгізуге арналған.
Бұл топ препараттарына а д е м е т и о н и н (гептрал) жатады. Ағзаның барлық тіндері мен сұйықтықтарында анықталатын эндогенді S-аденозил-L-метиониннің синтетикалық аналогы.
Гепатопротекторлық әсер механизмі мембраналық фосфолипидтер синтезінің белсенденуіне (препарат метил топтарының донаторы болып табылады), цистеиннен (адеметиониннің метаболиті) детоксикалық қасиеттері бар глутатион, сульфаттар және таурин түзілуіне байланысты.
Сонымен катар, адеметиониннің антидепрессивті белсенділігі бар, бас миында моноаминдердің алмасуын белсендендіреді. Ауыру сезімін басатын және қабынуға қарсы әсері де анықталған.
Препарат асқазан-ішек жолынан жақсы сорылады. Оның үлкен бөлігі бауырдан біріншілік өткенде метаболизмге ұшырайды, соған байланысты биожеткіліктігі өте төмен. Қан сарысуындағы барынша жоғары концентрациясы 3-5 сағ кейін жиналады. Біраз мөлшері ОЖЖ-не өтеді.
Адеметионин қан сарысуы белоктарымен аз дәрежеде байланысады. t1/2-1,5-2 сағ. Препараттың көп бөлігі метаболизмге ұшырайды. 16%-тен аз бөлігі алғашқы 48 сағ ішінде зәрмен және 23% экскременттермен (72 сағат ішінде) шығарылады.
Адеметионинді ішке, көк тамырға және бұлшық етке енгізеді.
Бауыр ішілік холестазда (бауырдың жедел және созылмалы ауруында) қолданады. Препараттың депрессиядағы, дегенеративті артропатиядағы, миелопатиядағы тиімділігі зерттелуде.
Липой қышқылының (тиоктацид-600; тиоктов қышкылы) да гепатопротекторлық белсенділігі бар. Ол бауырдың детоксикалық қызметін күшейтеді, антиоксиданттық әсер көрсетеді, липидтер және көмірсу алмасуын реттеуге қатысады. Бауыр ауруларында (Боткин ауруы, созылмалы гепатит, бауыр циррозы), интоксикацияларда, коронарлық атеросклерозды кешенді емдеуде, диабеттік полиневропатияда қолданады.
Жанама әсерлерінен диспепсиялык бұзылыстар, теріде бөртпелер байқалуы мүмкін.
Кешенді препарат э с с е н ц и а л е н і ң де гепатопротекторлык әсеріанықталған. Оның құрамына жасуша мембранасын қалыптастыратын фосфолипндтер, көп қанықпаған май қышқылдары және бірқатар витаминдер кіреді. Препаратты ішке және көк тамырға енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |