Г. А. Ерғалиева Ә. М. Мұханбетжанова


Философиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде тұлғаның өзін-өзі тануы төмендегі бағыттарда қарастырылған



жүктеу 0,92 Mb.
бет2/4
Дата15.11.2018
өлшемі0,92 Mb.
#20270
1   2   3   4

Философиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде тұлғаның өзін-өзі тануы төмендегі бағыттарда қарастырылған:


Тұлғаның өзін-өзі тануы және оның дамуындағы философиялық көзқарастар /Сократ, Әл-Фараби, Ж. Баласұғұни/ [6,7,8].

Тұлғаның өзін-өзі тануына қоғамның ролі және өзара қатынас сипаты туралы: /Я.А. Коменский, И. Песталоции, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, В.А. Сумомлинский, т.б./ [9,10,11,12,13].

Қазақ тарихындағы ғұламалардың адам тәрбиесіндегі өзін-өзі тануы туралы ой-пікірлер А.Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, Ы. Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж. Аймауытов, т.б./ [14,15,16,11,18].

Педагогика және психология ғылымында теориялық әдістемелік еңбектерімен қатар аталмыш мәселенің нақты практикалық аспектілеріне қатысты, психологиялық кеңес беру, өзін-өзі тәрбиелеу және оқыту саласында нақты шұғылданып жүрген мамандарға арналған зерттеулер бар.



  1. Өзін-өзі танудың жеке тұлға дамуының жалпы теориялық және методологиялық аспектілерін талдайтын еңбектер /Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, Л.С.Выготский, П.Р.Чамата, И.И. Чеснокова, В. С. Мерлин, В.С. Мухина, С.Л. Рубинштейн, А.Г. Спиркин, И.С.

Кон, А.Н. Леонтьев, Е.В. Шорохова/ [19,20,21,22,23,24,25, 26 ,27,28,29,30].
1. Өзін-өзі танудың әлеуметтік-перцептивтік аспектілері және өзін-өзі танудың өзге адамдар танымымен байланысын қарастыратын еңбектер /А.А. Бодалев, Н.В. Крогиус, Р.А. Максимова, М.И. Пикельникова, Г.Я. Розен, А.В. Захаров, А.И. Липкина және т.б./ [31,32,33,34,35,36,37].


  1. Өзін-өзі тану мен өзіндік сананың дамуы мен қалыптасуының жалпы психологиялық аспектілері зерттелетін еңбектер /Л.И. Божович, И.И. Чеснокова, М.И. Лисина/ [19,22,38].




  1. Өзін-өзі бағалаудың ерекшіліктері мен оның өзге тұлғалардың дамуымен өзара қарым-қатынасын зерттейтін еңбектер /Н.Е. Анкудинова, А.И. Липкина, В.С. Магун, Е.И. Савонько, В.Ф. Сафин және т.б./. [39,37,40,41,42].




  1. Жеке тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруы мен өзін жетілуін зерттейтін еңбектер /К.А. Абульханова-Славская, А.А. Вербицкий, Ю.М. Орлов, П.А. Просецкий, В.Г. Романенко, И.И. Чеснокова және т.б./ [43,44,45,46,47,48].

Философиялық көзқарастар тарихындағы тұлғаның өзін-өзі тануының негіздерін Хилон мен Фалес ауызынан шыққан дана сөз немесе даналық формуласы “өзіңді-өзің таны” ұғымы ретінде Сократқа дейін пайда болды. Ең алғаш Греция тарихында теориялық ойлаудың жаңа кезеңінде адам проблемасы, философия проблемасын өзін-өзі тану арқылы түсінуге болатындығына көз жеткізілді. Кейін бұл идея кімде-кім өзін -өзі тани білсе ол өзінің не істей алатынын және не істей алмайтынын түсіне біледі. Соның нәтижесінде бақытты өмір сүре отыра өзін қанағаттандыра алады, білмейтін нәрсесінен аулақ болып, өмірде қателікке бой алдырмай бақытсыздықтан айналып өте алады. Осы артықшылығының арқасында біреудің құндылығын көре алады және оны өз қажеттілігіне қолдана алады” [6] – деп, Сократ еңбектерінде өз жалғасын тапты.

Өзін-өзі тану философиялық тұрғыда - бүкіл дүниені ойлау, оның шығу тегін білуге ұмтылу, адамның дүниедегі орнына үңілу , адамның ішкі дүниесінің сырын ашу, табиғат пен қоғамның негізгі заңдарын танып білу, адам өмірінің мәнін айқындау т.с.с. жүйе ретінде қарастырылады. Бұдан шығатын қорытынды сол кездегі көзқарастарға тоқтала келе, өзін-өзі тану көзқарастарын зерделей отырып, олардың адамның ішкі дүниесі мен сыртқы дүниенің бірлігі үндестік тапқанда ғана табиғат пен қоғамның талабына сай тұлғаның қалыптасуына көз жеткізуге болады. Өзін-өзі тану арқылы тұлғаның өзіндік дамуына, білімдік және танымдық әрекеттеріне ықпал ету, өзара адамгершілік құндылықтары мен өзіндік бағдарын таңдауға мүмкіндік жасалу идеялары алынатындығы белгілі болды.

Педагогика ғылымының негізін салушылар Я.А. Коменский, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский, т.б өз қажеттігін тануды жеке тұлғаның кемеліне келуінің, кәсіби жетілуінің басты көрсеткіші ретінде есептеп, бұл ұғымның аспектілерін әр кезеңде әр тұрғыдан қарастырған. Мысалы Ян Амос Каменский жеке тұлғаның өз бойындағы рухани күшін дамытуға мұғалім көмектесе алатынын көрсете келе, ол: «Тек ақылды адамдар тәрбиелеу емес, жеке тұлғаны түгелдей дамыту - оқудың ең басты міндеті»,-дей келіп, оның жүйесінің негізі жеке тұлғаға бағытталған – негізгі құндылықтар – ақыл-ой, адамгершілік және діни тәрбиені жүзеге асыруды көздеген.

Ағылшын философы Дж. Локк: “Тұлға – ол ақылы мен рефлексиясы бар өзіне-өзі сынақты қарай алатын, саналы ойлай алушы жан” деп санаған. [54].

Тұлғаның адамгершілік рухани құндылық бағдарының қалыптасу жолын өзін-өзі түсіну мен өзін-өзі тану үрдістерінен бөліп-жарып қарауға болмайды. “Адам жаны өзін-өзі тек өз іс-әрекеттері үстінде ғана тани алады, оның өзі туралы білімі, сыртқы табиғат құбылыстары туралы білік секілді, қадағалаудан құралады”, - деп жазды.

К.Д. Ушинский, - “Адам жанының өз іс-әрекетттерін осылай қадағалауы неғұрлым жоғары болса, олар да соғұрлым тұрақты да нақты болады, адам бойындағы психологиялық такт неғұрлым толығырақ, дұрысырақ, түзуірек болады”[11]. Сөйтіп, ұлы ғалымның пікірінше, өзінің болашақ мақсатына жетуде өзін-өзі түсіну ғана өз ісінің шебер тұлғасын қалыптастырудың механизмі болып табылады.

А.С. Макаренко: “Өз мақсатын терең саралай алатын тұлға бойында өзін шығармашылық тұрғыдан байытуға деген қызығушылықтың дамуы, оның осы тұрғыда тереңнен жетілуіне жол ашары сөзсіз”. Ол талантсыз бола тұрып-ақ өз-өзімен шұғылданып, үнемі осы жолда өз-өзін дамытып отырса, көздеген мақсатында шеберлікке қол жеткізуге болатындығын баса көрсетті [12].

В.А. Сухомлинский болашақ маман иесінің жеке жұмысының табыстылығы көп жағдайда тұлғаның өз жетістіктері мен кемшіліктерін өз бетімен сараптау әдісін қаншалықты игергендігіне тәуелді екендігі туралы бірнеше рет айтқан болатын [13].

Қазақ тарихындағы ғұламалардың ой пікірлері жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға арналады. А.Йассауи, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, ұлы ғұламалар адамды аса жоғары құндылық ретінде бағалайды, оны табиғаттың, тірі дүние дамуының керемет нәтижесі, сондықтан да ол керемет пен марапатқа әбден лайық деп түсіндіреді. Мысалы А.Йассауи өз еңбегінде «…өзін - өзі танымаған адам, өзгені де тани алмайды» [49]. Қазақ ойшылдарының шығармаларындағы адам және қоғам мұраты проблемасын тарихи дамуына орай бірнеше кезеңге бөлуге болады. Оның біріншісі-Асан қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау және тағы басқа да ақын –жыраулардың, ойшылдардың көзқарастары. Олар аталған проблеманы өмір салтымен, жер мұратымен, бостандық , теңдікпен, ел билеушілер мен төрелердің, батырлардың, қарапайым адамдардың жеке басымен, от басындағы қарым-қатынасымен, үлкендерге, әйелдерге деген құрметпен тікелей байланыстыра қарастырады. Мысалы, Асан қайғы Желмаяға мініп, ну орманды, көкорай шалғынды, сулы жер- қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын жерұйық қонысты іздеп, соған жетуді арман етеді. Сондай-ақ, ол халық үшін “Жерұйықты” іздеп табуға бар күш-жігері мен ақыл-ойын жұмсайтын адамды мұрат тұтқан.

Немесе Абай «ұғымынша адамтануды өрбітетін негізгі игіліктер: сезім, сана, ой; адамдықты көрсететін қасиеттер мен құндылықтар: жан мен рух; мінез, әрекет, тәжірибе, білім, өнер, кәсіптік икемділік. Құндылықтардың осы төрт тобы салыстырмалы түрде адамды өз-өзін тануға итермелейді, оны өз-өзімен табыстырады…»[14]. Және әрі қарай адам туғаннан ер жету және бүкіл өмірінде негізінен тәрбие арқылы өзгерістерге ұшырайды. Өмір қоршаған орта оның дамуына, қалыптасуына, дүниетанымына, өзін-өзі тануына әсер ететіндігі сөз болады.

Абай бүкіл шығармашылық күш-қуатын адамдық ақиқатты, адамдық болмысты іздеуге, адамға лайық өмірге ұмтылуға сарп етсе, оның ізбасарлары – Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытұлы өздерін ұлы қазақ ойшылының шәкірттеріміз деп есептеп, оның ісін ілгері жалғастырды.

Сонымен Абай адамның жан-жақты жетілуіне толық адам болуы үшін адамға ең керегі: “ақыл, қайрат, жүрек” деп, адамның ішкі дүниесіне үңілу , өзін-өзі тануға шақырады.

Өзін-өзі тану әдіснамасын зерделеу арқылы оқу үрдісіндегі тәрбиенің заманға сай бағыт бағдарын дүниетанымдық жаңа ұстанымдарын қалыптастыру білім беру жүйесіндегі жаңаша тәрбие беру қырларын ашу өзекті мәселенің бірі.

Елімізде 2002 жылы шыққан «Педагогика және психология» саласының түсіндірме сөздігінде «Өзін-өзі тану» ұғымына төмендегідей түсінік берілген: «Өзін-өзі тану» - өзін-өзі бағалау секілді интероспекциядан маңызды өзекшелігі бар /өзін-өзі бақылау әдісі секілді, психиканы субъективтілік тұрғыдан танып білу/: 1/ интроспекцияның әдеттегі актілеріне қарағанда бұл процестер әлдеқайда күрделі және ұзағырақ, жинақталған және өңделген өзін-өзі бақылау мәліметтері бұларға тек бастапқы материал ретінде ғана енеді; 2/ адам өзі жайлы мәліметтерді өзін-өзі бақылау арқылы ғана емес, сондай-ақ сыртқы бастау-көздер - өз әрекеттерінің объективті нәтижелері, өзге адамдармен қарым-қатынасы арқылы да алады» [50].

Қазір Республикада жастарды тәрбиелеу мәселесінде адамның ішкі жан дүниесін, рухани әлемін танып, дамыту, жетілдіру бағытында көптеген ғалымдар С.А. Назарбаева, психол.ғ.д. Х.Т.Шерьязданова, п.ғ.к.Т.А.Левченко, п.ғ.д. М.Х.Балтабаев, профессор Б.Қ.Дамитов, п.ғ.к.А.А.Семченко, ф.ғ.д. Е.Е.Бурова, п.ғ.к. Л.К.Көмекбаева, психол. ғ.к. З.Б. Мадалиева т.б. үлкен ізденістер үстінде. Бұл ғалымдардың еңбектеріндегі ұстанған басты қағида – адамның кісілік келбеті мен адам деген атқа лайықты бола білуін қалыптастыру, адамның табиғатпен, әлеммен үйлесуі, халықтық дәстүр, рухани мәдениет негізінде болашақ ұрпақтың адамгершілік-рухани тәрбиесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін жүзеге асыруды көздейді.

Бүгінгі білім жүйесінде, С.А.Назарбаева атап өткендей «үлкен өзгерістер» басталуда. С.А.Назарбаева оқытушылардың біліктілігін көтеру семинарында сөйлеген сөзінде …Білім беру жүйесі тұлғаның өзін-өзі тануына «Мен кіммін? Шексіз әлемге менің қандай қарым - қатынасым қалыптасуы керек? Маған қалай өмір сүру керек? Кез-келген жағдайда жаман мен жақсыны қалай айра білу керек?» [51] деген сұрақтардың төңірегінің мәнін ашуға бағытталуы тиіс. Білімнің мазмұнын, оның құрылымын тұлға өзіне соншалықты керек екендігін сезінген уақытта ғана білім беру мақсатына жетеді» - деп саралап өтті.

Өзін-өзі тану арқылы адамгершілік-рухани құндылық бағдарын қалыптастыруда «тұлға» ұғымына тоқталмай йналып кету мүмкін емес. Себебі, адамгершілік-рухани құндылық бағдарын, тұлғаның өзін-өзі тануы арқылы қарастырғалы отырмыз. Сол себептен «Тұлға» ұғымына тоқталуымыз керек.

Бүгінгі күнге дейін тұлға теориясының ортақ пікірі жасалған жоқ. Тұлға қоғамда өз орны мен ролін жеткілікті мойындайтын саналы әрекетпен айналысатын даралық қасиеттерге ие жеке адам.

Карл Маркс жеке тұлғаның ерекшелігі жөнінде адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуын, оның өзіндік мінез-құлқы жағынан белсенді әрекетіне және әртүрлі әсерленуіне қарамастан, бәрі де өз заманының; әлеуметтік қатынасының бірлігінде қарастыру қажеттігін атап көрсеткен [52].

Тұлғаның психологиялық белгілері:


  1. өзіндік саналылығы;

  2. даралығы;

  3. белсенділігі;

  4. сапалық қасиеттерінің даму дәрежесі;

  5. қоғамдық байланыстарда өз әрекетін реттей алуы.

Тұлға түсінігі үш аспектіден қарастырылған: тұлға тарихи дамудың жемісі /тұлға дамуының филогенезі/; тұлға қандай-да бір қоғамдық-экономикалық формацияның жемісі; тұлғаның жеке дара қалыптасуы.

Тұлғаның құрылымдық компоненттеріне Ә. Мұқанбетжанова өзінің докторлық диссертациялық монографиясында М.С.Каганның [53] моделін бойынша жеке адамның шығармашылық потенциалына /гносеологиялық, аксиологиялық, шығармашылық, коммуникативті, көркемөнерлік/ байланысты деп береді. Соған сәйкес Каган тұлға түсінігі өзінің мінез-құлқымен, темпераментімен, дене тұрқының қалыптасу санасымен анықталынады деп қорытынды жасайды және ол осы аталған саналарды:



  • қаншалықты біледі;

  • қалай бағалайды;

  • қалай жасайды;

  • қандай қарым-қатынас орнатады.

Әрі қарай тұлғаның көркемдік қажеттілігі қандай және оларды тұлға қалай қанағаттандырады – деген сұрақтарға жауап беріп өтеді.

Д.Н. Нұрмамбетова: “Адамның даралық мәнділігі құбылысы ретінде сипатталады” ұғымы “адам және индивид” ұғымдарымен салыстырылады. Олардың тұжырымдарына сай адамда тұлға иерархиялық байланысқан үш деңгейде қарастырылады индивидтік, даралық және тұлғалық.

Тұлға дегеніміз – қоғамда өзінің орнын білетін, саналы, қоғамдық орны, ерекше қасиеті бар адам. Біз тұлғаны қалыптастырудағы қоршаған ортаның қоғамдық орындардың, ата-ананың, көрші-туыстардың әсерін зерттеуде жеке адам қалыптастырудың негізгі жағдайларын Ж.Аймауытұлының психологиялық, педагогикалық сипаттағы еңбектерінен көп көреміз.

Білім беру теориясындағы ізгіліктік және рухани адамгершілік құндылықтарды зерделей отырып, олардың адамға бағытталған /антропоцентристік/ көзқарастарға негізделегеніне көз жеткізілді. Олай болса, студенттің тұлғалық өзін-өзі тануы арқылы өзіндік дамуына, білімдік және танымдық әрекеттеріне ықпал ету, өзара адамгершілік құндылықтары мен өзіндік бағдарын таңдауға мүмкіндік жасалу идеялары оқыту мен тәрбие барысында үнемі басшылыққа алуды талап етеді.

Біз тарихи тұлға, ұлы тұлға, дарынды тұлға, батырдың тұлғасы, көсемнің тұлғасы, ерекше тұлға, дара тұлға дегендерді жиі айтамыз. Осы тұлғалардың бойындағы туа біткен қасиеттерін өз дәрежесінде өзін біліп, зерттеп, дұрыс бағытта пайдалануынан деп тұжырымдағымыз келеді.

Енді біз “жеке тұлға” ұғымына философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан ғалымдардың зерттеуінде әр түрлі пікірлердің бар екенін және де әртүрлі мағынада қолданылатыны жайында тоқталып, педагогикалық тұрғыда жеке тұлғаның қалыптасуында өзін-өзі танудың ролін зерттеуімізге тірек етіп алмақпыз.

Тұлға деген түсінікті жеке адам деген түсінікпен шатастырмау керек. Жеке адам дегенімізді - ол әлеуметтік немесе биологиялық бірліктің жеке өкілі деп түсінеміз.

Тұлға дегеніміз ғылыми термин сөз. Жеке адамның қоғамның мүшесі ретінде саналы ісі мен қатынасының субъектісін тұлға деп түсінеміз.

Педагог-ғалымдар бүгінгі таңдағы ілім жетістіктеріне сүйене отырып, қоғамның материалдық өмірі мен санасын дамытуда адамның атқаратын қызметінің рөлін анықтау үшін тұлғаны қалыптастыру объективті және заңды үрдісі екендігін көрсетеді.

Адамның тұлғасы оны қоршаған ортада белсенді ету үрдісінде қалыптасып, ашылатындығы ғылымда дәлелденген.

Психологиялық анықтама бойынша тұлға-қоғамдық қатынастардың жиынтығы делінген. Соңғы зерттеулерде тұлға ұғымына әр түрлі анықтамалар берілген. Белгілі психолог –ғалым Қ.Б. Жарықбаевтың еңбегінде: “”Жеке адам – тарихи әлеуметтік жағдайдың жемісі, ол әлеуметтік ортада /белгілі қоғамда, коллективте/ ғана қалыптасады. Орыс тіліндегі “личность” терминін соңғы кезде “кісі”, “Жеке тұлға” деп те алып жүр. Бұл анықтамаларда жаңа туған нәрестені адам деп атауға болады, бірақ ол әлі де болса жеке адам тұлға емес, себебі онда тәжірибе білім, іс-әрекет жоқ-деп ғалым өзінің ой-тұжырымын осылай пайымдаған [55].

Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз ол өзіне тән мінез –құлқындағы, іс әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы-деп көрсетеді профеесор С.Қалиев [56].

Жеке тұлғаның жан-жүйесі мен сана сезімінің дамуы, айналасы мен қоғамдық өмірге тәуелді. Осындай жағдайда оның дүниетанымы мен сенімі, арманы мен талғамы, кісілігі қалыптасады. Адам тұлға, кісі болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен шектелмей жалпы адамзатты сүю шарт” [57].

Жеке тұлғаны қалыптастыру барысында оның өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, көзқарасындағы даралықты анықтап, өмірде болып жатқан өзгерістерге, қоғамның дамуына немқұрайлы қарамайтын шын мәнінде өмірдегі өзін қоршаған адамдарға жанашырлықпен, сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен қарау рухани адамгершілік сезімін бойына сіңіру үлкен абройлы іс. Осы орайда педагогика ғылымдарының докторы Ә.Мұқанбетжанова өзінің «Дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері» - атты монографиясында: «… дүниені қабылдау, тану, сезіну адамның тек тұлға ретіндегі сана мүмкіндігі болып табылады»- деп тұжырымдайды [58].

Әрі қарай өзінің монографиясында Ә.Мұқанбетжанова …”тұлға ” ұғымы тек қоғамдық қатынастар жүйесінде, адамның әлеуметтік рөлі туралы ғана айтуға болатын жағдайда емес, әрі оның даралығын сақтауда да мағынаға ие болады- деп тұлғаның өз бойындағы даралық қасиеттерінің өмірдегі маңызына тоқталады. Тұлға теку жай –жеке тұлға ретінде ғана емес, ол - өзін-өзі тану арқылы рухани ішкі дүниесін байыту арқасында жан-жақты жетілгенде ғана дара, шын мәніне ие болатындығын көруге болады.

Ә. Мұқанбетжанова осы еңбегінде тұлғаның негізгі даму ерекшеліктерін толықтай қарастыра келе, А.В.Петровскийдің “Тұлға” ұғымына жасаған көзқарасын бөліп көрсетеді:



  1. Тұлға-оның “жеке” дүниесінің мазмұнын құрайтын өзінің мотивтері мен ұмтылыстары жағынан, яғни тұлғалық мағыналарының ерекше жүйесімен, сыртқы әсерленуі мен ішкі толғаныстарын тәртіпке келтірудің жеке өзіндік тәсілдерімен сипатталуы мүмкін.

  2. Тұлға – салыстырмалы тұрақты, сырттай байқалатындаралық, сипаттамалар, яғни субъектінің өзі туралы пікірлерінде , сол сияқты ол туралы басқа адамдар пікірінде сақталатын белгілер жүйесі ретінде қарастырылады.

  3. Тұлға- субъектінің қайраткерлік -әрекеттік “мені” ретінде бастапқы жоспарынан тыс оның мінез-құлқын тәртіпке келтіретін жоспарлар, бағыттар, мағыналық құрылымдар жүйесі ретінде сипатталады.

  4. Тұлға- даралану субъектісі, яғни индивидтің басқа адамдарда өзгеріс тудыратын қасиеттері мен қабілеттері ретінде қарастырылады.

Адамдардың мінез-құлқы, ішкі жандүниесі, бар нәрсені қабылдауы, түсінігі әртүрлі болады. Бірақ бұл қасиеттерінің өзін адамгершілік тұрғысында, қоғамдық қатынастарда өз ерекшеліктерін басқалардың бойындағы қасиеттерімен салыстырып, өзгелерді тани білуінде, өзінің артықшылығын сана-сезім өлшемімен бағалай білуде тұлғаға тән болмысты аңғарамыз. Қазақстанның өркениетті елдер қатарында болып, өсіп-өркендеуі үшін жан-жақты, үйлесімді білім беретін мектептің болуы сонымен қатар бұл мектептерде өзін-өзі тани білетін табанды тұлға тәрбиелейтін ұстаздар қауымын даярлауда қазіргі таңда үлкен жауапкершілікпен қараудың қажеттілігіне байланысты қазіргі уақытта көптеген ғалымдар тың құнды пікірлерді жиі айтып отыр.

“Қазір қоғам адам болмысындағы мейрім, шапағат, төзім, махаббат… сияқты құндылықтардың жаңғыруына зәру болып отыр”. [59].

Адамдарға сенім арту және оларды сүйе білу, олардың сыртынан ғайбат сөйлемеу, олар туралы жағымсыз танымына, тұлға мен ортаның дамуы көзқарасы мен қарым-қатынасына тікелей байланысты болып отыр. Адам өз бойындағы қараулықты, жалқаулықты, масаттануды, ашкөздікті, үрейді, екіжүзділікті, менмендікті жеңе білудің жолы ол адамның өзін-өзі тануы болып табылады.

Тұлғалық өзін-өзі тану бағыттарын саралау оның ішкі дүниесіне өзінің үңіліп, болашаққа берік сеніммен, биік адамгершілік тұрғыдан дайындалуына негіз болады. Бұл тұрғыда Ә.Мұқанбетжанова “Тұлғаны дамыту-өзекті мәселе” [60].–атты, Қазақстан мектебі журналында жарық көрген мақаласында Ш. Амонашвилидің тұлға туралы айтқан ой пікірін келтіреді: “… тұлға өз-өзімен күресте болады, өзін-өзі тану және өзін-өзі анықтау үрдісінде туады, тәрбие және оқыту тұлғаның тұрақтану жолына бағытталады, сол жолда жеңіске жету үшін көмек беруге тиіс…” – деп келтіреді. Сөйтіп, студент тұлғасының бойында рухани адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы тұлғаның өзін-өзі тануына бағытталуы оның ең тиімді құрлымы бар өзіндік даму жүйесінің болуын қажет етеді.

Осы орайда студенттің өзін-өзі тануы мен өзін-өзі түсінуінің қалыптасуын зерттейтін салалар тұлғаның біліктілігін көтеру мен оларды өмірге даярлау сапасын көтерудің тың көкжиектерін ашады. Себебі психикалық өмірдің бұл жағын қалыптастыру тұлғаның еңбек, қарым-қатынас және таным субъектісі ретіндегі адамгершілік тұрғыдан жетілуінің алғы шарты болып саналады. [61].

Өзін-өзі танудың тағы бір қырын жеке тұлғаның белгілі бір іс-әрекетке бағыттаушы, бағдарлаушы ролін арнайы зерттеу ісін Ю.Н.Кулюткин, Г.С.Сухобская, В.Д.Шадринов және т.б. [62]. бастады. Болашақ маман ретінде өзін-өзі осы жолға бағыттап отырған студенттердің өзін-өзі тану дегеніміз нақты осы жолдағы оқу түрінің шарттары мен талаптарын, сонымен қатар болашақ мамандық иесінің мінез –құлық пен қатынастарының белгілі үлгісін қабылдау мен ұғынуды ғана емес, таңдап алынған әлеуметтік қарым-қатынастар саласындағы тұлғаның өзінің ролін, міндеттері мен мүмкіндіктерін тану мен пайымдауды білдіреді. Бұл процесс тұлғаның өзін іс-әрекет субъектісі ретіндегі тану үрдісіне негізделген. Бұл субъектінің нәтижелік жағын “Мен бейнесінің” студенттің тұлғалық аспектілерін құрайды – деп Васьковская С.В. өзінің психология ғылымдарының кандидаттық диссертациясында дәлелдейді[63].

Жалпы алғанда, студенттердің болашақ педагог маман ретінде өзін-өзі тану мәселесін зерттеуге қатысты еңбектері үш топқа бөлуге болады:


  1. Болашақ маман иесінің білімдік жағы, перцевтивтік-рефлексиялық қабілеттер мен өзін-өзі тану қабілеттерін дамыту мәселелерін зерттеуге арналған еңбектер: [64,65,66,67,68,69,70,72,73,74].

  2. Болашақ маман иесінің өзін-өзі танудың мазмұнын, өзін-өзі түсінудегі педагогикалық саланың компоненттік құрлымының көрнісін, оның қиындықтарын зерттеуге арналған еңбектер [75,76,77].

  3. Өзінің бұл жолдағы бағдарын айқындау процесіндегі іс-әрекеттің маңызды аспектілері мен өзін-өзі бағалау мәселелері зерттелетін еңбектер. [78,79,80,81].

Қазіргі замағы психология ғылымында өзін-өзі тану мәселесі одан ауқымы кеңірек ұғым-тұлғаның өзіндік сана /өзін-өзі түсіну, самосознание/ ұғымымен берік байланыста қарастырылады.

Өзіндік сана мәселесін зерттеудің педагогикалық-психологиялық аспектісі өзіндік сананың /өзін-өзі түсінудің/ адам психикасының ерекше бір процесі ретіндегі табиғатын анықтау болып табылады. Бұл процесс жеке тұлғаның өзін-өзі тану мен өзіне деген эмоционалдық құндылық қатынасы негізінде іс-әрекет пен тіршілік әрекеттері санасындағы өзін-өзі ұйымдастыруына бағытталады [50,51].

Студенттердің таңдап алып отырған саласындағы өзін-өзі түсінуі-адам психикасының айрықша феномені - ол тұлғаның ортадағы өз іс-әрекеттерін нақты бір бағытқа бағдарлап әрекет субъектісі ретіндегі өзінің мүмкіндіктері өзіне деген эмоционалдық-құндылық қатынастар негізінде бағыттап – бағдарлайды [63]. Өзін студент тұлғасынан түсіну термині ғылыми сөздікке жақында ғана енгендіктен, ол ғылыми әдебиетте аз сипатталады. А.К. Маркова студенттің өзін болашақ маман ретінде өзін-өзі түсінуіне төмендегідей анықтама береді: “студенттің маман ретіндегі өзі туралы ұғымдарының жиынтығы, өзінің болашақ маман ретіндегі біртұтас бейнесі, студент тұлғасы ретіндегі қатынастар мен ұстанымдар жүйесі” [77].

Өзін-өзі түсінуді меңгерген тұлғаның өзінің не істеп, не қойғанын түсінуге, саналы түрде өндірістік міндеттерді алға қойып, оларды шешуге, өз іс-әрекеттерін жоспарлап, міндеттемелерді орындауға, өз сәтсіздіктерінің себептерін саралауға, өз іс-әрекеттеріне түзетулер енгізуге қабілетті.

Өзін-өзі түсіну – тұлғаның өзін-өзі билеп, өз тағдырын өзі шешудің белгілі деңгейі. Өз өмір сүріп отырған ортада өз жүрер жолын анықтаған тұлға - өзінің өмірлік мақсаттарын, өз потенциалын толық пайдаланумен байланысты жоспарларын, өз қалауларын, өзінің тұлғалық және физикалық қасиеттерін, өз мүмкіншіліктерін, қабілеттерін, таланттарын, сондай-ақ, өзі таңдаған осы оқу орнының ортасында өзінің білім игеруіндегі әзірлік шама – шарқын ұғынатын тұлғаны қалыптастыру [63].

Осы студент тұлғасы ретінде ішкі өсумен қатар, өзін-өзі түсіну де өзгереді. Ол игеруге талпынған мамандық түрінің жаңа белгілерінің іске қосылуының арқасында кеңейеді. Студенттердің өзін-өзі түсінудің құрамындағы маңызды компоненттерінің бірі-сол тұрғыда өзін-өзі тану. Ол белсенді танымдық іс-әрекеттің нәтижесі, танушы сана [82]. Алайда танушы сананың дүниеге келуі сана дамуының белгілі деңгейін талап етеді, сонымен қатар ол өзінің мақсатын қамтамасыз ететін нақты жағдайларды талап етеді. Ең алдымен, тұлға өзін таным объектісі ретінде бөліп қарастыруы қажет, сонымен қатар осы мақсатта өзінің бар ішкі мүмкішіліктерін пайдалана білуі шарт. Қалыпты психикалық денсаулығы өз деңгейіндегі адам өзі мен өз іс-әрекеттерін танып-ұға алады, бірақ бұл таным процесі сыртқы сабақтаса жүретін ықпалдарға да тәуелді болады. Жалпы, авторлардың көпшілігі [52,63,72,78]. өзін-өзі түсінудің дамуы мен қалыптасуы арнайы зерттеуді қажет ететіндігін атап көрсетеді, алайда көп жағдайда ол стихиялы түрде өрбиді. Өмірдің жан-жақты, алуан түрлі құбылыстарының кез-келген тұрмыс-тіршілік ортада өзі туралы ұғымдарының өсу процесін толықтай белгілі бір қалыпқа келтіруге жол бермеуі-табиғи нәрсе. Бірақ бұл процестің тиімділігін арттыруға деген қажеттілік әркез студенттің бойынан сезіледі. Сондықтан тұлғаның танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру оны дамытудың педагогикалық қағидаларын бұлжытпай орындау ұтымды нәтижелер беруі мүмкін.

Қазіргі өзін-өзі тану мәселелері тұлғаның перцевтивтік-коммуникативтік қабілеттерін В.К. Елманованың[69] психология ғылымдарының кандидаттық диссертациясиялық зерттеу еңбектерінде және де [66,83,84,85]. Бұл бағыттағы еңбектерде өзі мен өзгелер туралы білімге адам дамуына ортаның белгілі ықпалы бар екендігі туралы идея нақтыланады. /А.А.Бодалев, О.Г.Кукосян, И.А.Вишняков, Л.Н.Суетова, [66,68,86,87]. Өзін-өзі тану деңгейі ортаға кері әсер етуі мүмкін екендігі жөнінде де айтылады, яғни тұлға іс-әрекеттердің бағыт-бағдары мен табыстылығына әсер етеді. Дегенмен мәселенің бұл жағы жеткілікті түрде зерттелмеген.

Студент тұлғасының өзін-өзі тану мәселесіне деген көзқарастарды саралап көрелік. Алғаш рет студенттің тұлғалық тұрғыдан өзін-өзі тану мәселесі Г.И.Метельскийдің еңбектерінде орын алды [88].

Ол тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін зерттеген болатын. Өзінің тәжірибелік зерттеуінде тұлғаның өзін-өзі тану процесінде жинақталатын білімдер, қабілеттер және дағдылар жүйесі алуан түрлі педагогикалық міндеттерді шығармашылық тұрғыдан шешудің маңызды шарттарының бірі екендігі туралы болжамды негіздейді. Педагогикалық шеберліктің алуан түрлі деңгейлеріндегі тұлғаның қомақты тобын зерттей келе, Г.И.Метельский олардың өзін-өзі тануындағы, өзінің даму үрдісі мен нәтижесінің, оның жетістіктері мен кемшіліктерінің ерекшеліктерін танудағы да өзекті айырмашылықтарды көрсетіп берді. Г.И.Метельскийдің зерттеуі студенттің болашақ педагог тұлғасы ретінде өзін-өзі тануы – оның өз тұлғасы мен іс-әрекетінің алуан жақтарын объективті, шынайы қабылдау мен түсінуге түрткі болар рефлексиялық гностикалық міндеттердің белгілі бір жиынтығын шешу процесі екендігін көрсетті. Г.И. Метельский тұлға бойындағы рефлексияға, өзін-өзі тануға қабілеттіліктің дамуының үш сатысын жіктеп көрсетті. Тұлға өз іс-әрекеттерінің ішкі бір бөлігін көріп-біліп, пайымдап, тек жекелеген жақтарына ғана түзетулер енгізу-төменгі деңгейге тән құбылыс. Адам тұлғасы туралы мағұлматтардың көбірек болып, оның ерекшеліктерін шынайырақ тануы-орташа деңгейдің сипатында жатады. Жоғарғы деңгей - болашақ педагог тұлғасының өзін-өзі тану кезінде көрінетін мағұлматтық және бағдарлау қызметтерінің бірлігінің көрнекті үлгісі. Г.И.Метельскийдің зерттеуі тұлғаның өзін-өзі тану процесінде қалыптасатын мағұлматтар мен қабілеттер жүйесі педагогикалық мәселелерді шығармашылық тұрғыдан шешудің маңызды шарттарының бірі болып табылып, тұлғаның еңбек, таным және қарым-қатынас субъектісі ретіндегі өсіп-жетілуіне ықпал ететіндігі туралы болжамды дәлелдеп берді. [89,90-77 Цит. бойынша].

Тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін -өзі түсінуі терминологиялық статусқа Е.М.Боброваның [52], Н.И.Кузьминнің [75], Ю.Н.Кулюткиннің [62], В.Н.Козиевтің [78], С.В.Васильковскаяның [63], Л.М.Митинаның [91,92,93], А.К.Маркованың [72], В.А.Якуниннің [94] еңбектерінде ие болды.

Мысалы, Е.М. Боброва өзін-өзі түсінуді, яғни студенттің болашақ педагогикалық қабілет дағдыларды игеру деңгейін тұлғаның өз бойында бар білім мен тәжірибені педагогикалық үрдісте мақсаттарына жету үшін пайдаланады деп түсіндіреді.

В.Н. Козиев болашақ педагог тұлғасының өзін-өзі түсінуін ол тұлға өзін ұғына отырып, өз ісін белгілі бір жүйеге бағыттап отырады деп қарастырады. Бұл іс-әрекетінің арқасында студент тұлғасының бойында белсенді түрде өзіндік жетілу, өз бойында саналы түрде жеке тұлғаның маңызды қасиеттері мен өз шеберлігін қалыптастыру процесі жүреді.

Ю.Н. Кулюткин өзін-өзі түсіну-қол жеткен жетістіктерді бағалау, өзіндік өсіп-жетілу бағыттарын жоспарлап, оларды жүзеге асыру жолындағы іс-әрекеті деп көрсетеді. /124,21/. Бүгінгі студент болашақта өз бойында қандай адамгершілік-рухани қадір-қасиеттерді тәрбиелеп дамыту қажеттігін, екінші жағынан ол қасиеттердің өз бойында қаншалықты өсіп жетілгенін білгенде ғана ол аталмыш қабілеттерді қалыптастыру мен дамытуға саналы түрде ұмтылуы мүмкін. Тек тұлға өзінің психологиялық ерекшеліктерін танып-біліп, оларды өз даму жолымен салыстырып, сәйкестендіре алған жағдайда ғана оның бойында қажетті адамгершлік рухани қадір-қасиеттер мен дағдыларды тәрбиелеу мен жетілдіруге бағытталған белсенділік туындайды. Ұсынылған анықтамалардың көрсеткеніндей, көптеген зерттеуші –ғалымдар өзін-өзі түсінуді өзін-өзі тану, өз бойындағы ерекшеліктерді пайымдап, оларды нақты іс-әрекет саласының талаптарымен сәйкестендіру үрдісі ретінде қарастырады.

Е.М. Боброва студенттердің өзін-өзі түсінуінің мазмұндық жағына көп көңіл бөледі. Ол бұл аспектіні студенттердің оқыту үрдісінде қалыптастыратын дағдылардың үш тобына жіктейді: Жалпы педагогтық дағды, арнаулы және тұлғалық дағдылар.

Л.М.Митинаның пікірінше, студенттің өз мамандығында өзін-өзі түсіну деңгейінің төмен болуы оның тек жекелеген қасиеттер мен қабілеттерді түсінуінен туындайды. Өзін-өзі түсінудің жоғарғы деңгейіне қол жеткізген студенттердің ұғымындағы “Меннің” біртұтас бейнесі оның құндылық бағытының жалпы жүйесіне кіреді. Бұл бағыт оның өз дамуы мен алға қойылған мақсаттарына жетуде басты негіз болады[95].

Егер бұдан ертеректе болашақ педагог шеберлігінің критериі ретінде оның, негізінен, арнаулы әдістемелік және педагогикалық саладағы білімі мен дағдылары қарастырылса, соңғы кезде зерттеуші ғалымдар болашақ педагог тұлғасының психологиялық қасиеттеріне баса көңіл аударады, әсіресе тұлғаның қайталанбас бітім болмысы мен тұлғаның өзін-өзі қабылдап ұғынуын сараптауға мүмкіндік беретін перцевтивтік-рефлексиялық қабілеттеріне ерекше мән береді. [72,96].

Н.В. Кухарев [97,98], жазғандай шебер педагог жұмысын қатаң қадағалау олардың өз тәрбиеленушісінің жеке тұлғасына айрықша нәзік сезімталдықпен қарайтындығын көрсетті. Тұлғаның мұндай сезімталдығы олардың жоғары байқағыштығы мен көрегендігінің жемісі. Бұл қабілет олардың болашақ педагог жолындағы шығармашылық табысының алғы шарты. Олай болса, бүгінгі студенттің өзін-өзі үнемі танып, қадағалап отырып, олардың бойында қырағылық, жоғары сезімталдық, соның арқасында жаманнан жиреніп, жақсыға ұмтылысы жоғарлайтыны сөзсіз.

А.К. Маркованың пайымдауынша, бұл қабілеттер – қайтадан қалпына келмейтін қабілеттер. Тұлға бойындағы олардың мардымсыздығы немесе мүлде дамымағандығы оның жеке бітімінің жағымсыз жаққа өзгеруіне әкеліп соғады.

Н.В.Кузьминаның [75,42] зерттеу еңбегінде шеберліктің жоғары деңгейін меңгерген студент үздіксіз өзін-өзі тану процесіне жететіндігін көрсетті. Бұл үрдіс тәжірибенің өзге адамдар мен өзін-өзі танудың барлық компоненттерінің бір-бірімен үйлесе ұштасуына негізделген. Оларға өзін-өзі әділ бағалау, өз жеке тұлғасын жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептерін түсіне білу, өз іс-әрекетінің нәтижелерін пайымдай және сараптай білу, өз іс-әрекетін және өзге іс-әрекеттерімен салыстыру қасиеттері тән. Жоғары деңгейдегі студент тұлғасы өз мүмкіндіктерін әділ бағалай білудің арқасында өзінің іс-әрекеттерін тиімді қадағалайды, оқу-тәрбиелік мәселелерді шешуде жоғары деңгейге қол жеткізеді, олардың бойында жеке тұлғаның бойына адамгершілік рухани құндылық бағдары мен қасиеттері қалыптасады. Перцептивтік-рефлексиялық, диагностикалық және алдын-ала анықтау дағдылары студент тұлғасының кейбір психологиялық қасиеттерімен тығыз байланысты.

Г.М.Метельскийдің зерттеу еңбегінде студенттің жоғарыда аталған дағдылары мен оның санасының сынилығы, өзіне талап қоюы, оның өзін-өзі бағалауының әділдігі, өз уақытын ұйымдастыра білуі, өз мінез-құлқын және дағдыларын тәрбиелеу жүйесін жобалауға көмектеседі, яғни рефлексиялық міндеттерді тиімді орындай білу студент тұлғасында адамгершілік-рухани құндылық бағдарының табысты жетілуіне жетелейді.

Қазіргі кезге дейін тұлғаның өзін-өзі түсінуін зерттеу еңбектері негізінен теориялық негіздері терең сараптаусыз. Бұл жөнінде шектеулі мәселелер қарастырылады. Олар өзін-өзі түсінудің деңгейлері мен бірліктері секілді мәселелерге бағытталады [52].

Тұлғаның өзін-өзі түсінуінің құрлымын теориялық сараптау оның үш құрама бөлімнен /когнетивтік, аффективтік және мінез-құлықтық компоненттер/ тұратын өзін-өзі толықтырушы бірлік екендігін көрсетті./ Л.М.Митина, А.К. Маркова/.

Когнитивтік құрлымдық бөлімнің ішіне тұлғаның өзін педагогикалық саладағы тұлғааралық қарым-қатынастар жүйесіндегі және өзінің тұлғалық даму жүйесіндегі өзін-өзі түйсінуі /сезінуі/ кіреді. Біртіндеп, жекелеген педагогикалық ситуациялардағы өз бітімі туралы ұғым – түсінігі негізінде, әріптестерінің пікірі негізінде тұлғаның бойында тұрақты “Мені” қалыптасады. Ол тұлғаға өз-өзіне деген сенімділік туғызады немесе керісінше, ол сенімді яки мүлде жояды. “Мен”- негізінде тұлға өзіне қатысты құбылыстарға баға береді.

Тұлғаның өзіне деген аффективтік – бағалаушылық қатынасы тұрғысынан - өзінің қазіргі бойындағы қасиеттері мен мүмкіндіктерін бағалауы /өзін-өзі ретроспективті бағалау/ және болашақ жетістіктерін бағалау /өзін-өзі потенциальді немесе идеальді бағалау/, сонымен қатар өзі туралы өзгелердің ой-пікірін бағалауы /рефлексиялық бағалау/ жіктеліп – бөлінеді./Ю.Н.Кулюткин, В.Н.Козиев, А.К.Маркова/. Егер өзекті бағалау ретроспективті бағалаудан, ал идеальдік бағалау- өзекті бағалаудан жоғары болса, бұл өзін-өзі түсінуінің өз бойында өсуі-жетілгендігін дәлелдейді. Өзіне жағымды көзқараспен қарайтын студент тұлғасының бойында өзіне деген сенімі ұлғайып, өз бойындағы адамгершілік-рухани құндылық бағдарына көңілі толу сезімі туындап қабілеттің жалпы тиімділігі артады. Мұндай студент тұлғасы өзінің адамгершілік-рухани құндылық бағдарын қалыптастыруға деген қабілет мүмкіндіктерін толықтай іске асыруға ұмтылады. Айрықша маңызы бар бір жайт тұлғаның өзі туралы позитивтік, көтеріңкі “Мені” оның өз бойында осындай көтеріңкі “Менін” тәрбиелеуге ықпал етеді. /Р.Бернс,1986/. Өзін сенімді де, салмақты, байсалды сезінетін тұлға әріптестерінің бәріне де бірдей мейірлі әрі тең көзқараспен қарайды. Өз қабілетінің әлсіз, дамымаған жақтарын түсініп, оларды түзесем деген ниет өзіне деген жалпы көтеріңкі көзқарасқа кері әсер ете алмайды. Керісінше өзін-өзі бағалау деңгейі төмен тұлға қорғансыз күйге еніп өзінің қорқынышы мен стрестері әсерінен қоршаған ортаны теріс қабылдап, психологиялық өзін-өзі қорғау құралы ретінде авторитарлық стильге көп жүгінеді. Соңғы жылдардағы зерттеулер [91] студент тұлғасының өзіне деген қызығушылық деңгейі төмен екендігін, өз “Менін” қорғауға бейім екендігін, олардың өзге адамдарға жоғары талап қоятындығын көрсетті. Сондықтан да студент тұлғасының өзі туралы көтеріңкі көзқарасын жетілдіруі өз бойындағы адамгершілік-рухани қадір-қасиеттерінің, өсіп-жетілу мүмкіндігі туралы өзін толыққанды көрсетсем деген ниетін бекітуі “өз әріптестері үшін маңызды тұлғаға айналып, өзінің және олардың өсіп-жетілуіне ықпал етіп, осыған байланысты өзіне деген құрмет адамгершілік сезімінің туындауы – осының бәрі адам тұлғасының сипаттамасы ретіндегі көтеріңкі “Менін” жетілдірудің маңызды компоненттері.

Студент тұлғасының өзін-өзі түсінуінің үшінші – мінез-құлықтық компоненті дегеніміз - өзі туралы білім мен өзіне деген көзқарас, қарым-қатынас негізінде іс-әрекет ету қабілеттілігі. Студенттің өзін-өзі түсінуінің бұл компоненті оның конструктивтілігі мен тиімділігін дәлелдейді”. Өзін-өзі түсіну мәселелері Л.Н.Лесохинаның, С.Г.Версиловскийдің, Т.В.Шадринаның [79], Н.Е.Шафажинскаяның [81], П.А.Шавирдің [99], және т.б. еңбектерінде болашақ педагог тұлғасының өзін-өзі, өз бітімін айқындау мәселесі мен сабақтаса қарастырылады. П.А.Шавирдің ойынша, жоғары оқу орнын /ЖОО/ бітірушінің өзін-өзі түсінуінің қалыптасу деңгейі оның өзінің бағытын анықтауының табыстығы мен ұтымдылығының көрсеткіші бола алады. Сондықтан да өзін-өзі тану ерекшеліктерін ескеру оны жетілдірудің қосымша жақтарын іздеу ЖОО-дағы педагог әзірлеу жұмысының табысты, жемісті жүруіне өз септігін тигізеді. Л.Н.Лесохина мен Т.В.Шадринаның тәжірибелік зерттеулері өзін-өзі түйсінудің өз бағытын белсенді пайымдауына әкелетіндігін көрсетті. Зерттеуші ғалымдардың барлығы дерлік өзін-өзі сараптау, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі бағыттау негізіндегі өзін-өзі тануды атап көрсетеді.

Бұл сипаттамалар жас студент тұлғасының өзін-өзі түсінуі мен өз шеберлігінің өсу барысын анықтайды [79,30]. Өзін-өзі түсіну, яғни өзіндік “Мен” тұлғаның өзін-өзі тану процесінде қалыптасады. Студент тұлғасының өзін-өзі тануы оқу процесінде жүзеге асады. Педагогикалық шығармашылық психологиясы бағытындағы зерттеулер көрсеткендей, тұлғаның өзін-өзі тануында оның өздік жетілуінің таусылмас мүмкіндіктері жатыр. /В.А. Кан-Калик, Н.Д. Никандров, 1990/. Өзін-өзі тану – көпжақты, белгілі уақыт аралығын қамтитын күрделі процесс. Ол әр түлі сезіну түрлерімен сабақтаса жүреді. Өзін-өзі танудың бірінші деңгейінде бұл процесс өзін-өзі өзге адамдармен салыстырудың алуан түрлері арқылы жүзеге асады. Бұл өзін-өзі танудың бірінші сатысы. Оның екінші деңгейінде тұлға өзінің жетістіктерімен салыстырады. Өзін-өзі және өз іс-әрекеттерін өз тарапынан және өзгелер көзқарасы тарапынан саралай келе бұл сала өз бітімі туралы, өз “Мені” туралы түсінікті қалыптастырады. Осы әлеуметтік “айна” арқылы студент өз бойындағы адамгершілік-рухани құндылық бағдарын арттырып, өзін-өзі адами тұрғыдан таниды.

Өзін-өзі түсіну мөлшері, өзін-өзі тану сипаты көптеген факторларға байланысты, соларға тәуелді. Өзін-өзі тану үрдісіне адамның өзінің ішкі әлеміне қаншалықты деңгейде үңілуі, оған деген қажеттілігінің мөлшері, тұлғаның рефлексияға деген қажеттілігінің мөлшері – бәрі де әсер етеді. К.Р.Левитанның, С.Г.Верловскийдің және т.б. пікірінше, болашақ педагог мамандығына дайындалып отырған студенттің өзін-өзі тануының басты тәсілдері мыналар: өзін-өзі қадағалау, педагогикалық өзін-өзі сараптау, педагогикалық рефлексия, өзін-өзі сынау және өзін-өзі бағыттау.

Өзін- өзі қадағалау – тұлғаның өзіне, өз іс-әрекеті мен қарым – қатынастарына сырт көзбен қарай білу қабілеті. Өзінің ішкі күйі қалпына қайта-қайта назар аудара отырып, тұлға әртүрлі жағдайларда /ситуация/ өзін қалай ұстайтындығын жете түсінеді. Өзін-өзі қадағалау тұлғаға өзі туралы өзге адамдар көріп-біле бермейтін құнды мағұлмат береді. Ол өзінің дамыған және әлсіз жақтарын тереңірек білуге көмектеседі. /Кесте №1/

К.Р.Левитан мен С.Г.Верловский көзқарасы бойынша өзін-өзі танудың басты тәсілдері мен мазмұны:

Кесте №1.


Өзін-өзі тану тәсілдері

Мазмұны

Тұлғалық өзін-өзі сараптау

тұлғаның жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себеп-салдарлық байланысын ашуға көметеседі. Өзін-өзі сараптаудың қай бағытта өрбуі тұлғаның өз бойында адамгершілік рухани қадір-қасиеттердің қаншалықты тереңдігі оның тұлғалық шығармашылық потенциялының дамуын, тұлғалық өсіп-жетілуін анықтайды. Осындай ішкі жан-дүниедегі жұмыс аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, тұлғалық рольдік мінез-құлықына дер кезінде түзету енгізуді қамтамасыз етеді.


Педагогикалық рефлексия

-тұлға саласының өз-өзіне қарай бағытталуы, оның өз бойына үңілуі, болашақ педагогтық қызметі туралы ұғымдарын ескеру. Бұл тұлғаның белгілі бір ситуация туралы пайда болған ұғымдарының бейнесінің өз көз алдына ойша келтіріп, соның арқасында өзі туралы ұғымды нақтылау қабілеті. Өзінің әрбір іс-әрекетін оның мақсатқа сәйкестігі тұрғысынан саралай келе, ол өзін әркез түзеп отырады. Рефлексияның негізінде осындай үздіксіз өзін-өзі түзеу процесі жатыр. Онсыз /болашақ педагог/ студент тұлғасын дайындаудың жемісті болуы мүмкін емес.


Тұлғаның өзін-өзі сынауы

іс-әрекет мақсаты мен оның әдіс – амалдарына байланысты тұлғаның ішкі психикалық мүмкіндік – қабілеттерін бағалауы. Тұлға өзін-өзі сынауының басты қызметі осы салаға мінез-құлқын бағыттау.

Өзін-өзі бақылау

- оқу барысындағы белгілі бір ситуациядағы өз қалпын көз алдына елестетуге тырысуы. Өзін-өзі бақылаудың, болжаудың басты критерийі – адамгершілік-рухани құндылық бағдарын жан-жақты сараптау қабілеті мен осы негізде шешімдердің көптеген мүмкіндіктерін дайындау, сонымен қатар іс-әрекеттің алдағы мүмкін нәтижесін алдын-ала көру.


Өзін-өзі қабылдау

-бұл процесс кезінде нақты ситуацияға байланысты өзі және өз құлқының жекелеген бейнелері, қалыптасады.

Өзін-өзі қадағалау

  • түрлі ситуациялар кезінде өзін-өзі саналы немесе еріксіз түрде бақылау. Мұның арқасында белгілі бір айтарлықтай тұрақты өзінің “Мені” туралы ұғым қалыптасады.



Рефлексия арқасында тұлғаның өзін-өзі түсінуінің пайдалы әсері аз элементтерін өзге элементтермен ауыстыруға деген, өзі мен өз мінез – құлқын өзгертуге деген қажеттілік ұғынылады [21]

Тұлғаның өзіне деген көзқарасы қаншалықты сыни тұрғыдан болса, оның өзін-өзі тану деңгейі де соншалықты жоғары. Керісінше, тұлғаның өзінің болашақ маман ретіндегі әзірлік деңгейі терең болған сайын, оның қызмет барысындағы өзін-өзі бағалауның сынилығы да арта түседі. Н.Е.Шафажинская өзін-өзі бағалаудағы өзіндік өсіп-жетілу құралы ретінде қолдану студенттерді болашақ мамандығына даярлаудың тиімділігін арттырудың маңызды факторы болып табылатындығын көрсетті. [81,100].

Міне сондықтан да тұлғаның өзін-өзі сынауын қалыптастыру, оның өзін-өзі тануын дамытумен шұғылдануды оның ЖОО-да студент кезінде-ақ бастау қажет.

Тұлғаның өзін-өзі тануының тағы бір әдісі--өзін-өзі бақылау. Адамгершілігі биік, жан-жақты жетілген студент тұлғасы өзіне деген жоғары талаптарымен, оның ішкі өзін-өзі бақылауымен ерекшелінеді. Тұлғаның өзін-өзі бақылай, бағалай, түзей және өзін-өзі ұстай алуы – биік мәдениет пен жетік парасатылықтың көрсеткіші, өзін-өзі бақылаудың көмегімен нақтылы мінез-құлықтың, қарым-қатынастың, іс-әрекеттің өз мақсаттарына сәйкестігі әркез сарапталып отырады.

Тұтастай алғанда көптеген авторлардың пікірі бойынша, тұлғаның өзін-өзі тануы – студенттің өзін-өзі тәрбиелеуінің, өз білімін жетілдіру мен өз тұлғасының өсіп-жетілуінің қажетті шарты. Декарттың дәлелдеуіне сүйенсек, өзін-өзі танудан өткен жемісті жұмыс жоқ, бірақ бұл үшін көрегендік пен ержүректік қажет. “Өзін-өзі адам ретінде зерттеп – білмеген адам өзге адамдарды да терең зерттей алмақ емес”.

Шетелдік ғалымдардың зерттеулерінде болашақ педагог тұлғасының өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, оның “Меніне” арналған бірқатар зерттеу еңбектері бар: А.Комбс, 1962; М.Розенберг, 1965; С.Мецер, 1968; Ф.Куолтер, 1974; К.Паркер, 1977; Т.Кейт, 1986; Р.Бернс, 1986; М.Харрис, 1986 және т. б.

Бұл мәселедегі зерттеулердің төмендегідей бағыттарын бөліп-жіктеуге болады:



  1. Болашақ педагогтар – студенттердің Мен- бейнесі мен Мен – тұжырымдарын зерттеу /Р.Гарвей, Ф.Куолтер, М.Поттебаум, Т.Кейт, С.Эйли/;

  2. Болашақ маман ретінде өзіне көзқарас пен өзін бағалау мәселесін зерттеу /А.Комбс, М.Розенберг, К.Крейн, и К.Паркер, Р.Бернс/;

  3. Студенттерді болашақ маман ретінде даярлаудағы сараманның ролін зерттеу /С.Мецнер, П.Хенри, В.Думас, Ф.Куолтер, М.Харрис/.

Ф.Куолтер /1974/ студенттердің – болашақ педагогтардың педагогикалық сараман уақытындағы өздерін көрсету, ұстау ерекшеліктерін зерттеді. Осының нәтижесінде ол мынандай шешімге келді: егер студенттердің өзі туралы ұғым түсініктерін қалыптастыру бағытында арнайы жұмыстар жүргізілетін болса, бұл ұғымдар өзге студенттер ұғымынан әлдеқайда терең әрі толық, студенттердің өз тұлғасы туралы ұғымдарын қалыптастыруды басқаруға болатындығы тәжірибе негізінде дәлелденді.

Р.Гарвей жоғарғы курс студенттерінің “Меннің” ерекшеліктері мен оларды оқыту тиімділігі мәселелерін зерттеді. “Жоғары академиялық үлгірім деңгейін игерген жоғарғы курс студенттерінің бойындағы олардың өзі туралы ұғымдарындағы қайшылықтар мен өзіне деген сенімсіздік деңгейі әлдеқайда төмен”.

Студенттердің педагогикалық қызметінің табыстылығы әркез олардың өзін-өзі көтеріңкі бағалауымен, өзі туралы ұғымдарындағы бұлыңғырлықтың, түсініксіздіктің жоқтығымен және олардың бейімделуге деген жоғарғы қабілеттілігімен ұштасып, сабақтасып жатады. Бұл тұлғаның өзін-өзі бағалау қызметінің қажеттілігін дәлелдеді. Өзін-өзі бағалау әрбір тұлғаға өз тиімді стилін тауып, оны дамытуға мүмкіндік береді.

Д.Доуэрти және К.Паркер студенттердің өзін-өзі бағалауы олардың экстраверттілігі мен нейротизміне тәуелді екендігін анықтады. Студенттердің өздерін қоршаған ортасы олардың көбінесе интроверттікке бейімделуіне ықпал етеді, ал интраверттердің экстраверттерге қарағанда өзін-өзі бағалау шамасы төмендеу, қалыпты эмоциялық деңгейдегі студенттен нейротизмнің жоғары деңгейіндегі студенттің өзін-өзі бағалауы жоғарырақ.

Болашақ педагог өміріндегі өзін-өзі көтеріңкі бағалаудың маңызы туралы А.Комбс, М.Розенберг, Р.Бернс және т.б. жазды.

Тұлғаның өзін позитивтік тұрғыдан қабылдауы оның қызметінің тиімділігінің маңызды факторларының бірі ретінде тұлғаның көтеріңкі “Менінің” дамуына әсер етеді

Өзіндік “Менмен” мен тиімді оқыту арасында айқын байланыс бар. Тиімді оқытудың қажетті шарттарының бірі- тұлғаның өзінің жеке және өз біліктілігіне деген сенімділік деңгейі. Сынып ішінде өзін сенімді сезіне отырып студент өз кемшіліктері мен оқушылардың кемшіліктерін оңай, тез ұғынады. “Өзінің бойында әділдік, шынайылық, өз тұлғасының адамгершілік рухани құндылығы сезімі бар және оқушыларға позитивтік көзқараспен қарауға әзір тұлға оқушылардың өзін-өзі түсінуі мен олардың тұлғалық қалыптасуына тиімді ықпал ете алады, оларды өзіне сенуге үйретеді, құндылықтарды жеңіп, оқудағы өз мүмкіндіктерін толықтай қолдауға үйретеді. Алайда түрлі зерттеулердің нәтижелері /Бернс/” тұлғаның мұндай маңызды қасиеттерінің даму деңгейі төмендігін көрсетті.

Адам өзін-өзі тануға талаптанбаса, оның қолынан өзге адамдарды танып түсіну және оларға нақты көмектесе алу келмейді. Қоғамдық дамудың өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсетін әрбір адам өзін-өзі тануын тереңдетуі шарт, бірақ Джерсиидтің байқауынша бұған жеткілікті мөлшердегі жүректілік қажет, өз рефлексиясының нәтижелері қандай болса да, оларды әділ түрде қабылдауға мүмкіндік берерлік белгілі мөлшердегі объективтілік қажет.



Студенттердің тұлғалық өзін-өзі тануының педагогикалық - психологиялық ғылыми негіздері
Студент тұлғасының өзін-өзі тануы білім беру жүйесінде жетекші мақсаттардың бірі дәрежесін алуы қажет. Студенттің “Менін” позитивтік өзгерту қазіргі таңда педагогика мен психологияға деген гуманистік көзқарастың бірден-бір маңызды саласы, оқыту мен тәрбиелеу ісіне қатысы бар әр адамның өзін-өзі адамгершілік рухани дамытуын қамтамасыз ететін басты құралы. Болашақ маманның өзін-өзі дамыту қағидаларын меңгеруі қажет, әйтпесе ол өзгелерге бұл процесте қажетті көмек бере алмайды.

Оқытудың тиімділігі тұлғаның психикалық дүниесінің жалпы үйлесімділігіне, әсіресе оның “Менінің” көтеріңкілігіне, позитивтілігіне тәуелді. Сондықтан студенттің тұлғалық дамуының сипаты мен өз бойындағы адамгершілік-рухани құндылық бағдарының мән-маңызы оның академиялық жетістіктерінің маңызынан кем емес.

Сөйтіп, педагогикалық жоғары оқу орындарының бағдарламаларындағы өзін-өзі тану мен өзгелерді түсінудің алар орнын, маңызын айтып жеткізу мүмкін емес, себебі “болашақ маман алдымен біреуді, сонан-соң бір нәрсеге оқытады”/106,108/.

Өзін-өзі танудың процестік аспектісі өзін-өзі танудың бастауларын, механизмдерін, әдістері мен даму деңгейлерін зерттеу болып табылады. Өзін-өзі тану процесс ретінде өзі туралы бір мағлұматтан екінші мағлұматқа деген үздіксіз қозғалыстан, бұл мағлұматты нақтылаудан, тереңдетуден, кеңейтуден және т.б. көрінеді [109,110]. Өзін-өзі тану мәселесінің бұл аспектісі өте аз зерттелген.

Жоғарыда аталып өткендей өзін-өзі танудың негізгі, өзекті бастауларына іс-әрекет пен қарым-қатынас жатады. Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Е.В.Шорохова, А.Г.Спиркин, М.И.Лисина, И.И.Чеснокова. ”Өзін-өзі тек бақылағаннан гөрі іс-әрекет арқылы адам өзін-өзі тану да соншалықты жоғары деңгейде болмақ. “Іс-әрекеттерінде өзінің өзгелерге деген, өзгелердің өзіне деген қатынасын анықтау арқылы адам өзін-өзі таниды”. Іс-әрекет процесінде, бір жағына, адамның өзі туралы ұғымы қалыптасады, екінші жағынан – адамның табиғи, психикалық, адамгершілік-рухани қасиеттері мен қабілеттерінің шектелу ауқымы жойылып, оның өзін-өзі бағалауының өз іс-әрекеттерінің жетістіктеріне және олардың қоғамдық құндылығына сәйкестігі таразыға түседі. Қарым-қатынас процесінде өзін өзгелермен салыстыру жүзеге асады, адамның өзі өмір сүретін, оқитын немесе жұмыс жасайтын ұжым мүшелерінің немесе өзге де адамдардың бірден бағасы сана елегіне түседі. Сондықтан да тұлғаның әлеуметтік сынға ұшырайтын қадір – қасиеттері тезірек ұғынылады. Сондай-ақ, тұрмыс-тіршілікте табысқа жетуге себепкер болар қабілеттерге де көп көңіл бөлінеді [21,111].

О.А.Анисомова өзінің психология ғылымдарының кандидаттық қорғауға арналған авторефератында: “…Адамның өзін-өзі тануына оның көркем әдебиетпен таныстығы, сондай-ақ өнердің театр, кино, живопись секілді өзге де түрлеріне деген қызығушылығы өте маңызды роль атқарады”. [112].

Ал, Н.Е. Ведерникова психология ғылымдарының диссертациясын қорғауға арналған авторефератында: “…Өзін-өзі танудың құрамына өзін танудың элементтері мен әдістері және оның даму деңгейлері кіреді [113] – деп олардың негізгі әдістері мен даму деңгейлеріне тоқталады.

Ғалымдар өзін-өзі тану барысының даму деңгейлерінің мәселесіне түрліше көзқараспен қарайды. Мысалы, В.С.Мерлин бұл дамудың төрт сатысын ұсынады: Өзін өзгелерден бөлектеп, қарастыру /туғаннан бір жасқа дейін/; “Менін” сезіну /2-3 жас/- өзін іс әрекет субъектісі ретінде түсіну; Өз-өзін бақылау нәтижелерін сана таразысынан өткізуден шығатын өзінің психикалық қабілеттерін түсіну; Өзін рухани-әлеуметтік тұрғыдан бағалау /жасөспірімдік кезең/. Өзге авторлар бұл сатыларға өзге де процестерді қойды: өзгелердің көзқарастарын өзіне қабылдау, өзгелердің өзі туралы пікірін сараптау, талаптану деңгейлері мен стандарттарының қалыптасуы, өзін-өзі бақылаудың дамуы, ананың тікелей тәрбиесі мен ықпалынан “босанып”, өзінің отбасының тегін сезінуі, жыныстық және рольдік ерекшеліктерді түйсіне бастауы, келер шақ, өткен кез, осы шақ туралы ұғымдардың қалыптасуы және т.б.

Бірақ мұнда келтірілген кезеңдік бірізділік бір сатының жүйелі түрде келесі сатыға ілесе өтетіндігін білдірмейді. И.И.Чеснокованың пікірінше, өзін-өзі тануды екі түрлі деңгейде қарастыруға болады: біріншісі-өзін өзгелер тұлғасымен салыстырудың алуан түрлері арқылы тану, яғни оның өзі туралы ұғымының дамуына, кеңеюіне сыртқы ортадан алынған ақпарат негіз болады. /”Мен”-“өзгелер”/. Өзі туралы ақпаратты меңгерумен қатар осы берілген қоғамда қабылданған нормативтік, эталондық ұғымдарда меңгеру жүзеге асады. Өзін-өзі танудың бұл түрінің басты тәсілдері-өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі қадағалау [114]. Екінші деңгей – белгілі мөлшердегі өз “Мені” туралы қалыптасқан ұғымдардың болуын талап етеді. Бұл деңгейді “өзі туралы білімді аутокомуникация ауқымында /”мен”-“мен”/ меңгеру. Өзін-өзі танудың бұл түрінің әдістері -өзін-өзі сараптау, салалау. Бұл деңгейдің әдістерінің /өз-өзіне ақпарат беру, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру/ бойынан ерік-жігер компоненті айрықша көрінеді, ол өзі туралы ұғымның одан әрі дамуына кең жол ашылады.

Ғалымдардың көптеген еңбектерінде тұлғаның өзі мен өз әрекеттерінің нәтижесіне деген дұрыс көзқарастарының қалыптасуы, оның жан-жақты дамуы, оның негізділігін, объективтілігін, сәйкестілік секілді жақтарының дамуы тұлғаның өзін-өзі тануының тиімді механизмі екені тәжірибе негізінде дәлелденген. /11,21,54,107,115және т.б./.

Зерттеу тәжірибесін сұрыптау өзін-өзі танудың төмендегідей ең маңызды тұлғалық қалыптасу механизмдерін бөлектеп, екшеп алуға көмектесті /Кесте №2/
Өзін-өзі танудың тұлғалық қалыптасу механизмдері

Кесте №2.


Өзін-өзі танудың тұлғалық қалыптасу механизмдерінің түрлері

Мазмұны

Ауыстыру

  • Өзге адамдар мінез-құлқын бақылау нәтижесінде жеке тұлғаның бірқатар адамгершілік қадір-қасиеттері мен қабілеттері туралы ұғым қалыстасады. Сонан соң бұл қасиеттерді өз бойына, “ауыстыру” процесі жүреді. Соның нәтижесінде бұл қасиеттің тұлға бойынан көріну түрлері, даму деңгейі мен санасы туралы мәлімет алынады.




Идентификация /талпыну/

  • Адам өзін өзге белгілі, адами қасиеттері жоғары биік тұлғалармен, немесе белгілі бір “идеалмен” салыстырып, өз мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін қоғамдық пікір қалыптастырған әлгі этолондық үлгіге ұқсатуға талаптануы мүмкін.




Интериоризация

  • өзі туралы өзгелердің пікірін меңгеру, пайымдау. Адамның өзі туралы ұғымы көп жағдайда ол туралы айналасындағылардың пікіріне тәуелді.




Таңдау /избирательность/

  • Өзі туралы ақпаратты пайымдау кезіндегі өз жетістіктері мен кемшіліктерін ақтап көрсетуге тырысу. Осылайша таңдап, іріктей қабылдау жеке тұлғаға өзіне жағымсыз ақпаратты қабылдамай немесе ол ақпаратты жағымды эмоционалдық әр беруге мүмкіндік туғызады.

И.И.Чеснокованың пікірінше, өзін-өзі тану- оңай өтетін процесс емес, керісінше, белгілі дәрежеде қиын әрі қарама-қайшылықтарға толы. Оның негізгі қиындығы – ондағы таным субъектісі екінші жағынан таным объектісі болып табылады. Адам өзін-өзі сыртқа “шығарып” өзіне өзгелердің көзімен қарай алуы тиіс. Ал мұны толықтай объективті түрде жүзеге асыру мүмкін емес.

Өзін-өзі тану процесінің тағы бір қиындығы – оның инерциялығы. Әрбір адамда оның өзі туралы жалпылама пікір қалыптасады, кейде бұл пікір тұтастай немесе оның жекелеген жақтары аталмыш адамның шынайы болмыс ерекшеліктеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Алайда, кейде адам өзі туралы қалыптасқан пікірге соншалықты бойы үйреніп әрі сол пікір ауқымында ғана іс-әрекет жасауда үйреншікті әдетке айналдырып, көп жағдайда ол пікірді одан әрі нақтылау, байыту мен дамыту былай тұрсын, керісінше, кей жағдайлар өзі туралы ұғымға кейбір түзетулер енгізуді тікелей талап етіп тұрған кезде де оны жаңарту үрдісіне қарсылық көрсетуі әбден мүмкін. Фактілер мен оқиғаларды өзінің жеке пікірі бағытында “бұру” жиі кездеседі.

Тұтастай алғанда, өзін-өзі тану мен өзіне деген көзқарас нәтижелері жеке тұлғаның өзінің рухани және тәни салаларын өзгертуге бағытталған саналы іс-әрекетінің негізі болып табылады.

Адам – таусылмас мүмкіншіліктерге толы күрделі де қайталанбас әлем. Көп жағдайда оның мүмкіншіліктері толыққанды пайдаланылмай жатады. Бүгінгі таңда өзін-өзі тану механизмдерін, жеке тұлғаның қоғам мүшесі ретінде өз ішкі мүмкіндіктерін барынша толық игеруі бағытында зерттеу зор мағынаға ие боп отыр [115].

Қандай да бір педагогиканың мәселесі тәжірибелік тұрғыдан зерттеуді бастамас бұрын зерттеудің ұғымдық, терминдік аппаратын анықтап, негізгі ұғым-түсініктер мен оларды зерттеудің түрлі теориялық бағыттарына сипаттама беру қажет.

Бұл зерттеу жұмысының мақсаты-өзін-өзі тану ұғымының болмысын ашу, студенттердің бойында жоғары адамгершілік рухани құндылық бағдарын қалыптастыру. Сондықтан да біз жұмысымызды “өзін-өзі тану”, “өзін-өзі тану арқылы адамгершілік-рухани құндылық бағдарын қалыптастырудағы ролі” секілді педагогикалық конструкциялауды теориялық пайымдаудан бастадық. Бұл ұғымдардың болмысын айқындауға аталмыш зерттеу жұмысының 1-ші тарауы арналған. Жүргізілген теориялық сараптау негізінде біз өз жұмысымыздың негізі “өзін-өзі танудың ” теориялық және қолданымдық анықтамасын анықтадық.

Өзін-өзі тану”- адамның өзінің іс-әрекет субъектісі ретіндегі өз тұлғалық ерекшеліктерін біртіндеп түсіну үрдісі. Бұл үрдістің нәтижесі- “Мен” образының түрлі аспектілерінің қалыптасуы.

Өзін-өзі тану, біздің түсінігімізше, ең алдымен адамның жалпы тануының бір ерекше түрі объектісі таным субъектісінің өзі болатын танымдық іс-әрекет. Өзін-өзі танудың мақсаты – адамның өзі туралы өзінің іс-әрекет субъектісі ретіндегі –шынайы мағлұмат алуы. Бұл жерде танымның объектісі мен субъектісі – бір ұғым, бір құбылыс, өзін-өзі тануды танымдық іс-әрекет ретінде қарастыра келе, біз оның тиімділігі көп жағдайда жеке тұлғаның өзінің белсенділігіне, оның белсенділігінің өзін-өзі тану үрдісіне қаншалықты бағытталғандығына тәуелділігін атап көрсеткіміз келеді. Бұдан өзге, қандай да болмасын іс-әрекет секілді, өзін-өзі тануда да көптеген танымдық іс-әрекет пен операциялар арқылы жүзеге асады. Олардың ішіндегі ең негізгілері- сараптау, жинақтау, салыстыру, сәйкестендіру және бағалау операциялары. Өзін-өзі тану, сонымен қатар, сыртқы ортаны тану арқылы да әсіресе, яғни, сезім, қабылдау, өзін-өзі қадағалау, ойлау секілді үрдістерді тану арқылы да іске асады. Өзін-өзі танудың негізгі бастаулары – іс-әрекет және қарым-қатынас. Өзін-өзі тану үрдісінде адамның іс-әрекет субъектісі ретіндегі өзі туралы бітімі қалыптасады, тұлғаның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасы ашылып, оның өзін-өзі бағалауының әділдігі сарапқа түседі, сараланады.

Қарым-қатынас үрдісінде өзін өзге адамдармен салыстыру іске асады, өзіне өзге адамдардың берер бағасы пайымдалады. Бірінші кезекте әлеуметтік сынға жиірек түсетін және іс-әрекеттің табыстылығын анықтайтын қабілеттер мен қасиеттер саласына түседі.

Өзін-өзі тану негізінде жатқан басты механизмдер – ауыстыру, сәйкестеу, интериоризация және таңдамалық. Өзін-өзі тану өзге адамдардың өзі туралы пікірін, олардың берер бағасын пайымдау арқылы, өзін өзге адамдармен салыстыру арқылы өзі туралы ұғымның қалыптасуына, өзін-өзі тану өзін-өзі түсінудің динамикалық жағы ретінде оны нақты мазмұнын толықтырады. Тұлғаның өзін-өзі тануы – жекелеген ситуациялық “Мен” – образының біртұтас құрылымға – тұлғалық “Мен - концепциясына” жинақталып, бірігуіне бағытталған үздіксіз қозғалысы.

Өзін-өзі танудың жоғарғы деңгейін меңгерген тұлға өзінің не істеп, не қойғанын анық түсіне алады, саналы түрде алдына міндеттер қойып, оларды орындай алады, өз іс-әрекеттерін жоспарлап, өз сәтсіздіктерінің себептерін айқындап, өз іс-әрекетіне түзетулер енгізе алады. Тұлғаның өзін-өзі тануға деген қабілеттілігі өзін-өзі сараптауға, өзін-өзі әділ бағалауға, өзін өзгелермен салыстыруға, өз жетістіктері мен кемшіліктерін түйсінуге, қателерін сараптап, осы негізде өз іс-әрекетіне түзетулер мен бағдар бере алу қабілеттілігі көп жағдайда адамның адами тұлға ретінде қалыптасуының тиімділігін анықтайды.

Студент тұлғасының өзін-өзі тануының бітім-болмысын сараптай келе, біз оның құрамындағы бір—бірімен өзара байланысқан үш компонентті анықтаймыз /Кесте№3/.
Өзін-өзі тану компоненттері мен негізгі критерийлерінің көрсеткіштері

Кесте №3


Компоненттер

Мазмұны

Критерий көрсеткіштері

Когнетивтік

-компоненттің құрамына адамның белгілі бір іс-әрекет субъектісі ретіндегі өзі туралы білімдерінің жиынтығы кіреді. Бұл білім тек студенттің болашақ маман ретіндегі өзі туралы білімі ғана емес, сонымен қатар, аталмыш іс-әрекеттің табиғи ерекшеліктері туралы білімі.


  • студент тұлғасының өзекті ерекшеліктері туралы білім;

  • Болашақ педагог тұлғасының ерекшеліктері туралы білім/ең үздік студент/

  • Алдағы болашақ өмірінің субъектісі ретіндегі тұлғалық өз ерекшеліктері туралы білім;




Өзін-өзі бағалау

- өзінің осы таңдаған жолға сәйкес – сәйкессіздігі мәселесін шешуге қажетті перцептивтік –-рефлексиялық және гностикалық

дағдылардың біртұтас кешені. Бұл мақсатта адамға бірінші кезекте өзін-өзі бағалау іс-әрекетті қажет ететін бірқатар гностикалық сұрақтарды шешуге тура келеді.




  • осы жолда тұлғаның өз ерекшеліктерін өзге адамдармен салыстыру арқылы, оқудың бастапқы кезеңіндегі өзінің даму деңгейімен салыстыру арқылы бағалай білу қабілеті;

  • тұлғаның жалпы алдағы педагогикалық қызметті тиімді атқаруы мүмкіндіктерін бағалай алу қабілеті;

  • Тұлғаның өзін-өзі тану жолында өзінің жетістіктеріне көңілі толуы;




Түрткілік

тұлғаның өзін-өзі тануға деген қызығушылығы кіреді. Бұл қызығушылық тұлғаның алдағы көздеген мақсатқа жетуде өсіп жетілуіне, оның қалыптасқан күйін бағалаудың критерилерін ұсынамыз. Олардың әрқайсысына бірқатар эмпирикалық көрсеткіштер кіреді.

  • өзін-өзі тануға деген белсеніді қызығушылық;

  • өз жеке тұлғасын жалпы педагогикалық қызмет субъектісі ретінде дамытуға деген талпынысы;



Дамыған деңгейдегі өзін-өзі тану тұлға мен оның жоғары адамгершілік рухани құндылық бағдарының қалыптасуында қажет.

Тұлғаның өз ниет-мақсаттарын қалыптастыру кезеңінде өзін-өзі тану арқылы адамгершілік - рухани құндылық бағдарын қалыптастыру тұлғаның тиімді білім алуына негіз жасауға көмектеседі.

Бүгінгі студентті оқыту кезеңінде өзін-өзі тану студенттің өз тұлғасының мүмкіндіктері мен осы саладағы талаптарының арасындағы қарама-қайшылықтарды ұтымды жеңуге көмектесіп, студенттің объективті “Менінің” қалыптастыруына бағыттап оқуымен тұлғалық адамгершілік -рухани құндылық бағдарының мағынасын ашуына көмектеседі.

Студенттің бейімделу кезеңінде өзін-өзі тану тұлға мен мамандықтың арасын жақындатуға бағытталған бейімдеу іс-әрекетінің негізі болып табылады. Өзін-өзі танудың жетік, дамыған дағдыларын меңгерген студенттер /олар өзін-өзі қадағалау, өзін-өзі сараптау, рефлексия/ қысқа, аз уақыт ішінде өз бойындағы жоғары адамгершілік рухани қадір-қасиеттерін арттыруға көмектеседі.

Студенттің ауто-психологиялық білімділігінің жоғары деңгейі, перцевтивтік-рефлексиялық қабілетінің жоғары деңгейіне тән. Олардың үздіксіз өсіп-дамуға деген талпынысы оларды белсенді, терең әрі жан-жақты өзін-өзі тануға жетелейді. Тұтастай алғанда, студенттің рефлексиялық –гностикалық міндеттерді тиімді шеше алуы оның өзінің жоғары адамгершілік - рухани құндылық бағдарының тұлғалық өсіп-жетілуінің жемістілігіне игі ықпал етеді.

Сөйтіп, студент тұлғасының өзін-өзі тануы оның жан-жақты адамгершілік рухани құндылық бағдарының қалыптасуында қажетті элемент боп саналады. “Ол студент тұлғасының өз жолында шеберлік шыңына үздіксіз өрмелеуіне ықпал етіп, бұл үрдіс тиімділігінің педагогикалық шарты болып табылады.

Бүгінгі студенттердің өзін-өзі тану процесі тиімді өтуі үшін ол өз таңдап алған педагогикалық қызметті жүргізудің жолында қажетті адамгершілік рухани құндылықтарының ең өзекті аспектілеріне арқа сүйеп және оқу үрдісінде өзін-өзі тәрбиелеуі тиіс.

Тәрбиедегі басты мәселе-студенттің жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуды көздеу, соны орындағанда ғана олардың жауапкершілігін арттыру жүзеге асады. Ал қоғамға қызмет ететін тұлға тәрбиелеу мақсаты көзделсе, онда өз пікірі арқылы ғана әрекет ететін тұлға тәрбиелеу мүмкіндігі шектеледі. Сондықтан оқытушы тәрбие мақсатының тиімділігін арттыру үшін философиялық тұрғыдан ойлауы тиіс.

Ойымызды түйіндей келе айтарымыз, тәрбие философиясы тәрбиешінің өз ісін шығармашылықпен жүргізуіне көмектеседі. Бұл ретте тәрбие ісін жауапкершілікпен ұйымдастырады, тәрбие мәселесіне біртұтас көзқарасын дамытады, оның өлшемдерін ескереді, тәрбие саясатын сыңаржақтылықтан сақтандырады ғалымдарды ғылыми ақиқат іздеуге бағыттайды.

Тәрбие мақсатын қоғам белгілейді. Оған көптеген жағдайлар ықпал етеді. Ең бастысы-адамның мәні жөніндегі философиялық түсінік. Тәрбиедегі философиялық мұрат – тұлғаның қоғаммен үйлесуіне байланысты десек, міне, осыдан туындайтын мақсат – тұлғаның өздігінен дамуы. Тәрбие мен тәрбие философиясы тұлғаның өздігінен дамуын мәдениеттендіру мен әлеуметтендіруді біртұтас жүйе ретінде қарастырады.

Қазіргі ұрпақ тәрбиесінде тұлғаның өзін-өзі тану жолындағы ізденісі басым. Мәселен, “Мен кіммін”, “Мен қандаймын” Мен дүниеге неге келдім?Менің өмірім қандай болуы керек? – деген сұрақтарға жауап беру үшін адам алдымен өзін-өзі тануы арқылы, өзгеге және өмірге қатынасын айқындауы тиіс. Адам қолымен жасалатын заттың бәрі оның өзіне қызмет атқарса ғана құндылығын сақтайды. Ал адамның құндылығы неде? Оның қабілеті мен өмірде көздеген мақсаты қалай анықталады?

Әр адам дүниеге келгеннен кейін, өсіп жетіліп, тұлғалық ерекшелікке ие болады. Оның ерекшелігі, құндылығы – оның қайталанбас даралық сипатында. Тіпті өмірде егіз туған балалар да бірдей бола бермейді. Адамның даралық сипаты оның өмірге беретін үлесімен, сіңіретін қызметімен ерекшеленеді. Адам өзінің құндылық сапасын білу үшін өзінің даралық сипатын сақтап, оны жетілдіруі керек. Адамның даралық қасиеттері оның адамгершілік рухани құндылық сипатын көрсетеді, сол даралық қасиеті өзгелердің назарына ілініп, төңірегіндегі адамдар оны сол адамгершілік рухани қадір-қасиеттері үшін құрметтейді. Студенттің мінезін дұрыс қалыптастыру үшін ата-ана, оқытушы студенттің тәндік және жандық жаратылыстарын ажырата қарастырмай, бірдей ескеруі тиіс. Отбасында жастардың денсаулығын, материалдық қажеттіліктерін өтеп, қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жастардың жандық сипаты, яғни ішкі “Мен”-нің қажеттілігін қамтамасыз ету көбіне ескеріле бермейді. Жеке тұлғаның сыртқы бейнесі – тән, ал оның ішкі жан дүниесі – оның ішкі “Мен”- інің қажеттілігі. Тұлғаның үлгілі-өнегелі мінезін қамтамасыз ету көбіне ескеріле бермейді. Ал адамды өз мәнінде танып, онымен дұрыс қарым-қатынас орната білу үшін біз оның жандық сипатын, яғни даралық ерекшелігін көре білуіміз керек. Рухани сана тәндік санамен тығыз байланысты. Адам санасы үш түрлі қызмет атқарады, олар – ақыл-ой, ерік, сезім. Адамгершілік рухани сананың мақсаты - өмірдің құндылығын түсіну, ақыл-ой арқылы үнемі шындықты, ақиқатты іздеу; сезім арқылы сұлулықты сезініп, түсіну; ерік арқылы мейірімділікке, рахымдылыққа ұмтылу.

Адамның қиялы, өзіндік санасы, ар-ұяты, шығармашылық ұмтылысы, бәрі де сананың қызметіне жатады. Осындай рухани қасиеттер болмаса, біз кісілік келбетімізді мүлде жоғалтар едік.

Дүниедегі құндылық бағдардың ең маңыздысы – адамның өмірі мен махаббаты. Рухани сананың құрамды бөлігі ақыл-ой, ол айналадағы болмысты қабылдап, білімді игереді де сол түйіндегендерін шындықты іздеуге бағыттайды. Сезім де рухани сананың құрамды бөлігі, ол адамды қуанышты, ренішті, қайғы-қасіретті, мұңды, бақытты, сұлулықты сезінуге бағыттайды. Сол тәрізді ерік те рухани сананың құрамына кіреді , ол ақыл-ой арқылы адамның іс-әрекетін, сезімін мейірімділікке бағыттайды.

Тұлғаның өзін-өзі тануын басшылыққа алу арқылы рухани қажеттіліктерді іске асыру үшін күнделікті өмірде адамды құрметтеу, оны жақсы көру, соған сәйкес қарым-қатынас орнату керек. Сонда ғана зор қанағаттану сезіміне бөленуге болады. Адамдармен адамгершілік тұрғысында қарым-қатынас жасау, оларға қызмет ету адамның рухани санасын жетілдіреді. Адам табиғатындағы тәндік және жандық саналар қосылып “адами, яғни кісілік сана түзіледі. Тәрбиеде жандық сана басым болса, тәндік сана екінші орынға ығысады. Сондықтан өмірден ақиқатты, мейрімділікті, сұлулық пен махаббатты іздеу, оған жетуге тырысу біздің басты мақсатымызға айналады, ал тәндік сана тәннің дұрыс қалыптасуына ықпалын тигізеді де, әр түрлі материалдық игіліктер жасау арқылы рухани санаға қызмет етеді.

Қоғамдағы көпшіліктің материалдық санасы басым болса, онда ақиқат, сұлулық, мейрімділік, махаббат материалдық игілікке жетудің құралына айналады. Кейде осы қасиеттер қара бастың қамы үшін де қолданылады. Адамның бітім-жаратылысында рухани сана басым болса, онда оның ақыл-ойы, сезмі, еркі бірімен бірі тығыз үйлесімділікке түседі. Рухани санамыздың орталығы – жүрек, ол біздің болмысымыздың қозғаушы күші, рухани қабілетіміздің қайнар көзі, адамгершіліктің негізі.

Жастардың бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды /руханилық, бостандық, жауапкершілік және т.б./ сіңіру – тәрбиенің өзекті мәселерінің бірі. Жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы – руханилылық. Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі ізгілік ұстанымдарын өз бойында шыңдап жетілдіруге ұмтылады.

Педагогикада жан-жақты жетілген адамның дамуына сырттай ықпал ететін қозғаушы факторлар – білім беру, оқыту, тәрбиелеу. Ал адам өмірінің құндылығын, өзінің кім екенін саналы игеруге ықпал ететін ішкі факторлар – жан мен рухтың маңызы мүлде ескерілмей келеді десек қателеспейміз, себебі материалистік әдіснама оны назардан тыс қалдырып отырды. Қазіргі кездегі ғалымдар адам дамуының ішкі қозғаушы күші жан мен рух екеніне күмән келтірмейді.

Өзін-өзі тәрбиелеу тұлғаның өздігінен дамуын мәдениеттендіру мен әлеуметтендіруді біртұтас тұрғыда қарастырады. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаты – тәрбиелік ақиқатты талдап, тәрбиелік болмысты жалпы адамзаттық құндылық болмыспен тұтастыра қарастыру. Бұл мынандай жағдайлармен сипатталады:


  • өзін-өзі тәрбиелеу түсінігінің ауқымын кеңейту, логикалық жүйесін анықтап, тәжірибеге енгізу;

  • қоғам мен өзін-өзі тәрбиелеу арасындағы үйлесімділікті сақтап, тәрбиені мәдени құндылық бағдарын құру;

  • өзін-өзі тәрбиелеудегі негізгі анықтамаларды биологиялық, әлеуметтанулық, діни, психологиялық жағдайлармен байланыстыра салыстыру;

  • философиялық-педагогикалық ой-пікірді дамыту, педагогикалық тағлымдар мен адамгершілік - рухани құндылық бағдарын түсініп, оның философиялық мәнін іздеу;

  • педагогика ғылымының болашағын дамыту үшін жаңа тұжырымдар жасауға ықпал ететін әдіснаманы пайдалану.



Оқу-тәрбие үрдісінде студенттердің тұлғалық өзін-өзі тануын

қалыптастырудың педагогикалық және психологиялық ерекшеліктері
Студент тұлғасына бағытталған оқу-тәрбие үрдісінің жаңа үлгісі тек қана өзін - өзі танумен шектелмей бұл іс-әрекетті адамгершілік рухани құныдылық бағдарын қалыптастыру негізін талдау үшін оның бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін айқындап алуды қажет етеді.

Студенттердің тұлғалық өзін-өзі тану арқылы адамгершілік-рухани құндылық бағдарын қалыптастыру мәселесінде біз жүргізілген әңгімелесу, бақылау, тестілік тапсырмалардың қортындысына орай сабақ жоспарын ұйымдастырып өткіздік.



1-ші сабақ. Тақырыбы: Жаңа қауымдастық.

Мақсаты:

  • зертеу нәтижесінде анықталып алынған үш деңгей /жоғарғы, орташа, төменгі/ өлшеміне орай студенттердің тұлғалық өзін-өзі тануы арқылы адамгершілік-рухани құндылық бағдар қалыптастыру деңгейін арттыру;

  • өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау.

Әдістері: моделдеу, топпен жұмыс, әңгіме, дискуссия.

Әдістемелік құрал жабдықтар: жұмыс дәптер, хрестоматия, А4 фоматы ақ қағаз, түйреуіш, доп.

Сабақ барысы: 1. Бүгін біздер сіздермен бірге “Өзіндік таным” сабағын бастаймыз. Бұл курстың негізгі мақсаты жастардың қоғамдық өмірді өзін қоршаған ортаны дұрыс түсініп, өз көзқарастарын қалыптастыру және өмірдегі өз жолын жаңылыспай табуына көмектесу, өз өмір жолын шынайы адамгершілік жетістіктермен толтыру үшін күрестің түрлерін үйрету, өзін-өзі тану арқылы адамгершілік-рухани құндылық бағдарын қалыптастыру.

Егер біздер бірігіп өмірлік мәні бар тақырыптарды талқыға салсақ, бір-біріміздің ең сапалы қасиеттерімізді ашып айтсақ, өз өміріміздің алға басуына көмектесеріміз сөзсіз. Бүгінгі күні біз осыған зәруміз. Біздер бүгінгі кездесу сабағын ең алдымен өз -өзін тану, өзінің ішкі дүниесіне сапар шегу. Әр адам өзін-өзі тану қажет, өзін танымаған - өзгені де тануға шорқақ- деп кетіреді ғұлама Абай өз даналықтарында. Ендеше сол өзін-өзі тануы арқылы адамгершілік-рухани құндылық бағдарының деңгейін арттыру үшін болашақ маманға бұл сабақтың берері мол.



Алдымен студенттерден дәптерге өз ерекшеліктерін /мінезіңіз, ермегіңіз, мүдделеріңіз, эмоцияларыңыз және т.б./ жазып шығуы туралы сұралады. Одан кейін осы рөлдердің маңыздылығы бойынша 1-ден 10-ға дейін нөмірлеп, жеке параққа жазып шығады. Студент бұл сабақ бойынша өз бойындағы мінезінің жаман және жақсы жағын анықтай отырып өз бойындағы әдептілік, сыпайылық, әділдік, сүйіспеншілік, т.с.с. бүгінгі өміріне көңіл қою арқылы өзінің жетіспеушілігімен артықшылықтарын аңғарып, оны қасындағы адамдармен салыстырып бөлісу арқылы өз кемшіліктерін жоюға және өзін-өзі тану арқылы адамгершілік-рухани құндылық бағдарын қалыптастыруға тырысты. Бұл тәсіл өзіне көп үңіліп, өз -өзінің адамгершілік сапасын арттыруға көмектеседі. Енді бұдан осы сабақта студенттер «Өзіңнің адамгершілік-рухани құндылық бағдарын бағалау» тестісінен өткізілді.

2- сабақ. Тақырыбы: Өмірлік жолды бағдарлауға бола ма?

Мақсаты:

- өмірдің көптүрлілігін көрсету, оның мәнін ғылыми тұрғыдан және қарапайым дәрежеде талдау; /тұрмыстық, діни, оккультық ырымшылдық мағанасын түсіндіру/

  • өмір жолының бағдарламасын қалыптастыратын және оған әсер беретін жағдайлармен факторлардың маңызын анықтау.

өмірдің мәнін ашатын құндылық шеберін анықтау; /достық, жолдастық, қасиеттерге адалдық, махаббат, сүійпеншілік, отбасы татулығы, ішкі сенімдер мен принциптік тұрғырларға беріктік, мұратқа берілгендік, әділдік, еңбек сүйгіштіктік/

Әдістер: оқу,дискуссия, метаплан, өзін-өзі болжау .

Әдістемелік құрал жабдықтар: студент дәптері, өзіндік таным хрестоматиясы, графопректор, күй таспа т.б.

Сабақ барысы: Топтағы студенттер бір-бірімен осы күнге сәттілік тілей отырып амандасты. Амандықтан соң топ студенттері шеңбер құра орналасты. Тұрып болған соң өздерінің алға қойған алыс жақын аралықтағы жоспарымен бір-бірін таныстырып өтеді. Бұдан соң әрбір студент сол аталған жоспардың орындалуына игі тілек білдіре отырып, әрі қарай сабақты жалғастырды. Бұдан кейін студенттерді әңгімеге шақыра отырып, оларға: жоспарлау деген не? Әуелі қысқаша түсінік берілді. Өмір жолын жоспарлап құрып қою бұл әр адам үшін өзекті мәселе. Ғылым, дін, оккультизм, өнер т.б. бұлар адам іс-әрекетіндегі рухани-өнегелі мүмкіндігін көрсетуге ұмтылатын өмір мәндері болып табылады. Студенттердің қызығушылығына байланысты әңгіме барысы адам тұлғасының қалыптасу тұсында өрбіді. Сіздің тұлғаңыз, сіздің әрбіреуіңіздің өз-өзіңізге сауал қоюдан басталады делінді. Әсіресе келесі сұрақтарға мән қойдық «Әр тұлға өзіне мен не үшін өмір сүремін?», «Басқа адамдар не үшін өмір сүреді?», «Бәріміздің өміріміз қалай қалыптасады?», «Неліктен Мен дегеніміз – Мен. немесе «Мен» деген ұғым не?». Адамның жеке өмірінде жасына байланысты өзіне өмір мағанасын бірнеше рет айқындайтындығы айтылды. Ғылыми жағынан бұл сұраққа аса орын берілетіндігін көрсету үшін З. Френттің[182]. тұжырымдамасын мысалға келтірдік: «Менің өмірімнің мағанасы неде деп сұрақ қойған адам науқас»-деп көрсетеді. Ал керісінше Виктор Франкл, Австриялық психиатор ХХ ғасырдың психологы атанған ғалым: «…Бұл сауал адамның қойған сұрағы емес өмір қоятын сұрақ»- деп көрсеткен. Франклдің сөзін тұжырымдай келе адам өмірде әрқашанда сүйеніш іздейді. Сүйеніш іздеу үшін өмірді тануға ынтығады. Осы өз алдына өмір мағанасын білу үшін сауал қойып отырады. «Адам адамды өмірдің құндылықтарының мағанасы қызықтырмаса өмір кеңестігі экзистенсиялдық вакум болып көрінері сөзсіз. Бұндай вакумда болатын адам өзінің ешкімге керексіздігін және ештеңеге жарамсыздығын сезінеді.» Осындай құбылыстың адам денсаулығына зиян екенін көрсету үшін келесі статистикалық көрсеткіштерге тоқталдық. Қазіргі халықаралық денсаулық сақтау ассосиацияның мәліметтеріне байланысты маскүнемдердің 90 пайызы, нашақорлардың 100 пайызы өмірдің мәнін жойып алғандықтан осы қалыпқа душар болады. Экзистенсиялдық вакум қалыптасқан жерлерде адамдардың агрессиялығы жоғарлайды. Франклдің өмір баянына шолу жасалынды және оның 2 отан соғысы кезеңінде конслагерьде болғандығы айтылды. Оның осы орайда айтылған болжам тұжырымдамалары да тілге тиек етілді. Осындай экстремалдық жағдайда конслагердағы адамдардың ішінен болашақтан үміті бар, болашаққа бағытталған адамдар ғана тірі қалғанын көрсеттік. Болашаққа деген сенімнің адамның руханиатына үлкен күш беретіндігі барысында әңгіме қозғалды. Өмір құндылық бағдарының болмауы, адамды күйгелектікке және қиындықты жеңуде жігерсіздікке әкелетіндігі айтылды. Студенттерге адамгершілік-рухани құндылық бағдарының /достық, жолдастық, қасиеттерге адалдық, махаббат, сүйіспеншілік, отбасы татулығы, ішкі сенімдер мен принциптік тұрғырларға беріктік, мұратқа берілгендік, әділдік, еңбек сүйгіштіктік/ барысы бойынша сұрақтар қойылып, студенттердің көзқарасын айқындап, берілген бағдарламаның қабылдану шеңберін анықтаған соң, жұмыс дәптерімен жұмыс жасалынды. Оларға келесі тапсырма берілді: алдарыңыздағы хрестоматиядан өмір мағанасын айқындайтын үзінділерді жазып алулары сұралды. Студенттердің көпшілігі келесі ойшылдардың даналықтарын көрсетті. /А. Камю/ [184] «Өтірік айта алмайтын адам ғана еркін» /Б.Шоу/[185] «Еркіндік дегеніміз-жауапкершілік сондықтан адам одан қорқады». Ш. Бодлер «Өзінің теңділігін дәлелдеген адам тең, ал теңдікті жаулап алған адам ол еркін». «Бізге кейбірде жақсы болады- құдайға әрқашанда жақсы» -Аристотель. Татцит «Ештеңе емеспен айналысқаннан, ештеңе емеспен айналыспаған артық», Максим Танк «Халықтың тағдыры шешіліп жатқан уақытта, халық жазушыларына бәрін де кешіреді. Бірақта жазушылардың үнсіздігін кешіре алмайды» [186]. Осындай даналық сөздерді хрестоматиядан студенттер тауып алып өздерінің өмірге деген көзқарастарын айқындады. Одан кейін қазақ халық мақалдарына тоқталдық. Адам өмірінің мағанасын айқындайтын қазақ мақалдары талданды. Жұмыс аяқталған соң «Өзін өзі адамгершілік-рухани дамыту мәселелеріне және шығармашылық белсенділігіне тоқталдық». Ол үшін өзінің ішкі дүниесіне үңілу, өзінің ішкі қуатын танып білу және өзінің талантын анықтап, оны дамыту барысында дискуссия жүргізілді. Карл Роджерс ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы психолг: «Адам өзінің алдына қойған мақсатқа ұмтылады және оған жету үшін жан-жақты дамытып, өзін тұлға ретінде қалыптастырады» [187]. Өзін-өзі актуализациялау белсенді процесс. Адам өзіне мақсат қойып ұмтылады. Мысалы шығармашылық, зерттеу, ойлау т.б. Оның бәрі адамды бағытталған автономдық өзін-өзі қанағат тұтуына әкеледі. Адамның өзін-өзі дамытам деген мақсаттың күштілігі сондай, оған жету үшін адам баласы тынбастан қаншалықты әрекеттері сәтті немесе сәтсіз болса да, ешқандай қиындыққа мойынсынбай соған жетуге ұмтылады және өмірде мақсат қойған ғана адам, мағналы толық ізденіс пен толқуға толы толыққанды өмір сүре алады - деп сабақ барысын аяқтадық.

Өміріңізді өзгерту үшін немесе үйрену үшін ілтипатты және ықыласты болу керек, сонда әлем өзінің құпияларын аша түседі. Егер әркім өзін-өзі түсіне білсе, әлемді түсіну де оңайырақ болады. Сіздер қарым-қатынас қырларына /үндестілік, ым, мимика және оны қолдана білу керектігіне/ көбірек көңіл аударыңыздар. Өмірлік жағдайларды қабылдауға үйренуіміз-бұл тек адамдарды, өмірді, әлемді ішкі болмыспен түсіну ғана емес, ілтипаттырақ, ықыластырақ болып, өзіңізден бұрын байқалмағандарды байқап, соларды түсінуге тырысу керек. Өзіңді және басқаларды танып білу араласудың тиімді жолы.



2- сабақ. Тақырыбы: Мен табиғат аясында.

Мақсаты:

  • адамның шығармашыл іс-әрекетінің табиғатпен гормонияда болуының мәнін түсіндіру;

эстетикалық тәрбие арқылы адалдық, махаббат, сүійпеншілік, ішкі сенімдер мен принциптік тұрғырларға беріктік, мұратқа берілгендік, әділдік, еңбек сүйгіштіктік, рухани дүниесінің сана сезім ой белсенділігін арттыру;

  • тылсым табиғат сырын жанымен ұғына білуге үйрету.

Әдістер: табиғатқа серуен, дискуссия, метаплан, өз бетімен шығармашылық жұмыс .

Әдістемелік құрал жабдықтар: студент дәптері, өзіндік таным хрестоматиясы, ақ парақ, түрлі түсту бояулар т.б.

Сабақ барысы: Топ студенттері шеңбер құра орналасады. Амандаспас бұрын барлығы қосылып көтеріңкі ән шырқалды. Бұдан соң жиналып, серуенге саябаққа шықтық. Жайық жағалауының әсем табиғаты, көз тартар бояуға толы әлем, құстар әні, табиғаттың ортасында тамашалап жүруге 30 минут уақыт кетті. Адамның эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре түсіне жүрегімен ұға білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғарғы рухани ләзаттануға мүмкіндік береді-дей келіп студенттерге өзіндік таным бөлмесіне оралған соң тапсырма бердім. Тапсырма олардың достық, жолдастық, қасиеттерге адалдық, махаббат, сүйіспеншілік, отбасы татулығы, ішкі сенімдер мен принциптік тұрғырларға беріктік, мұратқа берілгендік, әділдік, еңбек сүйгіштіктік алдағы уақыттағы бағытын белгілеуде өзіндік іс-әрекеттерді

арттыруға бағытталды. Табиғат гормониясында болып, оны саналы ұғыну барлық адамның қолынан келеді, ал оны шығармашылықпен тани білу ол үлкен шебірлікті, табиғи дарынды қабілетті керек етеді. Ал қане, кім осы сезімді өз биігінен қалай жеткізер екен? Студенттер тапсырмаларын орындауға кірісті. Тапсырма бойынша табиғат сұлулығын көзбен көрген олар өз беттерімен өздерінің қалауымен сол күйлерін шығармашылықпен сипаттай бастады. Олар табиғаттың әрбір бөлшегін аялау керектігіне оны сүюге, онымен бірге біте қайнасып отырғандығын, ондағы әрбір тылысым –тіршілік адамның жанына жылу орнытатындығын көзбен көріп, тілмен жеткізуге мүмкіндік алдық. Біреуі сол жердің суретін салса, екіншісі өлең шығарды, үшіншісі өзінің туған ауылының көркемдігіне арнап шығарма жазды, ал біреулері әңгіме құрастырды. Болған соң белгіленген уақыттан кейін бір-біріне шығармашылықтарын көрсетіп, суреттерін түсіндіріп, әңгімелерін, шығармаларын оқып талқылады. Сабақ бойына студенттер өздерінің жеке тұлғалық белсенділігін қиялмен дамытып, оларды әсемдік пен жексұрындықты, сәулеттілікпен ұжансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсіне отырып, өз бойларындағы адамгершлілік-рухани талғамды жоғарлатып, іс-әрекеттің белсенділігін арттырды. Студент бір сәт әсемдікті, сұлулықты сезіну арқылы өзінің рухани жанының сұлулығын мөлдірлігін, тазалығын айқындап, жан дүниесінің байлығын, шешендігін, ойлау шеберлігін және табиғат сұлулығы арқылы дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйренді. Әрі қарай бұл сабақ арқылы студенттердің бойында әсем табиғат арқылы өмірдегі ең жақсыны қабылдау одан ләззат алуға, өнер шығармашылығын тануға қастерлеуге деген ынтасының ашылғандығын көруге болады. Студенттер эстетикалық тәрбие арқылы өздерінің адамгершілік-рухани құндылық бағдары жоғарлап, олардың ғылым жолында өздігінен ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үлкен ықпалын тигізді. Бұдан соң студенттердің бойынан ғылымға талпыну білсем деген көзқарас туындағанын және олардың ойлары мен іс-әрекеттерінен адами қасиеттердің ұялағанын аңғардық.



4- сабақ. Тақырыбы: Тұлғаның өзін-өзі тану арқылы рухани құндылық бағдарын қалыптастыру.

Мақсаты:

Жеке адамның танымдық және жеке тұлғаның өзін-өзі тану арқылы рухани құндылық бағдарын қалыптастыру. Материалдық және рухани құндылықтарға сипаттама беру.



Әдістер: оқу,дискуссия, метаплан, өзін-өзі болжау рольдік ойындар.

Әдістемелік құрал жабдықтар: студент дәптері, өзіндік таным хрестоматиясы, графопректор, күй таспа т.б.

Сабақ барысы: Студенттер күнделікті амандасуды бір-біріне допты беру арқылы өмір жолында табыс тіледі. Бұдан соң студенттерге әртүрлі тақырыптар бойынша проблемалық сұрақтар қойылды.

Берілген қанатты сөздерге талдау жасау арқылы рухани құндылықтардың мәнін ашуға тырыстық. Байлық пен кедейшілік арасын түсіндіру;

Бір-біріне ұқсас және бір-бірін толықтыратын тұжырымдарды табу пайдалы кеңестерді оқу; Материалдық рухани қажеттіліктердің негізгі айырмашылықтарын, олардың адам өміріндегі алатын орнына сипаттама беру.

4-ші бөлім. Өзін-өзі тану арқылы жеке тұлға белсенділігін арттыру.

1- сабақ. Тақырыбы: Менің мамандығым.

Мақсаты:

Мамандығына орай өзін-өзі тану арқылы адамгершілік-рухани құндылық бағдарын қалыптастыру.



Әдістер: оқу,дискуссия, сұрақ – жауап, анкета, әңгіме, өзін-өзі болжау .

Әдістемелік құрал жабдықтар: студент дәптері, өзіндік таным хрестоматиясы, графопректор, күй таспа т.б.

Сабақ барысы: Қабылдау ойлау есте сақтау қабілетін дамыту. /Физико-матиматика факультетінің эксперименттік топ студенттеріне жүргізілді/. Студенттер бөлмеге енген соң бір-біріне тек қана бүгінгі істеріне шығармашылық табыс тіледі. Біріншіден ойлау шығармашылығын арттыру мақсатында студенттерден Серия А; және Серия Б сұрақ – жауаптары алынды. Оларға алдымен бір-біріне ұқсас мысалы: тауық-жұмыртқа, қуыршақ-ойнауға, кітап-оқуға, қалам – жазуға т.б. сөз тіркестерін 1 минутта оқып шығып 3 минуттан кейін қайтадан жазып шығуын сұрадық. Бұдан соң Серия Б тапсырмасы бойынша бір-біріне ұғымдары мүлде ұқсамайтын, бірақ сұрақ саны бірдей сөз тіркестері берілді. Мысалы: отырғыш-қоңыз, шөп-самала, жол-кітап, қағаз-үй т.б. сөз тіркестерін оқып шығып/1 минутта/ содан соң 3 минуттан кейін ойда қалған сөздерін қағаз бетіне түсіруі сұралды. Келесі тапсырма бойынша студенттер ойлау есте сақтау шығармашылық белсенділіктерін арттыру барысында кестеде берілген сандарды ойша қосып, жазып берді. Мысалы: 4 қатар саны оқылды. Олар оқылған бойдан 30 секундтан кейін жылдам қосып жауабын толтырып отырды.

қатар

жауабы

1

2

3



4…

7,3,8,6

14,51,18,42

16,7,23,44

12,22,32,4…



Осылайша студенттер өздерінің мамандықтарына орай ойлау логикалық жеке тұлғалық белсенділігін арттыруға жол ашты.

Сабақ барысында әдептілікке тәрбиелейтін тыйырым сөздерге тоқталдық:

Әдептілікке тәрбиелейтін ырымдар мен тыйым салу сөздері


  1. Үлкеннің алдын кесіп өтпе

  2. Біреумен сөйлескенде, бетіне қадала қарап, тақалып тұрма.

  3. Біреумен сөйлескенде, керексіз нәрсені қазбалап сұрай берме

  4. Адамды айналма.

  5. Кемтар адамға күме.

  6. Біреудің дүниесіне қызығып, тесіле қарама.

  7. Біреудің дүниесін өз бетіңмен ақтарып, аударыстырма.

  8. Сынған ,жоғалған нәрселерді айтып, өкіне берме.

  9. Көзіңді орынсыз ойнақтатып, жан-жаққа алақтама.

  10. Жоқтан өзгеге түіле берме.

  11. Өзге біреу тамақ ішіп отырғанда, тырнағыңды шұқылама және алма.

  12. Өзіңе қатысы жоқ сөздерді естуге құмартпа.

  13. Дастарқан басында керілме.

  14. Қолыңды тіреп отырма.

  15. Есіктің тасасында тұрып немесе табалдырықты басып тұрып сөйлеме.

  16. Жаман бұзақы сөзден тиыл.

  17. Үлкен кісілер ұнатқан қылықтарды өз бойыңа мол жинауға талаптан. Уайымшыл болма, әр нәрсеге тыржыңдай берме. Көп ойланған жақсы, ал көп тындырған одан да жақсы.

  18. Біреу бірдеңе сұраса, ойланып анық жауап бер, аузыңа келгенді сөзді айта салма.

  19. Өзің білмегеніңді басқалардан сұрап алуға намыстанба.

  20. Көпке ұнамайтын жаман әдеттен бойыңды аулақ ұста.

  21. Әркімді бір келемеждеп, мұқатпа.

  22. Басқаға жасаған жақсылығыңды айтып, көзге ұрма.

  23. Үлкенді құрметте, кішіге қамқор бол.

  24. Өзіңе тапсырған жұмысты қайталап айтқызбай, атқарып үйрен.

  25. Біреуді алдап әдеттенбе.

  26. Қыдырымпаз болма, уақытты босқа өткізбе.

  27. Обал болады, ысырап болады дегенге ден қой.

  28. Қолыңнан келмейтін істі тындырамын деп ешқашан уәде етпе. Ал уәде бердің екен, қайткенде де орындауға тырысып бақ. Сөзіңе тұр. Сұраншақ болма.

2- сабақ. Тақырыбы: Өнер әлеміне сапар.

Мақсаты:

Қазақтың ұлттық аспаптарын және қазақ көркем шығармаларын тыңдай отырып рухани өзін-өзі байыту.



Әдістер: оқу,дискуссия, метаплан, өзін-өзі болжау .

Әдістемелік құрал жабдықтар: студент дәптері, өзін-өзі тану хрестоматиясы, күй таспа, киіз үй макеті, жетіген, домбыра, қазақ киім үлгісін киінген қуыршақ жинаулы жасаулы көш суреті, Ә. Қастиевтің сурет туындылары, мақал-мәтелдер, Абайдың қара сөздері, т.б. бірнеше туындылар.

Сабақ барысы: Студенттер өздері білетін өте сыпайы кішіпейіл, қайырымды сөздермен бір-бірімен амандасып өтті. Бұдан соң жабдықталған өзіндік таным бөлмесінде өнер әлеміне сапар сабағын бастады. Ең бірінші өнер дегеніміз не? Оның қандай түрлерін білесіз? Сенің қандай өнерің бар? Өнердің қай түрі сен үшін қымбат?- деген сұрақтарға жауап берген студенттер келесі тапсырманы орындады. Студенттердің алдарына ата – бабамыздың қанымен дарыған өнері ою өрнек, сурет салу, жырлау, шешендік сөздер арқылы жарыстар ұйымдастырылды. Топқа бөлінген студенттер бір-бірінен озып, қалай да өз топтарының басым болуына ұмтылып рухани – мәдени мұраларының болмысымен, көркем эстетикалық болмысын әрбір студент өз бойындағы қасиеттерін сипаттап берді. Бұдан кейін студенттер өнерлі дарынды қазақ зиялыларының ғылыми еңбектерін оқып, оларға қысқаша сипаттама беріп өтті. Бұл сабақта студенттердің бойында өнерге деген құштарлық сезімдері оянып, өнер құндылығын қазақ халқының бай мәдениетін, тарихын, тілін құрметтеуге және өз бойларындағы өнерлерін дамыту арқылы оның мінез-құлқындағы сүйіспеншілік, қайырымдылық, әдептілік , қасиеттері артуына септегін тигізді.

3- сабақ. Тақырыбы: Ғылым тұнғиығына жол ашу.

Мақсаты: Студенттердің бойында ғылымға деген ізденіс, ізгілік, талпыну қасиеттері арқылы ғылым жолындағы жеке тұлғалық шығармашылық белсенділігін арттыру.

Әдістер: оқу,дискуссия, метаплан, өзін-өзі болжау .

Әдістемелік құрал жабдықтар: студент дәптері, өзіндік таным хрестоматиясы, ғылыми кітаптар, ғұламалар дарынды адамдардың шығармаларының туындылары т.б.

Сабақ барысы:

Студенттер бір-біріне алдағы ғылым жолында табыс тілеп амандасты. Бұдан соң оларға ауызша: ғылым дегенді қалай түсінесіз? Дарынды адам қайдан шығады? Талант иесіне білім керек пе? т.с.с сұрақтарға ауызша жауап алынды. Болған соң оларға келесі тапсырма берілді. Әртүрлі ғалымдардың қазақ ағартушыларының еңбектері таратылып берілді. Олар бұл еңбекті жалпы шолып шығып, олардың қандай мағанамен жазылғандығын, ұнай ма, ұнамай ма? Сен оған ұқсағың келе ме? сұрақтарына жазбаша жауап берді. Одан әрі қарай ғылым конференциялары студентке керек пе? Сенің оған қандай дайындығың бар? деген сұраққа жауап бере отырып өз ойларын оқытушымен біріге отырып ғылым жөнінде өрбітті. Берілген қанатты сөздерді талдады[188]: Ғылым таппай мақтанба, білім таппай баптанба /Абай/. Адамның жан дүниесі дегеніміз оның ісі. /Г. Ибсен/ Адамды алдына қойған мақсатына қарай бағалау керек /Н. Миклуха- Максай/. Адам өзін-өзі терең түсінгенде ғана, оның ақыл парасаты кемелдене түсетін болады. /Қаюм Насыри/Адам тек өз күшіне сенген жағдайда ғана дегеніне жете алады. /Л. Фейрбах/.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста

Сонда толық болсың елден бөлек /Абай/.

Нағыз байлық – білім мен өнер /Ж. Жабр/.

Бұдан соң студенттер өздерінің дара бейнелерін қағаз бетіне түсірді. Бүгінгі күні жеткен табыстарын талдады және «Сіздің шығар шыңыңыз қандай болмақ?» атты өздерін тестілеуден өткізді. Бұл сабақта студенттер өздері әрқайсысы ең биікке жұлдызша салып, соған қалай жету керектігін суреттеді. Осылай өздерінің ғылымға деген алғашқы талпыныстарын шығармашылықпен сипаттады.



4- сабақ. Тақырыбы: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті- ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек».

Мақсаты:

  • білімділік: студенттердің бойындағы адамгершілік қасиеттеріне қозғау салу үшін қарасөздер мен қойылымдардағы астарлы мағананы түсіндіру;

  • тәрбиелік: сабақтағы әдеби монтаж өнеге мен тәрбиені неден алу керектігін үйрету;

  • дамытушылық; адам бойындағы қайырымдылық пен адамгершілік қасиеттерін және өзін-өзі дамыту үшін қарасөздердегі мағанасы астарлы сөздерді түсіндіру.

Әдістер: оқу,дискуссия, метаплан, өзін-өзі болжау .

Әдістемелік құрал жабдықтар: студент дәптері, өзіндік таным хрестоматиясы, графопректор, күй таспа т.б.

Сабақ барысы:

Студенттер бір бірімен әлемдегі барлық жақсылықты бір-біріне тілеп амандасты. Амандасып болған соң Порфирий Корнеевич Ивановтың 8 кеңесімен танысты. «Өз өміріңде өзгелерге пайдалы болуды үйрену керек. Қашанда адамдарға жақсылық жасасам екен деген тілекпен өмір сүр, бір жақсылық жасасаң, оны қайта есіңе алма, тағы да жақсылық жасауға асық. Сонда табиғат сені қабылдап құшағына алады «жақсылық жаса, сонда өз бойыңдағы жақсы қасиеттерді өзің құрасың».

Студенттер өзін-өзі тану сабағына арналған өлеңдер жинағынан қосылып өлең орындады.

«Біздің білместігімізден өмір ағыны арамызда ойдағыдай өте бермейді, бұл тұрғыда көп адамда кемшілік бар. Ауру адамның мұқтажын көре – тұра, көмектеспейтініміз бар. Мұндай жандар туралы білуіміз, жәрдемдесуіміз керек». Осы сияқты бірнеше кеңестер оқылып олардың өмірлік мәні талданды. Студенттер сабақ аяқталар алдында барлығына:

Жігер деген- Мен.

Күш деген –Мен.

Махаббат деген –Мен.

Кешірім деген – Мен.

Құдірет деген –Мен.

Жасөспірімдік деген – Мен.

Жастық деген-Мен.

Денсаулық деген – Мен.

Ақылдылық деген-Мен.

Жарқындық деген – Мен.

Бар ғажайып деген – Мен.

Бәрі маған байланысты.

Бәрі менің қолымда, - деп өзіңізді сендіріңіз.

Қайырлы жол қымбатты жас ұрпақ. Өмірлеріңізге сәт сапар!



Студенттердің тұлғалық өзін-өзі тануының адамгершілік-рухани құндылық бағдарын

қалыптастыру мүмкіндіктері


жүктеу 0,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау