Күн жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай, Уран және Нептун), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан, шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі. Күннен ең алыс орналасқан планетаға дейінгі орташа қашықтық шамамен 40 а.б. немесе 6 млрд. км-ге тең.
Күнге ең жақын планета - Меркурий (қазакша аты - Болпан немесе Кіші Шолпан). Сондықтан да оны бақылау киын. Әйтсе де, соңғы радио - бақылаулардың мәліметтері бойынша, Меркурийдің өте баяу айналатыны анықталды, яғни бұл планетадағы тәулік шамамен жердегі 176 тәулікке тең. Меркурий өлшемдері жағынан да, массасы жағынан да кішкене болғандыктан, ол өзінің айналасында атмосфераны ұстап тұра алмайды. Мысалы, күндіз температура +300°С-ка дейін жетсе, ал түнде шамамен -200°С болады. Атмосфера болмаған соң, онда бұлт та болмайды. Аспан кап-қара болып, жұлдыздар жарқырап, орасан зор Күн тәжі анық көрініп тұрады.
Шолпан көлемі мен массасы жағынан Жерге жуық болғандықтан, ерте кезден-ақ ғалымдарды өзіне ерекше назар аударуға мәжбүр етті. Алайда, оны тұтаскан ақ бұлт кабаты қоршап жататындыктан, бұл планетаның табиғаты мен қозғалысын оптикалық бақылаулар арқылы анықтау қиындык келтіруде.
Дегенмен, радиобақылаулар нәтижесі күтпеген мәліметке қол жеткізді. Шолпан (Уранды есептемегенде) барлық планеталар айналатын жаққа кері бағытта, яғни өз осінің төңірегінде өзінің Күнді айнала қозғалатын бағытына карсы айналатын болып шықты. Ондағы күндік тәулік шамамен Жердегі 118 тәулікке тең.
Жер - Күннен қашықтығы бойынша үшінші планета. Жердің өз осінен айналуы салдарынан, өзен суы оның бір жағасын кеулеп шайып отырады, ауа кұйындары және жел Жердің солтүстік жарты шарында оң жаққа, ал оңтүстік жарты шарында сол жаққа ауытқиды. Жер Күнді эллипстік орбита бойымен айналады. Жердің Күнді айнала қозғалатынының бір дәлелі - бізге жақын орналаскан жұлдыздардың көрінерлік ығысуы болып табылады. Мұндай ығысулар ең алғаш рет XIX ғасырдың 30-шы жылдарында бақыланған болатын.
Жер бетіндегі жыл мезгілдерінің ауысып отыруы мынадай үш себептен болады, олар: Жердің Күнді айнала қозғалуы, Жердің айналу осінің орбита жазықтығына көлбеу болатыны және Жер Күнді айнала қозғалғанда оның осінің өзіне-өзі параллель қалпын сақтауы. Жердің орбитаның белгілі бір бөліктеріндегі орналасуына сәйкес оңтүстік және солтүстік жарты шарларға күн сәулесінің түсу бұрышы мен түсетін жылудың мөлшері өзгереді.
Марс (қазакша аты - Аңырақай немесе Қызыл жұлдыз) диаметрі жағынан Жерден екі есе кіші. Соңғы жылдары Марсқа автоматты станция -зертханалар жіберіліп, соның арқасында бұл планета жайындағы мәліметтер шұғыл түрде өсті. Жерден берілген бұйрык бойынша олар планета бетін суретке түсіріп, көптеген ғылыми өлшеулер жүргізіп, радио және теледидар арқылы хабарды Жерге жеткізіп отырды.
Қазіргі зерттеулер бойынша Марстағы жыл Жердегіден екі еседей дерлік ұзақ. Марста жыл мезгілдері ауысып тұрады. Өйткені, оның айналуосі дәл Жердікі сияқты өзінің орбита жазықтығына көлбеу орналасқан. Ондағы тәуліктің ұзақтығы 24 сағат 37 минут 23 секунд болатыны аса дәлдікпен өлшенген. Жазда - ең жылы аймағында күндіз температура +20°С, ал қыста - түнде -125°С-ка дейін төмендейді. Көбінесе көмірқышкыл газдан тұратын атмосферасы Жердегіге қарағанда жүз есе сирек.
Юпитер (қазакша аты - «Есекқырган») диаметрі бойынша Жерден 11 есе, ал массасы жағынан 300 есе үлкен. Оның Күнді айналу периоды 12 жылға жуық. Юпитердің айналу осі оның орбита жазықтығына перпендикуляр болғандыктан, онда ешқандай жыл мезгілдерінің ауысуы болмайды. Ондағы тәулік - 9 сағат 50 минут. Ол басқа алып планеталар сиякты өз осі төңірегінде өте тез айналады.
Сатурн планетасы (казакша аты - «Қоңырқай») айнала қоршаған жалпақ сақинаның қалыңдығы бірнеше километрге созылып жатады. Сақина планетаның экватор жазықтығында орналаскан, ал бұл жазықтыктың планета орбитасының жазықтығына көлбеулігі 27°. Сондықтан Сатурн 30 жыл ішінде Күнді бір рет айналып шыққанда, бізге бұл сақина бірде әжептеуір ашылып, бірде тура қырынан көрінеді.
Ғаламшардың экваториалдық радиусы 60300 км тең, полярлық радиусы - 54000 км; Сатурн - Күн жүйесіндегі ең сопақ ғаламшар. Ғаламшардың массасы Жерден 90 есе асады, алайда Сатурнның орташа тығыздығы бар болғаны 0,69 г/см, бұндай шама оны Күн жүйесіндегі ең сирек атмосфералы ғаламшарлардың қатарына жатқызып қоймай, орташа тығыздығы судың тығыздығынан төмен ғаламшарына жатқызады. Өз осінен Сатурн 10 сағат 39 минутта айналып өтеді.
Уранның өз осінен айналу бағыты өзге планеталардың (Шолпаннан басқа) айналу бағытына қарама - қарсы. Оның осі орбита жазықтығымен небәрі 8° бұрыш жасайды, сондықтан ол бүйірінен қисайып жатып айналады. Осының салдарынан бұл планетада жыл мезгілдерінің күрт ауысуы болып отырады. Урандағы жыл Жердегі 84 жылдай уакытқа созылады.
Ғылымдағы жетістіктердің бір айқын мысалы және табиғатты танып білуімізге шек болмайтынының айғағы - Нептун планетасының бар екенін алдын ала теориялық болжау арқылы есептеп табу. Францияда УрбенЛеверье және Англияда Джон Адамс бір уақытта дерлік көп жылдар бойы ең шеткі деп саналып келген Уран орбитасын ауытқытып тұрған белгісіз планетаның орны мен өлшемдерін, орбитасын математикалық жолмен ете дәл есептеп тапты.
Метеоридтар - әдетте, темір мен никельден тұратын шаң мен тастардың бөліктері. Олар метеорлардың, астероид бөлшектерінің соқтығыстарынан, асқын жаңа жұлдыз жарылыстарының түзілуі немесе планеталардың құрылуы барысындағы қалдықтар болуы мүмкін. Олардың ерекше белгілері: қырлары мүжілген, сыртында жұқа қабығы және өзіне тән шұңқырлары болады. Сынбай түскен метеориттің ішіндегі ең ірісі – Оңтүстік-Батыс Африкада Кейп-Йорк деп аталатын темір метеорит (салмағы 34 тонна).
Достарыңызбен бөлісу: |