Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



жүктеу 12,08 Mb.
Pdf просмотр
бет8/271
Дата10.04.2023
өлшемі12,08 Mb.
#42092
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   271
 
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Н. Құрман Қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері. — Астана: Таным, 2008.


22 
2.
Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» 
Қазақстан халқына Жолдауы / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан, 2012.
3.
Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде журналы, 2011, №5. 
 
Абеуова А.А. 
Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің 
Шет жалпы білім беретін мектеп КММ 
 
МҰҒАЛІМНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҒЫ – ТАБЫСТЫ ОҚУШЫ КЕПІЛІ 
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жан-жақты және қиын үрдіс. Осыны әр 
мұғалім түсініп, өз тәжірибесінде замануи педагогикалық технологияларды қолдану арқылы 
нәтижелі қызмет жасағаны жөн. Сонымен өз білімін оқушысына беріп, оны табысқа жеткізу үшін 
фунционалды сауатты мұғалім қандай болуы тиіс? Ең бастысы оқу, жазу, айту дағдыларын 
күнделікті өмірде, өз іс-тәжірибесінде ұтымды қолданатын және өмір бойында оқуға дайын
сонымен қатар білім, білік, дағдыларын кез келген қиындықтардан шығу үшін пайдаланатын тұлға.
Басқаны үйрету үшін – өзің оқуға құштарлығын зор болғаны абзал. Қазіргі заманда 
ақпараттың көптігінен үздіксіз оқу міндетті. Сол себептен әр мұғалім табысты оқушыны дүниеге 
әкелу үшін өзіңдік білім көтеру жоспары нан бастағаны жөн деп есептеймін. Осы жерде кемінде үш 
жылға перспекти валық жоспар құрылып, одан жылдық жоспар жасалынады. Сонда әр мұғалім 
өзінің қай кезеңде тұрғанын анықтап алып, қандай өзгерістерге қол жеткізе алатынын 
мониторингілейді.
Екінші жол- ол өзара тәжірибе алмасу алаңдары. Бұған сабақтарға кіру, коучингтер 
ұйымдастыру, семинар, конференцияларға қатысу сынды жұмыстарды жатқызамыз.
Мұғалімнің шеберлігін шыңдайтын тағы бір тәсіл – білім жетілдіру курстарынан өтуі. Бұған 
әр бес жыл сайын өтетін курстардан басқа арнайы бір сала бойынша білім менгертетін курстарда 
кіреді. Жалпы менің пікірім ше, табысты мұғалім бес жылда өтетін курспен шектелмеуі тиіс. Себебі 
қазіргі ата-ана, оқушы сұраныстары өте жоғары, сондықтан жан-жақты даму үшін тақырыпты 
курстарға жиі қатысу қажет. Біздің заманымызда ол пробле ма емес, себебі әртүрлі курстарға 
онлайн режимінде қатысу мүмкіндігі бар.
Келесі кезекте табысты мұғалімнің бірден бір көрсеткіші – авторлық бағдарламаның болуы. 
Қазіргі көп айтылып және талап етіліп жүрген функци оналды сауаттылықты дамытуға арналған 
тапсырмалар әзірлеу сынды жұмыс тар осындай курстарда орын табатыны айдан анық.
Құзыреттілік пен функционалдық сауаттылық бір бірінен ажырамас түсініктер. Проблеманы 
көре білу және шешу жолдарын қарастыру қабілеті, озық технологияларды іс-тәжірибеге енгізу 
қабілеті, өмір бойы оқу қабілеті- жаңа формациядағы педагогтің сипаттамасы болып табылады. Біз 
мектеп ішінде мұғалімнің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін осы мәселенің негіздерін 
қарастырдық. Осыған орай мұғалімнің функционалдық сауаттылығының индикаторы не болмақ? 
1. Сабақты жоспарлау және әзірлеу құзыреттілігі: жұмыстың жоғары темпті болуы, оқушылар 
зейінін шоғырландыру және назарды аудару, көрсетілімнің алуан түрлі болуы: фото, видео, аудио 
2. Сыныпты басқару құзыреттілігі: барлық оқушыны жұмысқа тарта білу, тапсырмалар мен жұмыс 
түрлерінің әр түрлі болуы, мұғалім мен оқушының өзара ынтымақтастығы 
3. Максималды белсенділік туғызатын және өз бетінше жұмыс жасауға бағытталатын әдіс-
тәсілдерді қолдану мен жағдай туғызу: өз бетінше топта және жұпта әрекет ету, оқушылардың 
эмоциямен беріліп қатысуы, диалогтік қарым-қатынас орната білуі. 
4. Оқушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін іс-әрекетті оңтайлы жоспарлау: тапсырмаларды 
көлемі мен күрделігі бойынша бөлу, жеке дара жұмыстар және кері байланыс орнату, 
шығармашылық тапсырмаларды пайдалану. 
5. Бағалаудың түрлі тәсілдерін пайдалану: бағалаудың бірнеше құралын пайдалану, партнерлік 
бағалау, топтық және жеке дара өзіндік бағалау.
Күтілетін нәтиже қандай? 


23 
Сабақтарда оқушылардың жоғары белсендігі байқалады, жұмысты қарқыны мен қарқындылығы да 
өзгергені сезіледі. Балалар ширақ, іс-әрекеттің бәріне қызығады және олардың жауаптары да 
эмоционалды. Сыныптағы хал-ахуал да жағымды. Мұғалім кәдімгі ересек дос ретіндей 
қабылданады, ол тек бағыттаушы рөлінде.
Әр мұғалім өзінің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мынандай бағытта жұмыс жасауы 
тиіс: 
1. Функционалдық сауаттылыққа тапсырмалар әзірлеу 
2. Өзін-өзі диагностикалау. Оқуды және оқу үшін бағалау 
3. Өзара оқыту және әлеуметтену 
Осы жұмыстардың басында оқушының мотивациясы түрады. Себебі ішкі және сыртқы уәж 
боламаса, жасалған әрекеттің бәрі құр босқа. Сондықтан мұғалім ең бірінші оқушыларының жас 
ерекшеліктерін ескеріп, олардың уәжін оятуды назарда ұстауы қажет.
Функционалдық сауаттылыққа тілдік, компьютерлік, ақпараттық, азаматтық, қаржылық, 
экологиялық сауаттылықтар жататынын ескеріп, өз әрекетіңе мақсат пен міндеттер қоя білу мен 
өзгерте алу қабілеті де кіретінін басшылықта ұстаймыз.
Ақпараттық коммуникациялардың дамыған заманында мұғалімге ізденіске, дайын 
ақпаратты өндеуге, ситуацияға сай тығырықтан шығуға әкелетін шешім қабалдайтындай оқу 
тапсырмаларын жобалау қажет. Осы ретте оқу міндеттерін шешу үшін күнделікті өмірмен 
байланыстырып тап сырмалар әзірлеуге болады, мәселен, хабарлама, жарнама, нұсқау, ас мәзірі 
сияқты мысалдар жазғызу.
Біздің мектепте мамандар арасында функционалды сауаттылықты дамыту үшін жоғарыда 
айтылған жұмыстар түгелідей қамтылған. Атап айтатын жағдай мұғалімдер арасында өте ұтымды 
ұйымдастырылатын жұмыс түрі – коучингтер. Коучингте мұғалімдер өзара бір немесе бірнеше 
мәселеге бірігіп жауап іздейді және сосын нәтижесін іс-тәжірибелерінде қолданады.
Қорыта келе, айтарым, егерде оқушы мен мұғалім арасында сенімділік қарым-қатынас орын 
алмаса, қандай боламасын әркет жасаламасада, ешқан дай нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. 
Түсіну, сену, қолдау, қателесуге мүмкіндік болу, шыдамдылық – осыларсыз сабақтың дұрыс 
микроклиматы орнауы мүмкін емес жағдай. Кез келген жұмыс бағалануы тиіс. Осыны мұғалім 
естен шығармай, уақытылы оқушысын бағалап, қолдап, реттеп отыруы абзал. Қазіргі уақытта 
мұғалім өз ісінің шебері бола алатыны әбден анық. 

жүктеу 12,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   271




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау